Ринат абу Мухаммад: Ислам жазықсыз адам өлтіруге және қиянатшылдыққа қатыссыз, немесе Алматыдағы орын алған оқиғаларға қатысты бірер сөз

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың

Ақыл-парасатқа және әділдікке ие әрбір адам кез-келген халықта және кез-келген заманда зорлық-зомбырлық пен лаңкестікті таратуда көрініс табатын жазықсыз адам өлтіру мен қиянатшылдықтың ауыр әрі жиіркенішті күнә екеніне келіседі. Әрі терроризмнің, ол кімдер тарапынан жасалса да,  ұлты да, діні жоқ екені де санасы сау адам үшін ақиқат. Аллаһ Тағаланың алдындағы хақ дін – Исламның да, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары мен мұсылмандардың ізгі алғашқы ұрпақтарының да мұндай іс-әрекеттерге ешқандай қатысы жоқ. Өйткені Аллаһтың әлемдер үшін мейірім ретінде жіберген Пайғамбары Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген шариғат адамның дінін, өмірін, ақылын, тегін, мал-мүлкін қорғау үшін түсірілген, әрі бұл нәрселер Исламда қол сұғылмас құндылықтар болып табылады.

Ал Исламмен және Сүннетті ұстанушылар жолымен мүлде үйлеспейтін, қиянатшылдықпен адам өлтірулерді және үрей салумен қоса жасалатын осындай бейбіт тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған жексұрын қылмыстарды жасап жүргендер, олар өздерін кім деп атаса да, асыл дініміздің оларға ешқандай қатысы жоқ бұзақылар, қылмыскерлер, қарақшылар болып табылады, әрі қатаң сөгіс пен Аллаһ Тағаланың шариғатына сәйкес жазалануына лайықты. Әрі біз де, кез-келген ақыл-санасы сау мұсылмандар қатарында, олардың мұндай іс-әрекеттеріне қатысты өз наразылығымызды, жек көруімізді білдіреміз, әрі Аллаһ Тағаладан олардың жамандығынан біздің елімізді де, барша мұсылмандарды да қорғауын сұраймыз, және Өзінің шексіз құдіретімен оларды біртіңдеп және түгелімен жойып жіберуін сұраймыз.

Әрі оқырманымыз Аллаһ Тағаланың шариғаты мұсылмандарды қасақана өлтіруге қандай қарайтынын білуі үшін, төменде осы туралы Құран аяттары мен Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін келтіреміз:

«Аллаһ Тағала қақысыз қасақана өлтіру туралы:

«Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы  — ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ Аллаһ оған ызаланады, лағынеттейді және зор қинау әзірлеп қояды», — деді (ән-Ниса 4: 93).

«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді және зина жасамайды» (әл-Фурқан 25: 68-70).

«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер». (әл-Әнғам, 6: 151).

Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы қаралатын істердің алғашқысы – бұл қантөгіс!» әл-Бухари 6864, Муслим 1678.

Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында адамдарға құтпа айтып, ол онда тағы бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды  (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Әбу Бакр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, соңынан: «Ал сендер бүгін қандай күн екенін білесіңдер ме?» — деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», — деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ ол: «Бұл — Құрбан Айт күні емес пе?» — деді. Біз: “Иә”, — деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл  қандай ай?» — деп сұрады.  Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», — дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол:  «Бұл — зул-хижжа емес пе?» — деді.  Біз: “Иә”, — деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың — сендер үшін осы қалаларыңдағы, осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осындағылар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осындағы  адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін»”. Әл-Бухари 1741, Муслим 1679.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмин тыйым салынған қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». Әл-Бухари 6862.

Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес». Әл-Бухари 6874, Муслим 161.

Бұл сөздер өзіне қорқытуды қамтыған және оны істеген адам «бізден емес» деп айтылған күнәның дәрежесінің ауырлығына нұсқайды.  “Фатхул-Бари” 3/158, “Фәйдул-Қадир” 2/431.

Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!»  Әл-Бухари 48, Муслим 116.

Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар мына үшеуі:  Қорықты орында бола тұра ақиқаттан ауытқыған;   надандық (жахилиет) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам және қақысыз біреудің қанын төккісі келген».  Әл-Бухари 6882.

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүминдер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа — азат, құлға — құл, әйелге  — әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы — Раббыларың жағынан жеңілдік және мархамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар» (әл-Бақара, 2: 178-179).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

Әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда олардың сахихтығын шейх әл-Әлбани “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде (1/629-634) растаған:

Әл-Бардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы мүміннің заңсыз өлтірілуінен Аллаһ үшін маңыздырақ емес!»

Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көктер мен жердің бүкіл тұрғындары бір мүмінді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді», — деп айтқан.

Муғауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және мүмінді қасақана өлтіргеннен басқа».

Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», — деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Бірақ Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», — деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытқанынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», — дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны азғыруымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» — деп жауап береді. Сонда төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны азғыруымды  тоқтатпадым», — дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» — деді және оған тәж кигізді».

Ибад ибн Самиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім мүминді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!»

Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкаппар жәбірлеушіні; Аллаһқа серік қосқанды және қақысыз адам өлтіргенді», — деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». “Әс-Силсилә әс-сахиха” 2699».

You may also like...