Соңғы он жылдың ішінде такфирдің жақтаушыларының «Сауд Арабиясы — ислам елі емес, алайда күпірлік елі болып табылады!» деген мәлімдемелері жиілеп кетті. Бұл жөнінде түрлі «идеологтар» жазып жүр, интернет кеңістігіндегі надан «данышпандар» т.с.с. айтып жүр және, өкінішке орай, бұл әңгімелерге арамыздағы қазақ, орыс мұсылмандары да қосылып жүр.
Осы адамдар: «Сауд Арабиясы — күпірлік елі», — дей отырып, оған Қасиетті Меккені де қосып жүр ме, әлде — жоқ па, осыны білгіміз келеді?! Шындығын айтқанда, осындай пікірлерді жақтаушылардың мұндай ерекшелеулерін естімеппіз, ал сол себептен бұл адамдарға бізде мынандай сұрақ туындайды:
Сендер мына хадистерді және имамдардың сол хадистерге берген түсіндірмелерін қалай түсінесіңдер?
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Мекке алынғаннан кейін, (Меккеден) хижра жоқ, бірақ жихад пен ізгі ниет қалды, әрі егер сендерді шақырса, шығыңдар!» әл-Бухари 2783, Муслим 1864.
Шейх Ибн ‘Усаймин былай деді: “Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «хижра жоқ» деген сөздермен оны жоққа шығарды, алайда бұл сөздерді жалпы түрде түсінбеу керек, яғни Меккені жаулап алумен хижраның күші жойылған жоқ және бұған қоса «таубенің қабыл етілуі тоқтамайынша хижра үзілмейді, ал таубенің қабыл етілуі Күн батыстан шықпайынша үзілмейді». Абу Дауд 2479, Ахмад 4/99, бұл жөнінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде айтылатынындай. Ал «хижра жоқ» деген сөз «Меккеден Мадинаға хижра жоқ» дегенді білдіреді, өйткені Мекке жаулап алынғаннан кейін, ол Ислам еліне (балядуль-Исләм) айналды және енді ешқашан күпірліктің еліне (балядуль-куфр) айналмайды. Дәл сондықтан да, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басып алғаннан кейін, ол мұндай хижра болатынын жоққа шығарды!” “Шарх Рияд әс-салихин” 1/98.
Әл-Харис ибн әл-Барса былай деп баяндайтын: “Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке алынған күні: «Қиямет Күніне дейін Меккеге әскери жорық (ғазуа) жасалмайды», — дегенін естідім”. әт-Тирмизи 1611, әл-Байхақи 9/314, Ибн Са’д 2/145. Хадистің сахихтығын Әбу ‘Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбани растаған.
Бұл хадистің риуаятшыларының бірі болған Имам Суфьян ибн ‘Уяйна былай деген: «Бұл хадистің мағынасы Мекке тұрғындары ешқашан кәпір болмайтындығында және оларға күпірліктерінің себебінен әскери жорық жасалмайды дегенде!» «әл-Джами’» 2/345.
Сондай-ақ, Муты’ ибн әл-Асуад былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Меккеге осы жылдан соң ешқашан әскери жорық (ғазуа) жасалмайды», — деп айтқанын естідім ”. Ахмад 3/412, әт-Табарани 20/691. Хадис хасан.
Имам әт-Тахауи былай деген: “Бұл хадис Мекке бағындырылғаннан кейін, оның тұрғындары қайтадан күпірлікке қайтпайтынын және адамдар олармен күпірліктің себебінен шайқаспайтынын нұсқайды. Сондай-ақ Мекке ешқашан мұсылмандар қайтадан жаулап алатын күпірліктің жеріне айналмайды”. “Мушкилюль-асар” 4/163.
Қызығы: «Сауд Арабиясы, демек Мекке де – кәпірлердің елі, әрі Америка мен оның арасында ешқандай айырмашылық жоқ!», — дейтіндер бұл хадистерді қалай түсінеді екен?!
Такфиршілер өздерінің мәлімдемелерін қайта қарап шығулары, жоғарыда айтылғандарды ескерулері үшін және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне қайшы келмеулері үшін және сонысымен өздері күпірлікке түспей, оларды теріске шығармаулары үшін, алдағы уақытта ең болмағанда: «Меккеден өзге Сауд Арабиясының барлығы күпірлік елі болып табылады», – деп айтулары керек шығар.
Алайда тіпті бұл мәлімдеменің өзі де біртүрлі және ақылсыз болар еді!
Шейх-мухаддис Хаммад әл-Ансари: “Саләфилер Саудияны (Аллаһ оны қорғасын) саләфи елі деп айтады! Хизбилерге келер болсақ, олардың арасында тіпті осы мемлекетке такфир жасайтындары бар және олардың ішіндегі жамандығы аздауы – осы елді күпірлікте айыптамаса да, жек көретіні! ” , -деген. “әл-Мәжму’ ли шейх әл-Ансари” 435.
СубханАллаһ, бұл елдегі ұлы игіліктерге назар аудармастан, оның тек кемшіліктерін ғана байқайтын бақытсыз адамдар нендей соқыр! Неліктен олар осы елде күндіз-түні таухид пен Сүннетке шақыру жүріп жатқанын көрмейді?! Барлық ғалымдар тәулік бойы сабақ беретінін және қалаған адам оларға қатыса алатынын көрмейді?! Бұл елде ешкім дінді және оның сақал қою, қысқа балақты киім кию, орамалды айтпай-ақ, ниқаб кию т.с.с. рәсімдерін ашық ұстануға қам жемейтінін елемейді. Бұл елде бірде-бір шіркеудің немесе синагоганың немесе Аллаһтан өзге табынар бірде-бір пұттың жоқтығына неге назар салмайды?! Аллаһтан өзге ешкімге ашық түрде құлшылық жасалмайтын осындай тағы да бір елді біреу біледі ме?!
Ол жерде тұрғылықты христиандар мен яхудилер яки түрлі мушриктер жоқ, ал егер бар болса да, олар өз күпірлігін тек құпия түрде танытады! Әр жыл сайын бұл ел Исламның Қажылық сияқты ұлы ғибадатын орындауға келетін миллиондаған адамдарды қабылайды! Қажылыққа келушілерге үлкен көлемдегі садақалар, Ислам негіздерінен дүние жүзінің барлық тілдерінде кітаптар таратылады! Құранды миллиондаған таралымдармен таратады. Бұл ел бүкіл әлемнен мыңдаған студенттерді қабылдайды және олар ол жерде басқа бірде-бір араб елінде өмір сүрмейтіндей, өмір сүреді. Бұл елдің басқа да көп-көп артықшылықтары мен игіліктері неліктен аталмай кетеді екен?…
Дереккөзі: salaf-forum.ru