• БЕСІНШІ ЖАҒДАЙ:
Қандай да бір нәрсені Аллаһтың Шариғатына теңеу (мусауа)
Бұл – адамның Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) немесе шешім шығаруды Аллаһтың түсіргеніне сәйкес шешім шығарумен бірдей (тең) деп есептеп, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы.
Осы жағдайға байланысты Шариғат үкімі: бұл іс-әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфр акбар) санатына жататына ғалымдар бірауызды келіскен.
Дәлелдер:
1. Мұндай сенімдерге ие болған адам сонысымен Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін теріске шығарады: «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»[1] Аяттан ешкім Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ еш нәрсе ұсына алмайтыны шығады.
2. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, адамды Исламнан шығаратын төрт іс-әрекет туралы сөз етіп, былай деген: «Төртінші санатқа адамдар ойлап тапқан заңдар мен басқару жүйелері Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ немесе онымен бірдей деп есептейтін немесе шешім шығаруда оларға жүгінуге болады деп сенетін адам жатады».[2]
Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты.
Бірінші мәселе:
Егер адам Аллаһтың Шариғатын басшылыққа алуды басқа бір нәрсені басшылыққа алумен бірдей деп сенсе (мусауа — مساواة), ол кәпір болып табылады, тіпті өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарына жатпаса да.
Екінші мәселе:
Теңеу жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді адамның өзі ішіндегісін жарияған кезде ғана білуге болады.[3]
Үшінші мәселе:
Бақылаулардың нәтижесінде алынған деректер Аллаһтың Шариғатына басқа бір нәрсені теңеу (мусауа) орын алатынына дәлел бола алмайды.[4].
Төртінші мәселе:
Кейде ғалымдар «мусауа» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда, осынысымен Аллаһқа мойынсұнудан бұрын шайтанға бойұсынуды меңзеп айтады. Мұндай жағдайларда жасалып жатқан амалдарға қарау керек. Егер олармен жүректегі сенімдер байланысты болмаса, онда ғалымдар мұндай адамның күпірлігі туралы айтпайды. Осы жағдайда «мусауа» сөзі кең мағынада қолданылады, сондықтан да оның нақты бір адамға қатысты қолданылғандығы бізге оны кәпір деп санауға негіз бермейді (болмайды).