Шейх Султан Әл-Ид: зиянкестер мен іріткі салушы жікшілдердің әдіснамасы (манһажы)

Categories: Бүлік,Жамағаттар,Такфир

 

Зиянкестер мен Ислам үмметінің ішінде алауыздық пен бұзықтықты насихаттайтындардың  әдіснамасы

Олардың манһажы жеті негіздің үстіне құрылады:

 Бірінші негіз: Билеушілердің (әмірлердің) жақсы қасиеттерін кемітіп, жасыру.

Олар елдегі бар игіліктерге билеушілердің (әмірлердің) қатысы жоқ дейді. Мысалы, олардың жамағат намаздарын өткізетінін, шекараларды қорғайтынын, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етететінін жоққа шығарады. Алауыздық пен бұзылуды насихаттайтындар кез-келген адамның жақсы жақтары мен артықшылықтарын елемейді! Осынысында олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріне қайшы келеді: «Кім адамдарға алғыс айтпаса, сол Аллаһқа шүкір етпеген болады», —  Ол Ұлы және Үстем. Олар халықтың жүрегінде билеушілерге деген сүйіспеншілік болмауы үшін және халық олардың айналасында жиналып бірікпеуі үшін, билеушілердің (әмірлердің) жақсы сипаттары мен істерін жасырады.

 Екінші негіз: Әмірлердің кемшіліктерін жария ету, әрі мінбелер мен адамдардың жиындарында оларды айыптайтын мәлімдемелер жасау. Бұдан да бетері: билеушілерге (әмірлерге) бүкіл жамандықты телу және қарапайым мұсылмандарды олардың бүкіл қайғы-қасіреттерінің себепкерлері билеушілер (әмірлер) екеніне иландыру. Яғни қандай қайғы-қасырет орын алса да, оның себебі – билеушілер екенін (олардың санасына құю). Жас адам өзінің айналасына тек жексұрындық пен күнәлар қаптап кеткенін әрі олардың себебі тек әмірлер екенін сезіну үшін, (олар) азғындық  пен бұзақылық барлық жер мен барлық нәрселерді шырмап алды (деп сендіреді).  Істің барысы тіпті астарлы түрде күпірлікте айыптауға дейін барып жатыр. Мысалы, олар кейбір мемлекеттік қаулыларды «діни емес»[1]  деп сипаттайды, ал «дінсіз» идеология, өздеріңіз білетіндей, діннен шығу және пәк Аллаһ Тағалаға күпірлік таныту болып табылады.  Әрі олар адамдарға билеушілер (әмірлер) Исламның насихатталуына және қоғамды түзеуге қарсы деген жалған көзқарастарды сіңдіреді. Кейін олар жастар мен дінде сауатсыз болған мұсылмандарды жәбір шегушілер және зұлымдықтың құрбандары, әрі заңды құқықтарынан  айырылғандар деп көрсетеді де, оларды «зорлық-зомбырлық айналадағы барлық нәрсені қамтып алған, сондықтан да осы айыпты құбылысқа қарсы шығу (бас көтеру) керек, әрі мұсылмандар ақиқатты ашық айтатын, және өз мойындарынан (зұлымдықтың таралуына) жауапкершілікті түсіру үшін, өз құқықтарын талап етететін, ақиқаттың жеңіске жетуі үшін өздерінің жандарын құрбан ететін сәт келіп жетті» деген жалған көзқарастарға сендіреді.  Осылайша олар надандарды көтеріліске шығуға және қару қолдануға дайындайды (санасын бұрмалап, улайды),  бұзықтық таратады, әрі сөйте тұра еш нәрсені де түзетпейді. Егіндер мен мал-жанды құртып-жояды және сабырлықты, мұсылмандардың әмірімен бірге біртұтас жамағатты ұстануды, тіпті жәбір мен зұлымдық болған болса да, қоғамда бүліктің туындауынан және қан төгілуден қауіптеніп, билеушілерге бағынып құлақ салуды бұйыратын Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайшы келеді. Имам Мәлік: «Басшы қатыгез әрі әділетсіз, бірақ сынақ мәңгі болмайды», — деп айтқанындай. Абдуллаһ ибн Саба Усман (халифаның) тұсында бүліктің басшысы еді, әрі сол өзінің ізбасарларына: «Осы іске (көтеріліске), өздеріңнің билеушілеріңді жамандау арқылы үндеңдер», — деп айтатын.

 Үшінші негіз: Мұсылмандардың бастарына түскен қайғы-қасіреттер мен қиыншылықтарды  өздерінің өкілеттігіне жатқызу, әрі өздерін қоғам алдында жәбір шеккендердің жанашыр көмекшілері ретінде көрсету. Осылайша олар мұсылмандарға бейне бір осы мәселелерді шешіп беретіндер – дәл солар екеніне иландырады. Әрі олар барлық: мардымсыз әрі маңызы жоқ, кішігірім және  үлкен нәрселер туралы көпшілік қол қойған түрлі мәлімдемелер мен манифесттер басып шығарады және өздерін Мухаммад үмметінің ұстаздары ретінде көрсетеді. Сөйтіп олар осылайша біздің әмірлеріміз бен үлкен ғалымдарымыздың құқықтарын бұзып, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қарсы шыққандарын өздері ұғынбайды. Өйткені бұл үлкен мәселелерді, олардың астарлы жайттарын, шынайы жағдайы мен шешу жолдарын өкілеттілік пен билік иелерінен өзге ешкім шеше алмайды. Әрі осы жерге (мына нәрселер де қатысты): Аллаһ Тағала билік пен өкілеттілік иелерінің құқықтарына қол сұғушыларды айыптап, былай дейді: «Қашан оларға аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, онда оның мән-жайын оны зерттей алатындар білер еді. Егер сендерге Алаһтың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар едіңдер» («Ниса» сүресі, 83-аят). Ал әлгілер (алауыздықты насихаттайтындар) өз айналасына адамдарды жинау үшін, мұсылмандардың қайғы-қасіреттерін әңгіме етумен ғана айналысады да, өздерін оларға қолдау көрсетушілер ретінде көрсетеді. Өйткені өздеріне бұйырылмаған нәрсеге тояттағысы келеді. Сол мезетте олар әмірлердің мұсылмандардың проблемаларын шешу үшін көрсетіп жатқан көмегі жайлы мысқылмен және кейігіп айтады. Олар бұған қарама-қайшы нәрселер де (яғни «әмірлер мұсылмандарға көмектеспейді» деп те) айтып жатады. Сөйтіп олар білімсіз адамдарды «әмірлер мұсылман үмметін ауыр жағдайда қолдаусыз қалдырды және мұсылман бауырларымызға көмек бермейді» дегенге сендіреді. Әрі олар біздің әмірлерімізді «олар кәпірлерге сүйіспеншілік танытады әрі кәпірлерге әлсіз бауырларымызға қарсы күресулеріне көмектеседі»  деп айыптауға дейін барып жатады.   Әрі осының барлығы – Қиямет күні Аллаһ оларды сұраққа алатын өтіріктерден. Сондай-ақ олардың надандығынан – олар әмірлерді барлық әлсіздерге, олардың мән-жайын ажыратпастан көмек көрсетуге міндеттейтіні және дәлел ретінде Аллаһ Тағаланың мына сөздерін келтіретіндері:  «Егер олар көмек сұраса, сендер көмек көрсетулерің керек» («Әнфал» сүресі, 72-аят). Ал егер олар аятты толық келтіргенде, онда көмектің Ұлы және Үстем Аллаһ қойған шартпен шектелгенін білер еді.  Ал бұл Оның мына сөздері:  «…тек егер бұл көмек сендер келісім-шарт жасасқан халыққа қарсы болмаса ғана». Міне, сондықтан да кәпірлермен арада келісім-шарт болғандықтан, оларға (әлсіз мұсылмандарға) көмек көрсету міндетті болып табылмайды. Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Худайбия келісім-шартын жасасқан соң осылай істеген, яғни ол Абу Жәндалға, Абу Басырға және олармен бірге болған әлсіз мұсылмандарға олар теңіз жағалауында кәпірлермен соғысқан кездерінде көмек берген жоқ. Өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны мен кәпір құрайштықтар арасындағы келісім-шартты бұзбай ұстанды.

Кейін бүлікке белшесінен батқан бұл адамдарға былай деп айту керек: «Сендерге не болып жатыр? Сендер (алыстарда өмір сүретін) мұсылмандардың қаза болғандары үшін көпшілік жұрт алдында жоқтау өткізесіңдер және оларды жебеп-қолдайсыңдар, ал біздің қайғы-қасіреттерімізге қатысты жылап-сықтау да, көз жастары да, (қайғы-қасіреттің себепкерлерін) сөгу де жоқ!  Неліктен сендер өздеріңді жердің қиырындағы мұсылмандар үшін боздап жатқан етіп көрсетесіңдер де, ал біздің өлтірілген бірқұдайшыл болған балаларымызға, жасөспірімдерімізге, қарттарымызға және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне қатысты сендердің жылағандарың көрінбейді?  Сендер үмметтің шығыс пен батыстағы проблемаларына салынып, бүкіл дүниені өздеріңнің жылап-сықтауларыңмен, қиналуларыңмен және уайым-қайғыруларыңмен толтырып тастадыңдар да, ал бізге соққы берілген кезде әрі біз нысанаға айналғанымызда, біздің қауіпсіздігіміз, ар-намысымыз бен ақида-сеніміміз  нысанаға айналғанда, сендер еш нәрсе болмағандай үн шығармай қойдыңдар (емес пе)! Бұл аз болса, сендер (қылмыскерлерді) ақтай шықтыңдар да, халыққа ықыласты насихат беретіндерді қолдаусыз қалдырдыңдар! (Ендеше) сендердің ақиқат сөзін қолдауларың қайда?! Не үшін сендер адамдарға осы хауариждердің үкімін түсіндірмейсіңдер? Олардың істері мен идеологиясынан сақтандырмайсыңдар?  Біз сонда мұсылман емеспіз бе? Біз сендердің бауырларың емеспіз бе? Бұл игі қарым-қатынас пен мұсылмандардың қазасы жайында жылаудың астарында жатқан не деген ішінара тәсіл? Сендердің көрер көз үшін жасаған мұсылмандардың қайғы-қасіреттері мен қазалары жайында жыламсырауларың – бұл сендердің белгілі саяси мүдделерге жету үшін және надандардың көпшілігі сендер жаққа аууы үшін жасаған әрекеттерің мен айлаларың ғана.   

Ал содан соң. Ал шындығында,  мұсылмандардың шығынға ұшырап жатқандарына ең басты себепкер дәл сендерсіңдер. Өйткені мұсылман елдерінде осы революциялық, хауариждік әдіснаманы (манһажды) таратып, осыны «жиһад», «шариғат бойынша билік етуге шақыру», «қоғамды түзеу», «халифатты қайта қалпына келтіру» деп жатқандар да – дәл сендерсіңдер!  Сендер көп жерлерде бүліктің отын жағып жібердіңдер, әрі көптеген мұсылмандарды опат болуға алып келдіңдер, халық пен әмір арасындағы қақтығысты араңдаттыңдар, және бүлік етек жайды, әрі қан төгілді». Иә. Бір мұсылман елінде 10 жыл ішінде 100 мыңдай мұсылман өлтірілді. Олар өздерінде осы кесірлі манһаж қолданылғаннан кейін қырылды. Бұл — жасырын әдіснама (манһаж). Әрі осы күнге дейін мұсылмандар (осының кесірінен) шығынға ұшырап, қансырап жатыр. Осы күнге дейін мұсылмандардың жарақаттары қансырап жатыр және олар қазіргі заманның хауариждерінің қолдарынан қаза табуда. Ақиқатында, біз Аллаһқа тәнбіз, әрі Оған ораламыз.

Ал төртінші негізге келер болсақ,  онда бұл – мұсылман үмметіне ықыласты насихат беретін үлкен ғалымдарды жоққа шығару, Пәтуалар жөніндегі Тұрақты Комитетті және Үлкен Ғалымдар Комитетін жарамсыз ету. Оларды «олар (ғалымдар) қалыптасқан жағдайды (фиқһ әл-уақи’) білмейді», «30 жылдан бері олар халық үшін жоқ»,  «олар жүректерін жастар үшін ашпайды», «олар алаңдарға шықпайды (яғни шерулерге қатыспайды)» деген сияқты сөздер арқылы жарамсыз ету, мұны осы (алауыздықты насихаттаушы) адамдар айтатындай. Әрі «осы ғалымдар күлкілі талас-тартыстармен ғана айналысады»,  «олар үкіметтің ғалымдары, әрі шындықты айтпайды», «олар – үкіметтің ресми комитеті» және «бізде жүгінуге болатын, сенімге лайық білім иелері жоқ» деген сөздермен де. Әрі ернеуде тұрғандардың осы сияқты басқа да сөздері (бар). Олар мұны қарапайым мұсылмандарды ғалымдардан бет бұрғызу үшін, әрі осы (ғалымдардың) босаған орны олардың (зиянкестердің) қолдарына өту үшін істейді. (Сахабалар заманында) бүлікке жем болғандардың қалайша бүліктің жетекшілеріне қосылып кеткендеріне және Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан болған ғалымдардың намысын қорлап, оларға зиян тигізгендеріне қараңыздаршы! Олар тіпті Усманды да (оған Аллаһ разы болсын) өлтірді ғой.  Ал бүгінгі күні ғалымдарымыз қандай болмасын қауіпті мәселе бойынша алғашқы буыннан (сәлафтардан) болған имамдардың түсінуіндегі Құран мен Сүннетке негізделіп пәтуа шағарса болды, сол мезетте-ақ саған жан-жақтан оған байланысты күмәндар, мысқылдар мен кемсітулер, күйе жағулар ағып келе бастайды, әрі осының барлығы мұсылмандардың қайғы-қасіреттері үшін жанашырлық деп көрсетіледі.

Содан соң адамдар осы пәтуалардың айналасындағы бүкіл күмәндар мен олар туралы айтылған зәрлі әрі улы сөздерге жолыққан кездерінде, оларды уайым билейді. Кейін олар (бүлікті насихаттаушылар) ұжымдық қол қойылған өздерінің «түсіндірмелерін» шығарып, соққы береді. Бұл олардың «түсіндірмелері» әмір мемлекеттегі маңызды істердің талдауын және олар туралы пәтуа шығаруын сеніп тапсырған ғалымдардың құқықтарын бұзу болып табылады.   (Ал бұл пәтуалар) барлық адамдар сол бойынша амал жасауы үшін, әрі елде бір пікірге негізделген бірлік-ынтымақ болып, адамдар арасында араздық пен келіспеушіліктер болмауы үшін (шығарылады). Бұл ғалымдарда, өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, басқалардың бұзуына рұқсат етілмейтін құқықтары мен өкітелеттіліктері бар.  Тура (шариғат) сотында да ешкімнің бұзуына рұқсат етілмейтін құқықтар мен өкілеттілік болатынындай. Ал егер бұл еленбесе, онда адамдар абыржуға түседі: олар қай пікірге ілесу керек екенін білмей, баршаны ақылсыздық пен бақталастық билеп алады.

Бесінші негіз: Тым асыра көркейтіп көрсету. Иә. Олардың әдіснамасынан (манһажынан)  – жоғарыда аталған төрт әдісті қолданатындарды аса көркем етіп көрсету (асыра көтермелеу).

Ал бұл әдістер: әмірлердің жақсы қасиеттері мен игілікті істерін жасыру, олардың кемшіліктерін көпшілікке жариялау, мұсылмандардың шығындары туралы әнгімелерге салыну және үлкен ғалымдарға қатысты қылмыстық мінез-құлық  пен олармен бақталастыққа түсу. Партиялық (секталық) мүдделерді көздеп, мұсылмандардың шығындары туралы сөздерге салыну. Әрі егер адам осы әдіснамаға ілессе, онда ол әлгілер үшін «шейх ул-исламға», «жындарды бағындырғанға», «оянудың көсеміне», «ислам ойшылына», «кіші Ибн Таймияға» айналады да, олар: «Құдіретті Аллаһтың құдіретімен ол бір түннің ішінде екі хадис жинағын, тіпті алты хадис жинағын жаттап алды», — деп айтады. Әрі ол әлгілердің алдында – «ықыласты ұстаз», «ақиқат сөзін сөйлеуші», «Аллаһтың алдында сөгіс  айтушылардың сөгістерінен қорықпастан айыпты нәрсені айыптаушы» болады. Ол олардың алдында «қоғамдық тұлға, өйткені халықтың алдына алаңға шықты». Олар оған «тәрбиеші», «жастардың, — яғни осы жасырын идеологияның ықпалымен тәрбиеленіп өстірілген жастардың, — муфтиі» деген атақ-лауазымдар береді. Әрі олар (бүлікті насихаттаушылар): «Мынау – жігіт: бұл адам сен үшін ғалымнан да жақынырақ және жақсырақ», — деп айтады. Сен олардың үлкен ғалымдардың жиналыстарынан олар үшін керемет етіп көрсетілген және ұлықтатылған тұлғаларға қарай қашатынын көресің. Әрі олар солардан үлкен және қауіпті мәселелер бойынша пәтуалар алады да, үлкен ғалымдарды (елемей) қалдырады. Әрі жастарды оларға (өздерінің көркем етіп көрсеткен дін насихатшыларына) шақырады.

Әрі сен олардың көркейтіп және ұлықталып көрсетілген қайраткерлерінің жағдайына қарасаң, олардың дінге шақыруында (дағуатында) тек екі ғана жол бар екенін көресің: не эмоцияларға басу, айдап салу; не көпсөзді бытысқан бос әңгімелер.
Ал егер осы олар көтермелеп жіберген дағуатшы оларға қайшы келсе… Егер ол оларға қайшы келгенінде, билеушілерді мақтағанында және адамдарға әмірлердің шариғи құқықтары қандай екенін түсіндіргенінде, олардың ішінде: мойынсыну мен бағыну, жиһад мәселелерін шешуде және мұсылмандардың жүректерін жақындатуда олардың өкілеттіліктеріне қол сұғушылықты тастау да бар… Егер ол Аллаһтың мұсылмандар үшін ғалымдарға ілесуде қаншама игіліктер әзірлегенін айтқанында. Егер ол ғалымдардың Ұлы және Үстем Аллаһқа шақыруда көшбасшылар екенін, әрі осы нәрсе игілік болып табылатынын, әрі «ояну» деп аталатын (қоғамдық) құбылыстар – бұл ғалымдардың себебімен оларға Ұлы Аллаһ Тағала қолдау жасағаннан кейін орын алатын нәрсе екенін баяндап бергенінде.  Және әлгілер (аса көтермеленген дін насихатаушылары) мұсылмандардың проблемаларын шешуге қатысты нәрселерде ғалымдарды бірінші орынға қойып, ғалымдарға қайта оралып, пәтуа алу үшін оларға жүгініп, сол үлкен ғалымдарға мұсылман үмметінің үлкен және қауіпті проблемалары туралы пәтуа беру ісін  қайырғандарында, — егер олар осылай еткендерінде, — онда олардан (атақ-лауазымға бөленген дін насихатшыларынан) осы жасырын манһажды ұстанушылар бас тартар еді және олардан аулақ болар еді.  Әрі оларға (осы дін насихатшыларына) әлгі адамдар (бүлік пен алауыздықты насихаттайтындар) тарапынан ешқандай құрмет те болмас еді.

Олар жастарды олардан (түзелген дін насихатшыларынан) алыстатуға талпынады да: «Аллаһқа көмек тілеп жүгінеміз! Аллаһқа көмек тілеп жүгінеміз! Бұл шейх өзгерді!», — дейді.  Әрі сауатсыз адамдар, ол жаман жаққа қарай өзгерді деп ойлайды, ал ол болса, Аллаһпен ант етемін, өзгеріп, жалған ұстанымнан ақиқат пен Сүннетке көшті. «Ал зұлымдық жасаушылар жақында қайтар жағын  біледі» («Шуғара», 227-аят).

Осы жасырын әдіснаманың алтыншы негізіне келсек, бұл – айқын шариғат мәтіндері осы адамдардың әуес-құмарлықтарына сәйкес келуі үшін, оларға ақылға сыймайтындай бұрыс түсіндірме (тауил) жасау.   Әрі олар ең алдымен өздерінің сенімдерін құрып алады да, содан соң оларға дәлел іздеп ақтарады.  Мысалы, олар өздеріне еретін жасөспірімді «әмірлер кәпірлерді жақсы көреді, олар тағут болып табылады, олар Аллаһтың дінін өзгертті» деген сенімдерде тәрбиелейді. Әрі олардың тәрбиеленушісі осы такфирлік, хауариждік идеологияның дәмін татқан соң, сен оның өзін құтқаратын әйтеуір бір дәлел іздейтінін әрі соны бұрмалау арқылы қалқан ететінін көре аласың. Ал енді сен оған Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен, әмірлерге бағыну және оларды тыңдау міндетті әрі жиһад солардың басшылығымен атқарылады, сондай-ақ оларға қарсы шағыстырушылық шасауға тыйым салынған және оларға қарсы көтеріліс жасауға да тыйым салынғандығы туралы хадистерді алып келсең, онда оның шатасатынын және сөзді басқа жаққа бұрып алып кететінін көресің: ол осы айқын шариғи мәтіндермен немесе олардың түсіндірмелерімен ұятқа қалып, масқара болды.   Олар сондай-ақ осы мәтіндермен келісуі және сонымен бірге: «Бұл хадистер тек төрт ізгі халифаларға, — немесе, — тек құрайштықтарға, — немесе, — тек күнәсіз әмірлерге қатысты айтылған», — деп айтуы да мүмкін.  Олар тіпті: «Бұл хадистер біздің әмірімізге емес, мұсылман әмірге қатысты», — деп айтуға дейін  батылы жетуі мүмкін. Бұл сөздерде (әустіктіктерге ерудің нағыз өзі) бар, әрі біз бүлікке бас-аяғымен кіріп кеткен бұл адамдардың кесірінен Аллаһқа сиынамыз.

Жетінші негіз – өз сенімдерін екіжүзділікпен жасыру. Усманның кезінің өзінде бүлікшіл насихатшылар халифаның алдына келген кездерінде өздерін тәубе еткен, өкінген және өз істерінен (көтеріліске шақырудан) бас тартқан болып көрсететін, ал өздерінің сыбайластарымен оңаша қалса: «Шындығында, біз сіздермен біргеміз. Біз тек (оларды) келемеждегеніміз ғой», — дейді. Әрі сол кезде Саид ибн Әл-Ас Усманға, Аллаһ оған разы болсын: «Уа, Усман, ақиқатында, бұл (саған қарсы) қастық ұйымдасқан (түрде жүріп жатыр) әрі ол құпия таралуда. Бұл жасырын түрде етек жаюда әрі бұл туралы адамдар сөз етіп жүр», — деді. Олардың ұйымдары — партиялық (хизби), құпия, саяси, әрі оған екіжүзді адамнан өзге ешкім түспейді.  Олар адамдардың көздерінше өздерін әмірлерге ілтипатты және ғалымдарды жақсы көретін етіп көрсетеді де, осы орайда өздерінің шынайы сенімдерін екіжүзділікпен жасырады.  Әрі олардың арнайы жеке жиналыстарда айтатын сөздері олардың қоғамдағы көрсететін бейнесіне қарама-қайшы келеді.  Әрі бұрын солармен болып, кейін тәубеге келген адамдар мұны растайды.

__________
Роликті тыңдап шығу үшін сілтеме:

                                                                                                                                                                              http://www.youtube.com/watch?v=2bfQwFFcjcI



[1] Орысша мәтінде «светский» — аудармашыдан.