Шейх әл-`Атиқ: Жасырын ихуанды қалай тануға болады?

Categories: Бүлік,Жамағаттар

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Бұл жолдау жалпы бүкіл дүние жүзінің Сүннетті ұстанушыларына және оның Сауд Арабиясындағы ұстанушыларына жеке арналады.

Ассаләму аләйкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!

Ал содан соң:

Аллаһтың мейірімімен таухид пен Сүннеттің елі болған Сауд Арабиясы түрлі партиялар мен топтардан таза, ал оның тұрғындары осы партиялардың елге кіруіне де тыйым салатын және мұсылмандарға осындай адасқан топтарға кіруге де тыйым салатын билеушілер мен ғалымдардан болған қамқоршылардың төңірегінде біртұтас еді.

Осының барлығы бұл ағымдардың өз сенімдерін тарату үшін бүркеніп-жасырынуына, «тақыйаға» (өз сенімдерін жасырын түрде ұстануға) ұмтылуына себеп болды. Осылайша, оларды билеуші де соттамайтын еді, әрі оның қоластындағылары да оларға қатысты күмәнданбайтын еді. Осы адасқан ағымдарға негізін Хасан әл-Банна қалаған «Мұсылман бауырлар» («Әл-ихуан әл-муслимун») сектасы жатады. Алайда олар қанша жасырынса да, Аллаһ олардың жүректеріндегісін әшкере етеді, ал олар осыны сезбейді де.

Оларды тануға болатын өзіндік ерекше сипаттары бар. Олар келесідей:

  1. Олар билеушілерге мойынсұну және бағыну сияқты (діннің негізіне жататын) негізге қам жасамайды. Олардың арасында осы негіз туралы уайымдайтынын көрсететіндері де бар, алайда олар осы негізді бұзатындарды немесе ол туралы: «Мен мұны бұйырмаймын, бірақ бұл маған кедергі де жасамайды», — дегендей үнсіз қалатындарды мақтайды;
  2. Олар адамдарды қазіргі заманның адасқан ағымдарына қатысты болмауымен танылған, мысалы, шейх Ибн Баз, шейх Ибн Усаймин, шейх әл-Фаузан сияқты ғалымдармен байланыстырмайды да, оларды (адамдарды) ихуандардың қатарынан болған немесе тым болмағанда ихуандарға сын айтудан қалыс қалатындармен байланыстырады;
  3. Олар адамдарды саясатқа тартып, осы орайда мұны «фиқһ әл-уақи’а» (қалыптасқан жағдайды біліп-түсіну) деп атайды, әрі таухидтің (бірқұдайшылықтың) және ғибадаттың негізіне қатысты болған нәрселерге едәуір салқындық танытады;
  4. Олар «бұзықтар мен бидғатшыларға қатыссыздық» деп атауға болатын (діннің негіздерінен) болған негізді бұзады, өйткені соларға деген қажеттілік туындаған сәтте олар жасырын ихуандардың қатарында болуын көздейді;
  5. Олар «мұсылман бауырларды», олардың көрнекті қайраткерлерін, олардың мирасын мақтайды. Оларды қорғаштайды және өзгелерді оларды теріске шығаратындардан сақтандырады;
  6. Олар эмоцияларды қолданады, әрі өз тыңдармандарына (жасаған) үндеулерінде Шариғат пен ақыл арқылы жүгінудің орнына соларға сүйенеді;
  7. Жалпы умметке тиісті болған қауіпті мәселелерде олар жамандықтан тыю, жиһад, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көмектесу қажеттілігі, әлсіздерге жәрдем беру туралы жалпы сөздермен ғана сөйледі,  әрі осы мәселелерге қатысты Шариғаттың егжей-тегжейлі ережелерін атап айтпады;
  8. Олар үкіметтің қателіктерін өте үлкен етіп суреттейді, немесе оларды ойдан шығара салады, әрі осы орайда революционерлік идеология мен ихуандарды жақтаушылардың қателіктерін жасырады;
  9. Олар билеушілерге насихатты жария түрде дауыстап, ел алдында жасайды, әрі өзге шақырушы-дағуатшыларды да осыда табандылық танытуға үндеп-шақырады;
  10. Олар мемлекеттің жақсы жақтарын жасырады немесе оларды кемшілік деп көрсетеді. Осы орайда олар «Мұсылман бауырлар» партиясының және жеке ихуандардың абырой-артықшылықтарын ұлықтайды немесе оларды өз ойларынан шығарады;
  11. Билеушілерге мойынсұнып бағыну және қазіргі заманның ақиқаттан ауытқыған (ағымдарын) теріске шығару қос негізін ұстанатындарды, әсіресе ихуандарды теріске шығаратындарды, осы екі негізді ұстанатындардан адамдарды теріс қарату үшін және адамдар осы екі негізді ұстанудан қорқу үшін, олар «жәмилер» деп келемеждейді.
  1. Құбылмалылық, өз ұстанымындағы, шариғат бекітетін заң-ережелердегі, сенімдердегі тұрақсыздық. Олар – (жасырын ихуандар) шариғи дәлелдердің себебімен емес, сол арқылы белгілі бір партиялық мүддеге қол жеткізу үшін уақытқа қарай өзгеріп отырады. Алайда осының барлығы орын алса да, Аллаһ бізді игі хабармен сүйіншіледі. Ол былай деді: «Негізінде айлакерліктің кесірі жамандық жасаушылардың өздеріне ғана болады» («әл-Фатыр» сүресі, 43-аят). Осылайша, олардың айлалары мен өтіріктері міндетті түрде өздеріне қарсы тиеді.

Ал олардың әлдебір елдердегі билікті алуы секілді кейбір мақсаттарға қол жеткізуіне келер болсақ, бұл олардың (ихуандардың) дұрыс екендігіне де, олардың жетістікті екеніне де нұсқамайды. Оларға дейін ел басқаруды кәпірлер де, социалисттер де, секуляристтер де қолдарына алған болатын. Ал егер билікке келу дұрыстыққа нұсқайтын болғанда, онда кәпірлерді, социалисттер мен секуляристтерді ізгілер деп санау қажет болар еді. Алайда бұл – (Аллаһтың) олардың барлығын еліктіруі ғана. Бұл туралы Аллаһ Тағала: «Олар білмеген жақтан бірте-бірте жоямыз», — деді («әл-Әғраф» сүресі, 182-аят). Бұл сондай-ақ Аллаһ осы арқылы мүминдердің сабырлығын тексеретін олар үшін сынақ та болып табылады. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: Адамдар: «Иман келтірдік», — деумен сыналмай қалдырыламыз деп ойлайды ма? Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ, әлбетте, шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі” («әл-`Анкабут» сүресі, 2-3 аяттар).

Мен Аллаһтан Ол бізді әрбір жауыздық жасаушының жамандығынан қорғауын, және ондайларға біздің күнәларымыздың себебінен  үстімізден билікті бермеуін сұраймын, расында, Ол – мейірімділердің ең Мейірімдісі, жомарттардың ең Жомарты. Уа, Аллаһ, дұғамызға жауап бере гөр!

Жазған Хамад ибн Абдул-`Азиз әл-`Атиқ

22.11.1433 һ.ж.

Әр-Рияд, ол Аллаһтың қорғауында болсын.

http://islamancient.com/play.php?catsmktba=102095

Орыс тіліне жасалған аударманың дереккөзі

Шейх Салих әс-Суһаймидің шейх Хамад әл-`Атиққа айтқан мақтауы:

«Оларға (сектанттарға) осы күндері қарсы пікір айтқан ең жақсылардың қатарынан: бауырымыз шейх Хамад әл-Атик, Аллаһ оны қолдасын, сондай-ақ шейх Абдул-`Азиз әр-Райис, Аллаһ оған игілігімен қайырсын. Онда құнды теріске шығарулар бар».

http://www.youtube.com/watch?v=KlT8du_SCmk

Қазақ тіліне аударған «Ислам террорға қарсы» сайтының редакциясы