Секталық топтардың тырмысуларымен бұрмаланып жатқан түсініктер.
I Бөлім.
Кейбір секталық топтар өздерінің идеологиясының қолдарын ислам үмметінің барлық жақтарына: оның батысына да, шығысына жайып жіберіп, шариғи ұғымдардың түсінілуіне Аллаһ бұның орын алуын қаншалықты қаласа – соншалықты әсерін тигізді. Және бұл мәселеге, Аллаһқа шүкір, дер кезінде назар салынды, десе де олардың осындай бұрмалаулары бар сөздері әлі күнге дейін өмір сүруде.
Олардың тырмысуларымен бұрмаланған шариғат ұғымдарының қатарына келесілер кіреді:
1. Таухид әл-улуһия. Олардың арасынан таухид әр-рубубияны таухид әл-улуһия ретінде келтіретін жазушыны кездестіруге болады. Осылайша, (Абу әл-Хасан) ән-Надауидің назары оның «әт-Тафсир әс-сиясий лил-Исләм» атты кітабындағы өзінің қатесіне нұсқалды.
2. Иржа. Олардың кейбіреулері хауариждердің мазһабын әһлю Сунна уәл-жамаға мазһабы деп атап, оған сүйене бастады. Содан кейін олар әһлю Сунна уәл-жама’а мазһабына назар бұрып, оны муржилердің мазһабы деп атады.
3. Кісі өзін Отанына телу. Осылайша, олардың арасында отанға деген махаббат – бұл пұтқа табынушылық деген сенім жайылған[1]. Бұл жайында «Хусунун мухаддада мин әд-дахыль» кітабының авторы (Мухаммад Мухаммад Хусейннің) не жазғанына қараңыздар.
4. Дін саясатқа араласпайды деген сөзге олар «бұл – секуляризм» деген таңба іліп қойды. Ешбір шартсыз әрі мәселенің ешбір егжей-тегжейінсіз. Ал бұл дұрыс емес. Себебі бұл сөздерді «саясатпен тек құзырлы адамдар ғана айналыса алатынын әрі өзгелер олармен қабаттасып бұл іске таласпауы керек» деген мағынада қолдануға болады. Ал бұл өздерінің әрекеттерін дін деп, билік басындағылардың ісіне араласқысы келетін адамдардың қалауына толығымен қарама-қайшы келеді. (Билік жүргізу) ісі кімге тиесілі болса, солармен қабаттасып бұл іске бақталасуға рұқсат етілмейді, Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай, мұны тіпті діннің атымен жамылып істеуге де рұқсат етілмейді. (Тек) Аллаһ тарапынан (айқын) дәлеліміз болатындай күмәнсіз күпірлікті көрмейімізше.
5. Патшалық билік атқару жүйесінің (күшке ие екендігі мен заңдылығын) жоққа шығару. Әрі бұл – қауіпті құбылыс. Себебі сахабалар, табиғиндер мен осы үмметтің ғалымдары Умайя әулетінің мемлекетінде, содан соң Аббасилер (әулетінде), содан кейін Осман (империясында) жалғасын тапқан патшалық билік жүргізу жүйесін сөкпеген (жоққа шығармаған). Және бұл топтар: «… Содан кейін әділетсіз патшалық орнайды», — делінген хадисті дұрыс түсінбейді.
6. «Әһл әл-хилл уәл-ақд» (қоғамда айрықша ықпалы бар адамдар) терминінің мағынасын бұрмалау, әрі оған «көпшілік» деген мағына беру. Осы себепті олар өздерінің пікірінің айналасына көпшілікті жинауға, барлық мүмкіндіктерді – әйелдердің әлсіздігін, адамдардың кедейлігі мен мұқтаждықтарын – пайдалануға қам-қарекеттенеді. Әрі олардың арасында осы жиналған басым көпшілікті өңдеуден өткізумен айналысатындар бар. Олардың ұраны: «Алдымен жинап ал, содан соң қажетті кейіпін жасап ал». Мұның мән-мағынасы (адамдарды) жинап-бірлестіру ешбір шартсыз өткізілетінінде, әрі олардың қатарынан Сүннетті ұстанушыны да, бидғатшыны да, шиғаны да, ашариді де, такфиршіні де, христианды да, яһудиді де, басқаларын да көруге болады. (Оларға) ең маңыздысы – жинау. Ал сосын олар (жиналғандардың) әрқайсысынан өздерінің (партиялық) дағуатына жарайтын қандай да бір пайда алады.
7. Елбасшыларына қатысты оппозициялық іс-әрекет ұстанымын қолдап-қоштау.
8. Ел билеу ісіне дауыс беру қағидасын енгізу және дауыс беру қорапшаларының заңдылығы туралы жария жар салу.
9. Яһудилер мен христиандарға қатыссыздық ұстанымын жою, әрі бұл мәселенің тек жер үшін талас-тартыс проблемасымен шектеу. Әрі бұған қоса, христиандар – біздің бауырларымыз деп мәлімдеу.
10. Белгілі бір топтардың құрамында (діни) қызмет атқару қағидасын, әрі тек әлдебір дағуат етуші топқа (жамағатқа) кірмей, Ислам мен дағуатқа қызмет етудің басқа жолдары жоқ деген қағидасын қолдау.
11. Иман. Кейбір ойшылдар иман – бұл тек қана Аллаһ Тағаланы тану мен таухид әр-рубубия деп есептейді. Олардың кейбіреулері үшін Ібіліс те мүмин екен, өйткені ол Аллаһ Тағаланы танып білді ғой.
12. Сахабаларға тіл тигізу, әсіресе, Муғауияны (Аллаһ оған разы болсын) балағаттау;
13. Шиға-рафидилермен болған келіспеушіліктерге немқұрайлы қарау;
14. Басқа діндермен: христиан және яһуди діндерімен жақындасу;
Бұл айтылғандар секталық (партиялық) топтардың бұрмалаған кейбір шариғи түсініктері ғана, әрі олар өз кезегінде (өз жақтастары тарапынан) Исламға шақырушылар және діннің жаңғыртушылары деп сипатталады.
Адамдар осы бұрмалаулардың тантықтығына әрі олардың ақиқаттан алыстығына көңіл бөлулері және сақ болулары қажет. Тек Аллаһ Тағаладан ғана көмек сұраймыз, Одан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ.
Қз.: https://www.facebook.com/momalbaz/posts/10151962778396633
Секталық топтардың тырмысуларымен бұрмаланып жатқан түсініктер
II Бөлім
Әртүрлі топтар (жамағаттар) мен партиялардың өкілдерінің бұрмалаған түсініктеріне сондай-ақ мыналар жатады:
1. Ант беру түсінігі. Бұл олардың партияларының көшбасшысымен шектеліп қалды. Әрі олардың пікірі бойынша, елбасшыға ант беру деген жоқ, себебі елбасшы – жалпыға бірдей бас имам емес екен. Осылайша, олар ант беру ұғымын тек жалпыға бірдей бас имаммен шектеді.
2. Елбасшы ұғымы. Олар оны (да) бұрмалады. Олардың мойындайтын елбасшылары – бұл барлық ислам жерлерін басқаратын имам[2]. Ал барлық қазіргі заман елбилеушілері ондай емес. Осылайша, олар (сектанттар) ижманы (мұсылман ғалымдарының бірауызды пікірін)[3] бұзып, мұсылмандардың елбасшыларының билігін заңсыз деп жариялады. Сол себепті олар сол билеушілерге қарсы көтерілісті рұқсат етті де, олардың жиһад (соғыс) және басқа да мәселелеріндегі келісімін (рұқсатын) пысқырмайды да. Олардың кейбірі сондай-ақ тіпті жұма намаздарына да қатыспайды, өйткені кейбір мазһаб имамдарының пікірі бойынша жұма намазының шарттарының бірі – билік ететін имамның рұқсат беруі. Ал олардың наным-сенімдері бойынша билігімен жұма намазы жарамды болатындай имам жоқ[4]. Осының негізінде олар имамның жасырын екендігі туралы сенімді арқалай бастады, сонымен олардың сөздері «жасырын имам» идеясын ұстанушыларының сөздерімен (яғни шиға-рафидилерінің сөздерімен) тұспа-тұс келді.
3. «Ислам үмметі» түсінігі. Бұл ұғым оларда өзгертіліп, ислам үмметі – бұл олардың тобы (партиясы) болып шықты. Мұсылмандар – олардың өздері, әрі олардың тобына кіргендер, және олардың жақтастары. (Олардың көзқарастары бойынша) мұсылман үмметі деген ғасырлардан бері жоқ, тіпті қазір де мұсылмандар жаһилдікте (Исламға дейінгі күпірлік пен надандықта) өмір сүріп жатыр-мыс.[5]
4. Тәрбие ұғымы. Олар үшін өздерінің топтары мен партиялардының имамдары орнатқан нәрселері тәрбиеге айналды. (Олардың ойы бойынша, соларға арнап) дінді орнатқан, әрі Исламды таза әрі игі (дін) еткен – сол.[6]
5. Олардың дін туралы түсініктері өзгерген. Дін – бұл олардың тобына бақылау жүргізетін партия жетекшісі қаулы етіп бекіткен нәрсе. (Олардың түсініктері бойынша) мақсат (бүкіл) тәсілдерді ақтайды. Әрі олардың топ басшысы, немесе үлкені айтқанынан басқа кез-келген сөздер, тіпті олар дәлел-дәйектермен қамтылған болса да, қабылданбайды.[7]
6. Көмек және жеңіс ұғымы. (Олардың түсініктеріне сәйкес) оларға деген көмек пен олардың жеңісі – бұл дінге деген көмек пен діннің жеңісі, ал олардың жеңілісі – бұл діннің жеңілісі болып шықты. Кім олардың үміткерін алға шығармаса, сол дінді абзал көріп таңдамағаны, ал кім олардың үміткерін алға шығарса, сол дінді абзал көргені. Олар өздерінің сәтсіз саяси тәжірибелерін діннің сәтсіздігі ретінде келтіреді. Бірақ ақиқат – бұл (жеңіліс) олардың партиялары мен ұйымдарының құлдырауы екенінде, ал Исламның бұған қатысы жоқ.[8]
Бұл ұғымдар бұрмаланды, мұнымен адамдардың белгілі бір табы айналысты әрі осы негізде басқа адамдар да тәрбиеленді.
Әркез осы нәрселерді ойлағанымда, мені қатты күйзеліс билейді. Уа, Аллаһ, олардың бұрмалағанын, бұрмалап жүргенін әрі алмастырып жүрген нәрселерін Өзің бағалай гөр. Аллаһ Тағала Өзінің Нұрын толыққанды етеді. Әрі Аллаһ Тағаланың қамқорлығында болыңдар.
Қз.: https://www.facebook.com/momalbaz/posts/10151963961691633
Дереккөз: www.salaf-forum.com
[1] Шейх Ибн Баз былай деді: «Отанды сүю деген бар, егер ол ислам елі болса. Адам өзінің атамекенінің игі істеріне көмегін тигізуі керек және оның ислам елі ретінде сақталуына атсалысуы қажет. Сондай-ақ оның жағдайы мен оның тұрғындарының жағдайының жақсаруына талпынуы керек, әрі бұл әр мұсылман үшін уәжіп болып табылады». Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 9/317.
[2] «Ихуанул-муслимин» («мұсылман-бауырлар») сектасының көшбасшыларының бірі – Ю. Кардауидің берген түсіндірмесі шамамен осындай болатын. Әрі ол осындай қағиданың негізінде жеке-жеке мұсылман елдеріне әйел адамның ғана емес, тіпті кәпірдің билік жүргізуіне рұқсат етті. Бейнематериалды көріңіздер:
http://www.youtube.com/watch?v=F6qJi4GOZ3k
[3] Шейх Мухаммад ибн Абдул-Уаһһаб әт-Тамими: «Барлық мазхабтардың имамдары қаланы немесе қалаларды күшпен басып алған мұсылман барлық мәселеде билеп-төстеушінің орнына иелі», — деген. Қз.: «Мәжму’а әр-рәсаил ән-Нәждия» 3/168.
Имам әш-Шаукани былай деді: «Ислам шекаралары кеңейген кезде мұсылмандар арасында келіспеушіліктер туындады, сүйтіп әр аймақтың үстінен өз әмірі тағайындалғанда, олардың тұрғындары егер әмір дүниеден қайтса, оның орнына басқасын қоюға асығу керектіктеріне бірауыздан келісті. Әрі мұнымен біреудің келіспегені белгісіз. Оның үстіне, бұл Пайғамбардың (оған Аллаһың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған кезінен бастап біздің кезімізге дейінгі барлық мұсылмандардың бірауызды пікірі болып табылады». Қз.: «Сайль әл-Джарар» 4/502.
[4] Осы себепті жұма намазын қалдырып отырған адамдардың арасында «ихуанул-муслимин» сектасының басты көсемі – Сәйид Кутб болатұғын, бұл туралы «ихуандардың» аса құпия ұйымының бұрынғы басшысы Али әл-Ашмауи «әт-Тарих әс-сиррий ли жамаа әл-ихуан әл-муслимин» кітабында жеткізген.
[5] Сәйид Кутб былай деп жазған: «Өздерін мұсылман деп санайтын қоғамдар негізінде надандықтың түнегіне сүңгіген күпірлік қоғамының қатарына кіреді. Мұның себебі олар Аллаһтан өзгелерді де құдай тұтқандықтарында».
«Біздің заманымызда бүкіл әлем Ислам пайда болған жәһилдікте өмір сүріп жатыр. Біздің айналамыздағылардың барлығы жәһилиет болып табылады».
«Жер бетінде біздің заманымызда мұсылман жері мен мұсылман қоғамы деген жоқ». Қз.: «Ма’алим фи әт-тарик» 1/8,10,11,12. «Зиләл әл-Куран» 2/888, 4/2122.
[6] «Ихуанул-муслимин» сектасының негізін салушы Хасан әл-Банна өзінің партиялық серіктестерін былай үйрететін: «Сендердің үгіт-насихаттарың адамдардың өздері келіп қосылуына мейлінше лайықты, себебі ол барлық игілік-жасылықтардың жүзеге асуының дәл өзі, ал өзге дағуаттар кемшіліктерден таза емес». Қз. “Музакарат әд-Да‘уа уә әд-Да‘ия” 232-бет.
[7] Хасан әл-Банна былай деді: «Біздің заманымызда бөлінушілік пен былық енгізе ағып келген түрлі идеялар мен үгіт-насихаттарға қатысты біздің ұстанымымыз мынандай: біз оларды өзіміздің іліміміздің таразысында өлшеуіміз қажет. Оған сәйкес келетінін біз қоштап қарсы аламыз да, ал оған қайшы келетініне біздің қатысымыз жоқ». См. “Мәжму’у расәил Хасан әл-Банна” 240-бет.
[8] Бұған мысал: Мысырдағы соңғы төңкерілістер кезіндегі ихуандардың әрекеті.