Исламда өлім жазасы қандай қылмыстар үшін қолданылады?

Бұл мақаланы құрастыруда негізгі көз ретінде шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад әл-Бадрдің «Қандай ақыл-парасат және дін терактілерді жихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!» еңбегі, www.Toislam.ws сайтының осы еңбекке жасаған ескертпелері және осы тақырыпқа қатысты басқа да мақалалары қолданылды.

Қақысыз адам өлтіру; үйленген адамның зина жасауы; діннен шығу

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа — азат, құлға — құл, әйелге  — әйел» (әл-Бақара, 2: 178).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзінің дінін ауыстырғанды өлтіріңдер», — дейтін. Әл-Бухари 6922.

Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған (есе қайтарған) кезде; және біреу діннен шығып, үмметті тастап шыққан кезде». Әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Хафиз Ибн Касир: “Егер қандай да бір адам хадисте айтылғандардан бір нәрсе жасаса, оны өлтіруге әмірден және оның орынбасарынан өзге ешкімнің құқығы жоқ!”,  — деді. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 2/373.

Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: “Ислам осы үш жағдайда «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі!» — деп куәлік беретін мұсылманның өмірін хәлал ететінінде мұсылмандар арасында келіспеушіліктер жоқ”. Қз.: “Жәми‘уль-‘улюми уәл-хикам” 197.

Ғалымдар мұсылмандардың қанын (төгуге) рұқсат ететін басқа әрекеттерге қатысты бірауызды келісімде болмағанына қарамастан, бәрібір, мұсылманның өмірін (алуды) рұқсат ететін басқа амалдарға да нұсқайтын сахих хадистер бар.

Гомосексуализм

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Лұт қауымының күнәсін жасап жатқандарды көрсеңдер, жасап жатқанын да, жасатып жатқанын да өлтіріңдер!» Абу Дауд 4462, әт-Тирмизи 1/275. Хадис сахих. “Ируа әл-ғалиль” 2350.

Бұл жағдайда мұндай жиіркенішті күнәні жасаушының үйленген-үйленбегеніне қаралмайды.

 Жануармен жыныстық қатынас жасау

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Жануармен жыныстық қатынас жасағанды өлтіріңдер, сондай-ақ жануардың өзін де өлтіріңдер!» Ахмад 1/269, Абу Дауд 4464, әд-Дарақутни 1/341. Хадис сахих. “Ируа әл-ғалиль” 2348.

 Төрт рет жария түрде шарап ішу

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер адам шарап ішсе, оны сабаңдар (дүре соғыдар). Егер ол тағы да ішсе, оны тағы да жазалаңдар. Егер тағы да ішсе, тағы да жазаға тартыңдар. Бірақ егер ол төртінші рет ішсе, онда оның басын шауып тастаңдар!» Абу Дауд 2/473, Ибн Мәжаһ, Ибн Хиббан 1519. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 1360.

Шарап ішкені үшін сабау (дүре соғу) жазасы мұны жария істейтін және ислам мемлекетінде мас күйінде ұсталған адамға қатысты қолданылады.

Ғалымдардың көпшілігі төртінші рет мас күйінде ұстап алған адамды өлтіру керек деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Алайда бұл хадистің күшінің жойылғандығына ғалымдардың сөздерінен басқа  ешқандай дәлел жоқ. Ал Өзін Өзінің дінін сақтауға міндеттеген Аллаһ күші жойылған мәтін бізге жетіп, күшін жоюшы мәтін жетпей қалатындай істегеуі қалайша мүмкін болмақ?!

Шейх әл-Әлбани былай деді: “Бұл хадистің күші жойылған деп айтылған, алайда бұған дәлел жоқ және шейх Ахмад Шәкир имам Ахмадтың «әл-Муснадына» 9/49 жасаған шархында түсіндіргеніндей, бұл бұйрық өз күшіне ие. Алайда біз мұны ғибратқа қатысты дейміз. Яғни егер әмір төртінші рет шарап ішкен адамды өлім жазасымен жазалау керек деп шешсе, ол өлтіріледі, ал солай деп шешпесе, онда – жоқ. Бірақ бұл сабауға (дүре соғуға) қатысты емес, өйткені әрбір шарап ішкені үшін сабау (дүре соғу) қажет! Және бұл пікірді шейх Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, таңдаған”. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3/348.

Билікке таласу және мұсылмандардың үмметін бөлуге талпыну

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер екі халифаға ант берсеңдер, олардың біреуін өлтіріңдер!», — деді. Муслим 1853.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер сендер бір әмірдің қол астында біртұтас болсаңдар және сендердің біртұтастықтарыңды бөліп тастағысы келген біреу келсе, ол кім болса да, оны өлтіріңдер!» Муслим 1853.

Бұл хадистерде әртүрлі ағымдардың түрлі жетекшілері туралы емес, мұсылмандардың заңды әмірлері туралы айтылып тұр!

Бидғатқа шақыру, қарақшылық және бүлік

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерге қатысты былай деген: «Сендер оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер, оларды өлтірген Ақырет күнінде сый алады». Әл-Бухари 3611, Муслим 1066.

Хауариждерді өлтіру туралы бұйрық келген хадистерге сүйеніп, ғалымдар бүлікшілермен және қарақшылармен соғысуға рұқсат берген. Бұған сондай-ақ Құранның мына аяты да растау болады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасауға ұмтылып жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не аяқ-қолдарын керіп шегеленулері, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәидә 5: 33).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруге бұйырған, бірақ Али оны таба алмаған адам туралы  хадис те (осыған нұсқайды). Онда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер ол бүгін өлтірілгенде, менің үмметімнен тіпті екі адам ешқашан келіспеушілікте болмас еді!» Абу Я’лә 6/340, әд-Дарақутни 2/54, Ибн Абу ‘Асым 938. Хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Осы хадиске сүйеніп, имам Мәлик және басқа да ғалымдар бидғаттарына шақыратын бидғаттың жақтаушыларын, мұсылмандарды олардың бүлігінен құтқару үшін, өлтіруге рұқсат етілген деп санайтын еді. Бидғаттың жақтаушысына дәлел ұсынылғаннан соң, егер ол өзінің бидғатшыл көзқарастарынан бас тартпаса, мұсылмандардың әмірі оны өлім жазасына кесуіне болады. Бұл пікірді алғашқы буынның (сәлафтардың) көптеген имамдары ұстанған. Мысалы,  Халид ибн Абдуллаһ әл-Қасри есімді әмір Құрбан айт күні жәхмилердің басшысы әл-Жә‘д ибн Дирхамды өлім жазасымен жазалап, мұсылмандардың алдына шығып былай деді: «Уа, мұсылмандар! Өздеріңнің құрбандарыңды шала беріңдер, ал мен өзімдікін шалдым, өйткені мен «Аллаһ Ибраһимді өзінің сүйіктісі етпеді және Аллаһ Мусамен сөйлеспеді!», — деп айтатын Жә‘д ибн Дирхамды бауыздадым!” Әл-Бухари “Хәлқуль-аф‘әл” 29, әз-Зәһаби “әс-Сияр” 5/432.

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: “Кезінде ‘Уқль тайпасының адамдары Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, Исламды қабылдады. Мәдинада болған кезде олар сырқаттанды және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға белгілі бір уақыт сауылмалы түйелердің зәрін ішуді әмір етті. Олар бұйырылған жерге аттанды, ал сауыққан соң діннен шығып, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйешісін өлтірді және түйелерін айдап алып кетті. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинада бұл жөнінде күннің ортасында естіді және олардың ізінен қуғыншыларды жіберді. Түске таяу қалғанда олар Мәдинаға жеткізілді және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың аяқтары мен қолдарын шабуды және көздерін шоқпен күйдіруді бұйырды. Кейін оларды сол қалыптарында өлуге тастады”. Әл-Бухари 233, 4192, 6802, Муслим 1671.

Сиқыршылық

Хадисте: «Сиқыршы қылыштың соққысымен жазаланады», — деп келген. Алайда ғалымдар бұл хадис әлсіз (даиф) екендігіне бірауызды келіскен. Қз.: “Тухфәтуль-мухтадж” 2/447, “Фатхуль-Бәри” 10/236.

Имам әт-Тирмизи және имам әз-Зәһаби былай деген: “Бұл сөздер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) емес, Жундуб деген сахабаға тиісті екендігі сахих түрде мәлім”. Қз.: «әл-Жәми‘» 2/132, «әл-Кәбаир» 78.

Бәжәлә ибн Абәда былай деп баяндайтын: “Умар ибн әл-Хаттаб әрбір сиқыршы әйел мен еркекті өлтіру туралы жарлық шығарды, және біз олардың үшеуін өлім жазасына тарттық”. Ахмад 1/190, Абу ‘Убәйд 1/35. Иснады  сахих.

Сондай-ақ, Хафсадан, ол өзін сиқырлаған күңін өлім жазасына тартылуын бұйырғаны және ол өлтірілгені жеткізіледі. Абдуллаһ ибн Ахмад “әл-Мәсаиль” 1543. Иснады  сахих.

Сиқыршылықпен айналысқаны сенімді түрде анық болған сиқыршыны ислам мемлекетінде өлім жазасына тарту керек деген пікір күштірек болып табылады. Умардың сиқыршыларды өлтіру туралы бұйрық шығарғаны және сахабалар оған наразылық танытпағаны олардың мұны құптағанын көрсетеді.

Мұсылмандарға қарсы тыңшылық жасау

Мәлики мазхабының кейбір ғалымдары және хәнбали мазхабының имамы Ибн ‘Ақиль мұсылмандардың құпияларын кәпірлерге жеткізетін тыңшы-мұсылманды өлім жазасына кесуге болады деп есептеген. Дәлел ретінде олар мұсылмандар Меккені бағындырудан алдын қурайштарға хат жазып, хатында оларды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоспарлары туралы хабардар еткен Хатыб ибн Абу Бәлта‘а туралы хадисті келтіреді. Және Умар: «Уа, Аллаһтың Елшісі, оның басын шауып тастауыма рұқсат бер!», — деп сұрағанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл сөздеріне наразылығын білдірмеді, алайда: «Ақиқатында, ол – Бадр шайқасының қатысушысы», — деп ескертіп айтты. Әл-Бухари 4890, Муслим 2494.

Хафиз Ибн Ражаб былай деп жазған: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Хатыб оның өмірін (алуды) рұқсат ететін нәрсе жасамады», — деп айтқан жоқ, алайда ол оны өлтіруге тосқауыл болатын себепке нұсқады, ал ол себеп оның Бадр шайқасына қатысқаны еді. Ал, Аллаһ Тағала Бадр шайқасына қатысқандардың күнәларын кешіріп қойды. Бірақ бұл себеп олардан кейін ешкімге қатысты жүрмейді”. Қз.: “Жәми‘уль-‘улюми уәл-хикам” 201.

Бірақ бұл  мәселеде, яғни «тыңшы мұсылманды өлім жазасына кесу керек пе, әлде жоқ па?» дегенде келіспеушіліктер бар. Екі тарап та бұл пікірлерінде Хатыбтың оқиғасы келтірілген бір хадиске сүйенеді. Ғалымдардың көпшілігі, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыбты өлтіруге рұқсат етпегеніне сүйеніп, бұған тыйым салды, ал кейбір имамдар тіпті бұл мәселеде бірауызды келісім бар деп жеткізген.

Хафиз Ибн Хажар: “Әт-Тахауи тыңшы-мұсылманды өлтіруге тыйым салынғандығы туралы бірауызды келісімді (иджмаъты) жеткізген! Ал шәфиғилер және көпшілік (жумхур): «Егер осындайды жасаған адам жақсы адамдардан болса, онда оны насихаттау керек және кешіру», — керек деген.  Имам әл-Ауза’и де осылай деген”, — деп айтады. Қз.: “Фатхуль-Бәри” 12/310.

Имам Ибн Бәттал былай деген: “Тыңшы мұсылманды өлтіру туралы айтатындарға келер болсақ, олар (Хатыб туралы)  бұл хадиске және ғалымдардың пікіріне қайшы келеді, сондықтан бұл сөздердің күші жоқ! Имам әт-Тахауи: «Егер мұсылман адам осындайды істесе, оның қаны хәлал болмайды дегенге келіспеушілік болмаған!», — дейтін Және әт-Тахауи мәликилердің және басқа да кейінгі ұрпақтардың пікірін, олар осы хадиске қайшы болғандықтан, қабылдамады!” Қз.: “Шарх «Сахих» әл-Бухари” 5/164.

Ал бұл мәселедегі ең жақсы пікірге келсек, бұл – «Осы мәселедегі үкім мұсылмандардың әмірінің шешіміне қайтарылады» деген пікір, егер ол мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмек берген кісі басқаларға сабақ болу үшін өлім жазасына лайық деп шешсе, онда ол өлім жазасына кесіледі. Егер ол: «Мұны істеудің қажеті жоқ, өйткені ол қателесті және өзі де — жақсы мұсылман», — деп ұйғарса, онда оған тиіспей қалдырады және оған насихат айтылады! Бұл сондай-ақ  имам Мәликтің пікірлерінің бірі және оны шейх Ибн әл-Қайим де таңдаған. Қз.: “Задуль-мә’ад” 3/423.

Алайда осы жерде ескертіп кету қажет болған бір жағдай бар: бұл — егер кәпірлерге көмектескен мұсылман осындай әрекеті үшін өлім жазасына тартылса, бұл оның кәпір болғандығына нұсқау болмайтындығы. Ақиқаттың жеңілуін қалап және күпірлікті құптап мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектескен (адам) ғана кәпір болады. Бірақ мұндай нәрсе дүние пайдасы үшін істелген болса, ол – күпірлік болмайды, бірақ, әрине, үлкен күнә болып табылады!

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Мұсылмандардың құпияларын олардың дұшпандарына дүние пайдасы үшін хабарлайтын адам, егер оның ақидасы дұрыс болып қала берсе, кәпір болмайды. Діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл солай болды”. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 12/52.

Хафиз Ибн Касир сондай-ақ былай деді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны құрайштардың қолында қалған өзінің мал-мүлкі мен балалары себепті істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 4/410.

Сондай-ақ төрт имамның барлығы «дүние мақсатын көздеп мұсылмандарың құпияларын айтып беретін тыңшы осынысы үшін кәпір болмайды» дегенге бірауызды келіскен және олардың осы пікірімен  шейхуль-Ислам Ибн Таймия және оның шәкірті Ибн әл-Қайим де толық келіскен. Қз.: “әс-Сарим әл-мәслюль” 2/372, “Задуль-мә’ад” 3/432.

Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөгу

Ғалымдар: «Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе пайғамбарлардың қайсыбірін болса да  әдейі және саналы түрде балағаттаған (адам) да өлім жазасына лайықты», — деп бірауызды келіскен.

Ибн ‘Аббас Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде  бір зағип ер кісі болғанын, оның әйелі үнемі Аллаһтың Елшісін (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөгетінін және мазақ ететінін баяндаған. Ол үнемі оған насихат айтып, бұған тыйым салатын, алайда ол осынысынан тыйылмайтын. Және түндердің бірінде ол шыдамы таусылып оны өлтірді. Ал бұл туралы хабар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен кезде және әлгі кісі мұның себебін оған түсіндіріп берген кезде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Оның қаны хәлал болғандығына куәлік беріңдер!» Ән-Насаи 4070, Абу Дауд 4361. Шейх әл-Әлбани хадистің иснадын сахих дейді.

Ибн Умар былай деп баяндайтын: “Бірде Умар Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балағаттаған адам туралы естігенде, оған келіп оны өлтірді де, кейін: «Аллаһтың Елшісін, немесе пайғамбарлардың қайсыбірін балағаттайтындарды өлтіріңдер!», — деді”. Әл-Асбахани “Амәл”, иснады  сахих.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбарлардың қайсысын болса да балағаттайтын (адам) мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша (иджмәъ) өлім жазасына лайықты!” Қз.: “әл-Жәуәбу-ссахих” 2/371.

Міне, осылар – мұсылманның қанын (төгуге) рұқсат ететін іс-әрекеттерге нұсқайтын Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ сахабалардан жеткен деректер (асарлар). Бірақ әрбір жеке жағдай мұқият қаралу кажет.  Хафиз Ибн Ражжаб айтқандай, бұл жағдайлардың барлығы жоғарыда атап өтілген хадистің құрамына кіреді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді (есе қайтару ретінде) алған кезде; және біреу діннен шығып, үмметті тастап шыққан кезде». Әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жер бетінде жазалау (хадд) жасалатын бір күн жер тұрғындары үшін қырық жыл жауатын жаңбырдан қайырлырақ!», — деген. Ибн Мәжжаһ 2537, 2538. Хадис хасан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха”.

Мұсылманның қанын рұқсат ететін себептер нұсқалатын әлсіз хадистер

Сондай-ақ, бұл тақырыпқа қатысты «Өз әкесін ұрғанды өлтіріңдер», сондай-ақ «Бесінші рет ұрлық жасаған ұрыны өліммен жазалау керек» деген бірнеше хадистер кездеседі

Алайда, хафиз ибн Ражаб айтқандай, бұл хадистер сенімді емес және дәлел ретінде қабылданбайды.

Жазалауды (хадд) тек мұсылмандардың әмірі (билеушісі) қолдана алатыны туралы

Жазаны іске асыруға кез келген адамның құқығы жоқ және бұған тек ислам еліндегі мұсылмандардың әмірі (билеушісі) ғана құқықты екендігін, және осы (жазалау) тек оның рұқсатымен ғана орындалатынын ерекше атап өту қажет. Әрі жазалауды (хадд) тек мұсылмандардың әмірі (билеушісі) ғана қолдана алатындығы жөнінде ғалымдар арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ.

Имам әш-Ширази былай деп айтатын: “Еркін адамдар үшін (құлдар үшін емес, өйткені құлдарды  олардың иесі өлім жазасынан өзге жазамен жазалай алатын еді) жазалауды (хадд) мұсылмандардың әмірінен немесе әмір осыны тапсырған адамнан басқа ешкім қолданбайды! Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың иілігі мен сәлемі болсын) кезінде оның рұқсатынсыз ешкім жазалауды орындамайтын!” Қз.: “әл-Мухаззаб” 2269.

Имам ән-Нәуауи былай деді: “Ғалымдар: «Қылмыстар үшін жазалауды мұсылмандардың әмірінен басқа ешкім атқармайды», — деген”. Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 3/438.

Сондай-ақ имам ән-Нәуауи Умар өлтіруге рұқсат сұраған Хатыб туралы хадиске жасаған шархында  былай деген: «Бұл хадисте тыңшылық адамды Исламнан шығармайды дегенге нұсқау бар! Ал сондай-ақ онда «Ешкім жазалауды (хадты) орындауға және өлтіруге тиісті болған адамды мұсылман әмірінің рұқсатынсыз өлтіруге құқықты емес дегенге нұсқау бар!” Қз.: “Шарх Сахих Муслим” 7/539.

Имам Ибн Муфлих былай деді: “Жазаны (хадд) тағайындауға әмірден (имамнан) немесе оның орынбасарынан (наибынан) өзге кез келген адамға тыйым салынады”. Қз.: «әл-Фуру’» 6/53.

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Жасалған қылмысқа тең мөлшердегі есені (қысас) және жазаны тағайындауды тек әмір орындайтынына келіспеушілік жоқ”. Қз.: «Тафсир әл-Қуртуби» 2/245-246.

Бұған қоса, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Мұсылмандардың әмірі (билеушісі) белгілі бір жерді басқаруға қойған адам (мухтасиб) өздігінше өлім жазасын немесе қол шабу жазасын қолдана алмайды”. Қз.:“Мәжму’уль-фатауа” 28/109.

Тіпті мұсылмандардың әмірі құзырлы етіп тағайындаған адамның өзі жазалау туралы үкім шығару құқығына ие болмаса, онда қарапайым адамдардың өлім жазасын шығаруы туралы не атуға болады?! Бұл – Аллаһ Тағаланың шариғаты қабылдамайтын анархия екендігіне еш күмән жоқ!

Күмәнді дәйекке жауап

Әш-Шә’би былай деп баяндайтын: “Бірде екі адам өзара айтысып қалғанда, олардың біреуі: «Кел, ендеше, біздің арамызда үкім шығару үшін Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүгінейік!» — деді. Ал басқасы: «Кел одан да яхуди Ка’б ибн әл-Ашрафқа барайық!» — деді. Ең соңында олар Умарға барды және айтысушылардың біреуі болған оқиғаның барлығын оған баяндап берді. Умар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүгінгісі келмеген адамнан: «Осылай ма?»  — деп сұрады, ал ол: «Иә!» — деп жауап берді. Сонда Умар қылышын алып, оны өлтіріп тастады”. Әт-Табари 5/96.

Хауариждердің жолының жақтаушылары «жазаны кез келген мұсылман қолдана алады» дегенге жиі жағдайларда осы оқиғаны келтіреді, өйткені, олардың айтуынша, Умар оны өлтіру үшін Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат сұрамады.

Бұған жауап мынандай:

Біріншіден, бұл деректің иснады, бұл жөнінде Ибн Хажар айтқандай, сахих болғанымен, ол мурсәл түрінде, яғни риуаятшылар тізбегі табиғинге тіреліп тоқтайды. Осы сияқты дерек Ибн ‘Аббастан да жеткізіледі, алайда оның жеткізушілерінің арасында өтірікші болған және оның хабарларлары қабылданбаған әл-Калби, сондай-ақ Ибн  ‘Аббаспен мүлде кездеспеген, сондықтан да мұны одан естуі мүмкін болмаған Абу Салих бар.

Екіншіден, бұл хабарлар нақты сахих болған жағдайда да, оларда «кез-келген біреулерге әмірдің білуінсіз жаза қолдана беруге болады» дегенге нұсқау жоқ. Умардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жанындағы мәртебесі мен орнын ескерген түрде Аллаһтың Елшісінің өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Умарға бұл адамды өлтіруге әмір еткен болуы мүмкін еді.

Үшіншіден, дәлел келтірудің мұндай түрі Исламда анық (мухкам) дәлелдерге және ғалымдардың бірауызды келісілген пікіріне қайшы келетін муташабих (күмәнді, түсініксіз) деп аталады. Өйткені сахабалар өлім жазасына лайық болғандардың кез-келгенін Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рұқсат сұрамай өлтіре берді деп жеткізілмеген! Бұған қоса, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі жазалауды мұсылмандардың әмірімен байланыстырған. Ол: «Бекітілген жазаларды қолдану қажет болған нәрселерді маған жетпей жатып бір-біріңе кешіріңдер, өйткені жазалардың маған жеткенін орындау қажет болады!» Ән-Насаи 3/173. Хадис сахих. Қз.: “Мишкәтуль-мәсабих” 3568.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Имам (әмір) жазаны, егер ол оған дейін жеткен болса,  міндетті түрде орындауы керек!» Ахмад 1/438, әл-Хаким 4/382. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” № 1638.

Ал егер жазаны тағайындауға және іске асыруға кез келген мұсылманның құқығы болғанда,  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жазалауды дәл әмірмен байланыстырмайтын еді!

Бірде  әз-Зубайр ибн әл-‘Аууам ұрыны ұстап алған және оны әмірге жетектеп апарғысы келген бір кісіні кездестірді. Әз-Зубайр ұрыға араша түсіп, оны босатып жіберуді қалады. Алайда оны ұстап алған адам: «Жоқ! Мен оны әмірге алып бармағанымша (жібермеймін)!», — деді. Сонда әз-Зубайр былай деді: «Егер іс әмірдің құзырына жетсе, онда Аллаһ араша түсушіні де, арашаланатынды да лағынеттейді». Мәлик 1/380.

Егер сахабалар ұрлық үшін қол кесу сияқты жазаны өздері қолданбай, мұны әмірмен байланыстырған болса, онда «олар өлім жазасын өздерінің ұйғарымы бойынша іске асыратын еді» дегенді тіпті елестету қиын!

Алынған дереккөзі: Salaf-forum.ru

You may also like...