Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіне қатысты қосымша тараулар

Шейх Бәндар әл-Утәйбинің «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару» тақырыбындағы ғылыми пікірталас» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

ҚОСЫМША ТАРАУЛАР

Бірінші тарау

Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару мәселесіндегі түйіндеме

Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) және шешім шығарса, тек оның өзінің мойындауы бойынша төменде аталған құбылыстардың біреуі орын алған болса ғана, кәпір болып табылады. Яғни адам осыны рұқсат етілген деп табанды түрде тұрып алса (истихләл), Шариғат үкімін мойындамаса (жоққа шығарса) (жухд), Шариғатты өтірік деп есептесе (такзиб), Шариғаттан жақсырақ қандай да бір нәрсе бар деп айтса (тұжырым жасаса) (тафдыйль), басқа заңдар мен басқару жүйелерін Шариғатқа теңестірсе (мусауа) немесе Шариғаттың үкімдерін басқа үкімдермен алмастырып, Шариғаттың негізінде үкім шығарып жатырмын деп айтса (табдийль), өзін Аллаһпен бірге заң жасап шығаруға құқықты деп есептеп, Шариғатқа қайшы келетін үкімдерді енгізсе, мұндай адам кәпір болады және осыда ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ.

Қалғанының барлығы кіші күпірліктің (куфр асғар) санатына жатады. Басқаша айтқанда, мұндай іс-әрекет адамды Исламнан шығармайды және оны кәпір етпейді. Ал кім бұған қатысты басқа пікірді ұстанса, ол өзінің пікірін растайтын айқын және бұлтартпас дәлел келтірмепті.

Екінші тарау

Жоғарыда сипатталған тоғыз жағдайдың төртеуінде ғана ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар

1. «Табдийль» ұғымының анықтамасы. Бұл мәселедегі дұрыс пікір: «табдийль» — бұл адамның Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен жай ауыстыруы ғана емес, бірақ осы үкім Шариғаттың үкімі деп те айтуы.

2. «Ситуациялары жетінші жағдайда, яғни «истибдәл» жағдайында  қаралатындардың кейбіреулері кәпір болып табылады ма?» деген мәселе. Кейбір ғалымдар басым көпшілікке қайшы келіп: «Бүкіл Шариғатты басқа заңдармен және үкімдермен ауыстырған және сонымен бірге оларды Шариғаттың үкімдері деп айтпаған адам бұл жағдайда кәпір болады», — деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

3. «Ситуациялары сегізінші, яғни «такнин» — Шариғатқа қайшы келетін заңдарды жасап шығару жағдайында қаралатындар кәпір болып табылады ма?» деген мәселе. Кейбір ғалымдар басым көпшілікке қайшы келіп: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарды жасап шығаратын адам кәпір болады», — деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

4. «Ситуациялары  тоғызыншы, яғни «тәшри‘ ‘ам» — Шариғатқа қайшы келетін заңдарды енгізу және оларды жалпыға бірдей, орындауға міндетті заңдарға айналдыру жағдайында қаралатындар кәпір болып табылады ма?» деген мәселе.  Кейбір ғалымдар, басым көпшілікке қайшы келіп: «Шариғатқа қайшы келетін заңдарды енгізетін және адамдарды оларды орындауға міндеттейтін адам кәпір болады», — деп тұжырымдаған. Алайда дұрыс пікір: бұл жағдайда адамның кәпірге айналатынына дәлел жоқ.

Үшінші тарау

Менің қорытындыларымның қазіргі заманның үш ең ірі ғалымдарының пікірімен бірдей болуы (үйлесуі)  

Олар: Абду-ль-Азиз ибн Абдуллаһ Ибн Баз, Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани және Мухаммад ибн Салих ибн Усаймин, Аллаһ оларды рахым етсін.

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқару (билік құру) және шешім шығару, адам осыны рұқсат етілген деп есептейтін жағдайдан (истихләл) өзге кезде, күпірлік болып табылмайды деп айтқан.[1]

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, әл-Әлбанидің келтірілген пәтуасына түсіндірме жасап, былай деген: «Мен мұны ақиқатқа сәйкес келетін құнды сөздер деп есептеймін. Оларды айтып, ол мүміндердің жолына ілесті.  Ол, Аллаһ оған көмек берсін, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратын (билік құратын) және шешім шығаратын адамды оның іс-әрекеті себепті ғана, егер ол жүрегінде осыны рұқсат етілген деп есептейтіні айқын түрде белгілі болмаса, кәпір деп айтуға ешкім құқықты емес екендігін түсіндіріп берді».[2]

Әл-Әлбанидің пәтуасын және Ибн Баздың пікірін Ибн Усайминге, Аллаһ оларды рахым етсін, оқып бергенде, ол олардың сөздеріне қатысты өз пікірін білдірді және олармен келісті, бірақ адам Шариғат үкімдерін басқа үкімдермен жай ауыстырып қана қоймай, оларды жалпыға бірдей заңдарға айналдырып, адамдарды оларды орындауға міндеттейтін жағдайдан (ташри‘ ‘ам) бөлек.[3]

Кейінірек Ибн Усаймин өзінің пікірінен бас тартты да, әл-Әлбани және Ибн Базбен толық келісті, бұл жөнінде жоғарыда шейхтың ескі және жаңа пәтуалары келтірілген кезде айтылған болатын.

Сөйтіп, бұл кітапта айтылған нәрселер қазіргі заманның үш ең көрнекті ғалымдарының айтқанына сәйкес болуымен нығайтылады, Аллаһ олардың барлығына рахым етсін…. Уа, Аллаһ, саған әуелінде де, ақырында да мадақтар болсын!

Төртінші тарау

Менің қорытындыларымның шейх Ибн Баз басқарған Пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің пікірімен бірдей болуы

Бірінші пәтуа

Сұрақ: Қандай жағдайларда адамды кәпір деп есептеуге болады, ал қандай жағдайларда болмайды? Және Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» деген сөздерінде күпірліктің қандай түрі меңзеліп тұр?

Жауап: Сіздің «Қандай жағдайларда адамды кәпір деп есептеуге болады, ал қандай жағдайларда болмайды?» деген сұрағыңызға қатысты айтар болсақ, сіз өзіңізге не түсініксіз болып жатқанын түсіндіруіңіз керек, ал сол кезде біз сізге белгілі бір жағдайдайға қатысты Шариғаттың үкімі қандай екендігін айтамыз. Ал Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген сөздерінде аталған күпірліктің түріне келер болсақ, сөз ұлы күпірлік (куфр акбар) туралы болып тұр. Әл-Қуртуби өзінің тафсирінде Ибн Аббастың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сондай-ақ Муджахидтің, Аллаһ оны рахым етсін, былай дегендерін айтқан: «Құранды қабыл алмай және Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін теріске шығарып, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес шешім шығармайтындар кәпірлер болып табылады». Ал егер адам өзінің Аллаһтың үкіміне бойсұнбай жатқанына сенімді болса, бірақ осыған оны оған ұсынылған пара немесе ол үкім шығарып жатқан адамға қатысты оның өшпенділігі, достығы немесе туысқандық қатынасы сияқты басқа нәрсе итермелесе, онда бұл үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылмайды. Мұндай жағдайда адам бойсұнбаушы болып есептеледі. Мұндай адам күпірлікке, зұлымдыққа және бұзақылыққа түседі, бірақ басқа жағдайларда орын алатынынан салмақсыздау дәрежеде. Аллаһ — тура жолға Салушы, әрі Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Комитетің басшысы: Абду-ль-Азиз ибн Баз

Комитет басшысының орынбасары: Абду-р-Раззақ Афифи

Комитеттің мүшелері: Абдуллаһ ибн Ғадьян және Абдуллаһ ибн Қууд[4].

Екінші пәтуа

Сұрақ: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушы мұсылман болып табылады ма? Әлде ол үлкен күпірліктегі (куфр акбар) кәпір ме?

Жауап: Аллаһ Тағала былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер»;  «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар».[5]

Егер адам мұны рұқсат етілген деп санаса, онда бұл – адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар), үлкен зұлымдық (зульм акбар) және үлкен бұзақылық (фисқ акбар). Ал кім мұны пара үшін немесе басқа мақсаттармен істесе және сонымен бірге осы тыйым салынған деп сенсе, онда бұл кіші күпірлік (куфр асғар), кіші зұлымдық (зульм асғар) және кіші бұзақылық (фисқ асғар) болып табылады және адамды діннен шығармайды, мұны ғалымдар аталған аяттарға тафсир жасап, түсіндіріп бергеніндей.

Аллаһ  — тура жолға Салушы, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Комитетің басшысы: Абду-ль-Азиз ибн Баз

Комитет басшысының орынбасары: Абду-р-Раззақ Афифи

Комитеттің мүшесі: Абдуллаһ ибн Ғадьян

Бесінші тарау

Менің қорытындыларымның Абду-ль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасанның және Суләйман ибн Сахманның пікірлерімен бірдей болуы, сондай-ақ осындай пікірді ғалымдар ұстанғандығын және ол біздің салиқалы алдынғы буынның өкілдерінен де жеткізілгендігін растау

 Абду-ль-Ләтыф ибн Абду-р-Рахман ибн Хасан, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мен бәдәуилердің ру басшыларынан жеткізген айырмашылықтар, (яғни) олардың біреулері Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығаруды рұқсат етілген деп санайтыны, ал басқалары мұны рұқсат етілген деп санамайтыны, міне осы — соларға сәйкес амал етілетін нәрселер, әрі ғалымдар да дәл осыған сүйенеді».[6]

Суләйман ибн Сахман, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Яғни Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығаруды рұқсат етілген деп санаушы және тағуттың үкімдерін Аллаһтың үкімдерінен жақсырақ деп есептеуші… кім мұндай сенімдерге ие болса, сол кәпір болып табылады.  Ал мұны рұқсат етілген деп санамайтын және тағуттың үкімдері жалған, ал Аллаһтың және Оның Елшісінің үкімдері ақиқат деп сенетін адамға келер болсақ, ол кәпір болып есептелмейді және Исламнан шықпайды».[7]

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, осындай пікірдің Ибн Аббас пен оның пікірлестерінде[8], Ахмад ибн Ханбәлда[9], Әһлю-Суннаның басқа имамдарында[10] болғанын және ол көптеген ізгі саләфтардан жеткізілетінін[11] және тіпті ізгі саләфтардың барлығынан жеткізілетінін[12] айтқан.

Ал Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, бұл пікір Ибн Аббастан және оның пікірлестерінен жеткізілетінін айтқан.[13]

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, бұл пікірдің Ибн Аббастан, Мужәхидтен, біздің ізгі саләфтардың көпшілік тобынан жеткендігін айтқан.[14]

Алтыншы тарау

Менің қорытындыларымның Ибн Аббасқа ілесушілердің пікірімен бірдей болуы[15]

Ибн Аббастың екі серігінің Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аяттарына түсіндірме жасап, бұл аятта кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанын айтқаны және олардың заманында оларға ешкім қайшы келмегені сенімді түрде жеткізілген.[16]

Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл діннен шығаратын күпірлік болып табылмайды».[17]

Ата ибн Абу Рабах, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл — күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық және бұзақылықсыз бұзақылық».[18]

Жетінші тарау

Менің қорытындыларымның Ибн Аббастың пікірімен бірдей болуы

Ибн Аббас, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аятына тәпсір жасап, онда адамды діннен шығармайтын кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген.[19]

Абду-р-Раззак, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің «Тафсирінде» Ма‘мардан, ол Ибн Тауустен, ол Тауустен, ол Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын: «Бұл күпірліктің көрініс табуы», — дегенін жеткізген. Ибн Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Алайда бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне иман келтірмеуші сияқты емес». Бұл хабардың иснады мінсіз.

Бұл тараумен үш мәселе байланысты.

Бірінші мәселе:

Кейбіреулер Ибн Аббастың сөздерін, ол «күпірлік» сөзінде үлкен күпірлікті (куфр акбар) меңзеді деп түсіндіреді. Алайда бұл тұжырым төрт себепті дұрыс емес.

1. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сияқты нәрселерді айтқан және сонымен бірге ғалымдар ол кіші күпірлікті (куфр асғар) меңзегеніне бірауызды келіскен. Мысалы, бір хадисте ол былай деген: «Адамдардағы екі нәрсе күпірліктің көрінісі болып табылады: шыққан тегін қаралау (балағаттау) және өлген кісіні қатты дауыстап жоқтау»[20]. Бұл хадисте кіші күпірлік меңзеліп тұрғандығы туралы ғалымдардың бірауызды пікірі Ибн Аббастан жеткен хабарда да кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанына дәлел болып табылады. Мұны есте сақтаңдар, бұл өте маңызды!

2. Ибн Аббастың ізіне ілесушілердің ішінен екі адам оның сөздеріне түсіндірме жасап, осы аятта кіші күпірлік (куфр асғар) айтылып тұрғанын айтқан. Олар — Тауус және Ата, Аллаһ оларды рахым етсін. Ал сахабаның мазхабы оның ілесушілерінің мазхабына қарап танылады.

3. Ибн Аббастан аталған сөздерді жеткізген Ибн Тауус оларға түсіндірме жасап, оларда кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеліп тұрғанын айтқан. Ал жеткізуші өзі жеткізіп жатқан сөздердің мағынасын басқаларға қарағанда жақсырақ біледі.

4. Ғалымдардан ешкім Ибн Аббастан осы жағдайда үлкен күпірлік (куфр акбар) меңзеледі дегенді жеткізбеген. Олар оның сөзінен кіші күпірлік (куфр асғар) айтылып тұр деп түсінген. Ал оларға қайшы келу Ибн Аббастың сөздерінен мұсылман ғалымдары түсінбеген нәрселерді түсінуді білдіреді, сондай-ақ бұл сахабаның сөздерін бұрмалау болып табылады.

Екінші мәселе:

Ибн Тауус, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Алайда бұл Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне иман келтірмеуші сияқты емес». Кейбіреулер бұл сөздер бәрібір күпірлікті меңзеп тұрған болуы мүмкін деп айтқан. Яғни бұл – үлкен күпірлік, бірақ Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне деген күпірлік сияқты салмақты күпірлік емес деген.

Алайда бұл тұжырым үш себеппен қате болып табылады:

1. Күпірліктің әртүрлі дәрежелері болады, бұл белгілі. Ал Ибн Тауус Ибн Аббастың сөздеріне жасаған түсіндірмесінде баршаға және әрбір адамға ап-айқын болған нәрсені айтты деу – бос сөзден басқа еш нәрсе емес.

2. Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына және елшілеріне деген күпірлік – күпірліктің ең ауыр түрі және іс жүзінде күпірліктің кез келген түрі бұл күпірліктен жеңілдеу болады. Сондықтан, егер де Ибн Тауус кіші күпірлікті (куфр асғар) меңземегенде, оның сөздері мүлде мәнсіз болар еді және ешқандай құнға ие болмас еді, өйткені бұл ап-айқын факт.

3. Ибн Тауустың әкесі, яғни Тауус та, Ибн Аббастың сөздеріне жасалған түсіндірмені жеткізеді және одан да кіші күпірлік (куфр асғар) меңзеледі деген келіп шығады, сондай-ақ Ибн Тауус бұл түсіндірмені өз әкесінен естіп, кейін оны өзі айтқан болуы тіпті ықтимал.

Үшінші мәселе:

Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, мына нұсқадағы хабар жеткізіледі: «Бұл — олар ойлаған күпірлік емес. Бұл — діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл — ол күпірліктен салмағы төмендеу күпірлік».  Өте көп ғалымдар хабардың бұл нұсқасын сенімді деген және кейбір ғалымдар оны дәлел ретінде келтірген әрі онымен өз пікірлерін дәйектеген. Әл-Хаким оны сахих деген және әз-Захаби онымен келіскен[21]. Әл-Әлбани де, Аллаһ оларды рахым етсін, бұл риуаятты сахих деген[22].

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Біздің салиқалы алдынғы буынымыздың өкілдері (салиқалы саләфтарымыз) адамда иман және екіжүзділік болады деп айтатын. Дәл солай олар адамда иман мен күпірлік болады деп те айтқан. Алайда бұл — адамды діннен шығаратын күпірлік емес, Ибн Аббас және оған ілесушілер Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» [23] деген аяты туралы айтқандарындай. Олар мұндай адам оны діннен шығармайтын күпірлік жасап жатыр деп айтқан. Және соның ізінен осындай пікірді имам Ахмад ибн Ханбәл  және басқа Сүннет имамдары да білдірген».[24]

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Ибн Аббас және біздің басқа кейбір салиқалы саләфтарымыз Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер», «…солар залымдар», «….солар бұзақылар» [25] деген Сөздері туралы бұл — күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық екенін айтқан. Бұл жөнінде имам Ахмад, әл-Бухари және басқа ғалымдар айтып кеткен». [26]

Ол сондай-ақ былай деген: «Адам, онда күпірлік болса да, мұсылман болуы мүмкін. Алайда бұл — адамды толығымен Исламнан шығаратын күпірлік емес. Бұл туралы Ибн Аббас және басқа ғалымдар айтқанындай, бұл – діннен шығаратын деңгейге дейін жетпеген күпірлік. Және бұл — біздің барлық салиқалы саләфтардың пікірі. Бұл туралы имам Ахмад және басқалар айтқан. Ибн Аббас және оған ілесушілер Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!»[27] деген Сөздері туралы: «Бұл – адамды діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл – күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық», — деп айтқандарындай».[28]

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, кіші күпірлік (куфр асғар) туралы былай деген: «Ибн Аббас және біздің салиқалы саләфтарымыздың барлығы Аллаһ Тағаланың «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» деген Сөздерін осылайша тәпсірлеген. Ибн Аббас былай деген:  “Бұл — діннен шығаратын күпірлік емес. Бұл – амалдың күпірлігі, әрі мұндай адам Аллаһқа және Қиямет күніне иман келтірмеген адам сияқты емес». Тауус осы сияқты нәрсе айтқан, ал Ата былай деген: “Бұл – күпірліксіз күпірлік, зұлымдықсыз зұлымдық, бұзақылықсыз бұзақылық”».[29]

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл — кіші күпірлік (куфр асғар), кіші зұлымдық (зульм асғар) және кіші бұзақылық (фисқ асғар). Осылай деп Ибн Аббас және біздің салиқалы саләфтарымыздың үлкен тобы айтқан».[30]

Шейх Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін,  былай деп айтқан: “Күпірлікте айыптауға құқығы болмай күпірлікте айыптайтындар Ибн Аббастың осы хабарына наразы болғанда: «Бұл дерек қабылданбайды және Ибн Аббастан сахих түрде жетпеген», — дейді. Біз олардан: «Егер бұл хабарды хадистерде бізден жоғары, бізден лайықтырақ және бізден білімдірек болғандар  жеткізіп, оған сүйенген болса,  ол қалайша сахих болмайды?! Бізге шейхуль-Ислам Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимның және басқалардың оған сүйенгені және оны қабылдағаны жетіп асады. Және бұл хабар сахих!” [31]

Сегізінші тарау

Қазіргі заманның үш ұлы ғалымдарына және олардың пікірлестеріне қарсы қойылатын айыптаулар

Бұл ғалымдардың пікіріне ортақ болғандарға қарсы қойылатын мұндай айыптауларға екі түрлі жауап беруге болады: жалпы және егжей-тегжейлі.

Егер жалпы жауап туралы айтар болсақ, онда бұл, біріншіден, қойылатын айыптауларға берілетін жауап.

1. Кез келген адам айып тағуы мүмкін, алайда айыптауларға тиісті дәлелдер келтірілмейінше, олар орынсыз болып қала береді және ешқандай салмаққа ие болмайды.

2. Айыпталудан Аллаһ Тағаланың пайғамбарлары мен елшілері де (олардың барлығына Аллаһтың сәлемі болсын), сондай-ақ олардың ізінен ілесушілер де аман қалған жоқ. Оларды ренжітті, ілімдерін бұрмалауға тырысып, өздерін қаралады, алайда  бұл олардың шақыруына (дағуатына) ешбір зиян тигізбеді және олардың өздері үшін де кемшілікке айналмады, сондай-ақ олардың мәртебесі бұдан төмендемеді де.

3. Егер адам Аллаһтың жолында азап шексе, осыда ешбір айыпталатын және ұятты нәрсе жоқ, керісінше, бұл – артықшылық және дәрежелердің артуы.

Имам әш-Шатыби, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мен екі жолдың торабына келіп тірелдім. Сүннетке ілесіп, сонымен бірге адамдар үйренген нәрселерге қарсы жүруім керек еді, ал бұл мені міндетті түрде адамдар ойдан шығарған, әсіресе, олардың жақтаушылары өздерінің орындап жатқанын Сүннет деп айтатын дәстүрлерге қарсы шығуға батылы барғандар жеткен нәрсеге жеткізер еді… Әрине, бұл іс оңай емес, бірақ ол үшін берілетін сый да едәуір мол және қымбат… Немесе мен оларға ілесуім қажет еді және сонымен бірге Сүннетке және біздің салиқалы алдынғы ұрпағымыздың өкілдеріне (саләфтарға) қайшы келіп, адасушылықтарды таратуым керек еді (Аллаһ мені мұндайдан сақтасын!) Онда мен дәстүрлерге қарсы шығушы емес, оларды қабылдаушы болып саналар едім… Сөйтіп мен Сүннетке ілесу үшін қаза болу құтылу болып табылатынын және егер мен басқа жолмен кетсем, адамдар маған Аллаһтың алдында еш нәрсемен көмектесе алмайтынын саналы түрде ұғындым».[32]

Екіншіден, қарсыластар бұл пікірдің жақтаушыларының сөздеріне телитін салдарларға жауап.

1. Адамның сөздері мен амалдары онда белгілі бір сенімдердің бар екендігіне тек осындай өзара байланыстың бар екендігі туралы сенімді түрде мәлім болса ғана нұсқау бола алады. Адамның сенімдері оның сөздерінен келіп шығатын нәрселермен бірдей болмауы мүмкін және едәуір жиі жағдайда олар бірдей болмайды да. Кейбір жағдайларда адам бір нәрсе айтуы, бірақ сол мезетте өзінің айтып жатқанына тікелей қарама-қайшы болған сенімге ие болуы мүмкін.

2. Егер адам өзінде оның сөздерінен шығатын белгілігі бір сенімдердің бар екендігін мойындамаса, оған осы сенімдерді телу өтірік болады.

3. Адамның айтқан сөздерінен байқалатынға сәйкес оның сенімі жөнінде тұжырым жасау бізге бұл адамда тиісті сенімдердің бар екендігі туралы бұлтартпас дәлел бере алмайды, бұл тек күдік қана.  Ал адамның өзі және айқын түрде өзінде осындай сенімдердің жоқ екендігін айтып,  бұл күдіктерді мойындамайтын жағдай туралы не айтуға болады?

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Сөздер мен амалдардың салдары міндетті түрде (соларға тиісті) сенімдердің бар болуына нұсқамайды, тек егер осындай себепті-салдарлы байланыстың бар екені сенімді түрде белгілі болмаса. Егер адамның сөздерінен ол Аллаһтың сипаттарынының мәнін теріске шығаратыны байқалса, бұл оның олар шындығында да мәнсіз деп сенетініне нұсқамайды, ол оларды мойындауы және өзінің сөздері Аллаһтың сипаттарын мәнінен айырып жатқанын білмеуі мүмкін».[33]

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, сондай-ақ былай деген: «Егер адамның сөздері онда белгілі сенімдердің болуын тұспалдаса және оған осы түсіндірілсе, ал содан соң ол өз сөздерінің астында осындай сенімдердің бар екенін растаса, онда оның сөздері шынында да тиісті сенімдердің болуына нұсқайды. Ал егер оған оның сөздері белгілі сенімдердің болуына нұсқайтыны туралы түсіндірілсе, ал ол өз жағдайында осындай байланыстың болуын жоққа шығарса, онда оның сөздерін онда осындай сенімдердің бар болуына нұсқау ретінде қабылдауға болмайды, тіпті егер осындай сөздер әдетте соларға тиісті сенімдердің салдары болып табылса да…  Егер адамның өзі бұл байланысты тәрк етсе, біз ешбір жағдайда оның сөздері онда тиісті сенімдердің бар болуын дәлелдейді деп айта алмаймыз».[34]

Ал бұл мәселедегі дұрыс пікір мынандай: «Егер біреу: «Адамда белгілі бір сенімдердің болуына нұсқайтын сөздер мен амалдар онда шынында да осындай сенімдер бар екендігіне дәлел бола алады ма?», — деп сұрап жатса, «Бұл олай емес», — деп жауап беру дұрыс болады, адам өз амалдары мен тиісті сенімдердің байланыстылығы туралы білген және оны өз жағдайында мойындаған жағдайдан басқа.  Ал егер бұл осылай болмаса, біз оған оның сөздері немесе амалдары нұсқайтын сенімдердің бар болуын тели алмаймыз, өйткені бұл оған өтірік жапсыру болады».[35]

Біреу бұған: «Қалайша сендер, сөздердің салдары адамда тиісті сенімдердің бар болуына дәлел бола алмайды деп айтасыңдар? Өздерің де осындай салдарларды қарсыластарыңа қарсы дәйек ретінде пайдаланасыңдар ғой?», — деп қарсылық білдіруі мүмкін.

Бұл қарсылыққа жауап былай болмақ: мұндай қарсылықты ұсынушы екі нәрседе шатасты. Біріншіден, мен адамдарға олардың сөздері мен олар тұспалдайтын сенімдердің арасындағы байланыс туралы хабарламайынша және олар өздерінің сөздерінің астарында осындай сенімдердің бар екендігін растамайынша, оларға сөздері тұспалдайтын сенімдерді телімеймін.

Екіншіден, қарсыласқа оның сөздерінен не шығып келетінін түсіндіру қажет.

Сондықтан Ибн Таймийяның өзі де қарсыластарына берген жауаптарында сөздердің салдарларын едәуір жиі пайдаланған. Қарсыластың айтқан сөзінің негізсіздігіне нұсқау оның ой-пікір құруының жүйесіздігін немесе қисынсыздығын және олардың әлсіздігін көрсетеді, әрі  күмәнсіз пайда келтіреді. Оның сөздерінен не шығатытынын білген соң ол ойлануы және бұрынғы көзқарасынан бас тартуы да әбден ықтимал.

Ал егер қарсыластарға егжей-тегжейлі жауап туралы айтар болсақ, онда ол мынандай.

1-айыптау: Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жариялау.

Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушыны (билік құрушыны) және шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұған келіспесе, оларға: «Олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етеді!», — деп тап береді. Бұл өтірік және жала.

1. Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жарияласа, сол кәпір болып табылады, тіпті егер өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығармаса да. Сонда осы айыптаушылар Ибн Базды, әл-Әлбаниді және Ибн Усайминді, Аллаһ оларды рахым етсін, кәпірлер деп есептейді ме?!

2. Бұл үш ғалым: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етіледі деп есептейтін адам кәпір болып табылады», — деп айтқан. Сондықтан да олар туралы: «Олар Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруды (билік құруды) және шешім шығаруды рұқсат етілген деп жариялайды!», — деп айыптауға негіз жоқ, өйткені олардың өздері осыған қарама-қайшы нәрсені айтқан.

3. Бұл айыптауды ұсынған адам екі мәселені бір мәселеге біріктіріп, шатасты.

1 — Күпірлікте айыптау (такфир) — міне осы — біздің пікірлестеріміздің олардың қарсыластарымен пікірлері әртүрлі болған таластың өзегі.

2 — Күнәда айыптау (та’сим تأثيم). Іс жүзінде Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарушы (билік құрушы) және шешім шығарушы кәпір болып табылатындығына (немесе табылмайтындығына) қарамастан, ол үлкен күнә жасайтындығына барша бірауызды келісімде болса да, қарсыластарымыз  келіспеушіліктің өзегі осы деп есептейді. Яғни мәселе «Мұндай адам күнәхар болып табылады ма?» дегенде емес, өйткені бұл солай екендігін барша мойындайды, мәселе – ол кәпір болып табылады ма – сонда…

2-айыптау: Такфирдің «есіктерін жабу»

Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар такфирдің «есіктерін жауып тастап жатыр» және күпірліктің бар болуын мойындаудан бас тартып жатыр!» деген айыптаулармен тап береді. Бұл – жала, әрі бұған екі дәлел бар.

1. Біздің пікірлестеріміз сан рет «пәлен жағдайда адам кәпір болады» дейтін пәтуалар шығарған, ал кейбіреулері тіпті нақты адамның күпірлігін растайтын пәтуалар шығарған болатын. Ал қалайша енді оларды такфирдің «есіктерін жабады» және күпірліктің бар болуын мойындаудан бас тартады деп айыптауға болады?!

2. Бұл айыптауды ұсынушы екі мәселені бір мәселеге араластырып, шатасты.

1 — Такфир саласын тежеу және оны шариғаттың дәлелдерімен шектеу.

2 — Күпірліктің бар екенін жоққа шығару. Мұндай пікірді ғалымдардан ешкім ұстанбаған.

3-айыптау: Жихадтан бас тарту және оның міндетті екенін жоққа шығару.

Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар жихадтан бас тартып жатыр және оны жоққа шығарып жатыр!» деген айыптаулармен тап береді.

Бұл – жала, әрі бұған екі дәлел бар.

1. Мұны айтушы өзінің тұжырымын екі бұрыс жорамалдарға негіздейді.

1 — «Күпірлікке түскеннің, яғни күпірлік болып табылатын әрекетті жасаушының әрбірі кәпір болып табылады», — деп жорамалдау. Іс жүзінде күпірлікке түскеннің, яғни күпірлік болып табылатын амалды жасағанның әрбірі кәпір бола бермейді. Біз бұл жөнінде жоғарыда айтып өткенбіз.

2 — «Әмірдің күпірлігі өздігінше оған қарсы шығу (көтерілу) үшін жеткілікті негіз болып табылады», — деп жорамалдау.

  1. 1.    Бұл айыптауды ұсынушы екі мәселені бір мәселеге араластырып, шатасты.

1 — Жихадты Шариғаттың шеңберімен шектеу.

2 —Жихад сияқты ғибадат түрінің Шариғатпен заңдастырылғанын жоққа шығару. Мұндай пікірді Әһлю-Суннадан ешкім ұстанбаған.

4-айыптау:  Муржия

Қарсыластар біздің пікірлестерімізден Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес шешім шығарушыны ол кәпір болып табылмайтын жағдайларда кәпір деп санауды талап етеді, ал олар бұдан бас тартса, оларға «Олар — муржилер!», — деп айып тағып, тап береді. Бұл – жала, әрі оған үш дәлел бар.

1. Қарсыластар, соған қарағанда, оларға кім қайшы келетінін түсінбейтін сияқты. Ал олар Әһлю-Суннаның біздің заманымыздағы ең ірі ғалымдары — Ибн Баз, әл-Әлбани және Ибн Усаймин, Аллаһ оларға рахым етсін.  Олардың кім болғанын білетін адам міндетті түрде олар үшін Аллаһқа дұға етеді, оларға Аллаһтың рахымын тілейді және олар мұсылман үметіне қалдырған біліммен пайдалануға асығады.

Егер Абду-ль-Азиз ибн Баз туралы айтар болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, оның Ислам және мұсылмандар үшін қаншалықты көп істегенін және Әһлю-Сунна сенімдерінің таралуы үшін қанша көп күш сарп еткенін еске алыңыздаршы!

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбаниге келер болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, ол арқылы Аллаһ қанша адамдарды ақиқатқа алып келегенін және оның тырысулары арқылы Сүннетті қорғағанын еске алыңыздар! Оның есімі ең атақты хадис жинақтарымен[36] байланысты екені бізге жетіп асады және хадистер  мен мухаддистер тілге алынғанда шейх әл-Әлбанидің аты да аталады!

Мухаммад ибн Усаймин туралы сөз ететін болсақ, Аллаһ оны рахым етсін, ол  — Аллаһ оның білімін және өмірін игілікті етіп, оның білімі арқылы мұсылман үмметіне пайда берген ұлы ғалым, фақих, зерттеуші.

Бұл үш ғалым, шындығында, пәтуа шығарған өз заманының ғалымдарының көшбасында. Әһлю-Сунна олардың пәтуалары қабылданатынына және олармен санасатынына және олар діннің өз заманындағы ең абыройлы имамдары екендігіне бірауызды келіскен. Аллаһ оларды рахым етсін, оларға разы болсын және Ислам мен мұсылдардан оларға игілікпен қайырсын!

Мені әлі күнге дейін бұл ұлы және ардақты ғалымдар кімдер болғанын түсіндіру қажет болған адамдар таң қалдырады, оларды муржияда айыптайтындарды айтпағанның өзінде!

Жаным Қолында болғанмен ант етемін, ислам білімдерін ізденуші бауырларымызға осы ғалымдарды ақтау үшін бір кездері бір нәрселер жазуыма тура келеді деп ешқашан ойламаппын!

2. Мұндай айыптауларды ұсынушы Әһлю-Сунна мен муржия арасындағы күпірлікте айыптау (такфир) мәселесіндегі айырмашылықтарды білмейді, ал олардың арасындағы айырмашылық – аспан мен жердей. Әһлю-Сунна жақтаушыларының сенімдері шынайы, ал діни жаңалықтардың жақтаушыларының, мысалы, муржилердің, (кейбір) сенімдері дұрыс та болуы мүмкін (егер олар Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болса), бұрыс та болуы мүмкін (егер олар Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болмаса).

Маңызды ескерту: «Адасқан топтардың кейбір сенімдерінің Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей болуын Әһлю-Сунна үшін кемшілік болып табылады», — деп айтатындар қателеседі. Көптеген адасқан топтардың сенімдері – олардың діни бидғаттарына жатпайтын нәрселерде – Әһлю-Суннаның сенімдерімен бірдей келетіні, айқын-ақ нәрсе. Мен бұған қоса: Сенімдері Әһлю-Суннаның сенімдерімен ешбір нәрседе бірдей болмайтын  адасқан топты табудың өзі қиын деп айтар едім.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, рафиди-шиғалар туралы былай деген: «Оларға кейбір адамдар айып ретінде тағатын нәрселердің барлығы іс жүзінде өтірік болып табыла бермейді. Өздерінің кейбір сөздерінде олар Әһлю-Суннаның кейбір өкілдеріне қайшы келеді де, бірақ өзгелеріне қайшы келмейді, ал іс жүзінде ақиқат олар келіскендердің жағында… Алайда олардың пікірі Әһлю-Суннаның барлығына қайшы келетін кезде олардікі дұрыс болатын бірде-бір мәселе жоқ».[37]

•     Іс жүзінде Әһлю-Сунна жақтаушылары мен муржилердің арасындағы такфир мәселесіндегі айырмашылық — муржилер сенімдерді, мысалы, истихләлді, олар күпірлікте айыптайтау үшін негіз ететін барлық амалдармен шартты ететінінде, ал Әһлю-Сунна мұндай шартты тек кейбір осындай амалдарға ғана қатысты ұсынады.

Егер біреу: «Неліктен Әһлю-Сунна мұндай шартты бұл әрекеттердің тек кейбіреуіне ғана қатысты ұсынады да, бірақ оны қалғандарына қатысты ұсынбайды?», — деген сұрақ қойса, бұған жауап былай болады: олар шариғи дәлелдерді басшылаққа алады. Егер аталған іс-әрекет үлкен күпірлік (куфр акбар) болып талады және адамды діннен шығарады дегенге дәлелдер бар болса, онда Әһлю-Суннаның жақтаушылары мұндай іс-әрекетті жасаушыны кәпір деп есептейді және онда белгілі сенімдердің болуын шарт етіп қоймайды.  Ал егер сөз оған қатысты ол іс-әрекет үлкен күпірлік (куфр акбар) болып табылатындығына және адамды діннен шығаратындығына дәлел жоқ болған күнә туралы болып тұрған болса, онда Әһлю-Суннаның жақтаушылары мұндай іс-әрекетті жасаушы адамды кәпір деп санамайды, сонымен бірге онда белгілі сенімдердің, мысалы, Аллаһ харам еткен нәрселердің халәл екендігіне сенімнің (истихләл), немесе Шариғаттың үкімдерін жоққа шығарудың (жухд) болуын шарт етіп қояды.

Мысал ретінде зинақорлықты келтіруге болады. Біздің қолымызда осы күнәны жасау адамды кәпір етеді деген шариғи дәлелдер жоқ. Сондықтан Әһлю-Суннаның бұл жағдайдағы ережесі: зинақор, тек егер ол Аллаһ Тағала тыйым салған бұл амалды рұқсат етілген деп санамаса (истихләл), кәпір болып табылмайды.

3. Бұл айыптауды ұсынушы муржилердің пікірін білмейді және муржияға түсуден сақтанудың жолын да білмейді. Ғалымдар муржилерден алыстаудың бес тәсілін тізбектеп айтады.

Бірінші мәселе:

Кім: «Иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер», — деп айтса, сол муржилерге қайшы келеді.

Әл-Барбахари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбейеді және азаяды», — десе, сол муржиядан толық шыққан болады!”[38]

Үш атақты имамдардың бұл мәселеге қатысты айтқандарын келтіреміз.

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, «Әл-‘ақида әт-тахауийяда» келтірілген «Иман – бұл сөзбен растау және жүрекпен сену» деген сөздерге пікір жазып, былай деген: «Бұл анықтама сын айтуға лайық, өйткені ол толық емес. Ал Әһлю-Сунна ұстанатын дұрыс пікір: иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер, ол Аллаһқа мойынсұну арқылы көбейеді және Оған деген мойынсұнбаушылықтан азаяды… Ал амалдарды иманның анықтамасынан шығарып тастау – бұл муржилердің пікірі».[39]

«Әл-‘ақида әт-тахауийядағы» «Иман – тілмен растау және жүректегі иман» деген тура сол анықтамаға түсіндірме жасап, Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл – біздің салиқалы алдынғы буынымыздың өкілдерінің (салиқалы саләфтарымыздың) және мұсылман үмметінің басқа да өкілдерінің мазхабына қайшы келетін ханафилер мен матурудилердің мазхабы».[40]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Иман, Әһлю-Суннаның пікірі бойынша, бұл – жүрекпен растау, тілмен айту және дене мүшелерімен тиісті амалдарды орындау».[41]

Екінші мәселе:

Кім: «Иман көбейеді және азаяды», — деп айтса, муржилерге қайшы келеді.

Исма’иль ибн Са’ид былай деп баяндайтын: “Мен имам Ахмадтан «иман көбейеді және азаяды» деп айтушылар туралы сұрағанымда, ол: «Мұндай адам муржилерге қатыссыз!» — деді”. [42]

Әл-Барбахари, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Кім: «Иман – сөздер мен амалдар, (ол) көбейеді және азаяды», — десе, сол муржиядан толық шыққан болады!”[43]

Үш атақты имамдардың бұл мәселеге қатысты айтқандарын келтіреміз.

«Әл-‘ақида әт-тахауийяда» «Иман бір және оның негізі баршада бірдей» деп айтылған сөздерге пікір білдіріп, Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл тұжырымға сын айтуға болады. Бұған қоса, ол жалған. Адамдардағы иман бірдей емес. Керісінше, айырмашылықтар өте үлкен. Әһли-Суннаның жақтаушыларының муржилердің пікіріне қайшы келетін пікірі осындай».[44]

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер де ханафилер «амалдар иманға кіреді» дегенді өздерінің теріске шығаруында ғалымдардың толық көпшілігіне қайшы келмегенінде, олармен «иман көбейеді және азаяды» дегенде келісер еді. Өйткені бұған дәлелдер Құранда, Сүннетте және біздің салиқалы саләфтарымыздың сөздерінде жетіп асады».[45]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Құран мен Сүннетте: «Иман көбейеді және азаяды», — деп айтылған. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деген:Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық. Өздеріне Кітап берілгендер сенсін, әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін деп” («әл-Мудәссир» сүресі, 31-аят)».[46]

Үшінші мәселе:

Кім: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасау[47] рұқсат етілген», — деп айтса, муржилерге қайшы келген болады.

Абду-р-Рахман ибн Махди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасаудан бас тарту муржияның негізінде жатады».[48]

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер біздің салиқалы саләфтардың – хадистерге ілесушілердің (әһлюль-хадис) мазхабы, мысалы, Ибн Мас’удтың және оның ізбасарларының, Суфьян әс-Сауридің, Ибн Уйяйнаның және Куфа ғалымдарының көпшілігінің… сондай-ақ Ахмад ибн Ханбәлдің және Әһлю-Суннаның басқа имамдарының мазхабы туралы айтар болсақ, онда олар иман туралы айтқан кезде ескертпе (истисна) жасауды қолданған, бұл жөнінде көптеген сенімді риуаятшылар тарапынан жеткізілетіндей (мутауатир — متواتر)».[49]

Ол сондай-ақ былай деген: «Иман туралы айтқанда ескертпе (истисна) жасауға муржилер, жәхмилер және соларға ұқсас сектанттар тыйым салады».[50]

v     Иман туралы айтқанда жасалатын ескертпе (истисна) дегенде «Аллаһ қаласа» («инша-Ллаһ») деген сөздер түсініледі.  Мысалы, егер адам: «Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», — деп айтса. Әһлю-Сунна бұл ескертпе сөздерді кейбір жағдайларда, мысалы, адам өзін кіршіксіз етіп көрсеткісі келмеген кезде, сондай-ақ Аллаһ Тағала оның амалдарын қабыл етеді деген шектен тыс артық сенімділікті байқатпау үшін  айтуды рұқсат етеді. Алайда олар мұны адам бұл сөздерді өз дінінде күмәнданып айтқан кездерде тыйым салады. Ал муржилерге келер болсақ, олар мұндай ескертпе жасауды ешбір жағдайда рұқсат етпейді.

Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқандарын келтіреміз.

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Егер ғибадат туралы айтатын болсақ, онда адам: «Инша-Ллаһ, мен намазды орындадым, — немесе: — Инша-Ллаһ, мен ораза ұстадым», — деп айтуына болады, өйткені ол өзінің құлшылығының толыққанды болғанын және Аллаһ оны қабылдағанын білмейді. Мүміндер ескертпе жасауды (истиснаны) өзінің оразасы немесе иманы туралы айтқанда қолданатын, өйткені олар өздерінің амалдары толыққанды болған-болмағанын білмейтін. Сондықтан да олардың біреуі: «Инша-Лллаһ, мен ораза ұстадым, — немесе: — Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», — деп айтатын».[51]

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, ханафилерге сөгіс білдіріп, былай деген: «Олар өздерінің соқыр ілесушіліктерінде (фанатизмінде): «Егер адам өз иманы туралы айтқанын ескертпе жасаумен (истиснамен) қабаттастырса, ол кәпір болып табылады», — деп айтуға дейін барды».[52]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, ескертпе жасау (истиснә) туралы былай деген: «Егер адам: «Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», — деп айтқан болса, онда ол осы арқылы Аллаһтың игілігін алғысы келсе немесе ол иман оған Аллаһтың қалауымен келді дегенді тұспалдаған болса, онда бұл дұрыс және күмәнсіз рұқсат етілген іс-әрекет».[53]

Төртінші мәселе:

Кім: «Сөздер және амалдар арқылы кәпірге айналу мүмкін», — деп айса, муржилерге қайшы келген болады.

Муржилердің сенімдеріне сәйкес, амалдар иманға кірмейді және иманға әсер етпейді, яғни оны көбейтпейді де, азайтпайды да және, олардың сенімдеріне сәйкес, адам тек сенімдері арқылы ғана кәпір болады.

Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөгетін адамды тек ол өзінің осы әрекетін рұқсат етілген деп санаса ғана кәпір деп санауға болады дейтіндер туралы былай деген:  «Олар: «Иман – бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрселерді мойындау», — дейді де, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хақтығына деген иман оны балағаттаумен үйлеседі деп есептейді. Бұл – муржилердің және солардың пікірлестерінің пікірі. Олар: «Иман – бұл тек сенімдер мен сөздер», — деп есептейді».[54]

Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқандарын келтіреміз.

«Әл-‘ақида әт-тахауийяда» айтылған «Адамды діннен оның олар арқылы дінге кірген нәрселерді жоққа шығаруы ғана шығарады» деген сөздерге қатысты Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл тежеуді теріске шығаруға болады… Исламнан аталған жоққа шығарусыз да шығып кетуге болады, «Діннен шығушыға қатысты Шариғат үкімі» деген ой-толғауларда ғалымдар тарапынан түсіндірілген көптеген басқа себептер бар. Бұл себептерге Исламды немесе Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөгу де жатады».[55]

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, Ибн әл-Қаййимнің, Аллаһ оны рахым етсін, сөздерін растап, былай деген: «Оның сөздерінен, Аллаһ оны рахым етсін, күпірліктің екі түрі болады деген келіп шығады: іс-әрекеттің күпірлігі және жоққа шығару мен сенімнің күпірлігі. Күпірлік иманның қарама-қайшысы болып табылатынға[56] және иманның қарама-қайшысы болып табылмайтынға бөлінеді. Пұтқа сәжде жасау, Құранды қорлау, пайғамбарды өлтіру және балағаттау иманның қарама-қайшысы болып табылады».[57]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, адамды күпірлікте айыптауға мүмкіндік беретін шарттарды тізбектеп айтып,  былай деген: «Құран немесе Сүннет осы сөз немесе әрекет адамды кәпірге айналдырады дегенге нұсқау қажет».[58]

Бесінші мәселе:

Кім: «Әмірге бағыну міндетті, тіпті ол өзінің билік құруында зұлымдыққа жол берсе де», — деп айтса, муржилерге қайшы келеді.

Абдуллаһ ибн Тахир, Аллаһ оны рахым етсін, муржилер туралы былай деген: «Олар әмірге бағынуды міндетті деп санамайды».[59]

Суфьян ибн Уйяйна, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Муржилердің сөздері қылыш алып шығуға алып келеді».[60]

Суфьян әс-Саури, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Олар қыбла иелеріне қарсы қылыш көтеруге болады деп есептейді».[61]

Үш атақты имамдардың осы мәселеге байланысты айтқан сөздерін келтіреміз.

Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Мұсылмандар Шариғат мақұлдайтын нәрседе билік иелеріне бағынуға міндетті, бірақ Аллаһқа мойынсұнбаушылық болып табылатын нәрседе емес. Егер (билік иелері) оларға Аллаһқа мойынсұнбаушылық болып табылатын нәрсені орындауды бұйырса, олар бағынбауы керек. Алайда оларға осы себепті қарсы шығуға (көтерілуге) рұқсат етілмейді».[62]

Әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, «Әл-‘ақида әт-тахауийяда» аталып кеткен: «Біз оларға бағынуды Аллаһ Тағалаға бағынудың бір бөлігі және міндеттілік деп санаймыз» деген сөздерге түсіндірме беріп, былай деген: «Мұсылман әмірлері туралы сөз болып жатқаны айқын-ақ, өйткені Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа мойынсұныңдар, Елшіге мойынсұныңдар және араларыңдағы билік иелеріне де» («әл-Мәидә» сүресі, 59-аят)».[63]

Ибн Усаймин, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Әмірлер өз бұзақылықтарында не нәрселерге барса да, бұл бізге оларға қарсы шығу құқығын бермейді. Тіпті олар шарап ішсе де, зина жасаса да және адамдарға жәбір жасаса да, оларға қарсы шығуға рұқсат етілмейді».[64]

•     Әһлю-Сунна ғалымдары түсіндіріп берген және теріске шығарған муржияның негіздері осындай. Өкінішке орай, көптеген ислам білімін ізденушілер олармен таныс емес және өздерінің қарсыластарын муржияда айыптай бастады, тіпті егер олардың сенімдері муржилердің сенімдерімен еш нәрседе бірдей болмаса да. Және біз салиқалы саләфтарымыздан жеткізілетін хабарлар (белгілі бір) адамның муржияға қатыссыз екендігіне нұсқайтынын, ал біраздан соң муржияда табанды түрде айыптайтын біреу келетінін көреміз. Сендерден Аллаһ үшін сұраймын, уа, әділеттілер және әуеске ілеспейтіндер, айтыңдаршы, муржияның негіздерін кім жақсырақ білді: салиқалы саләфтарымыз ба, немесе мына қазіргі заман білімгерлері  ме?! Әлде бұл білімгерлердің салиқалы саләфтары біздің салиқалы саләфтарымыздан өзге еді ме?!

Бірақ бұдан да жаманы — ислам білімін ізденушілердің кейбірі өз ижтихадтарын қандай да бір мәселеде негіз ретінде қабылдап, өзінің осы пікірін Сүннеттін бір негізі деп санайтыны! Олар өздерінің осы пікірін — Әһлю-Суннаны муржилерден ажыратып көрсететін критерийдің дәл өзі деп сенеді. Ал өздерінің осы пікіріне қайшы келетіндерді муржилер деп атайды! Мысал ретінде «Намазды жалқаулықпен қалдырған адам кәпір болып табылады ма?» деген мәселені келтіруге болады. Тіпті егер сен «Бұл – адамды діннен шығаратын үлкен күпірлік (куфр акбар)» деген пікірге ортақ болсаң да, бұл мәселе ертедегі ғалымдар үшін келіспеушілік туғызған зат болған және болып қалуда да, әрі оны талқылау шариғи дәлелдердің негізінде жүргізіліп тұрғанға дейін, оның муржияға ешбір қатысы болмайды.[65]



[1] Оның пәтуасын «әс-Саләфийя» (№ 6, 34–42 беттер) журналында қараңыз.

[2] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 9-том, 124-бет.

[3] Оның түсіндірмелерін «Фитна әт-такфир» кітабында қараңыз.

[4] «Фатауа әл-ләжна әд-даима», 2-том, 141-бет.

[5] «Әл-Мәида» сүресі, 44, 45, 47 аяттар.

[6] «Уйун әр-расаиль», 2-том, 605-бет.

[7] «Уйун әр-расаиль», 2-том, 603-бет.

[8] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 350-бет.

[9] Имам Ахмадтан: «Осы аятта қандай күпірлік аталып тұр?», — деп сұрағанда, ол: «Исламнан шығармайтын күпірлік», — деп жауап берген. Ибн Таймийя «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 254-бет.

[10] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 312-бет.

[11] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 322-бет.

[12] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 350-бет.

[13] Ибн әл-Қайим, «Мадариж әс-саликин», 1-том, 322-бет.

[14] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 6-том, 250-бет.

[15] Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Құранды тәпсірлеу туралы айтар болсақ, оны Меккенің тұрғындары жақсы білген, өйткені дәл солар Ибн Аббастың ілесушілері болған, мысалы, Мужәхид, Ата ибн Абу Рабах, Ибн Аббастың азат етілген құлы — Икрима және Тауус, сондай-ақ Абу әш-Шаса‘ Са‘ид ибн Жубайр сияқты басқалар». «Мажму‘ әл-фатауа», 13-том, 347-бет.

[16] Қз: әл-Әлбани «Сильсилә әс-сахиха» (6/114, хадис №2552).

[17] Ибн Жәрир әт-Табари, «әт-Тафсир», 8-том, 465-бет; Мухаммад ибн Наср әл-Маруази, «Та‘зым қадари-с-саләт», 574-бет.

[18] Ибн Жәрир әт-Табари, «әт-Тафсир», 8-том, 464–465-бет; әл-Маруази, «Та‘зым қадари-с-саләт», 575-бет.

[19] Ибн Таймийя, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: Егер біз Құранда да, Сүннетте де түсіндірме таппасақ, онда сахабалардың сөздеріне жүгінуіміз керек, өйткені олар бұл туралы басқаларға қарағанда жақсырақ біледі, өйткені олар Құранның түсуінің және көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болды ғой, сондай-ақ оларда сенімді білім және салиқалы амал болды. Әсіресе бұл олардың ішіндегі ғалымдары мен басшыларына қатысты, мысалы, төрт ізгі халифа және тура жол имамдары, мысалы Ибн Мас’уд… Олардың арасында дінде ауқымды білімге ие болған көрнекті ғалым, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немере інісі, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үшін Аллаһ Тағалаға: «Уа, Аллаһ, оны дінде фақих ет және тәпсірге үйрет!», — деп жасаған дұғасының себебімен Құранның атақты білгірі және тәпсірлеушісі болған Абдуллаһ ибн Аббас бар.  Ибн Жәрир оған Мухаммад ибн Башшар Уақи‘ден, ол Суфйаннан, ол әл-А‘маштан, ол Муслимнен, ол Масруктен, ол Ибн Мас‘удттан оның былай деп айтқанын жеткізген: “Ибн Аббас — Құранның өте жақсы тәпсірлеушісі”. Ол бұл хадисті Яхья ибн Даудтен, ол Исхақ әл-Азрақтан, ол Суфьяннан, ол әл-А‘маштан, ол Муслим ибн Сабих Абу әд-Духадан, ол Масруктен, ол Ибн Мас‘удтан оның былай деп айтқанын жеткізген: “Ибн Аббас — Құранның өте жақсы тәпсірлеушісі”. Ол бұл хадисті Бундардан да, ол Жа‘фар ибн Ауннан, ол әл-А‘маштан жеткізген. Бұл иснад сенімді және Ибн Масъуд шынында да осыны Ибн Аббас туралы айтқан. Ибн Мас’уд ең сенімді дерекке сәйкес хижраның 33-жылы қайтыс болды, ал Ибн Аббас одан кейін 36 жыл өмір сүрді. Ал енді Ибн Аббастың Ибн Мас’уд қайтыс болғаннан кейін қанша білім алғанын елестетіп көріңдер…  Әл-А‘мәш Абу Уәилден жеткізіп, былай деді: «Бірде Али Ибн Аббасты қажылықты басқаруға тағайындады, ал ол құтпа айтып тұрып, «әл-Бақара» сүресін (басқа риуаятта «ән-Нур» сүресін) оқып, оған сондай тәпсір жасады, егер бұл тәпсірді түріктер мен византиялықтар естігенде, олар міндетті түрде Исламды қабылдар еді!»”. «Әл-фатауа», 13-том, 364-бет.

[20] Муслим, «Сахих», № 224.

[21] Әл-Хаким, «әл-Мустадрак» «әт-Талхиспен» бірге, 2-том, 313-бет.

[22] Әл-Әлбани, «Силсиләт әл-ахадис әс-Сахиха», 6-том, 113-бет. № 2552 хадис.

[23] «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

[24] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 312-бет.

[25] «Әл-Мәида» сүресі, 44, 45, 47 аяттар.

[26] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 522-бет.

[27] «Әл-Мәидә» сүресі, 44-аят.

[28] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 350-бет.

[29] Ибн әл-Қайим, «Мәдариж әс-саликин», 1-том, 345-том.

[30] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 6-том, 250-бет.

[31] «Фитна әт-такфир», 24-бет, 1-сілтеме.

[32] Имам әш-Шатыби, «әл-И‘тисам», 34-бет.

[33] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 16-том, 461-бет.

[34] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 29-том, 42-бет.

[35] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 20-том, 217-бет.

[36] Шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, тарапынан жасалған ең танымал жинақтардың хадистерін талдау және сенімді, жақсы, әлсіз т.с.с. хадистерді анықтау бойынша орасан зор жұмыстар айтылып тұр.

[37] Ибн Таймийя, «Минһаж әс-Сунна ән-Набауийя», 1-том, 44-бет.

[38] Әл-Барбахари, «Шарх әс-Сунна», 123-бет. № 131.

[39] Ибн Баз, «Әл-фатауа», 2-том, 83-бет.

[40] Ибн Абу әл-Изз әл-Ханафи, «Шарх әл-‘Ақида әт-тахауийя», 1-том, 51-бет.

[41] Ибн Усай, «әл-Фатауа», 1-том, 49-бет.

[42] Әл-Халләль, «әс-Сунна», 2-том, 581-бет. № 1009; және Абдуллаһ ибн Ахмад, «әс-Сунна», 1-том, 307-бет, № 600.

[43] Әл-Барбахари, «Шарх әс-Сунна», 123-бет. № 131.

[44] Ибн Баз, «Әл-фәтауа», 2-том, 83-бет.

[45] Ибн Абу әл-Изз әл-Ханафи, «Шарх «әл-‘Ақида» әт-Тахауиййя», 1-том, 51-бет.

[46] Ибн Усаймин, «әл-Фатауа», 1-том, 50-бет.

[47] Иман туралы айтып жатқанда ескертпе (истисна) жасау дегенде «Аллаһ қаласа» (Инша-Ллаһ) деген сөздер меңзеледі. Мысалы, адам: «Мен мүмінмін, инша-Ллаһ», — дейді.

[48] Әл-Әжжурри, «әш-Шари‘а», 2-том, 664-бет.

[49] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 438-бет.

[50] Ибн Таймийя, «Мажму‘ әл-фатауа», 7-том, 429-бет.

[51] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 5-том, 403-бет.

[52] Ибн Абу әл-Изз әл-Ханафи, «Шарх «әл-‘Ақида» әт-Тахауийя», 1-том, 52-бет.

[53] Ибн Усаймин, «әл-Баб әл-мәфтух». № 208 кездесу

[54] Ибн Таймийя, «әс-Сарим әл-Маслюль», 3-том, 964-бет.

[55] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 2-том, 83-бет.

[56] Яғни иманды жоққа шығарады немесе жай сөзбен айтқанда, адамды діннен шығарады.

[57] Әл-Әлбани, «әс-Сильсиләт әс-сахиха», 7-том, 134-бет.

[58] Ибн Усаймин, «әл-Қауа‘ид әл-муслә», 149-бет. Кітап «Идеальные правила» деген атпен (орыс тілінде) біз тарапымыздан басып шығарылған болатын.

[59] Әс-Сабуни, «‘Ақидат әс-саләф уа әсхаб әл-хадис», 68-бет.

[60] ‘Абдуллаһ ибн Ахмад, «әс-Сунна», 1-том, 218-бет.

[61] әл-Әжжури, «әш-Шари‘а», № 2062; әл-Ләләкәи, «Шарх усуль ‘итиқад», № 1834.

[62] Ибн Баз, «әл-Фатауа», 8-том, 203-бет.

[63] Ибн Абу әл-Изз әл-Ханафи, «Шарх «әл-‘Акида» әт-Тахауийя», 1-том, 58-бет.

[64] Ибн Усаймин, «Шарх «Рийяд әс-салихин»», 1-том, 702-бет.

[65] «Намазды жалқаулықпен қалдырушы адам кәпір болады ма?» деген мәселедегі келіспеушіліктер шариғи дәлелдердің шегінен шыққан және шариғи дәлелдердің орнына өтірік негіздерге жүгінуге дейін алып барылған жағдайдайда муржилер мен хауариждерге қатысты болады.

1. Кім «Аллаһтың тыйым салған (харам еткен) нәрсесін рұқсат етілген (халәл) деп тұрып алған адам ғана кәпір болады» деген ереженің негізінде: «Жалқаулықпен намазды қалдырған адам кәпір болмайды», — деп айтса, сол муржи болып табылады.

2. Кім «Үлкен күнәларды жасаушы адам кәпір болады» деген ереженің негізінде: «Намазды жалқаулықпен қалдырған адам кәпір болады», — деп айтса, сол хауариж болады.

3. Кім муржилер мен хауариждердің ережелеріне ілеспей, өзінің пікірін шариғи дәлелдерге негіздесе, сол Әһлю-Суннаға ілесуші және біздің салиқалы саләфтардың лайықты ізбасары және осы орайда ол намазды жалқаулықпен қалдырған адамды кәпір деп есептейді ме, әлде есептемейді ме – бұл маңызды емес.

Біздің үш ғалымдарымыз, олардың арасында салдары ертедегі ғалымдардан жеткізілетін екі белгілі пікір болған осы мәселеде келіспеушіліктер болса да, жалған негіздерге ілеспей, өздерінің пікірлерін  шариғи дәлелдерге негіздеді, сондықтан да оларды айыптайтын еш нәрсе жоқ.

Мұндай түсіндірме «Осы іс-әрекетті жасаушы адам кәпір болып табылады ма әлде жоқ па?» дегенге қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар барлық мәселелерге қолданыла алады. Және бұл тек намазды жалқаулықпен қалдырған адамға ғана қатысты деп ойлауға болмайды. Әһлю-Сунна ғалымдары жазғыруға лайықты емес екендігі айқын-ақ, өйткені діни жаңалықтардың (бидғаттардың)  кейбір жақтаушыларының пікірі олардың пікірімен бірдей болып шықса да, олардың (бұл ғалымдардың) ижтихадтары жалған негіздерге емес, шариғи дәлелдерге негізделді. Сондықтан да бізде олардың сенімдері дұрыс емес деп айыптауға немесе оларды муржилік және хауаридждік бидғаттардың жақтаушылары деп есептеуге негіз жоқ. Біз алдын да бұл ғалымдарға олардың пікірлеріне кейбір бидғаттардың жақтаушыларының пікірлері сәйкес келуін айып ретінде тағатындардың қателігі туралы айтып өткен едік. Әрине, сөз сол бидғатшылардың дінге енгізген нәрселерде емес, Сүннетке сәйкес келетін нәрселердегі пікірлердің үйлесуі туралы болып тұр.

You may also like...