Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығу туралы сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Құрметті шейх, өкінішке орай, әмірлерге қарсы шығуға шариғатта ешқандай нұсқау болмаған жағдайларда да оларға қарсы шығуды ақтап жүрген адамдар бар. Мұсылман және мұсылман  емес әмірлермен болған қатынаста біз нені ұстануымыз керек?»

Жауап: «Егер мұсылман әмірі туралы айтар болсақ, онда бізден оған бағыну талап етіледі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі,  59-аят).

Ал Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келер болсақ, ол былай деді: «Мынау менің сендерге берген өсиетім: Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар және сендерге (эфиопиялық) құл әмірлік етсе де — тыңдаңдар және мойынсұныңдар. Ақиқатында, (сендерден) кім (менен кейін)  өмір сүрсе, көптеген араздықтардың куәсі болады, сондықтан сендер менің  Сүннетімді және менен кейін дұрыс жолмен ілесіп жүретін салиқалы халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек». Абу Дауд «Сунан», №4607 хадис; әт-Тирмизи «Сунан», №2676 хадис.

Бұл хадистің мағынасы жоғарыда келтірілген аяттың мағынасына толық сәйкес келеді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Кім әмірге бағынса, маған бағынған болады, ал кім әмірге мойынсұнбаса, маған мойынсұнбаған болады», — деп айтқан. Әл-Бухари «Сахих», № 2957 хадис, Муслим «Сахих», № 1835 хадис.

Мұсылмандарды әмірлерге бағынуға үндейтін басқа да хадистер мәлім.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «… тіпті ол сені арқаңнан ұрса да және мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және мойынсұн!», — дегені жеткізіледі. Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Сонымен, әмірдің бұйырғандары Аллаһтың бұйырғандарына  қайшы келмесе, әмірге бағыну керек, егер де ол қандай да бір күнәлі іске бұйырса, оған күнәлі нәрседе бағынбау керек, ал басқа барлық нәрседе оған бағыну қажет.

Ал мұсылман емес әмірмен қарым-қатынасқа келер болсақ, онда мұсылмандар жәбірлеушілер және кәпірлерлермен қақтығысқа бармауы керек, өйткені бұл оларға зиян тигізуі және олардың жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің пайғамбарлық миссиясын орындай бастағаннан кейін он үш жыл бойы Меккеде өмір сүрді, ал ондағы билік кәпірлердің қолында еді, алайда Исламды қабылдаған оның сахабалары кәпірлермен күреспеді, өйткені бұл оларға тыйым салынған еді, ал күресу туралы әмір оларға Мәдинаға қоныс тепкеннен соң және мұсылман мемлекеті құрылғаннан кейін ғана түсті».

Сұрақ: «Құрметті шейх, белгілі болғандай, дін дегеніміз — ықылас таныту (насыха)[1], және ол Исламның негізі болып табылады. Алайда әмірлерге келгенде, біз оларға қатысты ықылас танытуымыз белгілі қиындықтарға тіреледі. Ол (ықылас, насыха) қалай танытылуы керектігін және өзгерістерге күшпен қол жеткізуге талпыныс жасалғанда туындайтын ең түйінді қиындықтар қандай болатындығын түсіндіре аласыз ба?»

Жауап: «Абу Рукәйә Тамим бин Аус әд-Даридің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», — деді. Біз одан: «Кімге қатысты ықылас таныту?», — деп сұрадық. Ол: «Аллаһқа[2], Оның Кітабына[3], және Оның Елшісіне[4], және мұсылмандардың басшыларына[5], және жалпы барлық мұсылмандарға[6]», — деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 55 хадис.

Мұсылман әмірлеріне қатысты ықылас оларға шариғат мақұлдайтын нәрселерде бағынуда, олар үшін Аллаһтан дұға-тілек тілеуде және оларға дұрыс жол мен олар жіберіп қоюы мүмкін қателіктерді, әмірлер оларға тап болмауы үшін, түсіндіруде танылады.   Сонымен қоса, әмірлерге ықылас таныту оларға құпия түрде игі насихат беруді, сондай-ақ оған бағынатын шенеуніктердің өздеріне тапсырылған істерді адал орындауды да қамтиды.  Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені[7] көрсе, оны қолымен өзгертсін[8], егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен[9] (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда — жүрегімен[10], және бұл — иманның ең әлсіз (көрінісі) болады», — дегені хабарланады. Муслим «Сахих», № 49 хадис.

Осыған сәйкес, мұсылмандар үш топқа бөлінеді:

1.               Білімге және билікке ие адам айыпталатын істі өз қолымен тоқтата алады. Мұндай адамдардың қатарына адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын мұсылман мемлекетінің билігі тағайындаған әмірлер және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Мұндай адамдар дана және шариғат заңдастырған әдістермен айыпты істерді өзгерте алады.

2.               Білімге ие, бірақ билікке ие емес адам. Ол айыпталатын істі сөзбен, яғни адамдарға шариғаттың харам мен халалға, құпталатын мен айыпталатынға қатысты үкімдерін түсіндіру, оларға дұрыс жолды көрсету, оларға насихат айту, уағыздау арқылы, өзгерте алады.

3.               Білімге де, билікке де ие емес, бірақ мұсылман болып табылатын адам айыпты болып саналатын істі жүрегімен айыптап, осындай істерді істеп жатқан адамдардан, олар оған өз ықпалын тигізбеуі үшін,  өзін аулақ ұстауы керек.

Сұрақ: «Игі насихатты қалайша дұрыс беру керек, әсіресе мәселе әмірлерге қатысты жағдайларда? Олардың дұрыс емес амалдары жайлы көпшіліктің алдында айтуға болады ма, әлде оларға насихатты құпия түрде беру керек пе? Бұндай жағдайларда діннің алдыңғы салиқалы буын өкілдері қалай істегенін түсіндіріп берсеңіз».

Жауап: «Күнә істеуден тек Аллаһтың Елшісі ғана, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорғалған еді, ал әмірлер – басқа да барлық адамдар сияқты қателесетін қарапайым адамдар. Алайда әмірлер әділетсіздік танытып жатса да, адамдарды жәбірлеп, күнә жасап жатса да, олар айқын күпірлікке түспейінше, біз олардың қателіктерін, осы қателіктер туралы көпшіліктің алдында сөйлеу үшін және оларға бағынудан бас тарту үшін, сылтау қылмауымыз керек, өйткені бізге осылай істеуді Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырды. Бұл дегеніміз, олар тіпті күнә жасап, әділетсіздік көрсетіп жатса да, біз мұсылман елдерінің бірлігі мен қорғауын сақтап қалу үшін, оларға бағынуымызды жалғастыра беруіміз керек, өйткені әмірлерге мойынсұнбау және оларға қарсы күрес жүргізу олар істеп жатқан айыпты болып саналатын нәрселерден де көбірек зиян әкеледі, әңгіме тек қана күпірлік пен көпқұдайшылық төңірегінде болмаса ғана.

Біз әмірлердің қателіктері туралы мүлдем үндемеу керек деп айтып жатқан жоқпыз, жоқ, оларды түзету керек, бірақ  мұны дұрыс істеу керек, нақтырақ айтқанда, оларға құпия түрде ауызша немесе жазбаша кеңес беріп.

Бұл істе Интернет сияқты құралды қолдануға да болмайды, өйткені бұл мінберлерден айтылған сөздерден де ықпалдырақ болады, өйткені айтылған сөздер ұмытылады, ал жазылған нәрсе қолма-қол жүре береді, ал мұнымен келісуге болмайды.

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту»,деп үш рет қайталағаны жеткізеді. Сонда сахабалар: «Кімге қатысты?» — деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және жалпы барлық мұсылмандарға», — деп жауап берді. Басқа бір хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені)  қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». Имам Малик «Әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ең дұрысы – әмірлерге насихатты өздерінің ой-парасаттылығымен танылған дін ғалымдары және ықпалды адамдар берсе, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:  «Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді» (ән-Ниса сүресі, 83-аят).

Мұндай міндетті орындауға кез келген адам жарай бермейді, ал көпшіліктің алдында әмірлердің қателіктерін талқылау игі насихатпен де, біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің істеген амалдарымен де ешбір ортақтығы жоқ, тіпті осындай әдістерге жүгінетін адам, өзінің пайымы бойынша, игі ниетті басшылыққа алғандығымен ақталса да. Алайда, іс жүзінде, оның істеп жатқаны ол айыптап жатқан нәрседен де жаман, өйткені айыпталатын нәрсені айыптаудың өзі де, егер ол Аллаһ Тағала және  Оның: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты саналатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда — жүрегімен, және бұл — иманның ең әлсіз (көрінісі) болады», — деп айтқан Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, заңдастырған жол-тәсілмен орындалмаса, айыпталуы мүмкін.

Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарды үш топқа бөлді. Бірінші топқа айыпталатын нәрсені өз қолымен түзете алатын адамдар жатады. Олар – әмірлер немесе осы нәрсе оларға мемлекеттің атынан жүктелген адамдар. Екінші топқа айыпталатын нәрсені сөзбен түзете алатындар жатады, басқаша айтқанда, билікке ие емес, бірақ білім мен шешендік қабілет берілгендер. Үшінші топқа айыпталатын нәрсені жүрекпен тәрк етушілер, яғни билікке де, білімге де, шешендікке де ие емес адамдар жатады».

Сұрақ: «Сіз осы елде өмір сүріп жатып, өздерінің жиындарында билік өкілдерін жамандайтын жастар туралы не айтасыз?»

Жауап: «Мұндай әңгімелер еш негізсіз екендігі белгілі, ал оларды айтушы адамдар не жамандыққа ұмтылады, не бізді пайдаланып жүрген игіліктерімізден айырғысы келіп, өзгелерді адастырып жүргендердің ықпалында жүр.

Аллаһқа мадақ, біз өзіміз ілескен жолымызға сенімді болғанымыз секілді, өз әмірлерімізге де сенімдіміз. Бұл «Біз толық кемелдендік және бізде ешқандай кемшілік жоқ» деген сөз емес. Кемшіліктер бар, бірақ біз оларды, Аллаһ қаласа, дұрыс әдістермен түзетеміз.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзі тірісінде ұрлық жасайтын, зина жасайтын немесе шарап ішетін адамдар болды, ал Пайғамбар оларға қатысты шариғат бекіткен жазаларды қолданды. Бізде, Аллаһқа шүкір, осындай жазалар оларға лайық адамдарға қолданылады және ол тергеу барысында дәлелденген болғанда ғана. Бұдан тыс, бізде адам өлтіруге тура сондай әрекетпен жаза беру қолданылады, ал бұл, Аллаһқа шүкір, игілік болып табылады, ал кемшіліктер болса да, олар болуға тиісті, өйткені бұл адам табиғатына тән.

Аллаһ Тағаладан Ол Өзінің рахметімен біздің істерімізді жөнге келтіруін, бізге өз нәпсімізбен күресуге көмектесуін, тура жол нұсқауын және кемшіліктеріміздің түзетілуіне ықпал етуін жалбарынып тілейміз.

Әмірлердің қателіктері мен жаңсақтықтарын олардың мәртебесін түсіру немесе қоластындағылардың оларға деген өшпенділігін ояту үшін пайдалану Сүннет пен  келісімнің жақтаушысы (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) болған біздің салиқалы ата-бабаларымыздың әдістерімен еш ортақтығы жоқ.          Сүннет пен келісімнің жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) адамдарды әмірлерге бағынуға, оларды жақсы көруге және бірлікті сақтап тұруға талпындырады, ал бұл қажетті нәрсе болып табылады.

Әмірлерді балағаттауға және олар туралы сөз тасуға келер болсақ, онда бұлар -көпқұдайшылықтан кейін қатаң тыйым салынған нәрселердің қатарына кіреді, өйткені араздыққа алып келіп, адамдардың жүрегінде ашыну сезімін туғызады».

[1] «Насыха» сөзі ықылас танытудың объектісі болған адамға игілік қалауды және шын шыректен қарым-қатынас жасауды білдіру үшін қызмет атқарады және көп мағыналы болып табылады, басқа да мағыналарға қоса ол игі кеңесті, пайдалы насихатты, шынайы ықылас пен шын жүректен жасалған қатынасты білдіреді.

[2] Бұл – Аллаһқа иман келтіруде, Оның әмірлеріне мойынсұнуда, Ол тыйым салған барлық нәрседен тыйылуда, көпқұдайшылықтың кез келген түрінен бас тартуда және тағы да басқа сол сияқты амалдарда көрінеді.

[3] Бұл Құранның Аллаһтың сөзі екендігіне шын ықыласпен сенуді тұспалдайды.

[4] Аллаһтын Елшісіне деген,  оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ықыласты қатынастың көрінісі – оның алып келген жолдауы ақиқат екендігіне кәміл сену, оның әмірлерінің барлығына мойынсұну және оны ардақтап сүю.

[5] Бұл мыналарда көрініс табу керек: әмірлерге игі нәрселердің барлығында болысу; оларға шариғатқа қайшы келмейтін нәрселердің барлығында бағыну; және қажет болған жағдайда оларды барлық жамандықтан тосып қалуға талпыныс жасау.

[6] Мұсылмандарға деген ықыласты қатынас олармен бауырлық қарым-қатынас жасауға, оларға көмектесуге, игі кеңестер беруге ұмтылуда, тағы да басқаларда көріну керек.

[7] Немесе шариғат айыптайтын бір нәрсе істеліп жатқандығы жөнінде хабардар болса.

[8] Мысалы, шарап сатып жатқандардың ыдыстарын сындырып тастау.

[9] Мысалы, шариғаттың үкімдерін бұзып жатқан адамдарды көпшілік алдында айыптау.

[10] Бұл жерде орын алып жатқан нәрсемен іштей келіспеушілік білдіру жіне оны тәрк ету туралы айтылып тұр, егер көпшілік алдында айыптау мұсылманға едәуір зиян тигізетін болса.

You may also like...