Сұрақ қоюшы: Уа, шейх, кейбір адамдар сіздің «Китабу Таухид» кітабыңыздан Аллаһтың түсіргенінен өзге нәрсемен билік құруға (басқаруға) қатысты — сіз Аллаһтың түсіргенімен билік етпейтіннің әрбірін кәпір деп санайтыныңызды түсінді. Әрі олар бұл сөздерді Парсы шығанағы елдерінің әмірлеріне (билеушілеріне) қатысты қолдануда.
Шейх әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін, күліп жіберді): Олар менің сөздеріме емес, өздерінің құмарлықтарына сүйенеді. Менің сөздерім анық, түсінікті, әрі ол жерде кейіннен өзі шариғатты толығымен алып тастап, оның орнына ойдан шығарылған заңдарды орнатушы (туралы) – бұл оның ойдан шығарылған заңдарды шариғаттан жақсы деп санайтынына дәлел екендігі түсіндіріледі ғой. Ал кім осылай деп есептесе – сол кәпір.
Ал бұл адамдар менің сөздерімнің бір бөлігін алады да, басқа бір бөлігін тастайды. Егер олар менің сөздерімді басынан бастап оқығанда еді…
Сұрақ қоюшы: Ал шейх Мухаммад ибн Ибраһимнің пікірі де осындай ма?
Шейх Салих әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін): Оның пікірі де осындай, иә: кім шариғатты алып тастап, оның орнына ойдан шығарылған заңдарды орнатса, осыда оның ойдан шығарылған заңдарды шариғаттан жақсырақ деп санайтынына дәлел бар. Ал кім ойдан шығарылған заңдар шариғаттан жақсырақ деп есептесе – сол кәпір, әрі барлық (ғалымдардың пікірі) осылай.
Сұрақ қоюшы: Ал Парсы шығанағы билеушілеріне қатысты ше?
Шейх әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін): (дыбыс түсініксіз басылған)… Мен жалпы үкім туралы айтып тұрмын, ал нақты тұлғалар туралы – мен оларды сөз етіп тұрған жоқпын.
Сұрақ қоюшы: Яғни белгілі адамдар бойынша шешім мен жалпы үкім арасында айырмашылық бар ғой?
Шейх әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін): …және жалпы үкім арасында.
Сұрақ қоюшы: Яғни сіз (кітапта) тек жалпы үкімге нұсқағыңыз келді ме?
Шейх әл-Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін): Тек жалпы үкім, күмәнсіз.