Қандайда-бір нәрсені Аллаһтың Шариғатынан абзал көру (тәфдыйль)
Бұл – адамның: «Аллаһтың Шариғатынан абзалырақ (жақсырақ) нәрсе бар», — деп сенген күйінде, Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) және шешім шығаруы.
Бұл жағдайға қатысты Шариғаттың үкімі: ғалымдар бұл әрекет адамды кәпір ететініне және үлкен күпірліктің (куфруль акбар) санатына жататынына бірауызды келісімде.
Дәлелдер:
1. Осындай сенімге ие болған адам сонысымен Аллаһ Тағаланың мына сөздерін өтірік деп есептеген болады: «Олар жәхилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Анық сенген ел үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?»[1] Аяттан ешкім Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ еш нәрсе ұсына алмайтыны шығады.
2. Ғалымдардың бірауызды пікірі. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Кім Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқарса (билік құрса) немесе шешім шығарса және осыны Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ (абзал) деп санаса, сол кәпір болып табылады. Барлық мұсылмандардың бірауызды пікірі осындай».[2]
Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты.
Бірінші мәселе:
Адам: «Аллаһтың Шариғатынан жақсырақ (абзалырақ) қандай да бір нәрсе бар», — деп сеніп тұрғанға дейін (тафдыйль — تفضيل) кәпір болып табылады, тіпті егер оның өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарына кірмесе де.
Екінші мәселе:
Оның мәні – адамның бір істі өзге бір істен абзал көруі (жақсырақ деп санауы).[3] Бір нәрсені басқа бір нәрседен жақсырақ деп санау жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді адамның өзі ішіндегісін жариялаған кезде ғана білуге болады.[4]
Үшінші мәселе:
Бақылаулардың нәтижесінде алынған деректер Аллаһтың Шариғатынан басқа бір нәрсені абзал көру (тафдыйль) орын алып жатқанына дәлел бола алмайды[5].
Төртінші мәселе:
Кейде ғалымдар «тафдыйль» сөзін күнәхарлар туралы сөз етіп жатқанда, осымен Аллаһқа мойынсұнудан бұрын шайтанға бойұсынуды меңзеп, айтады. Мұндай жағдайларда жасалып жатқан амалдарға қарау керек. Егер олармен жүректегі сенімдер байланысты болмаса, онда ғалымдар мұндай адамның күпірлігі туралы айтпайды. Осы жағдайда «тафдыйль» сөзі кең мағынада қолданылады, сондықтан да оның нақты бір адамға қатысты қолданылғандығы бізге оны кәпір деп санауға негіз бермейді (болмайды).