Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Бұл сайт – тек терроризм (лаңкестік) тақырыбына ғана арналып ашылған сайт! Өйткені, осы күндері көптеген сауатсыз адамдар оны Ислам дінімен байланыстырып жүр, алайда, шын мәнінде, оның дінімізге еш қатысы жоқ!
Аллаһ Тағала Өзінің соңғы Кітабында былай деді: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Расында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (Бақара, 190).
Аллаһ сондай-ақ былай деп айтты: «Және Аллаһ тыйым салған кісіні өлтірмеңдер, жазықты болса ғана болады» (Әнғам, 151).
Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бұзақылық жасамаңдар!»(Ағраф, 56).
Аллаһ сондай-ақ былай деп айтты: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елге деген жек көрініш сендерді әділсіздікке апармасын» (Мәида, 8).
Абу Зарр жеткізген хадисте, Аллаһтың Елшісі ( Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Аса Құдыретті, Ұлы Аллаһ былай деді: «Ей, менің құлдарым, шын мәнінде, Мен Өзіме зұлымдықты тыйым салдым және оны сендердің араларыңда да тыйым саламын. Енді біріңе-бірің зұлымдық етпеңдер!» Муслим, 2577.
Рабаха ибн Раби` келтірген хадисте, Пайғамамбарыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жорықтардың бірінде былай айтқаны хабарланады: «Халидке қарияларды, әйелдер мен жұмысшыларды өлтірмесін деп айтыңдар!» Ахмад 3/488, Абу Дауд 1/416. Хадис хасан, “ас-Силсилә әс-сахиха” 2/314.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Өзіңе опасыздық жасағанға опасыздықпен қайтарма!» әт-Тирмизи 1264, Абу Дауд 3534. Хадис сахих, “әс-Силсилә әс-сахиха” 423.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деді: «Мұсылман адамға басқа мұсылманды қорқытуға тыйым салынған!» Абу Дауд 4351, әт-Тирмизи 3/431. Шейх әл-Әлбани бұл хадисті сахих деген.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да былай деген: «Жәбір көрген адамның, ол кәпір болса да, дұғасынан қорқыңдар. Себебі оның дұғасы мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ!» Ахмад, Абу Я’лә, әд-Дыя. Хадис хасан, Қз.: «Сахих әл-жәми’» 119.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп те айтты: «Кімде-кім му`ахадты өлтірсе, қырық жыл қашықтығына тарайтын Жәннатың иісін де сезбейді». Бухари, 2995.
Хафиз ибн Хажжар былай деген: «Бұл хадисте жизья төлеу арқылы болсын, басшымен бейбітшілік келісім жасау арқылы болсын, немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі арқылы болсын, мұсылмандармен келісімі бар кәпір туралы айтылуда». “Фатхуль-Бари” 12/259.
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Шын мәнінде, біреуге, ол кәпір болса да, қауіпсіздік кепілдігін беріп, кейін оны өлтірген адамға менің еш қатысым жоқ». Ахмад 5/223. Ибн Мажжаһ 2/896, хадис сахих.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім му`хадқа жәбір көрсетсе немесе қысымшылық жасаса, немесе оның шамасынан тыс нәрселер жүктесе, немесе оның қалауынсыз заттарын тартып алатын болса, онда расында мен Қиямет күні оған қарсы куәлік етемін». Абу Дауд 3052, әл-Байхақи 9/205, хадис сахих.
Хафиз ибн Абдуль-Барр былай деді: «Имамдардың барлығы қиянатшылдықтың тыйым салынғандығына бірауызды келіседі». “ат-Тамхид” 24/233.
Имам Абу Бакр ибн ал-Араби айтты: «Мұсылмандармен соғыспайтын да, соғысатын да кәпірлермен әділ болу керек». “Ахкамуль-Қуръан” 4/288.
Имам әш-Шафи`и былай деді: «Егер соғысатын кәпір (харбий) мұсылман еліне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп, қайтыс болса, оның мал-мүлкіне тиісуге болмайды. Әрі мұсылман басшысы оның мал-мүлкін туыстарына, олар қай жерде болса да, жіберуі қажет». “әл-Умм” 4/296.
Имам Мухаммад әш-Шайбани былай деген: «Егер мұсылмандардың бір тобы олармен соғысатын (харбий) кәпірлерге келіп: «Біз халифаның елшілеріміз», — деп кіріп, халифаның хатын көрсеткендей болып, бір қағаз шығаратын болса, немесе ештеңкені шығармай қойса да, мұның барлығы көпқұдайшыларға қарсы жасалған опасыздық, сатқындық деп есептеледі. Ал егер де әлгі кәпірлер оларға: «Кіріңдер» — десе, олар болса жаудың жеріне кіріп алса, онда оларға сол аймақта жүргендерінше жаулардың бірін өлтіріп, заттарынан бір нәрсе алуға тыйым салынады». “ас-Сияр әл-кабир” 2/66.
Хафиз ибн Абдул-Баррбылай деп айтты: «Егер оған қауіпсіздік кепілдігі берілген соғысатын кәпірдің қаны тыйым салынған болса, онда әр таңы мен кешін Аллаһтың қорғауында қарсы алатын мұсылман туралы не деуге болады?! Оған қарсы қиянат жасау немесе оны өлтіру туралы пікірің қандай болатын еді?». “ал-Истизкар” 14/84.
Шейхуль-ислам Ибн Таймийя былай деген: ««Шын мәнінде, Аллаһ әділдік жасайтын елге көмек береді, ол кәпір елі болса да. Және залым елді жәрдемсіз қалдырады, ол мұсылман елі болса да» деген сөз бар». “Мәжму’уль-фатауа” 28/63.
Егер де біреу бұл сайттын авторларын кәпірлерге жалтақтауда немесе соған ұқсас нәрселерде кінәлауға батылы жетсе, онда Аллаһтың Елшісін де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бұл үмметтің ғалымдарын да кәпірлерді жақтаушылықта кінәласын!
Бұл сайт Аллаһ Тағала разылығы үшін, әрі Исламның таза кейіпімен танысуды қалайтын адамдарға Исламның қиянатшылдық пен опасыздыққа, қақысыз адам өлтіруге, тонаушылық пен қарақшылыққа, зорлық-зомбылыққа және сол сияқты істерге ешқандай қатысы жоқтығын жеткізу үшін жасалған.
Бұл жобаның негізінде әйгілі www.fatwa1.com/anti-erhab атты сайт жатыр.
Осы сайттан алынған мағлұматтарды мүмкіндігінше шығарамыз.
Тағы да негіз ретінде біз терроризм тақырыбына арналған еңбектерді жазған көптеген ғалымдардың жұмыстарын алғымыз келеді, мәселен:
- шейх Салих ас-Сухайми «әл-Ирһаб асбабуһу уа ‘иләжуху уа мауқиф әл-муслим минәл-фитан».
- Зайд аль-Мадхали «әл-Ирһаб уа асаруһу ‘алә әл-афрад уәл-умма» .
- шейх ‘Абдуллаһ әт-Турки«ал-Амн фи хаяти-ннас уа аһамиятуһу фил-Ислям» .
- шейх әл-Альбанидің шәкірттері: Машһур ибн Хасан Али Сальман, ‘Али аль-Халяби, Мухаммад ибн Муса Наср, Салим аль-Хиляли, Басим аль-Джауабра «әт-Татарруф уәл-ғулю уәл-ирһаб»
- шейх ‘Абдур-Рахман әл-Люуайхик«әл-Ирһаб уәл-ғулю» .
- доктор Са’д ибн ‘Али әш-Шахрани«Асар ал-инхираф ал-и’тиқадий ‘алә әл-ирһаб әл-‘аләмий» .
- доктор ‘Адиль ‘Абдуль-Жаббар «әл-Ирһаб фи мизан әш-шари’а».
www.fatwa1.com/anti-erhab сайты және аталған еңбектер, Аллаһтың қалауымен осы жобаның қайнар көзі болып қызмет атқарады.
Сондай-ақ біз осы жобаға атсалысып жүрген Мәдина Ислам Университетінің студенттерінің жіберген мағлұматтарына сүйендік, сол сияқты біз келесі сайттардың мағлұматтарына да сүйендік:
Комментарий жазу бөлімі бастыпқыдан-ақ алынып тасталған, өйткені бұл әркім өз пікірін жазатын форум емес.
Барлығымызға Аллаһ көмек берсін!
«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрініп, оны жақсы деп есептейтін біреу, тура жолдағымен тең бе? Расында, Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады»,(Фатыр, 8).
«Осы соңғы тұрақты (Жәннәтты) Біз, жер жүзінде даңдайсып бұзақылық ізденбегендерге нәсіп етеміз. Расында, соңғы табыс тақуалар үшін!» (Қасас, 83).