«Олар мужаһидтер емес! Олар – жер бетінде бұзақылық таратушылар! Жер бетінде зиянкестік таратушылар! Олар яһудилер мен христиандарға қызмет етеді, өздері соны сезінсе де, сезінбесе де! (Еврейлер) Палестинаны мүмкін талан-таражға салып және әл-Ақсаны бұзып-қиратуға тырысып жатқан кезде, олар қиратуға кімдердің арасында үндеп жүр?! Еврейлердің арасында ма? Жоқ! Олар: «Мұсылман жерлерінде жарылыстар жасаймыз», — деп жүр. Сондай-ақ олардың айтуы бойынша Иерусалимге деген жолы бірінші кезектеөздері кәпір деп атайтындарды жоюдың үстіне құрылады, ал олар () яғни олардың кәпір деп атайтындары) — мұсылмандар. Ендеше, мұндай идеялардан сақ болыңдар! Хауариждердің идеяларынан! Ал ежелгі хауариждер біздің заманымыздың хауариждерінен жақсырақ еді! Біздің заманымыздың хауариждері – нағыз өтірікшілер! Олар өтірік айтады және айла жасайды. Ежелгі хауариждер ашық түрде майданға шығатын. Оларда өтірік жоқ еді. Өйткені олар өтірікті не деп санайтын? Күпір деп! Ал мыналар (қазіргілер) өтірікті рұқсат етеді, әйелдердің киімін киеді, тіпті… Сендер өздерің естігендей, осыдан бір-екі күн бұрын орын алғанындай: сол кезде жер бетінде бұзақылық таратып жүрген олардың екеуі келіп, (біздің елімізге) басқа бір елден кірмек болды. Әрі олар ұсталды, бұл үшін Аллаһқа бізден барлық мақтау-мадақтар болсын. Полицейлер олардан тоқтауды талап еткен кезде, олар тоқтады. Машинаның жүргізушісі болған жігіттің артында әйел, әйел сияқты абайя мен әйел киімін киген (біреу) отырған…. Полицей одан (жігіттен): «Сенің жаныңдағы кісі кім?», — деп сұрады. Ол: «Анам», — деп жауап берді. А? Міне, осы ма – жихад?! Әлде бұл зиянкестік тарату ма? Әлде оларды ойыншық етіп, адастырып, көру қабілетінен айырып, соқыр еткен шайтан ба? Міне, сол өтірік үшін әйел киімін киген біреу шығып, оқ ашты. Бұл оған тез арада жазасын тарттыруға әкелді де, натижеде ол немесе оның (серігі) өлтірілді. Әрі барлық мақтау Аллаһқа тән!»
Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:
Ринат Абу Мухаммадтың Қазақстан түрмелерінде орын алған оқиғаларға қатысты берген насихаты
Наиль Абу Салих хауариждер туралы
Сауд Арабиясы Корольдігі Ірі ғалымдар Комитетінің мәлімдемесі