Шейх әл-Әлбани тізбекті такфирдің, жархтың, табдиғтың орынсыздығы туралы
Шейх әл-Әлбаниге: «Шейх, егер әлдебір мұсылман ғалымы нақты бір кісіге күпірлікте (такфир), бидғатшылықта (табдиғ) немесе бұзақылықта (пасықтықта) айыптау мәселесіне қатысты дәлел келтірген болса, адамның сол ғалымға ілесуі міндетті ме, әлде оған жеке өзі дәлелді жеткізгенінен кейін оны айыптай алады ма?», — деген сұрақ қойылған болатын.
Шейх әл-Әлбани былай деп жауап берді: “Жоқ, бұл шарт емес. Алайда, ол күпірлікте, бидғатта немесе бұзықтықта айыпталып жатқан тұлғаның үстінен дәлелдің орнатылғанына көзі жеткен болуы міндетті болып табылады. Әйтпесе бұл тізбектің соңы болмайды”.
Кейін одан: “Уа, шейх, кейбір жастар қолданып жүрген белгілі бір ережелер бар, олардың қатарынан: «Кәпірді кәпір санамайтынның өзі кәпір», ал содан соң «Бидғатшыны бидғатшы деп санамайтынның өзі бидғатшы», сондай-ақ «Кім бізбен бірге болмаса – сол бізге қарсы», — деген ереже де. Сіздің осы ережелерге қатысты пікіріңіз қандай, я, шейх?”, — деп сұрады.
Шейх әл-Әлбани былай деп жауап берді: “Бұл ережелер қайдан келген?! Әрі оларды орнатқан кім?!
Бұл менің елім Әлбанияда айтылатын бір күлкілі хикаяны есіме түсіреді. Оны менің әкем, Аллаһ оны рахымына бөлесін, отырыстардың бірінде айтқан болатын. Бұл хикаяда былай деп баяндалады: «Бірде ғалымдардың қатарынан болған бір кісі досын зиярат етіп оның үйіне келеді. Алайда досының үйінен шығып жатып-ақ, оны күпірлікте айыптайды. Одан: «Не үшін?!», — деп сұрайды. Біздің елімізде бір салт бар, әрі мен бұл салт басқа да араб емес елдерінде бар болған деп ойлаймын, ал ол болса – елге байланысты ерекшеленіп тұратын кейбір әдет-ғұрыптарда ғалымдарға ізет-құрмет көрсету. Олардың қатарынан – мысалы, егер үйге (осындай) кісі келген болса, ғалым кетер кезде аяқ киімі, ол оны өзіне ыңғайлы етіп бұрамын деп қиналмауы үшін, оны бірден киіп алатындай етіп қою. Сөйтіп, осы ғалым(сымақ) досын зиярат жасап болып, кетуге жиналып жатқанда аяқ киімінің (өзі шешкендегідей) түрінде тұрғанын көреді. Яғни оның аяқ киімі бұрыңғы қалпында қалып, оған құрметсіздік танытылғандай болды. Міне, сол кезде әлгі ғалым: «Ол (яғни досы- ауд.) күпірлік танытты», — деді. Не үшін?! Өйткені ол (мұның ойынша) ғалымға құрметсіздік көрсетті! Ал кім ғалымға құрмет көрсетпесе, сол оның біліміне құрмет көрсетпегені емес пе?! Ал кім оның біліміне құрмет көрсетпесе, сол осы білімді алып келгенге құрметсіздік танытқаны. Ал бұл білімді алып келген –Мухаммад ғой (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Осылайша, ол осы тізбекті Жәбірейілге дейін, ал одан әлемдердің Раббысына дейін жеткізді. Демек, (оның тұжырымы бойынша) бұл адам кәпір.
Аталған мәселе мен осы ережелер осы өтірік оқиғаны менің есіме салды.
Егер әлдебіреу басқа біреуді күпірлікте айыптап, оның үстінен дәлелді орнатқан болса, басқа адамдардың оны (осы) такфирде қолдауы мүлде шарт емес. Өйткені бұл адам қателікпен бұрыс түсінушілерден болуы мүмкін, әрі сондықтан да басқа ғалым оны күпірлікте айыптауға болмайды деп есептеуі ықтимал. Бидғатшылық пен бұзақылықта айыптаудың мәселесі де тура осындай. Шын мәнісінде, бұл біздің заманымыздың фитналарының және өзін білімге телитін жастардың кейбір бөлігінің асығыстығынан.
Қорытынды: бұл тізбек немесе осы міндеттемелер мүлде міндеттеуші болып табылмайды! Бұл ауқымды мәселе. Ғалымдардан әлдебіреу әлдебір үкім-ережені міндетті деп есептеуі мүмкін, алайда басқасы оны мұндай деп санамайды. Ғалымдар әрқашан, бұрын да, қазір де бір-бірімен келіспеушілікке түсетін, өйткені бұл ижтиһад мәселелері болып табылады, әрі ешкім өзге тарапты өзінің пікірін алумен міндеттемейтін. Ал мойнына (мұндай айыптауды қабылдау) міндеті жүктелетін адамға келер болсақ, ол білімі жоқ соқыр ілесуші (муқаллид); әрі мұндай адам ғалымдарға ілесуге міндетті. Ал күпірлікте немесе бидғаттшылдықта немесе пасықтықта айыптаған (ғалымдай) басқаша санайтын ғалымға келер болсақ, оның әлгі (айыптаушы) ғалымға ілесуі мүлде міндетті емес”. Тз.: «Силсиләтул-һуда уә-ннур» № 778.