шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:
Он екінші тарау: Жихадтағы ауытқулардың түзету құралдары
Жихадтағы ауытқулар оларды түзету үшін толық назар аударуды және ауытқуларға түскендерді тура жолға насихаттап, оларды қауіпті ауытқулардан қашықтату үшін кепілдік берілген құралдарды қолдануды міндетті түрде қажет ететін істерге жатандығына күмән жоқ.
Жихадтағы ауытқуларды түзету құралдары туралы сөздер ғалымдардың дәлелдері мен пікірлерінің негізінде ой-пайымдауды талап етеді, әрі түзетудің ең маңызды құралдарының арасында мыналар бар:
1. Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтан жасырын да, ашық та, оңаша да, жария да қорқу.
Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оған бір шығар жол пайда қылады. Аллаһ оған ойламаған жерден ризық береді» (Таләқ, 2-3).
Яғни оған бұл дүниеде және Ақыретте кез келген бүлік-фитнадан, қайғы-қасіреттен және жамандықтан шығатын жол жасап береді.
Аллаһ Тағала тағы да былай деп айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оның істерін жеңілдетеді» (Таләқ, 4).
Әрі соңғы нәтиже үнемі тақуалар жағында болады.
Сахабалардың ізбасарлары кезінде бүлік басталғанда, кейбір ықыласты адамдар Тәлк ибн Хубайбқа, Аллаһ оны рахым етсін, келіп: «Ақиқатында да, бүлік басталды, біз одан қалайша аман қалып сақтанамыз?», — деп сұрады. Ол, Аллаһ оны рахым етсін, оларға: «Одан тақуалықпен сақтаныңдар», — деді. Олар: «Бізге тақуалықты баяндап бер», — деді. Ол: «Тақуалық – Аллаһқа мойынсұнушылықпен Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың рахымына деген үмітпен әрекет жасау, және Аллаһқа мойынсұнбауды Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың жазасынан қорқып тастау», — деп жауап берді. Қз.: «әз-Зухд» Ибн әл-Мубарак 473 б..
Осыдан тұлғаның Аллаһтан келгеннің аясында тақуалықпен және дінді білумен ажырамастығы ол үшін кез келген опаттан құтылудың жолы және кез келген ауытқудан қауіпсізденудің кепілі болып табылатыны айқын болады.
2. Дінді тану, Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерін ізгі алдынғы буын өкілдерінің және тиянақты білім иелерінің түсінігіне сәйкес түсіну.
Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге Аллаһ игілік қаласа, оны Ол дінді дұрыс түсінушілерден етеді», — деп айтқанындай. әл-Бухари № 71, Муслим № 1037.
Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ: «Ол — Аллаһ, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар — Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ қана біледі. Ал, тиянақты білімге ие болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы — Раббымыздан», — дейді. Бірақ насихатты ақыл иелері ғана еске алады (түсінеді)» (әли Имран, 7), — деді.
Ал діннің анық баяндалған аяттармен, айқын хадистермен және ізгі алдыңғы буын өкілдерінен жеткен хабарлармен мазмұндалған түсінігі оның иесін сөздердегі және істердегі жарамсыз әрекеттер мен қателіктерден қашықтатады.
3. Құран мен Сүннеттен бұлжымай ұстанудың қажеттілігі.
Құран мен Сүннетке шынайы берілгендік — бұл дүниеде және Ақыретте өркендеудің, құтылудың және жетістіктің жолы болып табылады. Имам Малик, Аллаһ оны рахым етсін, хижра үйінің имамы: «Сүннет — Нұһтың кемесі сияқты! Кім оған отырса, құтылады, кім оны тастаса, суға батып кетеді», — деді. Қз.: «Тарих әл-Бағдад» 7/336.
Кім Сүннетті өзіне жетекші етсе, даналықты сөйлейді, бүліктен құтылады және бұл дүниеде де, Ақыретте де игілікке жетеді.
«Сунан» кітаптарында келтірілген ‘Ирбад ибн Сарийяның сахих хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, жақын арада көп келіспеушіліктерді көреді. Сендер менің Сүннетімді және менен кейін тура жолмен жүретін ізгі халифалардың Сүннетін ұстануларың керек болады. Оны ұстаныңдар және оған азу тістеріңмен жабысып алыңдар. Діндегі жаңалықтардан сақтаныңдар, өйткені (діндегі) әрбір жаңалық – бидғат, кез келген биғат – адасушылық, ал кез келген адасушылық – Тозақта», — деді. Абу Дауд № 4607, әт-Тирмизи № 2686, Ибн Мажжаһ № 43, 44, ән-Насаи (№ 1578).
Сондықтан ардақты Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне байлану және оған қайшы келетін пікірлерден алшақтау діндегі кез келген ауытқудан ем болып табылады, өйткені діндегі ауытқушылық Сүннетті тастағаннан (қалдырғаннан) және оған қайшы келуден ғана орын алады. Кім Сүннетті ұстанса, сол ауытқудан аман қалады.
4. Мұсылмандардың қауымынан (әл-жама’адан) ұстану және бөлінушілік пен қарама-қайшылықтан алшақтау.
Ақиқатында, бөлінушілік – бұл жамандық, әл-жама’а – бұл рахым. Әл-жама’аның көмегімен мұсылмандардың арасындағы байланыстың күші, олардың өзара ынтықтығының бекемдігі, абыройының құдіреті, бірігуі пайда болады. Ол арқылы мұсылмандардың арасында игілікке, тақуалыққа және бұл дүниеде де, Ақыретте де бақыт алып келетін нәрселерге өзара көмектесу туындайды. Ал келіспеушіліктерге келер болсақ, ол мұсылмандарға көп жамандық және зиян, сондай-ақ шарапатсыздықпен аяқталатын қайғы-қасірет әкеледі. Сондықтан Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен көптеген хадистерде оның әл-жама’аны ұстану және бөлінуден сақтану туралы осиеті келтірілген. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әл-жама’а – бұл рахмет, ал бөліну — азап». Ахмад 4/278.
Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Әл-жама’адан ұстаныңдар да, бөлінуден сақ болыңдар», — деп айтты. әт-Тирмизи №2165, Ахмад 5/370.
Сондай-ақ ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһтың Қолы әл-жама’аның үстінде». Ибн Абу ‘Асым «әс-Сунна» 80, 81.
Сондай-ақ ол былай деді: «Келіспеушілікке салынбаңдар! Ақитатында, сендерден бұрын өмір сүргендер өзара келіспеушілікке салынып, опат болды». әл-Бухари № 2410.[1]
5. Пәк Аллаһпен жақсы байланыс, Оған шынайы ықыласпен жалбарыну, Оған табанды түрде дұға ету, әсіресе Пәк Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды ашық және жасырын бүліктерден алыстатуын тілеу, Пәк Аллаһтан бүліктердің адасушылығынан қорғауды дұға етіп сұрау.
Өйткені Аллаһ Өзінен қорғау тілегенді қорғайды және Өзінен сұрағанға береді. Өйткені Пәк Аллаһ өзінің құлын оның дұғасында түңілтпейді және өзінің құлының жалбарынуын қайтармайды. Өйткені Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деді: «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған иман келтірсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» (Бақара, 186).
Қандай да бір іс өзіне айқын емес болып көрінетін (адам) шешім қабылдауға асықпасын. Ол шынайы ықыласпен Аллаһқа жүгініп, Пәк Аллаһтан дұрыс жолға салуын сұрауы керек. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Ол Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен негіз арқылы білімнің әрбір есігінен мықтап ұстануға тырыссын. Ал егер ол адамдар өзара қайшылыққа келген нәрседе күмәндана бастаса, онда Муслим өзінің «Сахихында» ‘Аишадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген дұғаны орындасын. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намазға тұрған кезде: «Уа, Аллаһ, Жәбірейілдің, Микаилдің, Исрафилдің Раббысы, көктер мен жердің Жаратушысы, көмес пен айқынды Білуші. Сен Өзіңнің құлдарыңның арасында олардың пікірлері әртүрлі болған нәрседе шешім шығарасың. Мені өзіңнің қалауыңмен (олар) әртүрлі пікірге келген ақиқатқа бағытта. Ақиқатында, Сен қалағаныңды тура жолға саласың», — деп айтатын. Муслим № 770. Аллаһ Тағала Өзінің Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Одан жеткізген сөздерінде: «Ей, менің құлдарым, Мен дұрыс жолға салғанымнан басқаларыңның барлығың адасудасындар. Ендеше, Менен (тура) жолға салуды тілеңдер, және мен сендерді тура жолға саламын», — деген. Муслим № 2577″. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 10/664-665.
Осы жерде өздерінің жөн сілтеулерімен және нұсқауларымен қиыншылықтарды және ауытқуларды түзетуге нұсқайтын зерттеуші-ғалымдардың кейбір сөздерін келтіру жөн болады.
Шейх Са’д ибн Хамд ибн ‘Атиқ өзінің бауырларына деген жолдауында былай деді: «Сендер бақыттың және бұл дүние мен Ақыреттегі жетістіктің үлкен себебі — ақиқат пен дұрыс жол иелерінің жолын ұстану, ақиқат жолының нұрын оның қайнар көзінен алу, пайдалы білімді оның иелерінен іздеу болып табылатындығын білетін тәріздісіңдер. Ал олар – өздерін толығымен ақиқатты іздеуге және жаратылыстарды ақиқат жолына салуға бағыштаған, тіпті оларға жөн сілтеуде және әділдікте куә болған білім мен діннің адамдары. Олар өздерін құмарларлықтарға іліскен адамдардың және адасушы адамдардың сипаттарынан аман сақтап қалды. Бірақ олар (ақиқаттың иелері және білімді алып жүрушілер) — өздері адасып, көптеген Аллаһтың құлдарын адасушылыққа кіргізген, дін туралы ой жорамалдары мен болжамдар негізінде сөйлеген, бүлікке шалдыққыш болғандарға бүлік, надандарға басшы болған және өздерінің ізбасарларымен бірге олар туралы мүміндердің әмірі ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын: «Әрбір айқайлаушыға ілесушілер, әрбір шақырушының ізіне қарай иілетіндер, білімнің нұрымен жарық алмағандар. Олар бекем негізге жүгінбеді», — деп айтқан адамдар сияқты болып қалған надан және адасушы адамдар емес“. Қз.: «Дурар әс-сәния» 7/304.
Дағуаттың басшыларының тобы (Нәжд ғалымдары) мұсылмандарға жіберген жолдауында былай деп ескертеді: «Бұл жерде бір нәрсеге назар бөлу керек. Ғалымдар және әмірлер мұсылмандардың арасындағы бөлуну мен келіспеушіліктің, әрі ақиқат пен жалғанның иелерінің арасында айырмашылық болмауының себебі болатын ой-тұжырымдаулардан, сыбыстардан және әңгімелерден сақтандыруы керек. Сондықтан білім ізденушілер және әмірлер ақиқатқа қайшы келетін бір нәрсе жасаған адамға жөн сілтеуге және оны осыдан ұстап қалуға міндетті. Егер де ол өзі істеп жүрген нәрсесін тастаудан бас тартса, онда ол сияқты басқаларды (осындай нәрселерді істеуден) тосып қалатындай етіп оның сазайын беру (түзету, жазалау) керек». Қз.: «Дурар әс-сәния» 7/330.
Құрметті шейх ‘Абдуль-‘Азиз ибн Базға ішінде «Біз шектен шығушы сенімдердің мәселесін қалайша шешеміз?» деген сөздері бар сұрақ қойылды.
Ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп жауап берді: «Жауап: ғалымдар тарапынан оқытумен және бағыттаумен. Егер олар кандай да бір адамда ауытқушылықты және бидғатты көріп қалса, онда олар оған, мысалы, күнәхарларды күпірлікте айыптаушыға, бұл (күпірлікте айыптау) күнәлар үшін күпірлікте айыптайтын хауариждердің діні екендігін түсіндіреді. Алайда оған ортаны ұстануды үйрету керек. Мойынсұнбаушы үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Көпқұдайшыл үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Бидғатшы үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Ол тура жолға түскенше, шариғаттың бұйрықтарын білгенше әрі барлық нәрсені өз орындарына қойғанша, оны оқытып, игілікке бағыттау керек. Ол мойынсұнбаушыны кәпірдің орнына, ал кәпірді мойынсұнбаушының орнына қоймауы үшін. Зинақор, ұры, ғайбатшы, өсекші, өсімқор сияқты, күнәлары көпқұдайшылықтан төмен болған мойынсұнбаушылардың өздеріне тиісті үкімдері бар. Олар, егер осындай жағдайларында өлсе, Аллаһтың қалауының астында. Ал қабірде жатқандарға құлшылық етуші және Аллаһтан өзге өлген адамнан көмек тілеуші көпқұдайшылдың өзіне тиісті үкімі бар. Бұл Құдіретті де, Ұлы Аллаһқа деген күпірлік болып табылады. Дінді келемеждеп, дінді сайқымазақ етушінің өзіне тиісті үкімі бар. Сонымен, адамдар дәрежелерге және түрлерге жіктеледі және олардың барлығы бірдей емес. Сондықтан міндетті түрде, оларды өз орындарына қою керек және білім мен дәлел арқылы оларды өздеріне тиісті болған үкімдеріне жатқызу керек. Нәпсінің қалауларына және надандыққа сәйкес емес, шариғаттың дәлелдеріне сәйкес, ал бұл – ғалымдардың міндеті. Сонымен, ғалымдар адамдарға бағыт сілтеу керек, бойында шектен шығушылық, тұрпайылық және кемшілік қауіптері бар жастарға дұрыс жол көрсету керек. Оларды оқыту және бағыттау керек, өйткені олардың білімдері жеткіліксіз, сондықтан оларды ақиқатқа бағыттау міндетті болып табылады». Қз.: «Мәжму’ фатауа уә мәқәләт мутәнәууи’а» 8/236.
[1] Әл-жама’а терминінің шариғи анықтамасын негізгі үшеуіне ұштастырып алып келуге болады:
Біріншісі – ақиқатқа ілесу, ал бұл – саләфтардың (ізгі алдынғы буын өкілдері) жолына ілесу. Ибн Мас’уд былай деді: “Әй, ‘Амр ибн Маймун! Ақиқатында, жамағаттардың көпшілігі шынайы әл-жама’аға қайшы келеді, өйткені жама’а бұл — ақиқатқа сәйкес келетіні ғана, тіпті сен жалғыз өзің болсаң да!» әл-Ләләкаи 160. Иснады сахих. Қз.: “Мишкатуль-масабих” 1/61.
Екіншісі – мұсылмандардың әмірінің (ел басшысының) төңірегіне жиналған мұсылмандардың жамағатында болу. Сахль ибн ‘Абдуллаһ әт-Тустари былай деді: “Бұл үммет жетпіс үш ағымға бөлінеді, оның жетпіс екісі — опат болғандар, өйткені олардың барлығы мұсылмандардың әмірінен қашықтап, алыстауда. Ал құтылған – бір-ақ топ, әрі олар – мұсылмандардың әмірімен бірге болғандар!” Қз.: “Қутуль-қулюб” 2/242.
Сондай-ақ имам Ибн Жарир әт-Табари: “Әл-жама’аға ілесу туралы бұйрық «төңірегіне мұсылмандар жиналған әмірге бағыну» дегенді білдіреді. Және кім оған ант бермесе (яғни оған бағынбаса), міне, сол әл-жама’адан шықты ”, — деп айтты. Қз.: “Фатх әл-Бари” 13/47.
Үшіншісі – әл-жама’а болып табылатын ғалымдарға ілесу, өйткені олар ілесу бұйырылған ақиқат туралы бәрінен жақсы біледі. Имам әт-Тирмизи былай деген: “«Әл жама’а» сөзінің ғалымдардағы түсіндірмесі – бұл фиқх пен хадистің білімдарлары”. Қз.: “Сунан әт-Тирмизи” 4/467.
Бірде (адамдар) имам Ибн әл-Мубарактан «Аллаһтың қолы әл-жәма’аның үстінде» деген хадистегі «әл-жама’а» дегенде не айтылып тұрғандығы туралы сұрады. Ол: «Абу Бакр және ‘Умар!», — деп жауап берді. Оған: «Бірақ Абу Бакр мен ‘Умар өлді ғой!», — деп айтылды. Ол: “Пәлен және пәлен”, — деді. Оған: “Бірақ пәлен мен пәлен де өлді ғой!», — деп жауап қайтарылды. Сонда ол: “Абу Хамза әс-Суккәри, міне, сол — жама’а”, – деді. Қз.: “Сунан әт-Тирмизи” 4/467 және “әл-И’тисам” 2/771.
Исхақ ибн Рахауейх былай деді: “Өз кезінде әл-жама’а – Абу Хамза еді, бүгінгі күні ол — Мухаммад ибн Асләм және оған ілесушілер”. Ол сондай-ақ мынаны да айтқан: “Егер надан адамдардан (жахильдерден) Ұлы қауым (сауадуль-а’зам) туралы сұрасаң, олар: “Адамдардың қауымдастығы”, — дейді. Ал олар әл-жама’а – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолына ілесуші ғалым (‘алим) екендігін, әрі кім онымен бірге болса, сол жама’ада, ал кім оған қарсы келсе, сол жама’аны тастаған болатынын білмейді”. Қз.: “Хильятуль-аулия” 9/239.
Имам әш-Шатыби Исхақтың бұл сөздері туралы былай деді: “Әл-жама’а – бұл адамдардың жай қауымы, тіпті олардың ішінде ғалым болмаса да деп ойлайтындардың адасатыны айқын болды. Әрі ғалымдардың емес, қарапайым адамдардың түсінігі осындай!” Қз.: “әл-И’тисам” 2/267.
Ибн әл-Қайим былай деді: “Ақиқатында, ижмә’ та (ислам ғалымдарының бірауызды келісілген пікірі), хужжә да (дәлел), сауәдуль-а’зам да (Ұлы қауым) – бұл ақиқатқа ілесуші ғалым, тіпті ол жалғыз болса да және тіпті жердің бүкіл тұрғындары оған қайшы келсе де!” Қз.: “И’ләмуль-муақи’ин” 3/397.
Сонымен, әл-жама’а сөзінің мағынасы бір ғана нәрсеге – ақиқатқа ілесуге келіп тірелуде. Имам Абу Шама былай деп айтатын: “Әл-жама’аға ілесу туралы әмір келсе, мұнымен ақиқатқа және оны ұстанушыларға ілесу меңзеледі, тіпті оған ілесушілер аз болып, ал қайшы келушілер көп болса да! Ал ақиқат – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кезіндегі алғашқы үммет және оның сахабаларының ұстанғаны, және біз олардан кейін адасушылардың санының көп болғанына қарамаймыз”. Қз.: «әл-Бә’ис ‘алә инкәр әл-бидә’ уәл-хауәдис» 91.
Міне, осы — бүгінгі күні қатты бұрмаланып, оны түрлі партияларға айналдырып жіберген «әл жама’а» терминінің шариғи мағынасы. Әл-жама’а – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақиқатқа ілескен сахабалары. Ал Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары өлгеннен кейін әл-жама’а бұл – пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылатын, сахабалар жүрген жолды бәрінен жақсы білетін ғалымдар. Және Құран мен Сүннетке оларды дәл сахабалар түсінгендей етіп ілесуші және пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдардан ұстанушы мұсылмандар, міне солар әл-жама’аға ілесішулер болып табылады, тіпті олар әртүрлі қалаларда тұрса да.
Ал осы күндері «жамағат» деген атаумен партиялар құрып жүргендерге келер болсақ, олар іс жүзінде «әл-жама’аның» шынайы түсіндірмесіне қайшы келетін, Исламда осы күнге дейін белгілі болмаған жамағаттың жаңа түрін ойлап шығарды. Біріншіден, олар жамағаттарды мұсылмандардың әмірлерінің төңірегінде құрып жатқан жоқ, ал екіншіден, олар өзіндік, саләфтардың жолына сәйкес келмейтін әдістері мен бағдарламалары бар жама’аттарды құруда!