Терроризм

«Терроризм» («лаңкестік») ұғымының анықтамасы

Терроризм (лаңкестік) не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген кәпірлердің анықтамасы бойынша «терроризм» («лаңкестік») сөзі өзінің мағынасы бойынша жихадты, мужахидтерді, шариғат елдерінде жаза қолдануды, тіпті Исламның өзін қамтиды.

Алайда біздің бұл мақаламызда сөз, Аллаһтың рұқсатымен, әһлю-Сунна ғалымдарының түсінігіндегі «терроризм» («лаңкестік») термині туралы болмақ.

«Терроризм» («лаңкестік») – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады (рахаба, ирхабу, рахбатан); мағынасы – «қорқыту» (“Лисануль-‘араб” және “ән-Нихая” 2/280).

Бұл сөз Құранда жиі колданылады, мысалы:  «Әй, Исраил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар (фархабун)» (әл-Бақара 2: 40).

Ислам ғалымдары қорқытуды «рұқсат етілген» және «тыйым салынған» деп екі түрге  бөледі.

Шариғатта заңдастырылған қорқытудың үш түрі болады:

Біріншісі – бұл әскери дайындық және күш арқылы діннің дұшпандарын қорқыту, мейлі олар кәпірлер болсын, мейлі мұсылмандар болсын.

Екіншісі – екіжүзділер (мунафиқтар) мен дінге жаңалық енгізуді жақтаушыларды (бидғатшыларды) дәлел-дәйектер арқылы қорқыту.

Үшіншісі – күнәхарларды шариғатта белгілі күналар үшін тағайындалған жаза түрлерін (худуд) қолдану арқылы қорқыту.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күшпен, әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. Аллаһтың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі». (Әнфәл 8: 60).

Әт-Табари және  әл-Бағауи бұл аят жайлы:  Бұл – өздеріңнің дұшпандарыңа қарсы сондай құралдар дайындаңдар, олар күш болып табылсын, мейлі атты әскер, мейлі қару-жарақ болсын, — деген ( “Тафсир әт-Табари” және “Тафсир әл-Бағауи” 2/127).

Абу Бакр ибн әл-‘Араби және әл-Қуртуби былай деген: Ол арқылы дұшпандарды қорқытатын күш туралы айтылып жатыр (“Ахкамуль-Қуран” 2/679 және “Тафсир әл-Қуртуби” 4/332).

Имам Фахр әд-Дин әр-Рази: Күш пен атты әскер жасақтарын әзірлеудегі даналықтың мәні – егер кәпірлер мұсылмандар күшке ие екенін және жихадқа дайын екенін білсе, онда олар мұсылмандардан қорқады», — деген  (“әт-Тафсир әл-кабир” 15/186).

Бұл аятта міне осындай қорқыту туралы айтылуда.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жер бітінде жазалау (хадд) орындалатын бір күн жер тұрғындары үшін қырық жыл бойы жауатын жаңбырдан жақсы» (Ибн Мажжәһ 2537, 2538. Жақсы (хасан) хадис. “әс-Сильсилә әс-сахиха”).

Шейх Салих Әли Шейх: “Қылмыстар үшін қолданылатын жаза тыйым салынған қорқытуға (ирхаб) жатпайды. Керісінше, бұл – құпталатын және талап етілетін қорқытудың түрі (ирхаба)!», — деп айтатын (“Хакықа мауқиф әл-Исләм мин ат-татарруф уәл-ирхаб” 158).

Тыйым салынған қорқыту түрінің (ирхаб) анықтамасы жайлы айтар болсақ, бұл – бір адамның немесе адамдардың тобының (жамағаттың) адамға немесе қоғамға қарсы көрсетіп жатқан жауласуы. Ол қорқыту, зиян тигізу және қақысыз (заңсыз) өлтіру арқылы көрінеді. Бұған сондай-ақ тұрғын үйлер мен метроларды  жару, адамдарды кепілдікке басып алу, жолдарда қарақшылық жасау, мал-мүлікті тартып алу т.с.с. жер бетінде зиян әкелуге қатысты іс-әрекеттер жатады (“Қирарат әл-Мәжма’ әл-фиқхий әл-исләмий” 355-356, “Мәжма’ әл-бухус әл-исләмия” (Захиратуль-ирхаб), “Хакықа мауқиф әл-Исләм мин ат-татарруф уәл-ирхаб”).

Шейх Ибн Баз да «террорист» («лаңкес») деп басқа адамдарға заңсыз қысым көрсететіндерді, заңсыз өлтіретіндерді және күпірлікте айыптайтындарды атаған.

«Терроризм» («лаңкестік») терминінің өзі жаңа болғанына қарамастан, ол Исламда заңдастырылған төмендегідей  терминдермен байланысты:

«Ғулюу» – артық кетушілік, шектен шығушылық;

«Хауариж» – (мұсылмандарды) үлкен күнәлары үшін күпірлікпен айыптайтын және өздерімен келіспеген кез келгеннің өмірі мен мал-мүлкін халал деп санайтын адамдар (“әл-Бахр әр-раиқ” 5/204, “әл-Муғни” 12/239).

«Хараба» – тонау, қарақшылық, өлтіру.

«Иғтияль» – өзінің өлтірілуін күтпеген адамды опасыздықпен (сатқындықпен) өлтіру ( “Лисануль-‘араб”, Ибн Манзур).

Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деп айтатын: Жолдарда қарақшылық жасайтын немесе үрей туғызатын; өзге біреудің мал-мүлкін тартып алумен, қан төгуді халал етумен және Аллаһ орнатқан шекараларды бұзу арқылы жер бетінде бұзықылық тарататын әрбір адам – мухариб!»  ( “әл-Кафи фи фиқх ахль әл-Мадина” 2/187).

‘Абдур-Рахман ибн Абу Ләйлә былай деп әңгімелейтін: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары маған мынаны айтып беретін. Бірде Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған жорықтардың бірінде олардың біреуі ұйықтап қалады. Ол ұйықтап жатқанда басқалары оның жебелерін алып қойды. Ал ол оянған сәтте қорқып кетті, әрі өзгелер (бұған) күліп жіберді. Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) олардан: «Сендер не үшін күлдіңдер?», — деп сұрады. Олар: «Біз ол ұйықтап жатқанда жебелерін алып қойдық, бұл оны шошытты», — деді. Сонда ол: «Мұсылманның мұсылманды қорқытуына тыйым салынады!» — деді»   (Абу Дауд 4351, әт-Тирмизи 3/431. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді).

Егер Пайғамбар (оған Алллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды қалжыңдап қорқытудың өзіне тыйым салған болса, онда мұсылмандарға және олардың жанұяларына қауіп төндіріп жатқан адамдар туралы не айтуға болады?!

Шындығында, қонақ үйлерде немесе тұрақтарда бейбіт тұрғындарды  жару, адамдарды кепілдікке басып алу, өзін-өзі жару және т.с.с. террордың (лаңның) көп көріністері, қазіргі қалыптасқан жағдай көрсетіп жатқандай, кәпірлерді қорқытпайды. Алайда бұл мұсылмандардың өздеріне қайғы мен қасірет болып айналуда және олардың өздеріне үрей салуда.

Шейх Жамалюддин әл-Қасими мынандай өте дана сөздер айтты: «Мұсылман үмметі олардың жетекшілерінің тобы қиянат жасап бастағанша есендікте болады, (олар) сол амалынан кейін жетістік келеді деп ойлайды, бірақ онысы үммет үшін тек қасіреттің басталуына әкеледі және олар өздерінің қалаларында жекеленіп қалады!» (“Махасин әт-тауиль” 13/48.)

Осы имамның сөздеріне ой тігіңіздерші! Қазіргі кезде дәл осындай жағдай орын алып жатқан жоқ па?  Өйткені, дүние жүзі бойынша орын алған түрлі жарылыстардан кейін мұсылмандар өздері және өздерінің жанұялары үшін қауіптенбей беймарал жүре алмайтын жағдайға келді. Дүние жүзі бойынша беймарал жүру үшін олар сақалдарын қырып тастауға, орамалдарын шешіп тастауға, тіпті өздерінің мұсылман екендігін жасыруға мәжбүр. Исламның мақсаты – осы ма?! Аллаһ Тағала өзінің соңғы Пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы үшін жіберді ме?!

Мұсылмандар өмір сүретін белгілі бір мемлекетте орын алған кезектегі жарылыстан кейін не болатынына назар аударыңыз. Мысалы, осыдан үш жыл бұрын Мысырда орын алған жарылысты алайық. Оның салдары – мұсылмандарды қудалау, студенттерді тіркеудегі қиындықтар және  депортациялау. Англиядағы жарылыстардың салдарына келсек, — орамал таққан мұсылман әйелдеріне қысым көрсетілу; олардың көпшіліктен өзгеленіп шықпау үшін орамалды шешу туралы ғалымдарға сұрақтар қоюы, өйткені Лондондағы терактілерден кейін жергілікті тұрғындар мұсылман әйелдеріне көшелерде бас салатын болды. Кәпірлер «шахид белбеуі» деп атаған құрал арқылы өзін-өзі жару түрінің пайда болуына келсек, соның салдарынан көптеген жүкті мұсылман әйелдерін кәпірлер олардың белдерінде тура сол белбеу бар деген қауіппен шешіндіретін болды. Ал, осыдан он жыл бұрын бұндай әрекеттер кәпірлердің ойына да кіріп шықпайтын!

Барлық аталған мысалдарды ғалымдар қауіпсіздікті (аман) бұзатын терроризм (лаңкестік) деп атайды. Ал қауіпсіздік біздің кезімізде көптеген адамдар бағаламайтын нәрсе болды, әрі оның жойылуына мұсылмандардың өздері әкелуде. Алайда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзі (немесе өзінің жанұясы) үшін қауіпсіз болған күйде, әрі бір күнге жететін тамаққа ие болып таңды аттырғандарыңа бұл бүкіл дүниеге қол жеткізу секелді!» (әт-Тирмизи 2346, Ибн Мажжәһ 4141. Хадистің сахих екендігін имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам ән-Науауи және шейх әл-Әлбани растаған).

Әрбір мұсылман, қауіпсіздік болмаса, өзінің Раббысына толыққанды ғибадат жасай алмайтынын түсінуі керек! Умм Саләманың мынандай әңгімесін еске алайық: «Меккедегі жағдай төзгісіз болған соң және (кәпірлер) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын азаптап және азғыруға сала бастағаннан кейін, олар өздеріне қандай сынақ келгендігін және өз дінінің қандай азғыруға ұшырап жатқандығын, әрі Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды бұдан қорғай алмайтындығын көрді.  Бірақ Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларына тиіп жатқан нәрселер тимеді, өйткені ол өзінің тайпасының және өзінің көкесінің қорғауында еді.  Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Эфиопия жерінде оның қасында ешкім қысымға ұшыратылмайтын патша бар, сондықтан, Аллаһ сендерге жеңілдету үшін және сендер бүгін күй кешіп жатқан нәрседен шығу жолын жасау үшін сол қалаға аттаныңдар!», — деді. Және біз сол жаққа аттандық, сол жерде жиналдық, және өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп, ең жақсы үйлерге және ең жақсы көршілерге (жақын) қоныстандық»  (Ахмад  5/290, Ибн Хишам 1/343, әл-Байхақи 9/19. Хадис сахих. “Сахих әс-сира ән-набауия” 170, “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3190).

Умм Саләманың «өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп» деген сөздеріне назар аударыңыз. Өйткені дінің үшін  қорқуды және азғыруды бастан кешірген күйде иманның және ғибадаттың  дәмін толық түсіну мүмкін емес! Сондай-ақ өзің және дінің үшін қауіпсіздіктің  болмауы — мұсылман адам Аллаһқа беймарал және ашық түрде ғибадат жасай алатын елге Аллаһ Тағала хиджраны (қоныс аударуды) бұйырған  ең маңызды себеп болып табылады.

Шейх Салих әл-Фаузан айтатын: «Қауіпсіздік қажет екендігінде күмән жоқ, әрі адамзат оған ас пен судан да көбірек мұқтаж. Сондықтан Ибраһим  пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ырзық (ризқ) тіледі. «Сол уақытта Ибраһим: «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр», — деп жалбарынды» (әл-Бақара 2: 126).

Қорқыныш–үрей орын алғанда адамдар ас пен судан қанағат сезіне алмайды. Қорқынышпен бірге елден елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан Аллаһ жолдардағы тонаушылық пен қарақшылық үшін қатаң жаза орнатты. Ислам бес маңызды нәрсені (әд-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақылды, ар-намысы және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келді. Осының біріне қол сұққан адамға қатысты қатаң жазалар бар, әрі қол сұғушылық мұсылманға қатысты жасалып жатыр ма, немесе кәпірге қатысты ма – бұл маңызды емес. Мұсылманға қатысты не нәрсеге тыйым салынған болса, мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахадқа) қатысты да сол нәрсеге тыйым салынған!  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін де сезбейді», — деді. Қауіпсіздікті (аман) бұзушыларға қатысты айтар болсақ, олар не хауариждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Бұл үш топтың барлығына қатаң шаралар қолдану керек» (“Фатауа әш-шар’ия фи қадая әл-‘асрия”, 125).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға қуаныш әкелетін және олардан мұңды түсіретін адамға ұлы сый болатындығы жөнінде  мына хадисінде айтқан: «Кім иман келтірген адамды бұл дүниенің мұңынан арылтса, Аллаһ оны Ақырет күнінің бір мұңынан арылтады. Кім қарызын төлеуге шамасы келмегеннің жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның өзінің жағдайын бұл дүниеде де, Ақыретте де жеңілдетеді.  Мұсылманға жамылғы болған адамға, Аллаһ бұл дүниеде де, ақыретте де жамылғы болады. Және Аллаһ Өзінің құлына көмектесе береді, құлдың өзі бауырына көмек беруін тоқтатпағанға дейін!» (Муслим, 2699).

«Аллаһ үшін ең сүйікті адамдар – бұл олардың ең пайдалылары, ал Ұлы Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал  — бұл сенің мұсылманға оның қайғысында көмектесуің немесе оның қарызын төлеуің немесе оның аштығын тойдыруың арқылы оған қуаныш әкелуің.  Және ақиқатында, өзімнің мұсылман бауырыма оның мұқтаж болған нәрсесінде көмекке келуім мен үшін бір ай бойы мешітте жабылып иғтикаф жасаудан сүйіктірек.  Ал, кім (Исламдағы) бауырына қатысты ашу-ызасын тоқтатса, Аллаһ оның кемшіліктерін жасырады, және де кім өз ашу-ызасын төге салғысы келген кезде тоқтатса, Аллаһ оның жүрегін Ақыретте ризашылықпен толтырады. Және де кім өзінің мұсылман бауырына оның мұқтаждығында көмектесуге шықса, Аллаһ оған көмектескенге дейін, оның табандарын табандар таятын Күнде нығайтады. Және сірке балды бұзғандай   жаман мінез-құлық та амалдарды бұзады». (Ибн Абу әд-Дунья, әт-Табарани. Хадис хасан. Қз.: «Сахих әл-джами’» 176.)

Неліктен мұсылмандарға Аллаһтың Елшісінің  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы хадистерін басшылыққа алмасқа және де осы хадисте айтылатын нәрселердің ұлы ғибраттарын ескермеске?! Бірақ қазіргі кезде біз осыған қарама-қайшы нәрселерді көріп жүрген жоқпыз ба?!  «Маған жаман болса, онда бәріне де жаман болсын» деген ұстаныммен өмір сүру не үшін  қажет және қажет пе?

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

Мухаммад пайғамбарға және оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!