Оқырмандарымыздың назарына шейх Салих әс-Сухаймидің (Аллаһ оған есендік берсін) лекциясынан кесіндіні ұсынамыз:
«…Опат етуші күнәлардың қатарына Аллаһ өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жатады, оған заңды себеп боған жағдайдан басқа. Құдіретті де, Ұлы Аллаһ былай дейді: «Кім бір мүмінді әдейі (қасақана) өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде (мәңгілік) қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (Кұран 4: 93).
Ол оны қалай: дүние мүдделері үшін немесе дүние игіліктері үшін өлтірсе де, немесе бүгінгі күні батылдары барып жүрген «Тозақтың иттері», осы заманның хауариждері кімді өлтіруге батылы барды? Қаны харам болған, жазықсыз мұсылмандарды немесе мұсылмандардың кепілдігінің, не қорғауының астында өмір сүріп жатқан адамдарды.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Аллаһ үшін бұл әлемнің опат болуынан да маңызды нәрсе..., — не? — … мұсылманның қанының төгілуі».
Көсемдері тау үңгірлерінде жасырынып жүрген, интернет сайттары арқылы немесе спутниктік каналдар арқылы немесе аудио таспалар арқылы, мейлі олар тек дауыспен, мейлі дауысқа қоса бейнелерімен болсын, пәтуаларын таратып, мұны жихадтың бір түрі деп, біздің жастарымызға пәтуа беріп жүрген авантюристтер қатарынан болған кейбір надандарға (жахильдерге) қалайша сенуге болады?! Олар мұсылмандарды бауыздайды және мұны не деп атайды?! «Аллаһтың жолындағы жихад» деп атайды. Бұл – бұзақылық тарату. Бұл әрекеттерімен олар тек Исламның жауларына ғана көмектесті.
Мүмкін, тауда жүргендердің яхудилермен, христиандармен, масондармен немесе «Ротари» клубымен немесе басқа сионистік клубтармен бір уыс ақшаға айырбастаған келісімі бар шығар. Немесе олар өздерімен әуестенген және өздерін ғалымдар деп санап, білімі иелері болғансып жүр, бірақ іс жүзінде олар өздерінің үй есектерінен де надан.
Олардың сипаттарынан – дәл жарқанаттар тәрізді тек қараңғыда сөйлейтіндері, яғни әз-Зауахири, әл-Мақдиси, Усама бин Ладен немесе олардың жолына түскен адасқандар сияқты. Олар үмметке фитна таратты, өздеріне қан мен мал-мүлікттерді халал етті, және өздерінің адасқан пәтуаларымен және ауру амалдарымен Батысқа Ауғанстан мен Иракты тапсырып берді.
Кейін, сол екі мемлекет құлаған соң, олар өз жебелерін қай жақа бағыттады? Бірнеше жыл бұрын? Өз оқтарын кімге бағыттады? Мұсылмандарға, жердің ең қасиетті бөлігі – Мекке мен Мәдинаға. Әр-Риядқа және Қасымға, Жиддаға, Юнбаға және басқа да жерлерге, дүниедегі ең қасиетті және Аллаһтың қорғалған үйінің жанындағы жерге.
Мекке мен Мәдинада жарылыстар (жасау) туралы пәтуа шығаратын біреу оны діни ой-ниетпен істейді дегенді көз алдыларыңызға келтіре аласыз ба? Білмеймін, ал Аллаһқа ғана бұл жөнінде мәлім. Егер ол осыны діни ой-ниетпен істеген болса, онда ол дінді білмейді! Бірақ ол белгілі-бір жақпен жалданған болса, онда Аллаһ оның үкімі туралы біледі.
Ал атқарушыларға келер болсақ, олар – жем, отын, оларды тартты (қанады), алдады, оларды мазаққа айналдырды, олардың кездесетіндері Жәннат болады деген уәдемен жалдады.
Бірақ іс жүзінде бұған батылы жеткен адамның кездесетіні Тозақ болады!
Өйткені, біріншіден: ол өзін өлтіреді, өзін өлтіруге батылы барды!
Екіншіден: мұсылмандарды өлтіреді, әйелдерді балаларды және сәбилерді өлтіреді!
Әлдебіреу: «Жәннатқа апарар жол мұсылмандарды өлтіру, қарияларды өлтіру, сәбилерді өлтіру, әйелдерді өлтіру, қорқытып-үрейлендіру арқылы өтеді», — деп айтты ма?
«Кім бізге қару көтерсе, — ол…? — бізден емес!»
«Кім бізге қару бағыттаса, ол – бізден емес!»
Ал оны (қаруды) қолданушы және бағыттаушы туралы не айтуға болады? Оны Исламның жаулары діннің атымен мұсылмандардың арасын қирату үшін, пайдаланады, бірақ діннің оған да, оның істеген амалдарына да қатысы жоқ.
Мен ішіне өшпенділігін жасырған бұларды ауру деп атауда қиыншылық көріп тұрған жоқпын. Олар не өздерін адасушылыққа тастаған мушриктердің (көпқұдайшылардың) немесе такфиршілердің пәтуаларымен немесе жалданған, адасушылардың пәтуаларымен, олар мұны білсе де, білмесе де, тәрбиеленген.
Назар аудар! Аллаһ заңды (орынды) болған жағдайдан басқа, өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру. Егер ертең (Ақырет күні) саған (ол) қолында өз басын алып келсе, ей, өзін-өзі алдаған, әл-Макдисидің, Ибн Ладеннің және әз-Заухиридің пәтуаларын оларға мойынсұнып, алған және ақиқатпен билік еткен, әділетті қолдаған атақты ғалымдардың пәтуаларын тастаған сен. Олар — Құдіретті де, Ұлы Аллаһтың Кітабынан шектен шығушылардың бұрмалауларын, өтірікшілердің адасушылықтарын және надандардың түсіндірмелерін қайтаратындар.
Ей, анау ақымақтардың пәтуаларын алған және «Аллаһ айтты» және «Оның Елшісі айтты» дегендерді тастаған. Адам өлтіруге тыйым салатын аяттар мен хадистерді тастадың және оларға назар аудармадың және өрттеуге батылың барды! Мұсылмандарды өрттеуге және оларға қаруыңды бағыттауға батылың барды.
Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.
«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болады».
Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.
«Бұл дүниенің опат болуының маңызы мұсылманның қанының төгілуінен артық маңызды емес».
Өзін-өзі ұмытқан ессіз немесе өзін-өзі ессіз деп көрсетуші.
«Бізге қару көтерген – бізден емес».
Сен осы аяттар мен хадистерді әйтеуір бір естіп пе едің?! Пайымдаған күйде және ойланған күйде кідір. Сұра. Өз-өзіңе сұрақ қой. Ертең басын қолына ұстап келсе және: «Я, Раббым! Сұра одан, ол мені не үшін өлтірді, мені не үшін өлтірді?!», — десе.
Осы жоспарларды орындап жүргендер – олар ең жаман қауым және ең жаман жаратылыстар. Бұл – кімнің сөздері? Бұл – кімнің сөздері, бауырлар?! Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері: «… аспанның астында өлтірілген ең жаман қауым және ең жаман жаратылыстар….»
Біздің қауіпсіздік қызметкерлерімізге қуанышты хабарды жеткізу керек, оларға Аллаһ жетістік берсін! Олардың (хауариждердің) қолымен өлтірілген әрбіреуі адамдардың ең жақсысы болып табылатындығы туралы қуанышты хабар. Олардың қолдарынан өлтірілген әрбір қауіпсіздік қызметкері адамдардың ең жақсысы болып табылады. Аллаһтан олар үшін шахид дәрежесін сұраймыз!
Біз, олардың істеп жүргендеріндей, белгілі біреудің шахиттігі туралы сенімді түрде айтпаймыз, олар мұсылмандарды сояды және (өздерін) кім деп айтады?! Шахид деп.
Біз қауіпсіздік қызметкерлерінен болған бауырларымыз үшін айтып отырмыз, біз олар үшін Аллаһ Тағаладан шахид дәрежесін тілейміз, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өлтірілгеннің ең жақсысы …, — кім? — …олар (хауариждер) өлтірген (мұсылман)», — деді.
Мен осы мәселеге тоқтадым, шейх ибн Баз (Аллаһ оған рахым етсін) атап өткен мәселеге, өйткені біз осы мәселемен өмір сүрудеміз.
Осы жерде мен сұрақ қоямын, оларды Аллаһ қорласын, Аллаһ оларды масқара қылып қойды және қолдаусыз қалдырып қойды, олар біздің еліміздегі «Абқиқа» ауданындағы қанша мұнай орындарын жарып жібергілері келді, сендер көз алдарыңа елестете аласыңдар ма, қаншасын, Аллаһ оларды қорлап қойды және Ақырет күніне дейін қорлайды, Аллаһ қаласа!
Сендер елестете аласыңдар ма, осыдан кейін қаншама құрбандар болуы мүмкін еді. Аллаһпен ант етемін, Әл-Ахса және Даммам, және, және, және,…. олардың барлығы жойылар еді, бірақ Пәк және Құдіретті Аллаһ – олар үшін торуыл, Ол оларды Құдіреттінің, Барлық нәрсеге Күші Жетушінің ебімен ұстап алды!
Оларға қауіпсіздік қызметкерлерін бағыттады, Аллаһтан оларға Ислам мен мұсылмандар үшін игілікпен қайыруын тілейміз!
Назар аударыңыздар! Аллаһ, заңды болған жағдайдан басқа, өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жеті опат қылушы күнәлардың бірі болып табылады.
Жарылысты атқаруға батылы барған және орындаған сорлы алдымен өзін өлтіреді, ал өзін өлтірген (қайда түседі)? Жауап беріңдер?! Ол – Тозақта!
Одан кейін, екіншіден, ол мұсылмандарды өлтіреді, сендер бұл туралы жеткізілген хадистерді естідіңіздер.
Сенің осы аяттарға сәйкес жағдайың қандай?!
Сен балаларды жетім, әйелдерді жесір қылғаныңа, артыңнан балаларынан айырылған әйелдерді қалдырғаныңа және қиратқаныңа және зиян тигізгеніңе Раббыңа не (уәж) айтасын?!
Бұлардың бәрінен де жаманы, сен Исламның дұшпандарына олар еврейлерге елу, алпыс жылда көрсетпеген көмекті бердің.
Мен аттарын атаған хауариждер сондай қызмет көрсетті – еврейлердің өздері оны Палестинада көрсеткен жоқ. Қалай? Мұсылмандарды бір-бірімен айналыстырып қойды да, оларды Палестинадан да, Палестина еместен де аударып алып кетті…
Мұсылмандарды өздері мұсылман мемлекеттерінің арасында таратқан фитналарымен аударып алып кетті. Мұсылмандарды болашаққа дайындаудың орнына, Палестинадағы болашақ жихадқа дайындаудың орнына, Ауғанстандағы болған жихад сияқты, бірақ ауғандар бір-біріне қарсы соғыса бастағаннан кейін – жихад қалмады.
Тіпті палестиналықтарды бір-біріне қарсы айдап салып, (назарларын) аударып алып кетті. Оларды топтарға бөлді. Құдіретті де, Ұлы Аллаһ былай дейді: «Әрбір партия өзінде бар нәрсесіне қуанады».
Дұшпан не істегісі келсе, ол соны істеуде.
Аздап тоқтаңдар және мәселе жөнінде ойланыңдар. Адам өлтіру туралы мәселе. Бауырлар, біздің арамызда бұл келелі мәселеге жасырын сенетін жастар бар. Сен оған аяушылықпен сөйлеуің керек, ол туралы күдікті болсаң, оны алуың керек. Оны ал да, оған былай деп айт: «Балам, бауырым, сен — жас мұсылмансың, ол әуестенгердерге өзіңді алдандырма. Еврейлер мен христиандардың қызметшілеріне өзіңді алдауға жол берме! Америка мен Батыстың қызметкерлеріне өзіңді алдандырма! Аллаһпен ант етемін, олар – Американың қызметшілері!»
Хауариждер – қазір Америка мен Батыстың қызметшілері, оларға қажет барлық нәрселерін ұсынып берді. Олар қазір тыныш және демалуда.
Иракта қазір жихадтың атымен жүргендердің көбісі Сүннетті ұстанушыларды сойып жүр! Аллаһпен ант етемін, олар рафидилерге де, батыстың әскерлеріне де тиіспейді. Бірақ олармен бірге тұрмайтын Сүннеттің жақтаушыларын жихадтың атымен өлтіруде. Ал жихадтың жақтаушылары оларға не рафидилердің, не БААС[1]-шылардың, не зайырлылардың қатарынан не белгісіз біреулерді, не хауариждерді және солар сияқтыларды әмір етіп тағайындайды.
Бұған қарап отырып, өздеріңнің балаларыңа бұл крематорияға баруға рұқсат етпеңдер.
Екі-үш жыл бұрын біреу маған: «Менің ұлымды шахидтікпен марапаттаған Аллаһқа мадақ», — деді.
Мен айтамын: «Сен қайдан білесің? Егер ол мұсылмандарды өлтіруге қатысқандарың қатарынан болып қалса, онда ол Тозақтықтар қатарынан. Сен қайдан білесің? Ол Жәннатта деп үкім шығарасың, ал ол ішінде жүздеген мұсылмандары болған үйді қирататын еді. Сенде қайдан мұндай сенімділік бар? Ол Жәннатқа кірді деген?!»
Бауырлар, абай болыңдар!
Аллаһпен ант етемін, кім ол жақа барса, ол – қауіпте, тіпті өзінің дінінде, тіпті бүкіл Ислам үшін.
Аллаһ тыйым салған жанды өлтіру.
Бұл мәселемен көп рет ойлан. Сенің батылың барғанша, және сені алдамайынша, және саған өздері адасып өзгелерді адастырып жүрген өтірікші муфтилер тарапынан пәтуа берілмейінше.
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтты: «Мен үмметім үшін…, — кімдерден қорқамын деді? Жалғастыр! — …адастыратын имамдардан!»
«әл-Каиданың» муфтилері – солар біздің заманымызда адасушылыққа кіргізетін имамдар.
Ал қарайықшы, біздің жетпістен аса ұлдарымызды қалалардан және барлық жерлерден алып келіп, оларды «Нахруль-баридте» (Ливандағы өзен) салқын қанды түрде өлтіреді.
Дұрыс па, әлде жоқ па?
Жүз адам, машаа Аллах, Ливанды азат етеді, кейін қалған елдерді де. Жүз адам. Сен қайдан білесің, оларды жинап қаруландырған – ол еврей еместігін, немесе христиан еместігін, немесе масон, не олардың қызметшісі еместігін?
Қандай ұйым? Ол қалай деп аталатын еді? «Фатхуль-Ислам».
Аллаһ сақтасын, бұл ұйым – Исламның қиратылуы. Бәрін өлтірді! Ешкімді қалдырмады, бейшара палестиналық қуғындардың лагерін қиратты.
Қандай басшылықпен (Кітаппен) және қандай Сүннетпен сен пәтуа жариялайсың, сен, жахиль және ақымақ! Қандай кітаппен, қандай Сүннетпен бұл жастарға пәтуа шығарасың және оларды жердің түкпір-түкпірінен алып келіп шығын етесің. Оларды салқынқандылықпен өлтіру үшін, Шарурдан, Уадидан, Жиддадан, Юнбудан «Нахруль-баридке» жібересің?!
Бұл – далбаса. Бұл мәселеге ұзақ уақыт тоқтаңдар, я, бауырлар! Осында немесе интернет жүйесі арқылы мені естіп жатқандар. Білмеймін, мүмкін жүйе қосулы шығар?
Сондағы біреу шейхқа: «Қосылмаған», — деп айтып жатыр.
Шейх: «Не үшін қосылмаған?
Аллаһпен ант етемін, өкінішті, осы сөздерді интернет арқылы естуін қалаймын және жеткізуді сұраймын, жарайды ма? Сөздерді жеткізіңдер, Аллаһ сендерге есендік берсін.
Жақсы.
Мен бұл мәселеге ұзақ тоқтадым, өйткені біз зиян шегіп жатырмыз. Күнде қауіпсіздік қызметкерлері осы адасушылыққа салынған бөлімшелерден бөлімше табуда.
Өз уақытын жоғалтты, оқуынан айырылды және кетті. Олардың әкелері жылап жатыр, шешелері жылап жатыр, бірақ олар өздерінің пайымдауларынша Жәннатты іздеп жүр.
Әй, бақытсыз! Жәннатқа апарар жол – бұл мұсылмандарды өлтіру ме? Өзіңді өлтіру – бұл Жәннатқа апарар жол ма? Керісінше, сен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін өлтірсе, ол Тозақта», — деген хадисіне қарсы келудесің! Және сен тірі жанды өлтіру – бұл Жәннатқа жол дейсің бе?!
Қалайша? Бұл керісінше.
Жетер саған, науқас!
Өлімде шипаны көру,
әрі арман болар нәрсені өлімге есептеу». (өлең)
Сендерден осы сөздерді интернет жүйесі арқылы жеткізулеріңді сұраймын».
Аудиотаспа жазылған бейнероликті сіздер, иншаа Аллаһ, таяу уақытта көре аласыздар.