Дұшпанның қатарларына тереңдеп енудің ғалымдар белгілеген нормалары

Әбу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз

Дұшпанның қатарларына тереңдеп енудің ғалымдар белгілеген нормалары

 Жанкештілік деп аталатын актілердің жақтаушылары өзінің пайдасына дәлел ретінде қабылдайтын көптеген егжей-тегжейліктер болғандығы себепті, мен төменде  төрт мазһабтың[1] пікірлерін келтіруді және ержүрек адамға дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіруіне  рұқсат ететін олар бекіткен нормалар мен шарттарды ескерткенді дұрыс көрдім.

Дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіру төменде келтірілетін шарттардың ең болмағанда бірі болғанда рұқсат етіледі:

— егер дұшпанның қатарларына тереңдеп кіруші адам аман қалуды қаласа;

— егер осындай амалды жасау дұшпанның жеңілуіне алып келсе;

— егер мұндай әрекет мұсылмандарға пайда келтірсе;

— егер мұндай әрекет мұсылмандарды дұшпандармен күресуге жігерлендірсе.

 Ханафилердің пікірі

Әл-Жусас былай деген: «Егер бір адам мың адамға шабуыл жасаған болса, мұнда айыпталатын еш нәрсе жоқ, егер ол аман қалуды немесе дұшпанды талқандап тастауды қаласа деген шартымен. Ал егер онда аман қалуға немесе дұшпанды талқандауға деген үміті болмаса, онда оның мұндай нәрсені жасауына мен сөгіс білдіремін, өйткені ол өзін мұсылмандарға еш пайда келтірмейтін өлімге қиып жатыр. Адам мұндай әрекетке, егер онда аман қалуға деген мүмкіндік болса немесе оның әрекеттері мұсылмандарға пайда келтірсе ғана баруы қажет. Ал егер онда аман қалуға немесе дұшпанға ойсырата соққы беруге деген мүмкіндік болмаса, бірақ ол өзінің әрекетімен мұсылмандарды осындай ерліктерді жасауға жігерлендірсе және соның нәтижесінде олар дұшпанды жоя бастаса және талқандай бастаса, мұндай жағдайда оның әрекеті тағы да айыпталатын болып табылмайды, ал мен ол Аллаһтан сый алады деген үміттемін». Қз.: «Ахкаму-ль-Қуран» (1-том, 309-бет).

Мәликилердің пікірі

Хәлил және әд-Дардир былай деген: «Мұсылман адамға ол өзінің ержүректігін көрсетуді емес,  Аллаһтың сөзін ұлықтауды мақсат етуі шартымен, сондай-ақ кәпірлерге ол оларға қалай ықпал ететінін көрсету қалауы шартымен саны көп дұшпандарға тап беруге рұқсат етіледі. Бірінші шарт іс-әрекеттің кемелдігін және толықтығын қамтамасыз ететіні – айқын-ақ, өйткені шайқас кезінде мақтаныш танытуға рұқсат етіледі. Яғни бұл шарттың орындалмауын тек ұнамсыз нәрсе (мәкрух) деп қана түсіну керек». Әд-Дусуки (2-том, 183-бет).

Әл-Қуртуби былай деген: «Менің ойымша, дұрысы – дұшпан әскеріне оларға әлі келмейтін адамның шабуыл жасауы рұқсат етіледі, өйткені мұның төрт оң тұрғысы бар:

Біріншісі – адамның дін үшін шәһид болып қаза табуды қалауы;

Екіншісі – дұшпанға шығын тигізуі;

Үшіншісі – өзге мұсылмандарды жаумен соғысуға жігерлендіруі;

Төртіншісі – бір мұсылманның не істей алатындығын көріп, мұсылмандар тұтас алғанда қаншалықты қауіпті екендігін түсінген қарсыластың моральдық рухын әлсіретуі». Қз.: әл-Қуртуби «Тафсир» (2/364).

Шәфи’илердің пікірі

Әл-Изз бин Абд әс-Сәләм былай деген: «(Дұшпанның) шабылдауы кезінде соғыс майданынан қашу үлкен зиян тигізеді, алайда егер адам өзінің бекерге өліп, дұшпанға өз өлімімен ешқандай шығын тигізбейтінін білсе, шегіну міндетті болады. Өмірді қауіпке салуға тек осыдан пайда болған, бұл көпқұдайшылдардың талқандалуына және діннің ұлықталуына алып баратын  кезде ғана болады.   Ал егер көпқұдайшылдарға шығын тигізілмесе, онда шегіну қажет, өйткені мұндай жағдайдағы табандылық бекер шығындарға ұласады, дұшпандардың жүрегіне маймен сылағандай ғана әсер етіп, мүміндерді қорлайды. Мұндай жағдайда табандылық таныту ешбір пайдасыз тап-таза зиян болады». Қз.: «Қауа’ид әл-Ахкам» (1/111)

Ибн Хажар былай деген: «Жалғыз адам саны көп дұшпандарға шабуылдау мәселесіне келер болсақ, имамдардың көпшілігі егер адам ерекше ержүрек болып, өзінің әрекетімен дұшпандарды қорқытуды, олармен күресуге басқа мүміндерді жігерлендіруді және өзге түрдегі пайдаларды келтіруді жорамалдаған болса, онда оның осы шабуылды жасауы игі болып табылады. Ал егер бұл әрекет – жай ғана ойсыздық болса, онда оған тыйым салынады, әсіресе, егер ол мұсылмандардың әлсіреуіне әкеп соқса. Ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі». Қз.: «Фатх әл-Бари Шарх «Сахих» әл-Бухари» (8/185-186).

Хәнбалилердің пікірі

Ибн әл-Мунасиф былай деген: «Бір адамның әскерге немесе дұшпандардың  көпшілік санына шабуылдауына байланысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар. Мұндай шабуылдарды жасаушылар төменде келтірілген үш жағдайдың бірінде болады:

1. Адам дұшпандармен қоршалған болып, олар оны жеңіп, тұтқынға алатынынан қорыққан кезде. Мұндай жағдайда саны көп дұшпандарға шабуылдау рұқсат етілгендігіне ғалымдар бірауызды келіседі. [2]

2. Адам басқа мұсылмандардың қоршауында болып, атын шығарып, ержүрек деп аталу үшін саны көп дұшпанға шабуыл жасайды. Ғалымдар мұны бірауызды тыйым салынған дейді.

3. Адам мұсылмандардың қатарларының ішінде болып, Аллаһ үшін болған ізгі ашу-ызаның ықпалымен және оның сыйына деген үмітпен дұшпандарға шабуыл жасаса. Мұндай жағдайға қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі болған. Біреулері жалғыз шабуыл жасауды Аллаһ тыйым салған өз-өзін опат етуге қиюға жатады деп есептеп, айыптаған. Басқалары мұндай әрекетті рұқсат етілген деп санап, оны мақұлдаған, бірақ адамның күш-қуаты болса және өзінің әрекетімен дұшпанға шығын тигізіп немесе өзге мұсылмандарды осындай ерліктерді жасауға жігерлендіріп немесе дұшпандарды мұсылмандардың табандылығымен қорқытып, пайда келтірсе деген шартымен». Қз.: «Әл-Инжәд фи Ахкам әл-Жиһад» (1/133).

жалғасы бар



[1] Мазһаб – өзінің ережелерін қатаң әдіснама негізінде Құраннан, хадистерден, ижмаъдан  (ғалымдардың бірауызды келісімі) және қиястан  (ұқсастық бойынша үкім етуден) шығаратын Исламдағы діни-құқықтық мектеп. Барлық ұйғарымдар мужтахид ғалымдар тарапынан беріледі. Қазіргі заманда Сүннетті ұстанушы мұсылмандар арасында төрт осындай мазһаб едәуір кең таралған: ханафи, мәлики, шәфи’и және ханбәли. Барлық мазһабтар бір-бірін мойындайды және оларды ұстанушылар аһлю-Сунна уәл-жәма`а (Сүннетті және жамағатты ұстанушылар) деп аталады.

[2] Бұл жерде мен құрметті оқырмандардың назарын ғалым мұндай адамға өзін-өзі өлтіруді жасау рұқсат етілген деп санамайды дегенді айтамын.

You may also like...