Сұрақ: Құрметті шейх! Қалыптасқан жағдайды түсіну туралы ғылым жайлы (Фиқху-ль уақиғ) бауырларымыздың арасында сөз таралып кетті, біреулер бұл мәселеде артық кетіп жатыр, ал біреулер бұған салғырттық танытуда. Бұл ғылымдағы шариғи ереже қандай? Және бұл үмметтің саләфтарында оның болғанындығына қандай дәлелдер нұсқайды. Бұл мәселенің маңызды болуы және көптеген бауырларымызға оның қажетті болуы себепті оның толыққанды түсіндірілуінен үміт етемін, Аллаһ сізге игілігімен қайырсын!
Жауап: Қалыптасқан жағдайды түсіну ғылымы (Фиқху-ль уақиғ) дегенде адамдардың болып тұрған жағдайын түсіну меңзеледі.
Бұл – қалыптасқан жағдайды (болмысты) түсіну, ал адамдардың қандай өмір сүріп жатқанын білу үшін олардың тұрып жатқан жағдайы туралы хабардар болу керектігі белгілі. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Муъаз ибн Жабәлді Йеменге жіберіп жатқан кезде оған: «Сен Кітап иелері болып табылатын халыққа бара жатырсың», — деп айтқан сөздерінде осының маңызына нұсқаған және оған олардың жағдайы мен болмысы туралы хабарлаған болатын.
Алайда ешбір жағдайда оны (Фиқху-ль уәқиғті) дінді түсінуден (Фиқху фи-д-иннен) жоғары қоюға рұқсат етілмейді және жастар мен басқа адамдар қандай да бір істі түзету үшін тек орын алған нәрсені зерттеумен ғана айналыспауы керек. Діндегі түсінік (Фиқху-д-дин) — бұл негіз. Сондықтан, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ кімге игілік қаласа, оны дінде фақих қылады», — деген.
Біз дінді түсінуді (фиқху-д-дин) адамдардың жағдайларына пайдалану үшін, болмысты, яки қалыптасқан жағдайды (Фиқху-ль уақиғті) білуге мұқтажбыз. Өйткені, мысалы, адамның намазды бұзатын әрекетті жасағанын білмей, оның намазды бұзғаны туралы үкімді немесе оның оразаны бұзатын әрекетті жасағанын білмей, оның оразаны бұзғандығы туралы үкім шығара алмаймыз. Алайда, тағы да айтамыз, ешқандай жағдайда оны (Фиқху-ль уақиғті) (Фиқху-д-диннен) жоғару қоюға болмайды, бұл адамның газеттер мен журналдарды және сол сияқты нәрселерді оқып біліп, Құран мен Сүннетті зерттемей қоюына алып келеді.
Алынған көзі: “Лиқау баби-ль-мафтух” аудио лекциялары.