Шейх Абдуль-Мухсин Әли Убайканның хауариждер туралы лекциясы

Categories: Бүлік,Жамағаттар,Такфир

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Назарларыңызға «Хауариждер және олардың қазіргі заман идеологиялары» кітабының үшінші бөлімін ұсынамыз, онда  шейх Абдуль-Мухсин Әли Убайканның (Аллаһ оған есендік берсін) лекциясы келтірілген. Кітаптың толық нұсқасын жүктеп алу: http://salafsolih.com/books/kz/24.doc

Шейх Абдуль-Мухсин Али Убайканның лекциясы

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, имамымыз, елшілердің мырзасы Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және Қияметке дейін оның жолына ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аллаһқа шақырушылар ерекше назар қоюға тиісті нәрселердің бірі – мұсылмандардың қазіргі және болашақтағы жағдайы үшін маңызды мәселелерді оқып-зерттеуі. Бұл лекцияның тақырыбы келіспеушіліктер, айтыстар және «Ақиқат менімен!» деп айтатын адамдар көбейген осы заманда әсіресе маңызды.

Күпірлікте айыптау (такфир) мәселесінде адасушылыққа түскен топ хауариждер болып табылатыны көпшілікке аян екендігінде күмән жоқ.

Кейбір адамдар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ескерткен хауариждер – бұл тек Алиге қарсы шыққан адамдар ғана және олар ауыр шайқастардан кейін жеңіліске ұшыраған соң ізсіз жойылды деп ойлайды. Алайда бұл олай емес, өйткені алғашқы хауариждердің сенімдеріне толық сәйкес келмесе де, алайда оларға белгілі бір жақтарымен ұқсас топтар болмаған уақыт болған емес.

Аллаһтың рұқсатымен біз ашқымыз келген тақырып дәл осы болып табылады.

Кіріспе

Ақиқатында, Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Мухаммадты (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мінсіз, кәміл, өте оңай, кең және құлдары үшін пайдалы шариғатпен  жіберді. Содан кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын) шариғат заңдары өз орнына ие болған Мәдинада Ислам мемлекетін нығайтты да, мұсылмандарды біртұтас негіздің және біртұтас мазхабтың айналасына біріктірді. Олардың арасында бұрыннан бері бар болған болмашы нәрселерден өзге ешқандай келіспеушілік болмады.  Осы мәселелерді шешу үшін білім иелері тарапынан жасалатын ижтихадқа[1] және тәуелсіз ой-пікір құруға кең орын берілген болатын.

Әрбір мужтахид[2]   үшін сый әзірленген, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер ыждағат танытқан үкім шығарушы шешім қабылдаса және ол дұрыс болса, ол екі сый алады, ал егер ол ыждағат танытып, қателессе, онда бір ғана (сый алады)», — деп айтқандай.[3] әл-Бухари 3/268, Муслим 1716.

Ал сенім (ақида) және әдіснама (манһаж) мәселелері ижтихадқа орын берілмейтін салалар болып табылады. Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де, Абу Бакр мен Умардың (Аллаһ оларға разы болсын) кезінде де сахабалардың арасында бұл мәселелерде келіспеушіліктер болған емес. Ақиқатында, сахабалардың ақидасы да, манһажы да бірдей болды.

Кейінірек бөліну мен келіспеушіліктерге алып келген оқиғалар орын алды.

Өз кезінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  үмметін адамдар үшін дінді жеңілдетуге үндейтін және оларды қиыншылықтардан ұстап қалатын, сондай-ақ мұсылмандарға кішіпейіл болуды бұйыратын. Жәрир ибн Абдуллаһтың былай деп айтқаны жеткізіледі: ”Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім мейірбандықтан жұрдай болса, сол бүкіл игіліктен жұрдай болғаны», — дегенін естігенмін“.  Бұл хадисті Муслим және Абу Дауд жеткізген, ал Муслимнің риуаятында «бүкіл» деген сөз жоқ.

Абу әд-Дарда да Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Кімге мейірбандықтан өзіне тиісті үлесі берілген болса, ол игіліктен де өзіне тиісті үлесін алды. Ал кім мейірбандықтың  өзіне  тиісті үлесінен жұрдай етілген болса, ол игіліктің өзіне тиісті үлесінен жұрдай болды». Ахмад 6/451, әт-Тирмизи, 2013, әл-Хумайди 393, әл-Байхақи 10/193. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Сондай-ақ Абу Муса әл-Аш’ариден Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын қандай да бір тапсырмамен жұмсайтын кезінде оларға: «Жеңілдетіңдер, қиындықтар тудырмаңдар, игі хабар жеткізіңдер де, (дінге деген) жек көрушілік тудырмаңдар!», — деп бұйыратыны жеткізілген. Муслим, 1734.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Діндегі нысапсыздықтан сақтаныңдар». Нысапсыздық – бұл рұқсат етілгеннің шекарасын бұзу. Нысапсыздықтың дәл өзі хауариждердің адасушылығының себебі болды және дәл осы себептен олар тура жолдан тайды. Сондықтан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы былай деп айтты: «Олар, жебе тесілген нысанадан жарып өтетіні сияқты, діннен шығады!» әл-Бухари 5058 және Муслим 1064. Яғни нысанаға жіберілген жебе оған бір жағынан тиіп оның екінші жағынан шығып кетеді. Ал олар Исламға жылдам кіріп оны жылдам тастап шыққандықтан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды тесілген нысанадан жарып өтетін жебеге теңеді.[4]

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Діндегі нысапсыздықтан сақтаныңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі нысапсыздық опат етті!» — деген.[5] Ахмад 1/347; ән-Насаи 3057; Ибн Мажжаһ 3029; Ибн Абу Шайба 1397; Ибн Абу Асым 98; Ибн Хузайма 2867 және басқалар. Ибн Хиббан, Ибн Хузайма, ән-Науауи, Ибн Таймия және әл-Әлбани хадисті сахих деген.

Яғни діндегі нысапсыздықтан қашқақтаңдар, өйткені сендерден бұрын болғандар нысапсыздық жасайтын және зухдтық өмір сүретін және Аллаһ оларға әмір етпеген нәрселерді істейтін, ал сондықтан Аллаһ оларға қатысты талаптарын көбейтті.[6] Алайда біз нысапсыздық мәселесін егжей-тегжейлі қарастырмаймыз, өйткені бұл – үлкен тақырып.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Ақиқатында, ол (нысапсыздық) сендерден бұрын өмір сүргендерді опат етті, оларды қан төгуге және харамды халал деп санауға итермеледі». Муслим 2578.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, бұл дін қатты. Ендеше оған бірте-бірте тереңдеңдер, өйткені кім өзінің жүгінің салмағын өлшей алмаса, алысқа бармайды және мінетін жануарын өлтіріп алады». Ахмад 3/199, әл-Байхақи 4743. Бұл хадистің Анас жеткізген нұсқасының сахихтығын имам әс-Суюты және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: «Сахихуль-жәми’» 2246.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың жамағатын ұстануды бұйырды және бытырап кету мен бөлінуге тыйым салды.[7] Ол жама’аны қой отарымен, ал одан бөлініп шыққандарды қасқырға жем болған отардан бөлініп кеткен қоймен теңеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, қасқыр отардан бөлініп қалған  қойды жеп қояды», — деген. Ахмад 5/196; Абу Дауд, 547; ән-Насаи 846; Хадистің сахихтығын Ибн Хиббан, Ибн Хузайма, әз-Захаби, ән-Науауи, әс-Суюты және әл-Әлбани растаған.

Мұсылмандардың біртұтас жамағатын ешкім жеңе алмайды. Дұшпан жамағаттан бөлініп шыққан адам саны санаулы-ақ болған топты жеңуі едәуір ықтимал. Абдуллаһ ибн Умар былай деген: «Умар адамдарға әл-Жәбийя[8] деген жерде былай деп сөз сөйледі: «Уа, адамдар! Мен сендерге бізге Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан мына сөздерді айтамын: «Мен сендерге менің сахабаларымның, кейін оларға ілескендердің жолымен жүруді өсиет етемін.  Осыдан кейін өтірік кең таралады. Тіпті адамнан (Аллаһтың атынан айтылатын өтірік үшін) ант талап етілмесе де, ол ант етеді және одан (оның өтірікшілігіне) куәлік талап етілмесе де, ол куәлік береді. Және ер кісі (бөгде) әйелмен оңаша қалмасын, керісінше олардың үшіншісі шайтан болады.  Жама’ада болыңдар және ыдырап кетуден сақтаныңдар! Кім Жәннаттың ортасын қаласа — жама’аға ілессін. Ал кімді игі істер қуантып, жаман істер ренжітсе, сол мүмін!» Ахмад 1/18; әт-Тирмизи 2165; Ибн Мажжаһ 2363; Хадистің сахихтығын Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, хафиз әс-Суюты, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сендерден бұрын  болғандарды көп сұрақтары мен пайғамбарларымен келіспеушіліктері опат етті», — деп айтып, бізге жамағатты ұстануды бұйырды, сондай-ақ келіспеушілікке түсуге және бөлінуге тыйым салды. әл-Бухари 7288; Муслим 1337.

Басқа хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақиқатында, бұл үммет 73 топқа болінеді және олардың біреуінен басқасының барлығы Отта болады!» Ахмад 2/332; әт-Тирмизи 2640; Абу Дауд 4596; Ибн Мажжаһ 3991; әд-Дарими 2514; әл-Баззар 2755. Бұл — көптеген жолдармен жеткізілген танымал хадис. Ибн Хиббан, әл-Хаким, әз-Захаби, әш-Шатыби, әс-Суюты, Ибн Таймия, Ибн Касир, Ахмад Шәкир және әл-Әлбани хадистің сахтығын растаған.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге мұсылман әмірлеріне адал болуға ант беруді бұйырды, өйткені «Әмірге адал болуға ант бермей өлген адам жахилиет өлімімен өледі»[9]. Муслим 1815.

Кейбір адамдар адасушылыққа түсіп, өздерін әмірге бағынуға міндетті емес деп, өйткені жеке түрде оған бармадық, оның қолынан алып, оған адал боламыз деп ант бермедік деп ойлайды. Алайда бұл – қисынсыз қателік. Сахабалар Абу Бакрге ант бергенде, мұсылмандардың барлығы онымен жеке түрде кездесуге аттанған жоқ. Мұны тек олардың арасындағы лайықтылары және ықпалдылары жасады, осылайша ант барша үшін заңды болды.  Сөйтіп, Абу Бакрмен кездеспеген мұсылмандардың анты қабыл болды және бұл – мұсылмандардың барлық кезде және кез келген жерде ұстанатын бірауызды келіскен пікірі (ижмә’). Сондықтан ант тек жеке түрде орындалған кезде ғана қабыл болады, ал керісінше болған жағдайда ол заңды болып табылмайды деп айтуға болмайды. Егер билік иелері ант алу және билік құру құқығына ие болса, құзыреттілік алса және олардың билігі заңдастырылған болса, онда оларға деген ант күшке ие болады.[10]  Имам Ахмад бұл жөнінде былай деген: «Егер біреу билікті қылышпен алып алса және мүміндердің әмірі деп аталатын әмір болса, онда Аллаһқа және Ақыретке сенетін ешкімге оны әмір деп есептемей түнді өткізууіне болмайды, мейлі ол (әмір) салиқалы, мейлі бұзақы болсын!»

Яғни адамға оның билігін мойындамай бір түнді де өткізуге болмайды. Ал кімде-кім осылай істесе, жахилиет заманының өлімімен өліп, өзін опат етуі мүмкін. Мұндай жамандықтан Аллаһтан пана тілейміз!

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге мұсылман әмірлеріне бағынуды бұйырды, сондай-ақ Ұлы Аллаһ Тағала былай деп айтып, осыны бізге түсіндіріп берді: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа мойынсұныңдар, Елшіге мойынсұныңдар және араларындағы ықпал иелеріне де» (ән-Ниса 4: 59).

Аллаһ Тағала ең алдымен Оның Өзіне мойынсұнуды, кейін Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынуды, ал содан соң билік иелеріне рұқсат етілген істерде мойынсұнуды әмір етті. Сондықтан да, егер олар Аллаһқа мойынсұнбаушылыққа алып келмейтін нәрсе бұйырса, мұсылман адам оларға бағынуы керек. Ешкімге: «Мен оларға тек Аллаһқа мойынсұнушылық бар істерде ғана бағынамын», — деп айтуына рұқсат етілмейді. Өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлерге бағынуды тек олардың бұйрықтарында Аллаһқа мойынсұнбаушылық болатын жағдайда ғана тыйым салды. Мұсылман адам Аллаһтың Елшісінің сөздерінен егер әмір оған бір нәрсе бұйырса және оның бұйрығында Аллаһтың заңдарына қайшы келетін ешнәрсе болмаса, әмірді тыңдап, оған мойынсұнуға міндетті екендігі айқын болады. Бұл Аллаһтың заңдарына қайшы келмейтін мәселелерде айқын көрінеді.[11] Мысал ретінде жолда жүру ережелерін және сол сияқты заңдарды келтіруге болады. Бұл заңдар Аллаһ Тағаланың заңдарына қайшы келмесе, сол маңызды. Әмір баршаның игілігі үшін адамдарды осы заңдарды орындауға міндеттей алады және осыда оған бағыну міндетті болып табылады. Ал егер адамдар әмірлердің бұйрықтарына бағынбаса, онда қоғамда озбырлық көбейе түседі де, сөйтіп тұрақтылық бұзылады. Сондықтан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған мойынсұнған — Аллаһқа мойынсұнады, маған мойынсұнбаған – Аллаһқа мойынсұнбайды. Кім әмірге бағынатын болса – маған бағынғандығын көрсетеді, ал кім әмірге бағынбаса – маған бағынбағаны», — деген. әл-Бухари 2957; Муслим 1835.

Бұл мәселеге қатысты көптеген дәйектер бар. Мен мұны өзімнің «Әмірлердің және бағынушылардың құқықтары» атты еңбегімде ашқан болатынмын.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың арасына бөлінушілік салуды, тұрақтылықты бұзуды қалаған және анархия орнатқысы келген адамдарға қарсы соғысуды бұйырды. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендер екі халифке ант берулеріңе тура келсе, олардың біреуін өлтіріңдер!» Муслим 1853.

Басқа бір хадисте ол былай деп бұйырған: «Егер сендер бір әмірдің айналасында біріккен кезде араларыңа жанжал салып, бірліктеріңді бөліп тастауға тырысатын біреу пайда болса, оны өлтіріңдер»[12]. Муслим 1852.

Билікке (таласқан) үміткерді қолдауға тыйым салынады, тіпті ол (билік құрып) тұрған әмірден жақсырақ болса да.  Өйткені егер мұсылмандардың істері бір адам тарапынан тәртіпке келтірілген болса, кейін өзге біреуге алдыңғы әмірді ығыстыруға мүмкіндік берілсе, бұл міндетті түрде тәртіпсіздік пен адамдардың арасында жазықсыз қанның төгілуіне алып келеді. Сөйтіп, ол мұсылмандардың бірлігіне зиян тигізеді, көп қан төгеді, адамдардың абыройын қорлайды және үлкен фитна таратады. Тұрақталған шариғи ережелердің бірі: «Үлкен зиянға қарағанда кіші зиянға басымдық беріледі!» — деп нұсқайды.[13]

Хауариждердің пайда болуы

Хауариждер мұсылмандардың арасында бөліну болған кезде пайда болды[14], бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олардың сипаты араларында қара түсті, бір қолы әйелдің омырауы немесе ілініп тұрған ет сияқты ер кісінің пайда болуы болып табылады. Олар мұсылмандардың арасында бөліну орын алған заманда пайда болады», — еген. әл-Бухари 3610; Муслим 1064.

Зайд ибн Уахб әл-Жуханның[15] жеткізген дерегінде Али хауариждерге қарсы жорыққа аттанғанда, ол Алидің әскерінде болғаны жеткізіледі.  Али былай деп айтатын: ”Уа, адамдар! Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естідім: «Менің үмметімде Құранды оқушы адамдар пайда болады және  сендердің оқуларың олардың оқуларымен салыстырғанда, сендердің намаздарың олардың намаздарымен салыстырғанда, сондай-ақ сендердің оразаларың олардың оразаларымен салыстырғанда болмашы болады. Олар Құранды, ол олардың жақтаушысы деп санап, оқиды, алайда Құран оларға қарсы болады. Олардың намаздары бұғаналарынан төмен түспейді және олар діннен, жебе тесілген нысанадан тесіп өтетініндей, тесіп шығады». Ал егер олармен (соғыс майданында) кездескен әскер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен кепілдік берілген нәрселер туралы білсе еді, олар міндетті түрде өзге салиқалы амалдарды қалдырар еді. Олардың сипаттары – араларында қолының иыққа дейінгі бөлігі бар, бірақ шынтағы жоқ және оның жоғары жағы әйел омырауының емшегі сияқты, ал онысының үстіне ақ жүн қаптап өскен ер адамның пайда болуы. Муауияға және Шамның тұрғындарына аттанып, сендер оларды (хауариждерді) арттарыңда балаларыңмен және мал-мүліктеріңмен бірге қалдырып барасыңдар! Аллаһпен ант етемін, олар (хауариждер) харам етілген қанды төкті және адамдардың малына қол сұқты! Сондықтан Аллаһтың атымен әрекет етіңдер (оларға қарсы соғысыңдар)!”

Саләма ибн Куһәйл былай деді: ”Зайд ибн Уахб бірде маған былай деді: «Тура сол күні (біз хауариждерге қарсы шыққанымызда және сол жерде орналасқан) көпірге жеткенімізде, олардың басшылығында Абдуллаһ ибн Уахб әр-Расиби болды.[16] Абдуллаһ ибн Уахб оларға: ”Найзаларыңды лақтырыңдар және қылыштарыңды жалаңаштаңдар, өйткені олар сіздерге Харура күніндегідей шабуыл жасап жатыр деп ойлаймын”, — деді. Олар кішкене шегінді де, кейін найзаларын қарама-қарсы жаққа қарай атты, содан соң қылыштарын жалаңаштады. Алидің әскеріндегі адамдар найзаларын алға шығарған күйінде оларға қарай бастырып жүрді де, найзаларын оларға қадады және олардың әрқайсысын бірінен соң бірін өлтіре бастады. Сол күні Алидің әскерінен тек екі адам ғана қаза тапты. Али: ”Олардың арасынан мүгедекті іздеңдер”, — деді. Олар іздеді, бірақ таппады. Сонда Али орнынан тұрып, көп мәйіттер жатқан жерге келді де: ”Оларды бірінен соң бірін көтеріңдер!” — деді. Ақырында олар оны мәйіттердің астынан тауып алды. Али: ”Аллаһу Әкбар!” — деп дауыстап жіберді де: ”Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шындықты айтты”, — деді. Кейін Убайда әс-Сәлмән оған жақындады да: ”Уа, мүміндердің әмірі! Өзінен өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ болған Аллаһпен саған жалбарынамын, сен мұны Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естідің бе?” — деп сұрады.  Ол: «Иә, Өзінен басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ болған Аллаһпен ант етемін, мен бұл сөздерді Аллаһтың Елшісінің өзінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естігенмін», — деді.  Убайда Алиден үш рет ант ішуін сұрады және ол осыны істеді»“. Муслим 1066.

Сондай-ақ Абу Са’идтен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның үмметінде мұсылмандардың арасында келіспеушіліктер болған кезде пайда болатын және «бастары кырылғандар» деп аталатын адамдар тобының пайда болуы туралы айтып кеткенін жеткізіледі. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар жаратылыстардың ішіндегі ең нашарлары және екі топтың ішіндегі ақиқатқа жақындау болғаны олармен шайқасқа түседі», — деп айтатын. Сосын Абу Са’ид: «Уа, Ирактың тұрғындары, сендер оларды өлтірдіңдер!», — деді.  Муслим 1065.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Менің үмметім екі топқа бөлінеді. Ал әл-Мариқа (шығып кеткендер) сол екеуінің аралығында болады. Осы екі топтың ақиқатқа ең жақын болғаны оларды жояды». Муслим 1065; Ахмад 3/79. Бұл жерде Ахмадтың риуаяты келтірілген.

Ибн Касир былай деген: «Бұл хадис Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл оқиға тура Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) баяндаған кейпінде орын алды. Шамның тұрғындарын кәпірлер деп санайтын (өйткені олар Му’ауияны қолдағаны үшін) надан және залым рафиди-шиғалардың сенімінен айрықша, бұл хадис екі тарап та: Му’ауияның жақтаушылары, яғни Шамның тұрғындары да, сондай-ақ Алидің жақтаушылары, яғни Ирактың тұрғындары да (олардың араларында орын алған оқиғаларға қарамастан) мұсылмандар болып табылатынына нұсқайды. Алидің ұстанымы дұрыс болғандығы — әһлю-Сунна уәл-жама’аның мазхабы. Му’ауия онымен шайқасуда өзінің тұжырымына (ижтихадына) сүйенді де, қателік жіберді, бірақ ол бір сауап алады, инша-Аллаһ. Ал Али өзінің дұрыс шешім шығарғандығы үшін екі есе сый алады. Имам әл-Бухаридің жинағында  Амр бин әл-Астан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер үкім шығарушы ыждағат танытып, шешім қабылдаса және ол дұрыс болса — ол екі сый алады, ал егер ол ыждағат танытып, қателессе — онда бір ғана (сый алады)». Қз.: «әл-Бидая уә ән-нихая» 10/563.

Али хауариждермен Шамдағы Саффайн шайқасынан кейін де Куфаға қайта оралған сон шайқасты. Ол Куфаға кірген кезінде оның әскерінен бір топ бөлініп шықты. Олардың саны 16 мың, не 12 мың адам немесе одан аздау еді деп айтылады. Олар Алидің әскерінен бөлініп шығып, оған қарсы көтеріліс жасады. Олар Алидің кейбір әрекеттеріне наразы болды. Сол себепті Али оларға Абдуллаһ ибн Аббасты жіберді, ол бұл іске айқындық енгізуі үшін. Абдуллаһ ибн Аббас олармен көптеген тақырыптарға пікірталас жүргізді және олардың барлық күмәндарына жауап берді. Олар өз сенімдерінің қате екендігіне көз жеткізгенде, көбі тәубе етті және бұл жолдан кері қайтты, ал кейбіреулері соқыр түрде қасарыруын жалғастыра берді.

Алидің өзінің де олармен кездесуге аттанғаны және олар наразы болған мәселелерді талқылағаны да жеткізіледі, олар осыдан соң өз сенімдерінен қайтып, онымен бірге Куфаға кірген.

Кейін олар келісім-шартты бұзып, өздерінің бұрынғы сенімдеріне қайта оралды.[17] Бірін-бірі өздерінің жолдарына «жақсылыққа үндеу және жамандықтан тыю» (әл-амр биль мә’руф уә-ннахий ‘ән иль-мункар) ұранының астында шақырды. Кейін ән-Нахрауан деген жерге аттанды[18] және сол жерде Али олармен шайқасты. Қз.: «әл-Бидая уә ән-нихая» 10/564.

Бұл надандардың ерекше сипаттарының бірі – олардың басқаларға қарағанда құлшылықта ыждағатты болуы еді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар ең дұрыс сенімдерге ие болған бұл үмметтің ең жақсы адамдарынан намаздарда және құлшылықтың өзге түрлерінде ыждағыттылық танытатынын ескерткен. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сендердің намаздарың олардың намаздарымен салыстырғанда және сендердің оразаларың олардың оразаларымен алыстырғанда өздеріңе болмашы болып көрінеді», — деп айтқан.  Муслим 1064.

Алайда олардың құлшылықтары көп болуына қарамастан, бұл оларға ешқандай пайда бермейді! «Не үшін?» — деген сұрақ туындайды. Өйткені амалдар екі шартқа сәйкес болғанда ғана Аллаһ оларды қабыл етеді:

1.    Амал ықыласты түрде тек Аллаһ үшін орындалған болуы қажет. Бұл амалды жасаған кезде көзбояушылық (рия) және сол сияқты басқа факторлар болмауы тиіс дегенді білдіреді.

2.    Амал Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес болуы керек.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Ол – кімнің амалдары жақсырақ болатынын сынау үшін, Аршысы судың үстінде орналасқан кезде көктер мен жерді алты күнде Жаратқан» (Худ 11: 7). [19]

Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд бұл аятқа қатысты былай деген: «Бұл кімнің амалдары ықыласты және дұрыс болады дегенді білдіреді!» Оған: «Ықыласты және дұрыс деген нені білдіреді?» — деп сұрақ қойғанда, ол: «Ақиқатында, амалдар ықыласты болып, бірақ дұрыс болмаса, олар қабылданбайды және амалдар дұрыс болып, бірақ ықылассыз болса, олар ықыласты және дұрыс болғанынша қабылданбайды. Ықыласты істер – Аллаһ үшін орындалатындары, ал дұрыс істер –  Сүннетке сәйкес келетіндері».  Абу Ну’айм “әл-Хилия” 8/95.

Ықылас мұсылман адамның Аллаһтың разылығы үшін істейтін амалдарының қабылдануы үшін шарт болып табылады. Егер амал Аллаһ үшін жасалып жатқанда ниетке бір нәрсе қосылса, онда мұндай амал қабыл етілмейді. Егер біреу құлшылық жасау барысында оны білімнің негізінде емес, бірақ ықыласты түрде, риядан қашып орындаса, ал мұнымен бір мезгілде амалдың Сүннетке сәйкес келуін назарына алмаса, онда мұндай құлшылық та одан қабыл болмайды, тіпті ол ықыласты болса да.    Сондықтан мұсылман адам амалдары шариғатқа сәйкес болуына, дұрыс және Аллаһ Тағала үшін ықыласты болуына ұмтылуы қажет.

Жоғарыда аталған хауариждердің амалдары ықыласты болған болуы мүмкін. Олар ғибадаттағы ыждағаттылықтарына қарамастан, бәрібір діндегі нысапсыздықтарының, надандықтарының және мұсылмандарды күпірлікте айыптауларының себебінен діннен шықты!

Олардың надандығының дәлелі Али ибн Абу Талибтің кезінде орын алған оқиғалар болып табылады. Али оларды дұшпандарға қарсы соғысуға және сабырлық танытуға шақырды. Али Шам тұрғындарын шабуылдағысы келгенде оған хауариждердің фитна таратып, қан төгіп, қарақшылық жасап және адамдардың ар-намысына қол сұғып жатқандығы жайлы хабар жетеді. Олардың жазықсыз құрбандарының арасында хауариждер тұтқынға алған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  сахабасы мен оның жүкті әйелі болды.

Хауариждер одан: «Сен кімсің?», — деп сұрайды. Ол: «Мен — Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абдуллаһ ибн Хаббабпын, сендер маған қорқыныш ұялатудасыңдар», — деді[20].  Олар оған: «Қам жеме. Бізге өзіңнің әкеңнен естігеніңді айтып берші», — деді. Ол: ”Мен әкемнің: «Мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): ”Бүліктердің  уақыты келеді, ол кезде отырушы адам тұрып тұрғаннан, тұрып тұрған жүріп бара жатқаннан, жүріп бара жатқан жүгіріп бара жатқаннан жақсырақ болады[21]”, деп айтқанын естігенмін», — дегенін естідім”, — деді. Ахмад 5/110, ‘Абдур-Раззақ 18578, әт-Табарани 3631. әл-Қушайри, әс-Сан’ани, Ахмад Шәкир және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Кейін олар оны байлап, өздерімен бірге алып жөнелді. Жол-жөнекей олар бір зиммийге[22]   тиісті болған доңызды көрді. Олардың біреуі оны қылышымен ұрып, терісін кесіп тастады. Басқасы оған: «Сен не үшін бұлай істедің? Ол зиммийдің малы ғой!», — деді. Кейін ол доңыздың иесіне барып, оны разы болған күйінде қалдырмайынша онымен жұмсақ түрде әңгімелесті. Сондай-ақ, олардың біреуі ағаштан түскен құрманы алып жейін деп жатқанда, басқасы оған: «Сен мұны рұқсат сұрамай және ол үшін ақысын төлемей алдың!», — деді. Ол сол кезде оны бірден аузынан шығарды. Алайда мұның барлығына қарамастан, олар Абдуллаһ ибн Хаббабты сойып тастады, ал оның әйелінің «Мен – жүкті әйелмін, сонда сендер Құдіретті Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?» деген сөздеріне қарамастан, басын шауып, қарнын жарып, ішіндегі баласын лақтырып тастады. Қз.: “әл-Бидая уә-ннихая” 10/583.

Хауариждердің іс-әрекеттеріне назар салыңыздар! Олар екінші дәрежелі істерде тақуалық танытады да, ал мұсылманды өлтіру сияқты ұлы қылмыста немқұрайлы болады. Аллаһ оларға лайықты жазасын берсін! Олар доңыздың иесі кәпір болса да, онымен мәселені шешіп,  оны разы етіп қалдырды! Сондай-ақ олар сақтық танытып пальмадан түскен құрманы жемеді, алайда олар мұсылманды өлтіруде тақуалығын танытпады!

Мұндай мысалдар біздің кезімізде өте көп. Мысалы, олар христиан кәпірлердің елінен келген етті жеуде шектен шыққан сақтық танытады[23], алайда «Пәлен – кәпір, түген – кәпір!»  деп айтып, мұсылмандарды күпірлікте айыптаудан қауіптенбейді. Ал олардан: «Дәлелдерің қандай?» — деп сұраса, олар сосын барып дәлел іздей бастайды.[24] Әмірлердің немесе басқа адамдардың біреуін күпірлікте айыптау үшін олар кейбір шариғи дәлелдерді өздерінің әуес-қалауларына сәйкес тәпсірлеуге тырысады. Өйткені олар оны күпірлікте айыптамаса, олардың жоспарлары іске аспайды және олар әмірге қарсы шығу (хурудж) міндетті деп айта алмай қалады ғой.

Мұсылман әмірі кәпір болмайынша оған қарсы шығуға рұқсат етілмейтіндігі баршаға мәлім. Сондықтан да барлық нәрсе әмірді күпірлікте айыптаудан басталады, кейін олар адамдарды олардың әмірі Исламнан шыққандығына сендіргісі келеді. Ал адамдар осымен келіссе, олар адамдардың назарын оған қарсы көтеріліске бағыттайды.

Қазіргі кезде бұл қасірет көптеген мұсылмандарға келіп тиді. Такфир мәселесі жеңіл мәселе емес, керісінше, ауыр. Сондықтан Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атаған және оның күпірлігінде мұсылмандар бірауызды келісімде болған адамнан өзгені кәпір деп атауға болмайды.[25]

Али былай деп баяндаған: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әз-Зубайрды, әл-Миқдад ибн әл-Асуадты және мені бір істі орындау үшін жіберіп, былай деді: «Хах бағына[26] қарай аттаныңдар, ол жерде хаты бар әйелді табасыңдар. Одан сол хатты алып қойыңдар».  Біз өзіміздің аттарымызды баққа жеткенше қуа бердік. Сол жерде біз әйелді көрдік те, оған: «Хатты бер!», — дедік. Ол: «Менде хат жоқ!» — деді. Біз: «Бізге хатты бермесең, сенің киіміңді шешіп тастаймыз!», — дедік. Содан соң ол шашының арасынан хатты алып шықты, ал біз оны алып, Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайта оралдық. Бұл хатта  Хатыб ибн Аби Бальта’а Мекке мушриктеріне Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазған болатын.[27] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сені бұған не итермеледі, уа, Хатыб!»[28] — деді. Хатыб: «Уа, Аллаһтың Елшісі, маған қатысты қорытынды шығаруға асықпа! Мен құрайштықтардың арасында тұрдым, бірақ мен олардан емеспін. Мухажирлердің Меккеде мал-мүлкі мен жанұяларын қорғайтын қандас туысқандары бар. Ал мен олармен қандас туысқандығым болмағандықтан, олардың арасынан отбасымды қорғайтын өзіме одақтас тапқым келіп еді. Мен мұны істегенімнің себебі — күпірлік, діннен бас тарту немесе күпірлікке жақын болу емес!» Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол сендерге шындықты айтты!», — деді. Сонда Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Маған рұқсат бер, мен бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» — деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Ол Бадр шайқасының қатысушысы, сен қайдан білесің, Аллаһ Бадр шайқасының қатысушыларына қарады да: «Қалағандарыңды істеңдер, өйткені мен сендерді кешірдім», — деді»”. әл-Бухари 3983; Муслим 2494.

Мүміндерге қарсы кәпірлерге көмектесу күпірлік болып табылатынына күмән жоқ және Аллаһ Тағала былай деген: «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар» (әл-Мумтахина 60: 1).

Көрініп тұрғандай, Хатыбтың әрекеті сырттай күпірлікке ұқсап тұрды. Алайда Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл не, уа, Хатыб?» — деген сұрағына ол құрайштықтардың арасынан өзінің отбасы мен мал-мүлкі үшін қорғаушы тапқысы келгенін және ол мұны діндегі күмәннің себебімен істемегенін айтып, жауап берді.

Хатыбтың әрекеті сырттай күпірлік болып табылады, алайда ішкі ниеті оның сыртқы амалын растамады. Ал сол себептен оны күпірлікте айыптауға және Исламнан шығаруға рұқсат етілмеді.[29]

Бұған сондай-ақ мына хадис те жатады: ”Күнә жасайтын бір адам өмір сүрген еді. Оған өлім жеткен кезде, ол өзінің балаларына былай деп айтты: «Мен өлсем, менің мәйітімді өрттеңдер де, кейін күлін желге ұшырып жіберіңдер. Және, Аллаһпен ант етемін, егер менің Ием (Раббым) мені қайта тірілте алса, ол мені бұған дейін басқа ешкімді жазаламағандай етіп жазалайды!» Ол өлгеннен кейін, (балалары) онымен тура өзі өсиет еткендей істеді.  Кейін Аллаһ Жерге: «Оның барлық қалдықтарын жина!» — деп бұйырды. Жер әмірді орындады, және ол өзінің Иесінің (Раббысының) алдына тұрғызылды. Сонда Аллаһ одан: «Сені бы/ұ/лай істеуге не мәжбүрледі?» — деп сұрады. Ол: «Уа, Ием, Сенен қорқуым», — деді және Аллаһ оны кешірді”. әл-Бухари 3481, Муслим 2756.

Яғни бұл адам мұндай амалды Аллаһтан қорыққандығынан істеді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Бұл ер кісі Аллаһ Тағаланың барлық нәрсеге Құдіретті екеніне және оны желмен ұшырып жіберілген күлден қайта тірілтуге қабілетті екендігіне күмәнданды. Бұдан қалса, ол қайта тірілмеймін деп ойлады, ал мұндай көзқарастар  бірауызды келісім бойынша күпірлік болып табылады. Алайда бұл ер адам надан еді және мұны білмеді. Және осыған қоса ол иман келтірген, Аллаһтың жазасынан қорқатын еді, міне осы үшін ол кешірілді”. Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 3/231.

Күпірлікте айыптау мәселесі қандай да бір мұсылманды салмақты дәлелдерсіз күпірлікте айыптауға болатындай соншалықты жеңіл емес. Тіпті егер салмақты дәлелдер табылса да, айыптау білім иелері тарапынан болуы керек.[30]

Хафиз Ибн Касир хауариждер туралы былай деген: “Мен: «Хауариждер — Адамның ұрпақтарының ішіндегі ең біртүрлі адамдар. Өзінің жаратылыстарын әртүрлі еткен және барлық нәрсені ұлы тағдырда жазған Аллаһ Пәк!  Кейбір саләфтардың (салиқалы алдынғы буын өкілдерінің) “Аллаһ Тағаланың хауариждер туралы: «(Мухаммад): “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, — де. Олар — дүниедегі тырысулары зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік”, — деп ойлайды. Міне олар — Раббыларының аяттарына әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға Қиямет күні еш мән бермейміз» (әл-Кахф 18: 103-105), — деген аяттарында хауариждер меңзелген“, — деген сөздерінен не жақсы болуы мүмкін. Мұның мәні – бұл надандар терең адасушылықта екендігінде. Олар өздерінің сөздерінде де, істерінде де бақытсыз. Олар мұсылмандардың негізгі бөлігінен бөлініп шыққысы келді. Мәдинада жиналып және күшейіп болған соң олар бірге жиналу үшін өздерінің бауырларын және ортақ пікірлестерін шақыра бастады.   Зайд ибн Хусайн әт-Таи оларға: «Сендер Мәдәинге топ-топ болып кіре алмайсыңдар, өйткені ол жерде сендерге кедергі жасайтын күшті әскер бар. Адамдарыңа олар Джух өзенінен өтетін көпірге жиналсын деп айтыңдар. Куфадан топ-топ болып емес, бір-бірлеп шығындар, (адамдар) ешнәрсе сезіп қалмауы үшін”,  — деді.

Олар Басрадағы және басқа жерлердегі өз жақтастарына хат жазып, жиналатын жерлерін көрсетті және бірігуге шақырды. Осыдан кейін олар кедергілермен кездеспеуі үшін қаладан бір-бірден шыға бастады. Олар өз үйлерін әкелері, бауырлары, көкелері мен апалары білмейтіндей етіп тастап шықты. Олар білімнің негізінде емес, өздерінің шағын ақылының негізінде жасалған надан әрекеттері Аллаһтың разылығына жеткізеді деп пайымдады. Алайда олар бұл әрекеттердің  Тозақ отына алып баратынын және Адам мен оның ұрпақтарына деген дұшпандығы үшін Аллаһтың Рахымынан алыстатылып, көктерден қуылған Ібіліс тарапынан оларға әдемі етіп көрсетілген үлкен күнә екендігін білмеді!» Қз.: «Әл-бидая уә ән-нихая» 7/228.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлерге қарсы шығатындармен және оларға бағынбайтындармен соғысуды бұйырды.[31] Тура соны Аллаһ Тағала да былай деп бұйырды: «Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; мұбада екі жақтын бірі екіншісіне қастандық жасаса, қастандық жасаушы жаққа қарсы, олар Аллаһтың әміріне оралмайынша, соғысыңдар» (әл-Худжурат 49: 9).

Аяттан көрініп тұрғанындай, Аллаһ Тағала мұсылмандардың әділетсіз тобымен соғысуды бұйырды.[32]  Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Али хауариждерге қарсы күресінде хақ болатынына нұсқады және онымен бірге соғысқандар өктемдік жасаушыларға қарсы соғысқан еді. Сондықтан егер адамдардың тобы мұсылмандардың әміріне қатысты шекке шығушылыққа түссе және оған қарсы шықса, онда барша мұсылмандар билік иелерімен бірге олармен соғысуы қажет.

Хадистерде хауариждердің пайда болуы бір ғасырмен шектелмейтіні жеткізіледі. Керісінше, олар кейінгі ғасырларда да және тіпті Дәжжәлдің кезінде де пайда бола береді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Ақырғы Заманда адамдардың бір тобы пайда болады және мына адам[33] олардың қатарында болатындай. Олар Құранды оқиды, бірақ ол олардың кеңірдектерінен төмен түспейді! Жебе тесілген нысанадан жарып өтетініндей, олар діннен шығады! Олардың негізгі сипаты қырылған бастары болып табылады. Олар әр ғасырда пайда болады және олардың соңғылары Дәжжәлмен бірге шығады. Олар менің үмметімнен болған ең жаман адамдар, сондықтан оларды қай жерде кездестірсеңдер —  өлтіріңдер!». Бұл хадисті ән-Насаи жеткізген.

Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар әр ғасырда пайда болады және олардың соңғылары Дәжжәлмен бірге шығады», — деген. Хадисте айтылғандай, бұл адамдар әр кезде, тіпті Қияметке дейін және Дәжжәлдің шығуына дейін болады. Ал олардың бір тобы Дәжжәлмен бірге шығады.

Ғалымдар бұл хадис жайлы Алиге қарсы шыққан хауариждер туралы деректерді келтіргенде айтып өтеді. Алайда егер біз назар салсақ, онда бұл хадистің таяу арада ғана Мәсжид әл-Харамды халал деп санап, оның есіктерін жауып тастап, көптеген мұсылмандарды өлтірген және мұсылмандарға онда жарты айға жуық уақыт бойы намаз орындауға бөгет жасаған адамдарға қатысты екендігіне көз жеткіземіз.[34]

Али ибн Абу Талиб былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Ақырғы заманда жаратылыстардың ең абзалының (Пайғамбардың)  сөздерін айтатын жас әрі ақылы бойынша зердесіз (парықсыз) адамдар пайда болады, алайда садақтан атылған жебе сияқты, олар Исламнан шығады. Бұл адамдардың иманы олардың кеңірдектерінен төмен түспейді, сондықтан да оларды қай жерде кездестірсеңдер — өлтіріңдер, өйткені оларды өлтірген осы үшін Қиямет Күні сый алады».  әл-Бухари 3611; Муслим 1066.

Бұл сипаттар (жастық және зердесіздік) Алиге қатысты бүлік көтерген хауариждерге тән емес еді, өйткені хадисте: «Ақырғы заманда», — деп айтылып тұр ғой. Хауариждерге қатысты көптеген хадистерде: «Ақырғы заманда», — деген сөздер айтылмайды да: «Адамдардың бір тобы пайда болады», — деп айтылады. Алайда Алиге қарсы бүлік көтерген хауариждер алғашқы уақытта өмір сүрген еді.

Жоғарыда келтірілген хадисте: «…жас…», — деп айтылады. Ибн әл-Асир былай деген: ««Жас» деген сөз жастықтың алғашқы кезеңіне нұсқайды».  Қз.: «ән-Нихая» 1/351. Олар жетілген жасқа жетпеді және ақиқатты танымады. Бұл сондай-ақ әл-Харам Мешітін басып алғандарға да қатысты, ал Алиге қарсы шыққан хауариждер жасы толған адамдар болатын және олардың арасында шалдар да бар еді.

Сондай-ақ хадисте: «…ақылы бойынша зердесіз (парықсыз)», — деп айтылады. Ибн әл-Асир былай деді: «Түсінігі, ақыл-ойы, санасы және сақтығы жағынан әлсіз адам меңзеледі». Қз.: «ән-Нихая» 1/434. Осы сипаттамалар жоғарыда аталған адамдарға да қатысты. Алайда Алидің кезіндегі хауариждер парықсыз емес, есті адамдар еді.

Кейін хадисте: «…жаратылыстардың ең абзалының сөздерін айтады», — деп келеді. Бұл – олар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен сөйлейді. Бұл тәпсір кейбір хадис түсіндірушілердің пікінше дұрыс болып табылады. Қз.: «‘Аун әл-Мә’буд» 13/80. Ал Алидің кезіндегі хауариждер: «Бізге Раббымыздың Кітабы жетіп асады», — деп айтатын еді.

Алайда Меккеде бірнеше жыл бұрын көтеріліс жасаған адамдар өздерін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандарына ілесіп жатырмыз деп есептеді. Әрине, олардың бұл ұстанымы дұрыс емес еді және олар адасушылықта еді. Олар жаратылыстардың ең абзалының сөздерімен сөйледі және соған ілесеміз деп ойлады да, өздерін хадис иелерінен деп санады. Алайда олар адасты, өйткені Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін түсінбегендіктен,  олардан емес еді. Ал іс жүзінде олар жас еді, бұл орын алған оқиғалар туралы хабардар адамдарға белгілі болғандай. Олардың көбі түсінігі әлсіз, діни мәжілістерге қатыспаған жас надандар болатын. Менің ойымша, бұл хадис осы адамдарға толығымен сәйкес келіп тұр. Қалай болған жағдайда да, олар мойынсұнудың шекарасынан шықты, әмірге қарсы көтерілді және жауыздық жасады.

Алайда бұл «Хауариждер Исламнан шықты және кәпірлерге айналды» дегенді білдірмейді. Али оларды кәпірлер деп атамады. Алайда олардың адасқан адамдар болып табылуы жетіп асады. Сондықтан Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметінде олардан ешкім қалмайынша оларды өлтіру және олармен соғысу қажет, өйткені олар алып келетін бұзақылық пен жауыздық зор![35]

Хадистердің біреуінде былай деп жеткізіледі: «(Біреулер) Ибраһимнің орны (Мақам Ибраһим) мен Қағбаның қабырғасы арасында бір адамға ант береді. Осы адамдардан басқа ешкім бұл үйді (қан төгу үшін) халал деп санамайды. Олар бұл Үйді халал деп санаған кезде арабтардың опат болуы туралы сұрамай-ақ қой!» Ахмад 2/351; Ибн Хиббан 6872; әт-Таялиси 2373; Ибн әл-Джә’д 2810. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Кейбір діндарлар бұл хадисті Махдидің пайда болу кезіне қатысты деп айтады. Алайда мен бұл хадис жоғарыда аталған бүлікке қатысу туралы ант бергендерге қатысты деп есептеймін. Өйткені Махдиге ант берілгеннен кейін Қағба қан төгу үшін халал болмайды. Алайда бұл адамға (Жухайманға) ант берілген кезде, Қағба халал етілді (ол жерде қан төгілді). Ал Аллаһ жақсырақ біледі!

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан ғасырлар бойы әмірлерге қарсы шыққандар хауариждер деп аталуға лайықты және хауариждерге лайықты жазалауға, яғни өлімге  лайықты екендігі айқын болады.[36] Олармен таяу арада лаңкестік акт жасағандарға[37] істегенді істеу қажет.

Ақиқатында, бұл елде жазықсыз адамдарды өлтіру – шариғат қабыл етпейтін қате ижтихад. Осыдан алдын Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұрыс шешім шығарған мужтахидке екі сауап, ал шешім шығарып қателескен мужтахидке бір сауап берілетіндігі туралы айтқан сөздері  келтірілген еді. Алайда бұл ереже қандай мәселелерге қатысты?! Екінші кезекті мәселелерге. Ал ақида және манһаж мәселелерінде ижтихад танытуға келер болсақ, бұған ешқандай сауап жоқ. Оларға қатысты Құран мен Сүннет мәтіндері болған мәселелерде ижтихад жасаудан қалыс қалу қажет. Бұған Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіру туралы әмірі нұсқайды және олар, бұл жөнінде хадистерде айтылғандай, басқалардан көбірек өлімге лайықты.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждер өздерінің амалдары үшін сауап алады деп айтпады, қайта керісінше, сауапты оларды өлтіретіндер алады деді.[38]  Өлтірілген хауариждер адамдардың ең жамандары болып табылады. Кейбір хадистерде олар Тозақ тұрғындарынан болған иттер болатыны туралы хабарланады.[39] Бұл дүниеде оларды өлтіру әмір етілген, ал болашақ өмірде оларға тиесілі болғаны – От, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай. Оларға қате ижтихады үшін ақтау жоқ, өйткені ақида мен манһаж мәселелерінде ижтихадқа орын жоқ! Саләфтардың манһажына ілесу қажет және олардың жолымен жүретін, ақиқатты жалғаннан ажырата білетін ғалымдардан ұстану қажет.

Ибн Касир былай деген: ”Ән-Нахрауан күні адамдар: «Уа, мүміндердің әмірі! Оларды жойған Аллаһқа мадақ!» — деді. Али: «Жоқ, Аллаһпен ант етемін, олар ерлердің белдерінде және әйелдердің құрсағында әлі де қалды, — деді, — яғни олар әлі пайда болады. Олар ең жамандардың арасында пайда болады және өз жақтастарын тапқан соң бүлік үшін өз күштерін біріктіреді“, — деді.

Ибн Касир сондай-ақ былай деді: «Абдуллаһ Ибн Уахб әр-Расибидің сәжде жасайтын жерлері (мүшелері) ыждағатты құлшылықтан және жиі сәжде жасаудан (намаздардан) күстеніп кетті. Оны тіпті куәлік иесі деп те атайтын».

Хайсам ибн Адий Исмаильден, ал ол Халидтен, ал ол Әлқама ибн Амирден: ”Алиге «Ән-Нахрауанның адамдары мушриктер болып табылады ма?» деген сұрақ қойылды. Ол: «Олар көпқұдайшылықтан қашты», — деп жауап берді. Оған «Олар екіжүзділер болып табылады ма?» деген сұрақ қойылды. Ол: «Екіжүзділер Аллаһты аз зікір етеді», — деп жауап берді. Оған: «Уа, мүміндердің әмірі, ендеше олар кімдер?» — деп қайтадан сұрақ қойылды. Ол: «Олар бізге қарсы шыққан біздің бауырларымыз[40] және осы себепті біз олармен соғысып жатырмыз», — деп жауап берді. Мұны Ибн Касир Ибн Жәрирден жеткізді”. Қз.: «әл-Бидая уә ән-нихая» 10/590.

Хауариждік көзқарастардың біздің кезімізде пайда болуының себептері

Бұл ел[41] такфирдің алғаш дүниеге келген жері емес. Бұл жалған және жексұрын манһаж осы елден тыста пайда болды. Ал енді ол бұл елге қалайша кірді деген сұрақ туындайды.

Бұл ел салиқалы дін өкілдерінен болған сенімге лайық ғалымдардың жолымен жүруді жалғастырып келуде. Соңғы ғасырларда бұл елде саләфи шақыруының таралуы Мухаммад ибн Абдуль-Уаххабтың әрекекетінің нәтижесінде басталды. Бұл шақыруды таратуда ол шейхуль-Ислам Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимнің және өзге де саләфи ғалымдардың көзқарасын басшылыққа алды. Ол дағуаттың таралуына дұрыс шақыруды таратқан Ибн Са’уд патшаның (Аллаһ оған рахым етсін), оның ұлдарының және немерелерінің көмегімен қол жеткізді. Ал қазір біз тура сол игілікте тұрмыз. Адамдар бірыңғай манһаждың төңірегіне бірігіп, ғалымдарға қарсы келмеді, ал ғалымдар осы жолға ілесіп, өзара келіспеушілікке түспеді. Кім осы ғалымдардың манһажына қатысты өз білімдерін арттырғысы келсе,   осы ғалымдардың ғылыми еңбектері жинақталған «әд-Дурару-ссәнийя» кітабына жүгінсін.

Такфирдің негіздері осы елге тыстан келген және жастардың арасында осы көзқарастарды таратып жүрген келімсектер тарапынан қаланды. Олар – дінді алатын көздері сәләфи шақыруы болмаған адамдар. Олар жастар арасында ұрыс-керістің дәндерін сеуіп, адасқан топтарға қосылуға шақырды.

Осы жерден Ауғанстанға кеткен көптеген жастар ол жерде өздеріне такфир ойларын жеткізген адамдарды кездестірді. Ал ол адамдар өздерінің елдерін тастап кеткен еді, өйткені әмірлерге қарсы шыққандығы үшін жазаға тартылудан қорықты. Ал іс жүзінде олар өз елдерінде қалып, ең жақсы әдістер арқылы адамдарды дінге шакыруы керек еді, адамдарға пайда келтіретін істермен айналысып, оларға жамандық тигізетін адамдармен кездеспеуі қажет еді. Алайда хауариждердің манһажы – бұл бүлік пен үрей тарату, әмірлерге ашық қарсы шығу, олардың қателіктерін ақтарып, жариялау т.с.с.

Олардың үкіметпен қақтығыстарының салдары олардың тұтқындалуы, қинауға салынуы және елден айдалуы болды. Кейбіреулері өз елдерін тастап кетіп, әмірлерді, ғалымдарды және жалпы мұсылмандарды күпірлікте айыптап, наразылық білдіре бастады.[42]

Олар ақида және манһаж мәселелеріндегі ең надан адамдар болып табылады. Олардың кейбіреуілері бірнеше хадистерді немесе белгілі бір мәселені жаттап алып, өздерін муфтилер және шейхуль-Исламдар деп санайды. Кейін олар бүкіл ислам қауымдастығын күпірлікте айыптайды да, тек өздерін ғана хақ деп санайды. Ал білімге ие болмаған кейбір жас кісілер оларға әуестеніп-алданады да, олардың ықпалына түседі.

Жарылыстарға қатысқан адамдар дәл осы әдістерді қолданған болатын. Олар өздерін көзқарастарын дұрыс деп санап, қате ижтихад шығарды және осы себепті ақтаудан айырылды, өйткені ғалымдардан білімді алмады.  Барша адамдар ғалымдардың жолын ұстанып, олардан алыстамауы қажет. Ибн Аббастан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Игілік сендердің қарттарыңмен бірге», —  деп айтқаны жеткізіледі. Бұл хадисті Ибн Хиббан, әл-Хатыб, әл-Када’и және Абу Ну’айм сахих иснадпен жеткізген.

Алайда, ұлы өкінішке орай, олар шейх Абдуль-Азиз Ибн Базды (Аллаһ оны рахым етсін)[43], ол Мухаммад ибн Ибраһимнің оқушысы екендігін және ол шейх Мухаммад ибн Абдуль-Уаххабтан да алдын өмір сүрген Ибн Таймияның, Ибн әл-Қайимның, төрт имамның, табиғиндердің және сахабалардың жолына ілескенін біле тұра, күпірлікте айыптады. Осыған қарамастан олар оны кәпір деп атап, одан ешқандай білім алуға болмайды деп жариялады.[44]

Бүгінгі күн кешегі күнге нендей ұқсас. Алидің заманындағы хауариждер өздерінің әрекеттерін шыншыл деп және осы әрекеттер арқылы Аллаһқа жақындаймыз деп санады және тіпті бұған кәміл сенді. Сондықтан Нахрауан шайқасында олар: ”Үкім Аллаһқа ғана тән! Жәннатқа асығыңдар, асығыңдар!…», — деп айтты. Абу Айюб былай баяндайтын: ”Шайқас кезінде мен бір хауариждің арқасына соққы бердім де, оған: «Тозаққа сапарың сәтті болсын, уа, Аллаһтың дұшпаны!», — дедім. Ал ол маған: «Оған екеумізден кім түсетінін сен кейінірек білесің!», — деп жауап берді”.[45] Қз.: «Тарих әт-Табари» 3/122.

Олардың, адасқан болса да, шайқасудағы табандылығы мен сабырлығына және олардың тіпті өлім кезіндегі күшті сеніміне назар аударыңдар!

Бүліктер мен адасушылықтардың таралуының негізгі себептерінің бірі – бұл адамдардың өздерін діннің білгірлері деп санайтын түрлі тұлғалардың төңірегіне бірігуі және алпыс, жетпіс және сексен жыл бойы білім талап еткен немесе өзгелерге білім берген ғалымдарды тастап қалдыруы.

Бұл ғалымдар білімдерді өздерінің ұстаздарынан алды, олардың кітаптарын оқыды және манһаждың ең жақсы білгірлері болып табылады. Оларды тыңдап және олардан білім алатынның әрбірі Аллаһтың рахымымен бұл қасіреттен аман қалады. Ал ғалымдарды қалдырып, өзінің жеке пайымдарына ілескендердің, өздеріне мәлім болған азғантай хадистерге сүйенетіндердің немесе надандарға ілесетіндердің  әрбірі міндетті түрде адасушылыққа түседі. Әл-Манауи «Файд әл-Қадирде» Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Игілік сендердің қарттарыңмен бірге» деген сөздеріне түсіндірме жасап: «Олардан даналық алу және жолына ілесу үшін, олармен бірге болу қажет», — деген.

Алайда біз Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге ешкім қателесуден сақтандырылмағанына кәміл сенімдіміз. Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен басқа кез келген адамның сөздері қабылдануы және қайтарылуы мүмкін. Біздің пікірімізше, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері кімнің болса да пікірінен, қалауынан және игілігі екіталай болған амалдарынан жоғары.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің арасындағы ықпалдыларға (іс басындағыларына) ұсынса[46], олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса 4: 83).

Шейх Абдур-Рахман әс-Са`ди бұл аятқа қатысты былай деген: «Бұл — Аллаһтың өз құлдарына осындай лайықсыз қылығы үшін жасаған сөгісі! Егер мүміндерге  баршаның игілігіне қатысты, мүміндер үшін қауіпсіздік және қуанышпен немесе олар үшін қауіп-қатермен байланысты маңызды дерек жетсе, олар оны асығыстықпен таратпауы керек. Олар оның шын екенін тексеріп, оны Елшіге  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), немесе білім мен ұстанымдылыққа ие, болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болған және пайда мен зиян мәселесін түсінетін адамдар арасындағы ықпалдыларына жеткізуі керек. Егер осындай адамдар: «Алынған деректерді жариялау мұсылмандарға пайда келтіреді, оларға күш береді және дұшпандарға қарсы тұруға көмектеседі», — деп шешсе, онда бұл жөнінде бүкіл халық алдында жария етіледі. Ал егер олар: «Осы деректерді жариялау мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмейді және оларға пайдадан көбірек зиян тигізеді», — деп шешсе, онда бұл жөнінде жарияланбайды. Міне, сондықтан Аллаһ: «Олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді», — деді, яғни маңызды деректерді өзінің дұрыс көзқарастарының және салиқалы білімдерінің себебімен талдай алатын адамдар білуі керек. Осыда  «Кез келген мәселені зерттеуді соған қабілеті жететін адамға тапсыру керек!» деген маңызды ережеге дәлел бар. Және ешкім маңызды мәселелерді осындай адамдардан[47] бұрын шешпеуі керек, өйткені олар дұрыс шешімге жақынырақ және қателіктерден көбірек қорғалған. Сондай-ақ осыда естіген нәрсені асығыстықпен жариялауға тыйым бар. Мұсылмандар өз сөздерінің үстінен ойлануы керек, олар пайда келтіретіні, не келтірмейтіні жайлы ой тоқтатуы керек”. Қз.: “Тафсир әс-Са’ди” 185.

Ақиқатында білімі әлсіз және тәжірибесі аз адам пайда мен зиян мәселесін ескеретін, білімді және тәжірибелі адаммен теңесе алмайды.[48] Өйткені үлкен жамандықтың алдын алу үшін (кейде) кіші жамандық жасалады. Көптеген адамдар бұл ережені елемей, бірден (Убада ибн әс-Самиттен жеткен) мына хадиске көшеді: «Сондай-ақ біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңды әмірдің  билігін тартып алуға, егер біз оның ол туралы Аллаһтан дәлелдер болған айқын күпірлікке түскенін көрсек қана,  талпынбаймыз деген ант бердік». әл-Бухари 7056; Муслим 1709.

Осыдан соң олар өздері алдын ала күпірлікте айыптаған әмірге қарсы шығуға құқықты деп ойлайды және өздерін Аллаһтың жолындағы муждахидтер деп санайды.

Бұл – жихадтың бұрыс түсінігі. Кейбіреулер егер өздерін кез келген кәпірлерге қарсы қарумен соғысуға қабілетті деп санаса, бұл Аллаһтың жолындағы жихад болып саналады деп ойлайды. Алайда бұл – айқын адасушылық. Әһли-Сунна ғалымдары ақида бойынша өздерінің еңбектерінде: «…жихад әмірмен бірге жасалады, ол салиқалы немесе бұзақы болуына қарамастан», — деп ескерткен.[49] Ал мұсылмандардың әмірінің басшылығынсыз жихад жүргізуге рұқсат етілмейді.[50] Егер әмір адамдарды жихад жасауға шақырса, олар оның осы шақыруына жауап беруі қажет. Ал егер әмір жихадты тоқтатса, ешкім оны жалғастыра бермеуі қажет, ал кім осыны жасаса – қателік істейді және бұл амал қайтарылады. Егер әмірлер жихадты жүргізуге күші бола тұра оны тоқтатса, күнә жасаған болады. Бірақ бұл жағдайда да олардың рұқсатынсыз ешкім жихадты жалғастыруға құқықты емес.

Әрі қарай, әмір кәпір болды және бұған барша бірауызды келісті делік, онда оған қарсы шығу қалайша іске асу керек?  Абуль-Ма’али әл-Жууайни[51] бұған байланысты: «Бұл – қатардағы адамдарға қатысты емес, бұл – ықпалды және білімді адамдардың ісі», — деген. Қз.: «Ғияс әл-умәм» 96.

Егер әмір кәпірге айналса, оны ауыстыру құзырлығына ие болған адамдар ғана ауыстыра алады, бірақ бүлік басталмауы және қан төгілмеуі керек деген шартпен.  Дәл сондай      қатынасты имам Ахмад Құранды жаратылған деп есептеген Аббаси әмірлеріне қатысты ұстанды[52]. Олар адамдарды осы сенімдерді қабылдауға мәжбүрледі, имам Ахмадқа және сол заманның басқа да діндарларына осы сенімдерді мойындату үшін азап шектірді. Сөзсіз, бұл сөздер – күпірлік, әрі имам Ахмад адамдарды осы сөздерді айтқандығы үшін күпірлікте айыптады, алайда оған бір топ адам келіп: «Біз әмірлерге қарсы шыққымыз келеді!», — дегенде, ол оларға: «Мен бұған рұқсат бермеймін! Егер қылыш көтерілсе, бүлік басталады, қан төгіледі және жолдарда қарақшылық басталады. Жаман әмірден құтылғандарыңша және оның орнына жақсысы келгенше сабыр етіңдер», — деді.[53] Мұндай көзқарастар ізгі саләфтардан (алдынғы буын өкілдерінен) болған имамдардың негізгі ұстанымдары еді.[54]

Сөйтіп, егер әмір кәпірге айналса, онда тек ықпалды адамдар ғана осымен бірге бүлік таратпай және адамдардың қанын төкпей оны лауазымынан алып тастауға құқықты болады. Қатардағы мұсылмандар бұған мына себептермен құқықты емес:

Біріншіден, әмір күпірлікте айыптауға лайықты болмаса да, олар оны айыптауы мүмкін;

Екіншіден, егер әмірді тақтан құлатуға халықтың бір бөлігі көтеріліп, ал өзге бөлігі көтерілмесе, бүлік басталады;

Үшіншіден, олар, ықпалды адамдардан айрықша, бұл мәселені толыққанды шешуге қабілетті емес.

Біреу: «Пәлен мемлекет басшысы кәпірлердің заңдарымен үкім етеді, демек ол кәпір болып табылады!», — деп айтуы мүмкін. Ал біз оған көптеген ұлы ғалымдар бұл мәселені талқылаған деп жауап береміз. Бұл тақырып «Аллаһ тұсіргенінен өзге нәрсемен үкім шығару» (Хукм би ғайри мә ән залә-Ллаһ) деп аталады.[55]

Ибн Аббас бұл аяттар туралы: «Бұл – күпірліктен кіші күпірлік, бұзақылықтан кіші бұзақылық және зұлымдықтан кіші зұлымдық», — деп айтқан.[56]

Егер біреу Аллаһтың заңдарын қалдырып, шешімдерді конституцияға сәйкес шығарса, біз оны кәпір деп жарияламай, оны Исламнан шығармауымыз қажет. Алайда, егер біз осының себебін анықтасақ және бұл адам дүние заңдарын Аллаһтың заңдарынан жақсырақ деп санағанын немесе тіпті Аллаһтың заңдарын дұрыс емес деп есептегенін білсек, онда бұл жағдайда ол, әрине, кәпір болып табылады. Ал егер адам шешімдерін өзінің әуестерін мақұлдай беруінің себебімен Аллаһтың зандарымен шығармаса, немесе мұны дүние игіліктері үшін, немесе лауазымын сақтап қалуы үшін істесе, бірақ осымен бірге Аллаһтың заңдары жақсырақ дегенге кәміл сенсе, онда бұл адамды күпірлікте айыптауға және оны Исламнан шығаруға болмайды. Бұл адам пара алып, Аллаһтың заңынан өзге нәрсемен  үкім шығаратын адам сияқты. Ислам үмметінің бірауызды келісімі бойынша мұндай адам кәпір деп есептелмейді, бірақ үлкен күнә жасаған болып саналады. Бұл – ислам ғалымдарының пікірі. Егер кез келген біреуді күпірлікте айыптау үшін кішкентай болса да күмән болса, бұл күмәннің өзі күпірлікте айыптаудан алыс болу үшін жетіп асады.[57]

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың кемшіліктерін жасыруды және оларға ақтау іздеуді бұйыратын. «Мұсылман бауырыңа ақтау тап», — деп айтылған.[58] Сондықтан басқа мұсылмандардың кемшіліктерін жасыру, оларды жаза мен өлім жазасы үкімінен қорғау  керек. Мұны шариғат талап етеді.

Кімді болсын жорамалдарға негізделіп күпірлікте айыптау тақуалықтың белгісі болып табылмайды. Шынайы тақуалық — бұл өз-өзіңді мұсылмандарды күпірлікте айыптаудан және олардың ар-намысы мен өміріне қастандық жасаудан ұстау.

Сондай-ақ адам Аллаһ Тағаланың берген игіліктері үшін Оған шүкіршілік ету керектігін айтып өту қажет.  Кейбір адамдар нашар жағдайға түсіп қалып, наразы болып: «Мен не себептен осы жағдайға тап болдым? Не үшін бұл елдің мұсылмандары осындай жағдайда?», — деп айтады да, осы жағдайды өзгертуді қалап, (әмірлерді) балағаттап, қаралай бастайды. Бұл әрекеттер – қате екендігінде күмән жоқ. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Өздеріңнен  жағдайы нашарларға қараңдар, өйткені осылайша сендер Аллаһ сыйлаған нығметтер үшін шүкір етпеушілерден болмайсындар». Муслим 2963.

Егер біреу ауырып қалса, онда ол сау адамдарға қарап: «Неліктен мен аурумын, ал мына адамдар сау?», — деп айтпау керек. Керісінше, ол ауруы оның ауруынан да жаман болған адамдарға қарауы керек, сонда ол Аллаһтың оған берген нығметін түсініп, Оған шүкірлік етеді.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары кешкен қиыншылықтар сияқты қиыншылықтарды өз басыңа қалауға болмайды, Аллаһқа берген нығметтері үшін шүкірлік ету керек.[59] Күмәнсіз, біздің әрқайсымыз иманды күндерін Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге өмір сүріп өткізгісі келер еді, алайда бұл мүмкін емес. Тіпті мұндай күндер кейіннен тек Умар ибн Абдуль-Азиздің билік құруы кезінде орын алды деп айтуға болады. Сондықтан біздің бүлікке толы кезімізде адамдар өздерінен нашар жағдайдағыларға назар салуы қажет. Адамдар Аллаһқа ұнамды істерді ашық істей алмайтын, сақал қоя алмайтын т.с.с. елдер бар. Ал олар осыны істесе, оларды қинайды және жазалайды. Басқалар таң намазын орындауға бара алмайды, өйткені оларға бұған рұқсат етпейді. Сондықтан адамдар осындай істерді істей алатындығы және дін жақтаушылары мен салиқалы адамдардың арасында бола алғандығы үшін Аллаһқа шүкіршілік айту қажет!

Бұл елде білімдар, парасатты және ізгі адамдардың болуы бұл жерде қателіктер немесе шариғатқа қайшы әрекеттер жасалмайды дегенді білдірмейді. Әрине, олар бар. Қателіктер қашан болмаған дейсіз?! Мұсылман адам өзінде бар нәрсесін сақтап қалуы және өз жағдайын жақсартудың жолдарын іздеуі қажет. Кұмәнсіз, жақсы жағдайға қолдағы бар жағдайды нашарлату арқыла талпыну  ақымақтық болып табылады. Керісінше, болашақта  жақсы жағдайды жасауға тырысу үшін  қолдағы бар жағдайды сақтау керек.

Мұсылман елдерінің арасында әмірі күпірлікте айыпталған бір ел бар еді. Бұл елдің ғалымдары қайғылы жағдайда болатын. Олардың кейбіреулері өлтірілді, дарға асылды және түрлі қинауларға тартылды. Жуық арада бұл елде бүлік пайда болып, азаматтық соғыс басталды. Бұрынғы билік құлады және анархия басталды. Мұндай жағдайда көп қан төгілді, адамдардың ар-намысына және мал-мүлкіне қастандық жасала басталды.[60]  Сондықтан да сол жерде өмір сүруші кейбір ғалымдар: «Қап, біз алдынғы кезеңде өмір сүрсек еді! Сол жағдай бұл жағдайдан едәуір жақсы еді! Әрине, біздің жағдайымыз сол кезде мықты болмағанмен, қазіргіден едәуір жақсырақ еді. Біз дінді жақсартуға да, дүние игілігіне де қол жеткізе алмадық!», — деп айтатын.[61] Сондықтан (қос жамандықтың біреуін істеу тура келсе) үлкен жамандықты болдырмау үшін кіші жамандық таңдалады. Бұл – шариғат ережелерінің бірі.

Мен Аллаһ Тағаладан барлығымызға Оның Кітабын, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін және саләфтардың жолын дұрыс түсінуді нәсіп етуін сұраймын. Сондай-ақ бізге ақиқатты ақиқат етіп көрсетіп, оған ілесуге және жалғанды жалған етіп көрсетіп, одан алыстауға көмектесуін сұраймын. Тағы да мен адасушылыққа түспеуіміз үшін Аллаһтан бізден ақиқатқа қатысты күмәндардың бетін аулақ етуін сұраймын. Ақиқатында, барлық нәрсе Аллаһтың Қолында және Ол кез келген нәрсеге Құдіретті.

Және Оның елшісі Мухаммадқа, оның отбасына және ардақты сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 

 

 



[1] Ижтихад – қандай да бір мәселе бойынша шариғи пікір (үкім) шығару.

[2] Мужтаһид – қандай да бір мәселе бойынша шариғи пікір (үкім) шығару құқығы бар адам.

[3] Имам ән-Науауи былай деп айтқан: “Ғалымдар: «Хадисте қады – ғалым (алим) туралы сөз болып жатқандығына мұсылмандар бірауызды келіскен. Ғалымдарға (әһлюль-ижтихад) жатпайтындарға келер болсақ, ондай адам қандай да бір шешім шығарса, оған сауап жоқ, бұл аз болса ол – шешімі ақиқатқа сәйкес келсе де, келмесе де қабыл етілмейтін күнәһар болады!» — деген”. Қз.: “Шарху Сахих Муслим” 12/378.

[4] Сөз дінді дұрыс түсіну туралы болып тұр, яғни хауариждер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінен шықты, тұтас діннен емес.

[5] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: «Діндегі нысапсыздықтан (орынсыз артық нәрселерден) абай болыңдар» сөздері жалпылама болып табылады. Олар өзіне нысапсыздытың: мейлі олар сенімдегі, мейлі амалдардағы болсын — барлық түрлерін қамтыған”. Қз.: “әл-Иқтида” 1/328.

[6] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өздеріңе қатысты қаталдық жасамаңдар, өйтсеңдер, Аллаһ  та сендерге қатал болады!» Абу Дауд, хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3124.

[7] Аталған жағдайда мұсылмандардың жама’асы деп әмірдің төңірегінде біріккен мұсылмандар айтылып тұр. Бұл — «әл-жама’а» сөзінің шариғи мағыналарының бірі.

Имам Ибн Жарир әт-Табари былай деп айтқан: “Әл-жама’аға ілесу бұйрығы мұсылмандар оған мойынсұнатын және оның айналасына жиналған әмірге мойынсұнуды білдіреді. Ал кім ант бермесе (мойынсұнбаса), міне сол әл-жама’адан шықты”. Қз.: “Фатх әл-Бари” 13/47.

Сахль ибн Абдуллаһ әт-Тустури былай деп айтқан: “Бұл үммет 73 ағымға бөлінеді, олардың 72-сі опат болғандар болып табылады, өйткені олардың барлығы әмірден алшақтайды. Құтылған бір ғана топ болып табылады, ал ол әмірмен бірге болғандар”. Қз.: “Қутуль-қулюб” 2/242.

[8] Яқут әл-Хамауи «Му’джәм әл-Бульдан» еңбегінде былай деп айтқан: «Бұл Дамаскінің шетінде орналасқан».

[9] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер әмірге мойынсұнудан және мұсылмандардың жамағатынан шыққан бүлікшілер осындай күйінде өлсе, жахилиет өлімімен өледі деп хабарлаған. Мұның себебі жахилиет кезінде өмір сүргендердің әмірі жоқ болатын және соның нәтижесінде әрбір тайпа басқасына шабуыл жасайтын». Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 23/487.

[10] Имам ән -Науауи де «Шарху Сахих Муслим» жинағында 1759-хадиске қатысты және хафиз Ибн Хажжәр да «Фатхуль-Бариде» 7/565 тура осыны айтқан.

[11] Шейх әл-Мубаракфури былай деп айтқан: “Егер әмір рұқсат етілген немесе абзал әрекетті бұйырса, онда оны орындау міндетті болады!” Қз.: “Тухфәтуль-ахуәзи” 5/365.

[12] Кейбір қазіргі заман жамағаттары мұсылмандардың әмірлеріне қатысты осы хадистерді өз топтарының жетекшілеріне қолданатыны таң қалдырады!

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдарында адамдарды басқаратын билігі бар, іс жүзінде бар болып, танылған әмірлерге мойынсұнуды бұйырды. Ал өз негізінде билікке де, күшке де ие емес, жоқ әмірге мойынсыну жоқ”. Қз.: «Минһажжу-Ссунна» 1/115.

[13] Бұл маңызды ереже туралы хафиз Ибн Ражжабтың «Қауа’ид» 2/463; Ибн Нажжиманың «әл-Ашбах уә ән-нәзаир» 98-бет; имам әс-Суютыдың «әл-Ашбәх уә ән-нәзаир» 1/124; Ибн әл-Қайимнің «Мифтәх әд-дари сса’адә» 3/365 еңбектеріннен қараңыз.

[14] Хауариждердің идеологияларының пайда болу мекендері болып үнемі бөліну және хаос болған және тәртіптілік болмайтын жерлер табылатын еді.

[15] Имам әз-Захаби «әс-Сийярда» 4/196 былай деп айтқан: «Зайд ибн Уахб әл-Жухан және әл-Куфи – бұл Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кездесу үшін  аттанған шал. Алайда ол жолда болған кезде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болды. Зайдтың өзі хижраның 83-жылының соңында өлді».

[16] әз-Заркали «әл-А’ләмда» 4/288 былай деп айтқан: «Ол әл-Азд деп аталатын мекеннен еді. Ол ибадилердің (хауариждердің бір тармағының) басшысы еді. Ол оқымысты, шешен, батыл еді және сонымен бірге құлшылықта шектен тыс ыждағатты болатын».

[17] Ықыластылар ғана тәубе ете алады және хауариждердің жолына қайта оралмай,  хақ жолда тұрақтай алады. Бидғаттарға кіріп кеткендерге қатысты Аллаһтың жазасы осындай, ал тарихта мұның мысалдары өте көп. Айюб былай деп баяндайтын: «Бір адам хауариждердің көзқарастарын ұстанатын еді де, соңынан тәубе етіп, осы көзқарастардан қайтты. Мен бұған қуанып, Мухаммад ибн Сиринге хабарлау үшін бет алдым. Мен оған келіп: «Өз пікірлерін ұстанған пәлен тәубе етіпті», — дедім. Ол: «Ол неге айналып кететініне қараңдар. Ақиқатында, хадистегі «Исламнан шығып кетеді де, оған қайта оралмайды!» сөздерінің соңғылары олар үшін алғашқыларынан жаман”, — деді». Ибн Уадах «әл-Бида’» 104. Аллаһ бізді бұдан сақтасын!

[18] Яқут «Му’жәм әл-булдәнда» 5/375 былай деп айтқан: «Мәлім болғандай, Нахрауан мекені әл-Алә, әл-Аусат және әл-Асфәл деген үш өзенді қамтиды. Ол батыста Бағдад пен әл-Уасыттың арасындағы үлкен қыстақтың жанында орналасқан. Солтүстік шекарасы Бағдадқа дейін жетеді. Ол Искаф, Жәржәрая, Әс-Сафия, Дар Куна сияқты басқа да қалаларды қамтиды. Дәл осы жерде мүміндердің әмірі Али мен хауариждердің арасындағы шайқас орын алды».

[19] Хафиз Ибн Касир былай деп жазған: “Аллаһ Тағала: «…кімнің амалдары жақсы болатынын»,  — деді және Ол: «Кімнің амалдары көп болатынын», — деген жоқ”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 4/248.

[20] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды қалжыңдап қорқытудың өзіне тыйым салған. Абдур-Рахман ибн Абу Ләйлә былай деп әңгімелейтін: “Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары маған мынаны айтып беретін. Бірде Пайғамбарымызбен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жасаған жорықтардың бірінде олардың біреуі ұйықтап қалады. Ол ұйықтап жатқанда басқалары оның жебелерін алып қойды. Ал ол, оянған сәтте, қорқып кетті және өзгелер (бұған) күліп жіберді. Пайғамбар (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) олардан: «Сендер не үшін күлдіңдер?» — деп сұрады. Олар: «Біз ол ұйықтап жатқанда оның жебелерін алып қойдық, бұл оны шошытты», — деді. Сонда ол: «Мұсылман мұсылманды қорқытуға тыйым салынады!» — деді».   (Абу Дауд 4351, әт-Тирмизи 3/431. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

[21] Яғни бүлік кезінде белсенді болмаған адам ең жақсы адам болады.

[22] Зиммий – мұсылман жерлерінде өмір сүретін және жизья (салық) төлейтін кәпір. Джизья балалардан, әйелдерден, қарттардан, еш нәрсесі жоқ кедейлерден, ақыл-ессіздерден және ауырулардан алынбайды. Ибн әл-Қайим “Әхкаму әһли-зиммә” 1/43-51.

[23] Мұсылмандардың, христиандардың немесе яхудилердің бауыздаған жануарларының еті халал болып табылады. Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін сендерге таза ас рұқсат етілді. Кітап иелерінің асы да сендерге рұқсат етілді» (әл-Маида 5: 5).

Ибн Аббас: «Кітап иелерінің асы» – бұл олардың бауыздаған жануарының еті”,деп айтқан. Қз.: “Сахих әл-Бухари” 4/636.

Христиандар мен яхудилердің бауыздаған жануарларын жеуге болатындығы жайлы мұсылмандардың арасында дау жоқ. Бұл мәселеде өзгеше көзқарас жоқтығын имам Ибн әл-Мунзир, хафиз Ибн Абдуль-Барр, имам Ибн Қудама және имам ән-Науауи айтып кеткен. Ал бұған тек хауариждер ғана қарсы шыққан.

О бастан жеуге рұқсат етілген жануарлардың еті жеуге жарамды болуы үшін  белгілі шарттар бар. Бірақ егер жануардың еті мұсылмандардан, христиандардан немесе яхудилерден шығатын болса және бұл жануар шариғат рұқсат етпеген әдіспен бауыздалғаны белгісіз болса, онда оны жеу рұқсат етілген. Бұл жағдайда күмәндар жануарды рұқсат етілген тәсілмен бауыздау мәселесінде туындайды, алайда мұндай күмәндар назарға алынбайды, өйткені бұл мәселедегі негіз мұсылмандардан, христиандардан және яхудилерден келген етті жеудің рұқсат екендігі болып табылады. Ал біз күмәндіден бас тартып, негізге, нақты айтқанда рұқсат етілгендікке қайтамыз. Және бұл мәселеде күмәндіден алшақтау абзал болып табылмайды, өйткені бұл мәселеде шариғат жеңілдік жасады. Айша былай деп баяндаған: «Бірде адамдар: «Бізге арамызда жаңадан Ислам қабылдаған адамдар ет алып келеді, ал біз болсақ оларды бауыздағанда Аллаһтың аты аталды ма, жоқ па — білмейміз», — деді. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда сендер Аллаһтың атын айтыңдар да, жеңдер», — деді». әл-Бухари 2057.

Жануарды бауыздаудан алдын Аллаһтың атын айту еттің халал болуының шарты болып табылатындығына қарамастан, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл туралы сұрауды міндеттемеді, бұдан тыс ол күмән болған жағдайда не істеу қажет екендігіне нұсқап: «Онда сендер оған Аллаһтың атын айтыңдар да, жеңдер», — деді. Сондай-ақ Анастан: «Хайбар жорығы кезінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір яхуди әйел қойдың етін қуырып алып келді, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан жеді», — деп жеткізіледі. әл-Бухари 2617, Муслим 2190.

Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл яхуди әйелден бұл қойды кім және қалайша бауыздағанын сұрамады. Ал Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артық тақуа және күмәндіден қашқақтайтын біреу бар ма?! Іс жүзінде күмәндіден алыстау барлық істерде міндетті бола бермейді.

Имам әл-Хаттаби былай деген: “Күмәнді нәрседен бас тартудың үш түрі болады: міндеттісі, абзалы және дұрыс емесі. Тыйым салынған нәрселерге байланысты күмәнды нәрседен бас тарту міндетті болып табылады. Мал мүлкінің көп бөлігі харам болғанмен іс жасасудан бас тартқан  жақсырақ (абзал) болады. Ал шариғаттың берген жеңілдігінен бас тарту дұрыс емес болып табылады. Қз.: “Найлюль-аутар” 5/119.

Имам әз-Зухри мен Хасан әл-Басри Кітап иелері тарапынан бауыздалған жануар туралы былай деген: «Егер де сен олар жануарды бауыздағанда Аллаһтан басқа біреудің атын атағанын естісең, онда ол еттен жеме, ал егер естімесең, онда жей бер. Өйткені Аллаһ олардың кәпір екенін біле тұра,  бауыздаған жануарларының етін жеуге рұқсат етті». Қз.: “Тафсир әл-Байдауи” 2/298, “Фатхуль-Бари” 9/552.

Ал заң-ережелерде (ахкам) біздің заманымыздың Кітап иелері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі христиандар мен яхудилерден ерекшеленеді дейтіндер, сонысы арқылы Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түскен шариғат кәміл емес және мұның барлығын қарастырмаған деп тұжырымдаған болады. Аллаһ бізді мұндай көзқарастардан сақтасын.

[24] Надждық шейх Абу Батын: “Егер сен күпірлікте айыптаумен айналысатындардың біреуінен дәрет алу немесе сауда және сол сияқты мәселелер жөнінде сұрасаң, ол саған жауап бере алмайтыны, өйткені ол бұл жөнінде білімге ие еместігі, таң қалдырады. Ол бұл мәселеге қатысты ғалымдардың пікірлерін іздей бастайды және тура солар жауап бергендей етіп жауап береді. Ал, такфир сияқты ұлы және қауіпті мәселе туралы не айтуға болады?!» — деп ақиқатты айтады.  Қз.: “Минһаж әһль-әл-хаққ” 77.

[25] Мысалы, көпқұдайшылдар, атеистер, христиандар және яхудилер сияқтылар. «Күпірлік – бір дін!»

[26] Мәдинаның жанындағы жер. Қз.: «Му’жәм әл-бульдан » 2/383.

[27] Сөз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеге әскери жорыққа шығайын деп жатқандығы туралы болған.

[28] Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-әрекеттеріне назар аударыңыздар! Хатыбтың іс-әрекеттері сырт көзге күпірлік болып табылғанымен, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты шешім шығарудан бұрын осы әрекетке итермелеген себепті сұрады. Бұған істің мән-жайын соңына дейін қарастырмай шешім шығаруға асығатын біздің кезіміздің көптеген мұсылмандары қайшы келеді.

Бірде имам Ахмадтан: ”Егер мұсылман азан шақырып, Мухаммад – Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік берсе, ал мұны естіген адам: «Сен өтірік айтасың!» — десе, ол адам кәпір болады ма?”, — деген сұрақ қойылғаны жеткізіледі. Имам Ахмад: ”Жоқ, ол күпірлікке түспейді, себебі ол куәлік сөздерін емес, муазиннің жеке өзінің куәлігін меңзеген болуы мүмкін”, — деп жауап берді. Қз.: «әл-Бәдаи’» 4/42.

Сондай-ақ шейх әл-Әлбани қабірдің қасында құрбан шалуға байланысты былай деп айтатын: «Егер құрбандық қабірдің алдында, бірақ Аллаһ Тағала үшін  шалынса, онда бұл – діндегі жаңалық (бидғат). Алайда егер құрбандық өлген адам үшін шалынса, мұны біздің кезімізде көптеген надандар жасайтынындай, онда бұл – көпқұдайшылық (ширк) және мұндай етті жеуге тыйым салынады». Қз.: “Ахкамуль-жәнәиз” 259.

[29] Имам әш-Шафи’и, Ибн Таймия және басқа да көптеген имамдар Хатыб күпірлікті ақиқат деп санамай, дүниелік себеппен мұсылмандарға қарсы көпқұдайшылдарға көмек көрсеткендігі үшін кәпір болмады деген. Қз.: «әл-Умм» 4/249, «Мәжму’уль-фатауа» 7/522.

Имам әл-Қуртуби былай деген: “Кім мұсылмандарды аңдып, олар туралы олардың дұшпандарына хабарласа, егер оның осындай әрекетінің себебі дүниелік нәрселер болып, сенімі дұрыс болып қала берсе, ол осы себепті кәпір болмайды! Көмек алуды қалаған және сол себепті діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл осылай болды”. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 12/52.

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны өзінің құрайштықтарда қалған мал-мүлкінің және балаларының себебімен істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 4/410.

Сондай-ақ төрт имамның барлығы дүние пайдасын көздеп мұсылмандардың құпияларын ашып беретін мұсылман осы себепті кәпір болмайтынына бірауызды келіскен, ал олардың пікірімен шейхуль-Ислам Ибн Таймия да, оның оқушысы Ибн әл-Қайим де толық келіскен. Қз.: “әс-Сарим әл-мәслюль” 2/372, “Задуль-мә’ад” 3/432.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: “Алайда адамнан оларға (Аллаһтың дұшпандарына) қатысты туысқандық байланыстың немесе мұқтаждықтың себебімен көмек, қолдау көрініс табуы мүмкін, ал бұл – иманды әлсірететін, бірақ оны кәпірге айналдырмайтын күнә! Осындай нәрсе Хатыб ибн Аби Балта’амен, ол мушриктерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейбір жоспарлары туралы жазып жібергенде, орын алды. Және Аллаһ ол туралы мына аятты түсірді: «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да қамқоршы және көмекші етіп алмаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілікпен ашыласыңдар» (әл-Мумтахана 60: 1)”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 7/522.

Біз Аллаһтың Хатыбқа және осылайша әрекет жасаушылардың барлығына «Әй, иман келтіргендер!» деген сөздермен жолдау жасағанын көріп тұрмыз, ал егер мұндай іс-әрекет мұсылманды Исламнан шығаратын болса, онда Аллаһ оларды мүмін деп атамас еді!

[30] Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби былай деген: “Такфир – оның алдына көптеген адамдар келіп, сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал құтылумен не теңдесе алады!” Қз.: “әл-Муфхим” 3/111.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия өзінің көптеген еңбектерінде: «Білім иелерінен болған Сүннеттің жақтаушылары өздеріне қайшы келетіндерді күпірлікте айыптамайды, тіпті егер олар олардың өздерін күпірлікте айыптаса да, өйткені такфир – бұл шариғи үкім және адам бұл арқылы өш ала алмайды. Егер, мысалы, біреулер саған өтірік жапса немесе сенің отбасы мүшелеріңнің біреуімен зина жасаса, сен оларға қатысты тура соны жасамауың керек, өйткені өтірік және зина харам етілген! Сол сияқты такфир де  Аллаһ Тағаланың құқығы болып табылады және Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  күпірлікте айыптағаннан өзге ешкімді күпірлікте айыптауға рұқсат етілмейді!”, – деген. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/245, “Минһажжу-Ссунна” 5/244, “әр-Радду ‘алә әл-Бакри” 254.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Күпірлікте айыптау – біреудің сөздеріне емес, шариғатқа негізделетін, Аллаһтың, содан соң Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құқығы болып табылады”. Қз.: “Мухтасар әс-Сауа’иқ” 494.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай дейтін: ”Менің жауларым мен туралы: «Ол өз тұжырымының негізінде ғана немесе (адамды) кәпірлерге сүйіспеншілікте болғаны үшін күпірлікте айыптайды, — не болмаса: — Ол дәлел жетпеген надан адамдарды күпірлікте айыптайды», — деп айтады. Мұның бәрі — адамдарды Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолынан тайдыру үшін тағылған ұлы жала!”  Қз.: “Мәжму’у муәллифат” 3/14.

[31] Хауариждермен соғысуды Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған және былай деген: «Сендер оларды қай жерде кездестірсеңдер де, өлтіріңдер. Өйткені, ақиқатында, оларды өлтірген адам Қиямет Күні осы үшін сый алады». әл-Бухари 3611; Муслим 1066.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Егер мен оларды көріп үлгерсем, онда оларды Ад елі өлтірілгендей етіп өлтіремін». әл-Бухари 3344, Муслим 1064.

Имам әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің мағынасы ол хауариждердің бір тобымен ғана соғыспай, Аллаһ Ад елін бір мезетте жойғандай етіп барлығын бір-ақ ретте жоятынын білдіреді”. Қз.: “Шарх Муслим” 3/131.

Имам ән-Науауи былай деп жазатын: “Хауариждермен және бүлікшілермен соғысу міндетті болып табылады және ғалымдар бұған бірауызды келіскен!” Қз.: «Шарх Сахих Муслим» 3/138.

[32] Ибн әл-Асир «ән-Нихаяда» «буғат» (бүлікшілер) деген сөздің мағынасы туралы былай деп айтқан: «Бұл — әмірге мойынсұнудан бас тартатын залым топ. Бұл сөздің негізі – шекке шығушылыққа түсу».

[33] Сөз Зуль-Хууайсара туралы болуда. Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ықылассыз және әділетсіз іс-амал жасады деп айыптаған адамның тура өзі жайында.

[34] Сөз хижраның 1400 жылы (1980 ж.) Меккедегі Әл-Харам Мешітінде орын алған оқиға туралы болуда. Бұл уақиғаны Қағбаны басып алған топтың жетекшісінің атымен «Жухайман» деп атайды. Бірнеше күнге созылған бұл оқиға кезінде көп мұсылмандар өлтірілді.

[35] Хауариждерден дінге және мұсылмандарға келетін зиян залым әмірлерден келетін зияннан жаман, бұл туралы шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқанындай: “Бидғаттарды жақтаушылардың жетекшілері үммет үшін жай күнә жасаушылардан көбірек зиян келтіреді! Осы себептен де Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерді өлтіруді бұйырды және әмірлерге қарсы шығуға тыйым салды!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 7/284.

[36] Ұлы ғалым Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Егер айыпты нәрсені түзеу одан да үлкен жамандық немесе Аллаһтан және Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алыстауға алып келсе, онда бұл айыпталатын нәрсені өзгертуге тыйым салынады! Айыпталатын нәрсені осылайша түзетуге мұсылман әмірлеріне қарсы шығу жатады. Ақиқатында, бұл Ақырғы заманға дейін бүлік пен жамандықтың негізі болып табылады!” Қз.: “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 3/15.

Шейх әл-Әлбани былай деп айтқан: “Мұсылмандардың әміріне қарсы шығу – шариғаттың мәтіндері, сондай-ақ болмыс нұсқаған жауыздық”. Қз.: “Мәдарику нәзар фи әс-сияса” 204.

[37] әр-Рияд қаласында, Уләйә көшесінде жарылыс жасаған және қылмысы үшін өлім жазасымен жазаланған лаңкестер туралы айтылуда.

Шейх Ибн Баз басқараған Сауд Арабиясы ғалымдарының Жоғарғы Кеңесі ислам елдерінде және өзге елдерде орын алған лаңкестік актілер туралы 1988 жылы мынандай шешім шығарды: «Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өмірі мен жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, осыған күнәлі адам өлім жазасына лайықты. Бұған Құранның мына аяты нұсқау болады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида 5: 33).

Алайда қопарушылық әрекетпен айналысушы адамдар өте үлкен қауіп төндіреді және қарақшылардан да артық зиян тигізеді. Жеке адамды ғана өлтіру немесе тонау арқылы оған қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, онда көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін лаңкестер (терроршылар) оған тіпті лайық». Қз.: “әл-Фатауа шәр’ия” 21.

Әр-Риядта 11/6/1424 х. ж. (2003 ж.) орын алған терактіден кейін, құрамында  шейх Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Люхайдан, шейх Абдуллаһ ибн Сулейман әл-Мәни’, шейх Абдуллаһ әл-Ғадаян, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммад ибн Абдуллаһ әс-Сабиль, шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх, шейх Мухаммад ибн Сулайман әл-Бадр, шейх Абдуллаһ әт-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Әли Сулайман, шейх Бакр Абу Зайд, шейх Абдуль-Уаххаб ибн Ибраһим, шейх Салих ибн Абдуллаһ ибн Хумайд, шейх Ахмад ибн ‘Али әл-Мубараки, шейх Абдуллаһ ибн ‘Али әр-Рақабан және шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Мутләқ болған Ірі Ғалымдардың Комитеті өзінің мәлімдемесінде басқалар қатарында былай деді: “Кім түрлі терактілер және жазықсыз адамдарды өлтіру – бұл жихад деп айтса, ол – надан (жахиль) және адасушы болып табылады, өйткені мұның барлығының Аллаһтың жолындағы жихадқа түйірдей қатысы жоқ!”

[38] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждер туралы былай деген: «Олар – жаратылыстардың ең жамандары және Туба оларды өлтіргендер мен олар өлтіргендер үшін».  әл-Хаким 2/146. Хадис сахих.

[39] Бұл жөнінде Ибн Абу Ауфтан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Хауариждер – От тұрғындарынан болған иттер!» Ахмад 4/355; Ибн Мажжаһ 173. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

[40] Іс жүзінде Али хауариждерге қатысты «біздің бауырларымыз» деген сөзді  айтпады. Бұл сөздерді хадистері қабыл алынбайтын Хайсам ибн ‘Ади деген риуаятшы жеткізген. Хауариждерге қатысты Али: “Бізбен соғысқан адамдар”, — деп айтқан. Қз.: “Та‘зиму қадри-ссалә” 533.

Ал «Бізге қарсы шыққан біздің бауырларымыз» деген сөздерді Али іс жүзінде Му‘ауияға және оның жақтастарына қатысты айтқан, бұл ең дұрыс пікір болып табылады. Қз.: “Мәжму‘уль-фатауа” 28/518.

[41] Яғни Сауд Арабиясы.

[42] Кейбір араб елдерінің үкіметтері тарапынан мұсылмандарды қинау және қорлау көптеген жәбірленушілердің оларды күпірлікте айыптауына түрткі болды. Мұсылмандарды қинау және қорлау үлкен күнә болып табылатынына күмән жоқ, алайда бұл үшін адам Исламнан шықпайды. Ал біз зұлымдық үшін такфирмен өш алмауымыз керек. Бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия жоғарыда айтқанындай.

[43] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Ал мұсылман ғалымдарын күпірлікте айыптайтын надандардың жөнсіздігіне келер болсақ, бұл айыптауға лайықты амалдардың ең ұлығы болып табылады және мұның бастамасын өздерінің болжамдарына сүйеніп, мұсылмандардың имамдарын олар дінде қателік жіберді деп есептеп, кәпір деп атаған  хауариждер мен рафидилер бастады”.  Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 35/100.

[44] Адамдар ғалымдарды күпірлікте немесе адасушылықта айыптауының себебі айқын және оны Шейх Ибн Усаймин өте жақсы түсіндірген: ”Адамдар тіпті пайғамбарларға да зиян көрсеткен, бірақ олар сабыр еткен.  Тіпті біздің Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты, ол олжаны әділетсіз және ықылассыз түрде бөлді деп айтылған болатын! Бұл сөздер ол туралы хижраның сегізінші жылы, яғни оның миссиясының басында емес, Аллаһ оны бекіткеннен кейін оның шыншылдығы айқын болған соң және Аллаһ оның белгілерін баршаға көрсеткеннен кейін айтылған еді. Егер бұл сөздер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардан болған адамдар тарапынан айтылған болса, онда сен адамдардың ғалымдарға қатысты: «Мына ғалым сондай-сондай және онда мынандай және мынандай нәрселер бар», — деп айтуларына таң қалма. Мұндай адамдарды ғалымдарды қаралауға шайтан түрткілейді, өйткені егер олар ғалымдарға күйе жақса, олардың сөздері адамдардың арасында салмақты болмайды және адамдарды Аллаһтың Кітабына жетелейтін ешкім қалмайды. Егер ғалымдар және олардың сөздері сенімге лайық болмаса, кім адамдарды Аллаһтың Кітабына жетелейді?! Адамдар шайтанның және оның партиясының жетегіне түседі! Осы себепті ғалымдарға айтылған ғайбат басқа адамдарға айтылған ғайбаттан қорқынышты. Жай адамға айтылған ғайбат – жеке тұлғаға бағытталған ғана және ол зиян тигізсе де, тек ғайбаттағанға және ғайбатталғанға ғана зиян тигізеді. Алайда ғалымдарға айтылған ғайбат бүкіл Исламға зиян тигізеді, өйткені ғалымдар — Исламның туын ұстап жүрушілер, ал олардың абыройы түссе, Исламның да туы түседі және бұл бүкіл ислам үмметіне зиян әкеледі”. Қз.: “Шарх рияд әс-салихин” 1/106.

[45] Біреу хауариждер ақша немесе дүние игіліктері үшін соғысты және сол үшін жан пида етті деп айта алады ма? Әрине, жоқ! Олар өз өмірлерін тек Аллаһ үшін қиып жатырмыз деп есептеді. Алайда олардың өзін-өзі құрбан етуін Аллаһ қабыл етпейтіні әрбір адамға мәлім, өйткені олар Оның разылығына Оның тыйым салған нәрселері арқылы жетуге ұмтылды.   Имам Ибн Са’д және хафиз Ибн Касир былай деп жазған: «Алиді өлтірген Абдур-Рахмән ибн Мулжәмді өлім жазасымен жазалаған кезде оның аяқтары мен қолдары кесіп тасталды және көздері ойып алынды, ал ол сол кезде «Оқы, Рабыңның атымен…» (әл-‘Аләқ 96: 1) сүресін оқып жатты. Кейін оның тілін кесіп тастағылары келгенде, ол қорқып кетті. Одан: «Сен біз сенің қол-аяқтарыңды кескенде және көздеріңді ойып алғанда қорықпадың, ал неліктен тіліңді кесеміз дегенде қорықтың?» — деп сұрағанда, ол: «Мен қорқыныш сезіп тұрған жоқпын, бірақ бұл дүниеде мен Аллаһты зікір етпейтін бір уақыт өтіп кетеді ме деп қорқамын!» — деп жауап берді. Кейін оның тілі кесілді, содан соң ол өлтіріліп, өрттелді». Қз.: «әт-Табақат» 3/39 және «әл-Бидая уә-ннихая» 7/333.

Алайда бұл табандылық пен жігерлілік Аллаһтан емес, өзінің сыбайластарын жігерлендіретін шайтаннан ғана еді. Тек ақымақ адамдар ғана Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіндегі ең абзал адамдардың біреуін — Али ибн Абу Талибты (Аллаһ оған разы болсын) өлтірген бұл сорлы адамның әрекетіне әуестеніп таң қалады.

[46] Тәпсірлерде: «Ықпалдылар – бұл ғалымдар және мұсылмандардың әмірлері» деп айтылған. Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 3/341.

[47] Ал өз мойынына мұсылман үмметінің мәселелерін шешуді жүктеп алған, бірақ осыған құқығы жоқ адамдарға келер болсақ, оларды Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақымақтар деп атаған. Абу Хурайра Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір: өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайық болғандар жайлы опасыз деп күдіктенетін; және сөз рууайбидаларда болатын — замандар келеді». Одан: “Рууайбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!», — деді. Ахмад 2/291, Ибн Мажжаһ 4036. Хафиз Ибн Хажжар, хафиз Ибн Касир, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани хадисті хасан деді.

[48] Имам Ибн әл-Мубарак былай дейтін: “Шынайы ғалым — халал мен харам мәселелерін түсінуші емес, өйткені бұл мәселелерді көпшілік біледі. Алайда шынайы ғалым —  пайда мен зиян мәселелелерін түсінуші!” Қз.: “Әлуияту-ннаср” 1/103.

[49] Бұл маңызды ереже ақида бойынша көптеген кітаптарда кездеседі, олардың арасында имам әл-Ләләкәидің «Шарху усули и’тиқад әһль әс-Сунна уәл жама’а 4/1299»; имам Ибн Абиль-‘Изз әл-Ханафидің «Шарх әл-ақида әт-Тахауийя» 2/555; шейхуль-Ислам Ибн Таймияның «Мәжму’ фатауа» 28/503 атты еңбектері бар.

[50] Бұл – Сүннетті жақтаушылардың сенімі, бұған көптеген дәлелдер нұсқайды. Аллаһ Тағала былай деген: «(Мухаммад) Мусадан кейінгі Исраил ұрпақтарынан болған шонжарларды білмейсің бе? Сол уақытта олар өз Пайғамбарларына: «Бізге Аллаһ жолында соғысуымыз үшін патша сайлап бер», — десті» (әл-Бақара 2: 246).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әмір – бұл қалқан және оны қорғап, басшылығының астында шайқасу қажет». әл-Бухари 2957, Муслим 1841.

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Мекке бағындырылғаннан кейін (Меккеден) хижра жоқ, бірақ жихад және ниет бар және егер сендерді (әмір) шығуға шақырса, онда шығыңдар!» әл-Бухари 2783, Муслим 1847.

Али ибн Абу Талиб былай деп айтқан: “Адамдар әмірсіз игілікте өмір сүрмейді, ол салиқалы, не бұзақы болсын!” Оған «Уа, мүміндердің әмірі! Салиқалы болғанымен түсінікті, ал қалайша бұл бұзақысына қатысты болуы мүмкін?!» деген сұрақ қойылды. Ол: «Ақиқатында, бұзақы әмір арқылы Аллаһ Тағала жолдарды қауіпсіз етеді, онымен бірге дұшпандарға қарсы соғысады, ол жазаларды тағайындайды, оның арқасында (себебімен) адамдар қажылық жасайды және қауіпсіздікте болып, Аллаһқа құлшылықтарын орындайды!» — деді. әл-Уаки’ «Ахбар әл-қуда» 1/21 және әл-Байхақи «әш-Шу’аб» 13/187.

Имам әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Әскери топ (жорыққа) мұсылмандардың әмірінің рұқсатынсыз шықпауы қажет!” Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 5/275.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір-біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж. Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл Аллаһ тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: жихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға, өйткені мұның барлығын тек күш пен биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені бір түн әмірсіз болудан қайырлы!» — деп айтылған», — деді. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 28/290-291.

Шейх Мухаммад ибн Абдуль-Уаххаб былай деді: “Жихад ісі әмірге жүктелген әрі сондықтан оның қоластындағылары ол шешкен нәрседе оған мойынсұнуы кажет”. Қз.: «әл-Муғни» 13/16 және «Мәжму’ әл-муәлифәт» Китаб әл-фиқх, 2-тарау, 360-бет.

Шейх Салих әл-Фаузаннан (Аллаһ оған есендік берсін): «Осы күндері жихадтың міндетті екендігі туралы пәтуа шығаратын адамдар шығып жүр және олар: «Жихадтың әмір және ту сияқты шарттары жоқ!», — деп айтуда. Сіз бұл жөнінде не айтасыз?» — деп сұрағанда, шейх былай деп жауап берді: «Бұл – хауариждердің пікірі! Ал әһлю-Суннаға келер болсақ, олар: «Ту және әмір қажет!» — деп айтады. Міне осы – мұсылмандардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінен бері ұстанып келе жатқан манһажы. Ал «Ту да, әмір де керек емес және әркім өз білгенін істеп, өз қалауларына ілеседі!» деген шақыру – хауариждердің пікірі!»  Қз.: «әл-Жихад уә дауәбитух әш-шәр’ия» 45.

Мұсылмандардың әмірі жихадтың шарты болып табылатындығы туралы сондай-ақ «әл-Мухарар фи әл-фиқх» 2/170, «Мәуахиб әл-жәлиль» 3/349, «Кашәф әл-кана’» 3/47 кітаптарынан қараңыз.

Абдуллаһ ибн Ахмад былай деп баяндайтын: «Мен әкемнің: «Егер әмір адамдарға рұқсат етсе, және оларға көмек келсе, онда олардың шығуында күнә жоқ», — дейтінін естігенмін. Мен әкеме: «Ал егер олар оның рұқсатынсыз шықса ше?», — деп айттым. Ол: «Жоқ. Тек әмірдің рұқсат етуімен ғана, егер де оларға кенеттен жау шабуыл жасамаса және оларда әмірден рұқсат сұрауға мүмкіндігі болмаса ғана. Және осы мұсылмандарды қорғау (үшін) болса деп үміттенемін», — деді». Қз.: Абдуллаһ ибн Ахмад “әл-Мәсаиль” 258.

Имам Ахмадтың бұл сөздерінде әмір сияқты жихадтың шарты тек қана  дұшпанның кенеттен шабуылдауы т.б. сол сияқты қажеттілік болған жағдайда ғана түсетінін және кейбір адамдар қорғану жихады (әд-даф’) кезінде «әмір» деген шарт толығымен түсіп қалады және әркім өз қалауы бойынша амал етуіне болады деп ойлап жүргендей еместігіне нұсқау бар. Қорғану шайқасуы болған Хандак шайқасында сахабалар әркім өз қалауына сәйкес амал етпегендігі, олар  өздерінің әмірі болған Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарын басшылыққа алғандығы көпке белгілі болып табылады!

Алайда дұшпандар мұсылман жерлеріне шабуыл жасаған және әмір болмаған жағдайда жихад тоқтамайды, бірақ шешімді пайда мен зиян мәселелерін және мұсылмандардың қабілеттілігін ескеретін білім иелері мен ықпалды адамдар қабылдауы керек.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Жихад мәселелерінде дүние істерінде де тәжірибесі бар, діндегі шынайы білім иелерінің пікірін назарға алу  міндетті (уәжіп) болып табылады. Ал дұние істерінде тәжірибеге ие, бірақ дін мәселелерінде дұрыс түсінігі жоқ адамдарға келер болсақ, олардың пікірі қабылданбайды, сондай-ақ  діни білімге ие болып, бірақ дүние істерінде тәжірибеге ие болмағандардан да (пікірі) қабылданбайды!”  Қз.: “әл-Ихтиярат әл-фиқхия” 311.

Сондай-ақ шейхуль-Ислам жихад мәселелері туралы былай деп айтқан: «Бұл нәзір мәселелердегі зерттеулер – үлкен ғалымдардан болып табылатын мамандардың ісі». Қз.: “Минһажжу-с-Сунна” 4/504.

[51] Абдуль-Малик ибн Абдуллаһ ибн Юсуф әл-Жууайни әл-Найсабури әш-Шафи’и. Көптеген кітаптардың авторы. Хижра жыл санауы бойынша 419 жылы туылып,  478 жылы өлген.

[52] «Құран жаратылған» деген сөздер діннен шығаратын күпірлік екендігі туралы көптеген саләфтардан жеткен, әрі бұл мәселеде келіспеушіліктер болмаған. Қз.: имам әл-Әжурри “әш-Шәри’а” 1/489, имам әл-Бухари “Хәлқу әф’алиль-‘ибад” 25,

Алайда, бұған қарамастан, имам Ахмад осы идеологияны таратушы және ол үшін адамдарды өлтіретін әмірлерге қарсы шығуға рұқсат бермейтін. Бұған қоса, имам Ахмад оларды кәпірлер деп атамады, өйткені оларға дәлел жетпеді деп есептеді.  Өйткені жалпы жағдай мен нақты жағдайдың арасында айырмашылық бар.

[53] Абу әл-Харис Саиғ былай деп баяндады: ”Бағдадта адамдар әмірге қарсы шығуды шешіп, имам Ахмадтан бұл жөнінде сұрады. Ол мұны сөге бастады да: «Аллаһ Пәк! Қан, қан, оны мақұлдамаймын да, оны бұйырмаймын да! Біздің осы жағдайға сабыр етуіміз қан төгілетін, мал мүлік басып алынатын және рұқсат етілген нәрселердің шекарасы бұзылатын бүліктен жақсы! Мен адамдар осыған дейін жетті деп ойламаймын», — деді. Оған «Ал адамдардың  қазіргі жағдайы — фитна емес пе?!» деген сұрақ қойылды. Ол: «Тіпті солай болса да, бұл фитна — біреу ақ, ал егер қылыш көтерілсе, жаппай фитна көтеріледі! Бұған сабыр ету және өздеріңнің діндеріңді сақтау сендер үшін қайырлырақ», — деді”. әл-Халләл  “әс-Сунна” 1/132.

Сондай-ақ имам Ахмадтан халифа Уасиққа қарсы шығу туралы сұрағанда, ол мұны рұқсат етпеді және былай деп айтты: «Сендер жүректеріңмен сөгіс білдірулерің керек және оған бағынудан шықпауларың қажет. Мұсылмандарға өздеріңнің мойынсұнбаушылықтарыңмен қасірет әкелмеңдер және өздеріңнің қандарыңды және мұсылмандардың қанын төкпеңдер». Қз.: “әт-Табақат ибн Аби Я’лә” 1/144.

Жағдайды осылайша түсіну – пайда мен зиян мәселесін терең түсінетін әһлю-Сунна имамы имам Ахмадтың түсінуі. Қазіргі заман хауариждері тура осындай көзқарастарды ұстанатын қазіргі заман ғалымдары туралы айтып жүргендей, имам Ахмад туралы да: «Ол муржи болған немесе үкіметтің ғалымы!», — болған деп айта алады ма екен?!

[54] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Мұсылмандарың әмірлеріне, олардың жасап жатқан күнәлары үшін қарсы шығу дұрыс емес. Зина немесе сол сияқты үлкен күнә жасаған адамды өлтіру қажет болғанына қарамастан, осындай күнәларды жасап жатқан әмірге қарсы көтеріліске шығуға болмайды. Өйткені әмірге қарсы шығу себімен туындаған бүлік әмірдің күнәлары себебінен туындаған бүліктен едәуір асып түседі”. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 22/61.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай дейтін: “Әмірге қарсы шығатын топ олардың шығуында өздері түзеткісі келгеннен де көбірек зиян болуы мүмкін екенін білуі керек!” Қз.: “Минһажжу-с-Сунна” 3/391.

Имам әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Мұсылман ғалымдарының көпшілігі мұсылман әмірінің әділетсіздігіне сабыр ету оған қарсы шығудан маңыздырақ деп есептейді, өйткені қарсы шығуда және әмірді құлатуда қауіпсіздікті қорқынышқа алмастыру және қан төгу, сондай-ақ жер бетінде бұзақылық тарату бар! Ал әділетсіз әмірге қарсы шығуды рұқсат етілген деп санайтындарға келер болсақ, бұл жолға тек муътазиләлар және хауариждер ілеседі” Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 2/109.

Шейх Ибн Баз былай деп айтқан: “Кәпірге айналған әмірге қарсы шығудың, егер бұған мүмкіндік болса, оқасы жоқ. Алайда егер мүмкіндік болмаса, онда оған қарсы шығуға болмайды немесе егер бұл шығу бұрыңғыдан да үлкендеу зиян алып келсе, онда баршаның игілігі үшін шығуға рұқсат етілмейді, әрі бұған «Жамандықты одан да үлкен жамандық алып келумен жоюға болмайды!» деген шариғи ереже нұсқайды. Керісінше, жамандықтан толық құтқаратын немесе оны жеңілдететін тәсілдермен құтылу міндетті болып табылады. Ал бұрыңғыдан да үлкен жамандық алып келетін жамандықты жоюға келер болсақ, бұл мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған!»

Ол сондай-ақ былай деп айтқан: «Ал егер бұл бұдан да үлкен жамандыққа және қоғамдық тәртіптің бұзылуына, жазықсыз адамдардың езгіге түсуіне және өлтірілуіне, сондай-ақ өзге де ұлы апаттарға әкеп соқса, онда бұған рұқсат етілмейді!» Қз.: «әл-Фатауа Ибн Баз» 8/203.

Шейх Ибн ‘Усаймин кәпір болған әмірге қарсы шығу туралы айтып, былай деді: “Егер біз оны құлатуға қабілетті болсақ, онда біз оған қарсы шығамыз, ал егер мұны істеуге қабілеттілігіміз жетпесе – онда жоқ, өйткені шариғаттың барлық міндеттері (уәжібәт) мүмкіндіктің (қудра) болуымен шартталады. Әрі қарай, егер біз шықсақ, бұл осы әмірдің тұсында болғаннан да көбірек зиянға әкелуі мүмкін. Және біз оған қарсы шықсақ, ал ол бізден күштірек болса, онда осыдан кейін біз бұрыңғыдан қорланған күйге түсеміз, ал ол өзінің күпірлігінде және жауыздығында бұрыңғыдан да табанды түрде тұрып алады. Бұл сұрақтар шариғатты басшылыққа алатын ақылға мұқтаж. Және осындай мәселелерде біз өзіміздің сезімдерімізден қашықтауымыз керек. Бізге сезімдер рухтандыру үшін керек, бірақ біз опат болуға жетелейтін сезімдердің соңынан ілесіп кетпеуіміз үшін ақыл мен шариғатқа мұқтажбыз!” Қз.: “Бабуль-мәфтух” 3/126.

[55] Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету – барлық кездегі және әсіресе біздің кезіміздегі жанға бататын мәселе, өйткені осы мәселе ислам әлеміндегі үлкен келіспеушіліктердің көзіне айналды.

Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету — күпірлік болып табылатын ұлы күнә мен жексұрын амал және ислам үмметінде жамандықтың таралу себептерінің бірі екендігіне күмән жоқ, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ескертіп, былай деп айтқанындай: «Егер олардың имамдары Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпесе, Аллаһ олардың арасында жамандық егеді!» Ибн Мажжаһ 4019, Абу Ну’айм 3/320. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деді.

Аллаһ Тағала Оның түсіргенінің негізінде үкім етпейтіндерге: «Ал Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпейтіндер кәпірлер болып табылады» (әл-Мәида, 5: 44), — деп, қатаң түрде қорқытты.

Алайда үмметіміздің имамдары бұл қарапайым емес мәселені түсіндірді де және түсіндіріп те келуде. Ал олар мұны осы арқылы жауыз әмірлерді ақтағандығы және ақтауы себепті емес, діндегі заттардың шынайы үкімін түсіндіру үшін және осы мәселені бұрыс түсіну себепті бүлік пен мұсылмандардың қанының төгілуіне әкелетін қауіпті салдардан адамдарды сақтандырып ескерту үшін істейді. Өйткені хауариждер тура осы мәселеге қатысты  адасушылыққа түсіп, Али ибн Абу Талибті кәпір деп жариялап, оған қарсы шықты.

Әмір немесе мұсылмандардан біреу Аллаһтың заңдарымен үкім етпеуінің негізінде оны күпірлікте айыптау мухаккими хауариждерінің шығу себебі болды.  Біздің кезімізде «таухидуль-хакимия» деп аталатын бірқұдайшылықтың жаңа түрі туралы айтылып жатқанын жиі естуге болады, ал саләфтардан таухидтің үш түрі жеткен, оған осы түрі де кіреді.  Таухидтің бұл түрлеріне мыналар жатады:

1.    Таухид әр-рубубия (Аллаһтың Раббылығындағы бірқұдайшылық);

2. Таухид әл-улюхия немесе әл-‘ибада (бір ғана Аллаһқа құлшылық етудегі бірқұдайшылық);

3.   Таухид асма уа-ссыфат (Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы бірқұдайшылық).

Ал  біздің кезіміздің хауариждері бірқұдайшылықтың (таухидтің) бұл түрлерін шектеп, иман мен күпірліктің, сондай-ақ дұрыс ақиданың өлшемі етіп тек үкім шығарудағы таухидті шығарды, ал іс жүзінде бірқұдайшылықтың пайғамбарлар алып келген ең маңызды түрі «таухид әл-улюхия» (бір ғана Аллаһқа құлшылық етудегі бірқұдайшылық) болып табылады. Үкім Аллаһқа ғана тән деп айтып, өздері қабірлерге құлшылық етіп, өлілерден тілейтін қаншама мұсылмандар бар ғой! Олар тіпті қылмыстар және сол сияқты әрекеттер үшін жазаны  (худуд) шариғатқа сәйкес қолданса да, елшілер алып келген таухидке ілесуде ме?!

Егер, олар айтпақшы, таухид әл-хакимия иман мен күпіріліктің өлшемі болса, онда олардың сөздерінен Эфиопияның әмірі Нәжәша сол бойы Исламды қабылдамаған еді, өйткені ол өз елінде әмір бола тұра, Аллаһтың заңымен үкім шығармады. Алайда сахих хадистер Нәжәшаның мұсылман болып өлгеніне және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол өлген соң оған жаназа намазын оқығанына нұсқайды. әл-Бухари 1245, Муслим 2/62.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Нәжәша өзінің әлсіздігінен Исламның көп рәсімдерін орындамады. Ол хижра жасамады, жихад және қажылықты орындамады. Бұдан тыс, ол тіпті бес уақыт намазды орындамады, Рамазанда ораза ұстамады және зекет төлемеді деп хабарланады. Оның елі Исламның бұл айқын көріністерін байқап қалар еді және оны сөгер еді, ал ол бұған қарсы келе алмас еді. Және оның өз елінде Құранға сәйкес үкім ете алмағаны бізге бір мағыналы түрде мәлім”. Қз.: “Минһажжу-Ссунна” 5/112-113.

Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу туралы аяттардың мағынасын дұрыс түсіну үшін, сондай-ақ өзге де анық емес (муташабих) аяттардың мағынасын дұрыс түсіну үшін оларды саләфтардың қалай түсінгеніне жүгіну қажет.

Бірде хауариждердің қатарынан болған бір адам халифа Ма‘мунға келді және Ма‘мун одан: «Сені біздің әмірлігімізге не алып келді?», — деп сұрады. Ол: «Аллаһ Тағаланың Кітабындағы аят», — деп жауап берді. «Қандай?» — деп сұрады халифа. Ол: «Ал Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпейтіндер кәпірлер болып табылады», — деді. Ма‘мун: “Сенде бұл аяттың түскендігі туралы білім бар ма?» — деді. Ол: «Әрине», — деп жауап берді. Ма‘мун: “Дәлелің қандай?” – деді. Ол: «Мұсылмандардың бірауызды пікірі», — деп жауап берді. Сонда Ма‘мун оған былай деп айтты: “Сен бұл аяттың түскендігі жөнінде үмметтің бірауызды келісіміне разы болғаныңдай, бұл аяттың тәпсіріне де разы бол!” Әлгі адам: «Сенікі дұрыс. Ассаләму аләйкум, уа, мүміндердің әмірі», — деді.  әл-Хатыб “Тарих әл-Бағдад” 10/186.

Міне, бұл аяттарды саләфтардың қалайша түсінуі.

Ибн Аббас «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер», «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша үкім етпесе, міне солар залымдар», «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» деген үш аят туралы былай деп айтқан: “Бұл — күпірліктен кіші күпірлік, залымдықтан кіші залымдық және бұзақылықтан кіші бұзақылық».  әл-Хаким 2/313. Сахихтығын әл-Хаким, әз-Захаби және шейх әл-Әлбани растаған.

Бұл аяттар Аллаһтың заңын ауыстырған және зинақорлық жасаған үшін таспен ұрып өлтірудің орнына мұны жасағандардың бетіне балшық жағып, адамдардың алдынан алып өтетін және осылайша оларды қорлайтын яхудилерге қатысты түскен. Бұл аяттар яхудилерге қатысты түскендігігіне Сүннетте көптеген нұсқаулар бар. Мысалы, Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келтірілген үш аят туралы: «Олардың барлығы кәпірлерге қатысты түсірілген», — деп айтқан. Ахмад 4/286. Шейх Ахмад Шәкир хадистің иснадын сахих деген, ал шейх әл-Әлбани және Шу‘айб әл-Арнаут бұл хадистің сахихтығы әл-Бухари және Муслим талап ететін сахихтық шарттарына сәйкес келеді деген.

Сондай-ақ  Ибн Аббас та былай деп айтқан: “Аллаһпен ант етемін, бұл аяттар яхудилерге қатысты түскен!» Ахмад 1/246, әт-Табарани 3/95. Иснады хасан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2552.

Бірақ белгілі адамдарға немесе бір адамға қатысты түсірілген немесе қандай да бір уақытпен байланысты болған кез келген аяттың мағынасы  бәрібір осы сияқты жағдайлар мен оқиғаларға таралатынына күмән жоқ. Қз.: «Мәжму’уль-фатауа» 13/341-342.

Алайда күпірлік деп аталатын және кәпірлерге қатысты түсірілген нәрсені мұсылмандардан біреу жасаса, бұл ол үшін кіші күпірлік болып табылады. Саләфтар кәпірлерге қатысты түсірілген аяттарды мұсылмандарға қатысты қолдануды қатаң сөккен және олай тек хауариждер істеген.

Нафи’ былай деп баяндаған: “Ибн Умар хауариждерді Аллаһтың ең жаман жарытылыстары деп санайтын және: «Хауариждер кәпірлерге қатысты түсірілген аяттарды алып, оларды мұсылмандарға қатысты қолданады», — деп айтатын”.  Ибн Уахб. Қз.: “әл-Изтискар” 8/90. Бұл деректі сондай-ақ имам әл-Бухари де өзінің «Сахихының» бір тарауында келтіреді, ал хафиз Ибн Хажжәр бұл деректің иснадын сахих деген. Қз.: “Фатхуль-Бари” 12/286.

Имам Ибн Атыйя былай деп айтатын: “Ұлы ғалымдар бұл аяттар Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпейтіннің әрбіріне қатысты, алайда осы үмметтің (мұсылмандардың) әмірлеріне қатысты бұл діннен шығармайтын кіші күпірлік болып табылады деп айтқан!” Қз.: “әл-Мухарар әл-уәджиз” 4/456.

Имам әш-Шатыби былай деп айтқан: “Бұл «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аят және содан кейінгі екі аят Аллаһтың заңын ауыстыратын яхудилерден болған кәпірлер туралы түсірілген. Олар мұсылмандарға қатысты емес, өйткені мұсылман адам күнә жасаған кезде кәпір деп аталмайды!” Қз.: “әл-Мууәфиқат” 4/39.

Хафиз Ибн Хажжәр былай деп айтқан: “Бұл аяттардың түсірілуіне Кітап иелері себепкер болса да, ол бәрібір осылай істеушілердің барлығына таралады. Алайда күнәда қасарысып тұрып алған мұсылман кәпір деп аталмайды!” Қз.: “Фатхуль-Бари” 4/39.

Бұл аяттарды тура осылайша, яғни мұсылмандарға қатысты бұл амалдарда көрініс табатын  (куфр әл-‘амәли) кіші күпірлік (куфр әл-әсғар) болады деп үмметіміздің имамдары да түсіндірген.

Мұның үстіне, бұрын өмір сүрген имамдардан ешкім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу, мысалы, Аллаһтан өзгеден тілеу және Аллаһтан өзге біреуге арнап құрбан шалу сияқты өз негізінде үлкен күпірлік болып табылады деп есептемеген. Жоғарыда Құранның тәпсіршісі Ибн Аббастың «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер!» деген аятта аталған күпірлік кіші күпірлік болып табылады деген сөздері келтірілген еді. Сондай-ақ Тауус та былай деп баяндайтын: ”Мен Ибн Аббастан: «Кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, сол кәпір ме?» — деп сұрадым, Ол: «Бұл – Аллаһқа, Оның періштелеріне, Кітаптарына, пайғамбарларына және Қиямет Күніне күпір келтіру сияқты емес», — деп жауап берді”. әт-Табари 10/355, Ибн Батта 2/735. Иснады сахих.

Ибн Аббасқа бұл мәселеде Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу кіші күпірлік болып табылады деп есептейтін әһлю-Сунна имамы Ахмад ибн Ханбәл де ілесті. Исма‘иль ибн Са‘д былай деп баяндайтын: “Мен имам Ахмадтан «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аят туралы: «Онда қандай күпірлік айтылып тұр?», — деп сұрадым. Ол: «Діннен шығармайтын күпірлік!», — деп жауап берді». Қз.: “Суаләт Ибн Хани” 2/192 және “Масаиль Абу Дауд” 114.

Имам Абу ‘Убайд былай деп айтатын: “Аллаһтың «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген сөздеріне келер болсақ, Ибн Аббас былай деп айтқан: «Бұл күпірлік діннен шығармайды». Сол сияқты Ата ибн Абу Раббах та: «Бұл – күпірліктен кіші күпірлік!», — деп айтқан. Сөйтіп, бізге мұндай іс-әрекет, тіпті оның дініне күнәлар қосылса да, адамды Исламнан шығармайтыны белгілі болды. Бұл аяттарда Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу кәпірлердің әдеті екендігі, өйткені дәл кәпірлер Аллаһтың заңдарымен үкім етпейтіні айтылып тұр. Сен Аллаһтың «Олар надандық (жәхилиет) кезінің сотын қалайды ма?»  деген сөздерін естімеп пе едің? Құранның тәпсіршілері  бұл аят туралы: «Өзі мұсылман бола тұра Аллаһтың заңына сәйкес үкім етпейтін адам, сонысы арқылы надандың (жәхилиет) кезінде осылайша істегендерге ұқсайды, өйткені адамдар надандық (жәхилиет) кезінде дәл солай үкім еткен», — деп айтқан” . Қз.: “Китабуль-иман ” 47-49.

Сондай-ақ имам Ибн Батта да осы аяттарды және олардың саләфтар тарапынан тәпсірлеуін келтіріп: «Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу кіші күпірлік болып табылады», — деген. Қз.: “әл-Ибана” 2/733-737.

Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай деп жазған: “Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеуге қатысты қылмыс, егер адам мұны Аллаһтың заңының ақиқат екендігін мойындаған күйде жасаса, үлкен күнә болып табылатындығына ғалымдар бірауызды келіскен”. Қз.: «әт-Тамхид» 5/74.

Имам әл-Алуси «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» аятының тәпсірінде былай деп айтқан: “Күпірлік сөзі мұсылмандарға қатысты қолданғанда қорқыту туралы сөз болуда!” Қз.: “Рух әл-мә‘әни” 3/146.

Шейх ‘Абдур-Рахман  әс-Са’ди былай деп айтқан: “Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу кәпірлердің амалы болып табылады. Ол діннен шығаратын күпірлік болуы мүмкін, бұл осы рұқсат етілген деп есепетеген жағдайда; үлкен күнә да болуы мүмкін, бұл мұны рұқсат етілген деп санамай істеген жағдайда». Қз.: “Тайсируль-Карими-р-Рахман ” 296.

Бұл мәселеде ешқандай шектеулер қойматын және кез келген себептермен, мысалы, соттың пара үшін бұрыс шешім шығаруы, Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім ететін кез келген адамды күпірлікте айыптайтындар туралы айтар болсақ, бұл – хауариждердің мазхабы. Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай деп айтатын: “Хауариждер мен муътазиләлар сияқты бидғаттардың жақтаушылары Құран сөздерінің сыртқы мағынасына сүйене бастаған кезде, адасушылыққа түсті, мысалы, «Ал Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім етпегендер, солар кәпірлер» деген аят”. Қз.: «әт-Тамхид» 16/17.

Имам әл-Жасас былай деп айтқан: “Хауариждер бұл аяттардың мағынасын бұрмалады және тіпті сенімсіз түрде Аллаһтың үкімін қалдырғандардың әрбірін күпірлікте айыптай бастады!” Қз.: “Ахкамуль-Қуръан ” 2/534.

Шейх Мухаммад Рашид Рида былай деп айтатын: “Бірде бір танымал имам бұл аятты сөзбе-сөз түсіну керек деп айтпаған, мұның үстіне осылай деп имамдардан ешкім айтпаған!” Қз.: «Тафсир әл-манар» 6/406.

Біздің үмметіміздің имамдары Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпейтіндердің әрбірін ешқандай шарттарсыз жалпылама түрде күпірлікте айыптауды сөккенін және хауариждердің мазхабы  деп атағанын көріп тұрмыз. Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпеу белгілі жағдайларда ғана үлкен күпірлік болып табылады, ал олар төмендегідей:

1. Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етуді рұқсат етілген деп санау.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Аллаһтың заңымен үкім етпеу рұқсат етіледі деп санаған адам (ғана) кәпірге айналады”. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 3/268.

2. Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етуді жақсырақ деп есептеу.

3. Қандай да бір заңды, не үкімді Аллаһтың сотындай деп есептеу.

4. Аллаһтың үкімін тәрк ету.

Икрима былай деп айтатын: “Кім Аллаһтың түсіргенін теріске шығарып, оның негізінде емес, басқамен үкім шығарса, сол кәпір болады. Ал кім Аллаһтың үкім шығаруын міндетті деп санаса, алайда онымен үкім шығармаса, сол бұзақы және залым болып талады!” Қз.: “Тафсир әл-Хазин” 1/310.

5. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес үкім ету біздің заманымызда қажет емес немесе тура келмейді деп санау.

6. Қандай да бір заңды Аллаһтың заңы деп көрсету!

Имам Абу Бакр ибн әл-‘Араби былай деп айтқан: “Егер біреу өзінің үкімін Аллаһтың үкімі деп көрсетсе, бұл алмастыру болып табылады және үлкен күпірлікке алып келеді!” Қз.: “Ахкамуль-Қуръан ” 2/624.

Мұндай жағдайларда осы үлкен күпірілік болып табылады және бұған әһлю-Суннаның барлық ғалымдары бірауызды келіскен.

Алайда біреулер: «Алайда Аллаһтың заңдарының негізінде емес шешім шығару адамның осыны рұқсат етілген деп санауын білдіреді ғой!», — дейді.

Бұл олай емес, өйткені қандай да бір күнәға байланғандық немесе оны жиі істеу адамның оны рұқсат етілген деп санайтынына нұсқамайды. Өйткені мұсылмандардың арасында алкогольге әуестеніп қалған қанша адам бар, ал осы жағдай олардың оны халал деп санайтынына нұсқайды ма?! Егер мұсылман адам шарап ішсе, оны өндірсе және сатса, ол бәрібір кәпір болмайды, ал бұл әрекеттер өздігінше адамның осы нәрселерді халал деп санайтынына нұсқамайды, бұл жөнінде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер де жоқ. Мұсылман адам мұндайды иманының әлсіздігінен және әуес-қалауларына ергендігінен істеуі мүмкін.

Ал «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әкесімен бұрын некеде болған әйелге үйленген адамды өлтіруді және оның мал-мүлкін тартып алуды бұйырған хадиске келер болсақ (Абу Дауд 4475, әт-Тирмизи 1362), аталған жағдайда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол адамның мұндай амалды рұқсат етілген деп жасағандығы аян еді. Өйткені Аллаһ былай деп айтты ғой: «Әкелеріңмен бұрын некеде болған (әйелдерге) үйленбеңдер!» (ән-Ниса 4: 22). Алайда бұл тыйымға қарамастан, әлгі адам мұны, арабтар жахилиет кездерінде осыны халал деп есептегендей,  халал деп есептеді де, сол үшін кәпір болды. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл әрекетті халал деп санағанын қайдан білді?! Оның істеген амалынан ба?! Жоқ, Аллаһтан келген уахидің негізінде, өйткені күнәны халал ету – бұл жүректің ісі және егер адам мұндайды халал деп есептейтінін өзі айтпаса, ешкім оның жүрегінде не бар екендігін айта алмайды. Имам Ахмад былай деп айтқан: “Біз бұл адам өзінің әкесімен бұрын некеде болған әйелге үйленуді халал амал деп есептеді деп санаймыз!” Қз.: Абдуллаһ ибн Ахмад “Масаиль” 3/1085.

Имам әт-Тахауи былай деп айтқан: “Бұл үйленген адам, жахилиет кезінде адамдар осындай істейтіндей, мұны халал деп санады және осы себепті ол діннен шыққан (муртад) болды”. Қз.: “Шарх мә’ән и әл-асар” 3/149.

Ғалымдардың арасында әкеңнің әйеліне үйлену немесе онымен тіпті зина жасау адамды кәпір етпейтініне келіспеушілік жоқ, ол мұны жүз рет қайталаса да. Алайда егер ол мұны халал деп санаса, бір мезетте кәпір болады, тіпті мұндайды бірде-бір рет жасамаса да.

Айтылғанның барлығын дұрыс түсіну үшін Исламда күпірлік екі түрлі: үлкен және кіші, амалдардағы (‘амәли) және сенімдегі (и‘тиқади) болады. Мысалы, сахих хадистерде: «Менен кейін бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар», -деп айтылған.  әл-Бухари және Муслим.

Егер хадистің сыртқы мағынасын алсақ, ол мұсылмандардың бір-бірімен соғысуы діннен шығаратын күпірлік екеніне нұсқайды. Ал іс жүзінде бұл кіші күпірлік болып табылады, тек адам мұсылмандармен соғысуды және оларды өлтіруді рұқсат етілген деп санамаса және бұл жөнінде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер болмаған.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенімі (аман) жоқтың – иманы жоқ!» — деген.  Ахмад, Ибн Хиббан. Хадис сахих. Қз.: “әл-Мишкатуль-масабих” 35.

Алайда біреу осы хадистің сыртқы мағынасына сүйеніп, сенімсіз мұсылманды кәпір деп айта алады ма?! Бұл хадисте сенімсіз адамның мүлде иманы жоқ деп емес, мұндай адамның иманы толық емес деп айтылуда. Қз.: “Файдуль-Қадир” 6/387.

Сондай-ақ мына хадис те: «Адамдардың екі амалы – шыққан тегін балағаттау және өлген адамды дауыстап жоқтау күпірлік болып табылады». Муслим 2/127.

Мына хадис те: «Кім әйелімен хайыз кезінде немесе оның артына (анус) жыныстық қатынасқа барса немесе көріпкел-сәуегейге келсе, сол Мухаммадқа алып келген нәрсеге күпірлік танытқан болады!» Абу Дауд 3904, әт-Тирмизи 135. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 5942.

Мына хадис те солар сияқты: «Аллаһтың нығметі туралы айту – бұл шүкіршілік, ал мұны (айтпай) қалдыру – күпірлік!» Ахмад 4/278. Хадистің иснады хасан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2/276.

Және мұндай хадистер өте көп. Сөйтіп, көптеген күнәлар шариғатта күпірлік деп аталатыны белгілі болды, алайда Құранның және Сүннеттің басқа мәтіндері, сондай-ақ саләфтардың түсінігі белгілі бір шариғат мәтініндегі күпірлік кіші күпірлік болып табылатынына нұсқайды!

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары да күпірлік сөзін үлкен күнәларға қатысты, сол арқылы адамдарды олар осы күнәларды жасаудан аулақ болуы үшін қорқытып, тура осылайша етіп қолданған. Мысалы, бір кісі Ибн Аббастан әйелімен оның артынан (анус) жыныстық қатынасқа бару туралы сұрағанда, Ибн Аббас: «Сен менен күпірлік туралы сұрап тұрсың ба?!», — деген. ән-Насаи “Сунан  әл-кубра”. Хафиз Ибн Хажжәр және хафиз Ибн Касир сахихтығын растаған.

Жоғарыда хадистерде аталған күпірлік сенімде емес, амалдарда көрініс табатын кіші күпірлік болып табылады. Ал мәселе — көптеген мұсылмандардың күпірлік кіші және үлкен, істегі және сенімдегі күпірлікке бөлінетінін білмегенінде.

Алайда дене амалдарының арасында кез келген жағдайда діннен шығаратындары да бар. Бұл – Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балағаттау, дінді келемеждеу, пұтқа сәжде немесе рукуғ жасау, Құранды лас жерге тастау. Бұл әрекеттердің барлығы, адамның жүрегінде не болса да, оны діннен тыс шығарады. Бұл діннен шығаратын амалдардағы күпірлік (куфр әл-‘амәли) болып табылады.

Хафиз әл-Хакими амалдардағы бір мағыналы түрде діннен шығаратын бұл күпірліктер туралы былай деп жазатын: «Жоғарыда аталған төрт іс-әрекет және сол сияқты әрекеттер адамдар көре алатындай етіп түрлі дене мүшелерімен жасалатын мағынадағы амалдардағы күпірлік болып табылатынын біл. Алайда оларды жасау ниетке, ықыласқа, махаббатқа және мойынсұнушылыққа қатысты жүрек амалдарының жасалуы толық тоқтаған кезде ғана орын алуы мүмкін. Сөйтіп, сырттай бұл әрекеттер амалдарда көрініс табатын күпірлік болып көрінгенімен, олар міндетті түрде сенімге қатысты күпірлікпен байланысты болады және хақ жолдан бет бұрып кеткен шынайы екіжүзді тарапынан немесе қасарысқан мойынсұнбаушы тарапынан жасалады».  Қз.: «200 суәл уә жәуәб фи әл-‘ақида әл-исләмия» 79.

Талқыланып жатқан тақырыпқа оралып, күпірлікте айыптаушылар қанша қаласа да, Аллаһтың түсірмегенімен үкім шығаруды саләфтардан ешкім қарастырусыз және сенімге назар бұрмай амалдардағы діннен шығаратын күпірлікке жатқызбағанын атап өту қажет.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтатын: “Күпірлік екі түрлі болады: амалдардағы және сенімдегі мойындамау және теріске шығару сияқты  күпірлік. Мойындамау және теріске шығару күпірлігі – бұл Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттары, Оның істері және заң ережелері сияқты Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан алып келген нәрселерге қатысты күпірлік. Күпірліктің бұл түрі иманға барлық жақтан қайшы келеді. Ал амалдарда көрініс табатын күпірлікке (куфр әл-‘амәли) келер болсақ, ол иманға қайшы келетін және келмейтін күпірлікке бөлінеді. Пұттарға құлшылық ету, Құранды қорлау, пайғамбарларды балағаттау немесе өлтіру сияқты мұндай амалдардағы күпірліктің түрлері иманға толығымен қайшы келеді. Алайда Аллаһтың түсіргенімен емес үкім етуге және намазды орындамауға қатысты айтар болсақ, бұлар амалдардағы күпірлік болып табылады!” Қз.: “әс-Салә уә хукму тариқиха” 45.

Шейх Салим әл-Хиләли Ибн әл-Қайимнің бұл сөздері туралы былай деп айтқан: “Яғни кіші күпірлік. Аллаһ сені рахым етсін, Ибн әл-Қайимнің Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығаруды және намазды қалдыруды Исламнан шығаратын амалдардағы күпірліктің қатарынан ажыратып шағарғанына назар аудар! Алайда кейбір такфиршілер Ибн әл-Қайимнің бұл сөздеріне наразы болды және оларды бұрмалап, оның сөздерінің орнын ауыстырып, Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығаруды иманға қайшы келетін амалдардағы күпірлікке жатқызып қойды! Абу Басыр деген біткен хауариж өзінің «әт-Тауағит» (71) деп аталатын бидғатшыл кітабында тура осылайша істеді». Қз.: “Тахкимуль-қауәнин” 37.

Айтылғанның барлығынан Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығару, мұны рұқсат (халал) етуден өзге жағдайда,  діннен шығармайтын кіші күпірлік болып табылатыны айқын болады. Алайда бұл осы күнәның ұлылығын кішірейтпейді.

Осы жерде әділеттілік үшік кейбір ғалымдар «ташри‘у ‘аммды» үлкен күпірлік деп атағанын айту қажет, ал бұл мұсылман әмәрлерінің Аллаһтың үкімін конституциямен ауыстырғанын білдіреді. Олардың арасында шейх Мухаммад ибн Ибраһим, Мухаммад Амин әш-Шанқити және Ахмад Шәкир, сондай-ақ Ибн ‘Усаймин де бар. Алайда кейіннен ол бұл пікірден бас тартты. Сондай-ақ бұл пікірді хафиз Ибн Касирге де телиді. Алайда оның бұл мәселені түсінудегі сөздері туралы ғалымдар арасындағы пікірлер әр түрлі болды.

Алайда осы жерде бір нәрсені айқындап алу қажет.

Біріншіден, бұл ғалымдар «ташри‘у ‘аммды» бұл іс-әрекеттің өзі үшін, яғни бұл әрекеттің өзі үлкен күпірлік болып табылатындықтан емес, бұл әрекет адамның Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етуді рұқсат етілген (халал) деп санауына нұсқайды деп есептегендіктен үлкен күпірлік деп атады.

Екіншіден, шариғатты заңдарға ауыстыруды үлкен күпірлік деп санаған ғалымдардың сөздері бірмағыналы емес, өйткені олардан сондай-ақ адам үлкен күпірлікке түсуі үшін рұқсат (халал) етуді шарт деп санағандығы туралы сөздер де жеткен. Мысалы, шейх Мухаммад ибн Ибраһим былай деп айтатын: “Кім (шариғаттан тыс) заңдармен үкім етіп, осыны дұрыс және халал деп есептесе, сол Исламнан шыққан кәпір болып табылады. Бірақ егер ол мұндайды халал деп санамай істесе, онда амалдарда көрініс табатын, діннен шығармайтын күпірлікке түседі!” Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 1/80.

Кейбіреулер мұны шейхтың ең соңғы сөзі деп есептеген, өйткені ол оның пәтуаларында хижраның 1385 жылы оның «Тахкимуль-қауанин» деген атақты жолдауынан бес жыл кейін жарияланған еді.

Ал керісінше пікірдің жақтаушылары: «Бұл — өтірік және осы пәтуа шейх өзінің пікірін өзгерткендігіне нұсқамайды», — деп айтқан. Олар: «Шейх мұны осындайды тек бір-екі рет істеген адам туралы айтқан», — дейді. Қалай болғанда да ешкім бұл сөздердің шейх Мухаммад ибн Ибраһимге тиісті екенін теріске шығармайды.

Шейх әш-Шәнқитыға келер болсақ, ол былай деп айтатын: «Кім Аллаһ түсірмегенінің негізінде үкім етсе және күнә мен жаман амал жасап жатқанын білсе, және осыған оны әуес-қалауы итермелесе, бұл адам басқа күнәһар мұсылмандарға ұқсас болады». Қз.: “Адауауль-баян” 2/103.

Ол сондай-ақ былай деп айтатын: «Күпірлік, зұлымдық және бұзақылық шариғатта бір жағдайда күнәны, ал өзге жағдайда күпірлікті білдіруі мүмкін екенін біл. Кім Елшіні (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теріске шығарып және Аллаһтың заңын жалған деп санап, Аллаһтың түсірмеген заңымен үкім етсе, оның зұлымдығы, бұзақылығы және күпірлігі діннен шығаратын болып табылады! Ал кім Аллаһтың түсірмегенімен үкім етсе және осынысы күнә мен жаман амал екендігіне сенсе, онда оның бұзақылығы, зұлымдығы және күпірлігі діннен шығармайтын болады!» Қз.: “Адауауль-баян” 2/104.

Керісінше пікірдің жақтаушылары шейх әш-Шәнқитыдың бұл сөздері жалпылама болып табылады, ал шариғатты заңдармен ауыстыру туралы оның сөздері – нақты деп айтады.

Үшіншіден, егер осы ғалымдардың пікірін есепке алғанның өзінде, олар Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету мәселесінде айырмашылықтар жасайды. Олар егер мұсылман әмірі өз негізінде шариғат бойынша үкім ететін болса, алайда кейбір мәселелерде, өз әуесіне еріп, шариғатпен емес үкім еткен болса, онда бұл «күпірліктен кіші күпірлік» (куфр дуна куфр) болып табылады. Алайда егер өз негізінде Аллаһтың заңымен емес, қандай да бір басқа заңдармен үкім етсе, онда бұл үлкен күпірлік болып табылады деп есептейді.

Ал шындығында бұрын өмір сүрген имамдардан ешкім Аллаһтың үкімі мәселесінде мұндай ерекшеліктер жасамаған! Мұндай жіктеуге Құранда да, Сүннетте де дәлел жоқ. Аллаһтың түсірмегенімен үкім ету Аллаһтың түсірмегенімен үкім ету болып табылады және мұны қатардағы мұсылман жасады ма, әлде әмір ме, бір мәселеде ме, әлде мың мәселеде ме – оның айырмашылығы жоқ.

Шариғатпен емес үкім ететіндер туралы аяттардың тек әмірлерді ғана емес, бүкіл адамдарды қамтитынын ескеру қажет. Имам Ибн Хазм былай деп айтқан: “Қандай да бір сенімге ие болған, бір нәрсе айтатын не бір нәрсе істейтін адам осы мәселеде үкім етуші болып табылады”. Қз.: “әл-Фасль” 3/302.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: “Екі адамның арасында үкім ететіннің кез келгені үкім етуші  болып табылады. Мұның үстіне, тіпті балалардың арасында үкім етушіні сахабалар үкім шығарушыға жатқызған!” Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 17/180.

Тауустан бір баланы екінші баладан артық көру туралы сурағанда, ол: «Сендер надандың кезінің сотын қалайсыңдар ма?» (әл-Мәида 5: 50), — деген аятты оқып бергені жеткізіледі. Са’ид ибн Мансур 505, Ибн Абу Шайба 11/220.

Ғалымдар: «Мұсылман адам шариғатпен емес үкім етуді халал деп санамайынша, ол кәпір болмайды, өйткені Аллаһтың үкімін қалдыру, егер адам оның ақиқат және міндетті екендігін мойындаса, адамды Исламнан шығармайды», — деп айтады.

Имам Абу әл-Музаффар әс-Сам’әни былай деп айтқан: “Хауариждер осы аяттарды дәлел ретінде алып: «Кім Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етсе, сол кәпір!», — деп айтады, ал Әһлю-Сунна Аллаһтың үкімін қалдырғандық үшін күпірлікте айыптамайды!” Қз.: “Тафсир әс-Сам’әни” 2/42.

Имам әл-Қуртуби «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деген аят туралы былай деген: “Бұл аятта кәпірлерге қатысты сөз болуда. Бұл аят барша мұсылмандарды қамтитынына қарамастан, мұсылмандар бұл жағдайдан тыс шығады, өйткені Аллаһтың үкімін қалдыру, бірақ оған деген иманмен қалдыру, көпқұдайшылықтан кіші, ал Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Аллаһ өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды» (ән-Ниса 4; 48). Ал үкімді қалдыру бірауызды келісім бойынша көпқұдайшылық болып табылмайды және кешірілуі мүмкін. Сондықтан Аллаһтың үкімін қалдыру үлкен күпірлік болып табылмайды!” Қз.: “әл-Муфхим” 5/117-118.

Сөйтіп, кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім ету міндетті деп есептесе және тек осы ғана ақиқат деп есептесе, бірақ өзі мұны істемесе, кәпірге айналмайды, бірақ иманды әлсірететін үлкен күнә жасайтын бұзақы болады.

Мысалы, алғашқы буын мұсылмандарының әмірлері халифаттың барлық бұрыштарында салық енгізгендігі, сондай-ақ олардың халифаны шура (кеңес) арқылы емес, мұрагерлік арқылы сайлауды заңдастырғаны да Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету болып табылады және осыларды кейбір жағынан «ташри‘у ‘аммға» қатысты деп айтуға болады. Алайда алдын өмір сүріп кеткен имамдардың біреуі болса да сол әмірлерді осы үшін күпірлікте айыптағаны беймәлім.

Шейх Ибн Баздан шейх Мухаммад ибн Ибраһимнің шариғатты заңдармен ауыстыру үлкен күпірлік болып табылады деген пікірі туралы сұрағанда, ол былай деп айтқан: “Оны Аллаһ кешірсін, ол зандарға ауыстыру адамның осыған разы болуын және осыны халал деп санауына нұсқайды деп есептеген. Бұл – оның жолдауы (Тахкимуль-қауанин) нұсқайтын нәрсе, Аллаһ оны рахым етсін. Алайда мен бұл мәселеде тоқтадым, өйткені әмір осындайды рұқсат етілген деп санауын түсіну үшін бұл жеткіліксіз болып табылады. Кім Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етсе немесе осыны бұйырса, осыны халал деп санамайынша кәпірге айналмайды. Бұл – белгілі бір адамға қатысты әділетсіз үкім шығарған немесе оны өлтіруді бұйырған адам сияқты, ол мұны халал деп санамайынша кәпір болмайды! Өйткені  Хажжәж ибн Юсуф, қаншама адамдарды өлтіргеніне қарамастан, кәпір болмады, өйткені бұл мәселеде анық еместік (түсініксіздік, яғни шубһә) бар. Маруан, Му‘ауия және басқа әмірлерге де қатысты осы сияқты. Олар кәпір болмады, өйткені өздерінің амалдарын халал деп санамады. Ал қақысыз өлтіру зинақорлықтан және өсімқорлықтан жаман!” “әд-Дам‘а әл-бәзия” аудиотаспасын тыңдаңыз.

Шейх әл-Әлбани былай деп айтатын: “Кім Аллаһ Тағаланың шариғатына иман келтіріп, ол кез келген уақытқа және кез келген орынға тура келеді деп есептесе, алайда онымен толық немесе жартылай үкім етпесе, ол мына аятқа қатысты болады: «Ал кім Аллаһтың түсіргенінің негізінде үкім етпесе, міне солар кәпірлер». Алайда оның осы аятта айтылатындардың қатарына кіруі оны Исламнан шығармайды”. Тз.: “Сильсилә әл-худа уә-ннур” № 218.

Сондай-ақ шейх Ибн ‘Усаймин де шариғатты заңдармен ауыстыру үлкен күпірлік болып табылады деп есептеген, бірақ кейін өз пікірін қайта қарап шыққан. Мысалы, өзі қайтыс болған хижраның 1420 жылы оған жанға бататын мәселе: Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету туралы сұрақ қойылған еді. Бұл ұзын сұрақта өзге нәрселер қатарында былай деп айтылатын: «Бұл мәселеде студенттердің арасында үлкен айтысулар бар және олардың кейбіреулері шейх Ибн ‘Усайминнің сөздеріне сүйенеді… Көп студенттер Аллаһ Тағаланың шариғатына қайшы келетін заңмен үкім ететін әмір туралы айтады және ол осымен халықты міндеттейтініне, тіпті осыған қайшы келетіндерді жазалайтынына күмән жоқ… Егер әмір біздің кезімізде осылай істесе, ол халықты осымен міндеттейтіні үшін кәпір болады ма?! Бірақ ол осымен бірге  бұл Құран мен Сүннетке қайшы келетінін және ақиқат соларда екенін біледі. Осындай амалды істеуші кәпір болады ма, әлде бәрібір оның сеніміне қарау қажет пе?…Көп жас мұсылмандар сіз мұндай адамды кәпір деп есептейсіз деп айтады!»

Сөйтіп, біз шейх Ибн ‘Усайминге осы мәселеге қатысты қойылған екі мағыналы емес сұрақтарды көріп тұрмыз. Ол осы мәселеге ұзақ жауап берді. Жас мұсылмандарға құлшылықтарын жақсарту және Аллаһ тыйым салған нәрселерден алшақтау туралы насихат айтты. Кейін ол былай деді: «Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім ету мәселесіне келер болсақ, ол үш түрлі болады, бұл Аллаһтың Кітабында мұндайды жасаушыға байланысты: күпірлік (куфр), бұзақылық (фисқ) және зұлымдық (зульм) болып бөлінетіндей. Егер адам өз әуесіне еріп Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім етсе, бірақ сонымен бірге ақиқат Аллаһтың шешкенінде екенін білсе, онда ол кәпір болмайды. Оның жағдайы бұзақылық пен зұлымдықтың арасында. Тіпті егер ол заңды жақсы және пайдалы деп,  оны халыққа енгізсе де, кәпір болмайды, өйткені әмірлердің көпшілігі шариғат мәселелерінде хабарсыз болып табылады. Оларды мұны рұқсат етілген деп айтатын, шариғат үкімдерін білмейтін, бірақ өздері оларды ғалымдар деп есептейтін адамдар қоршауда. Алайда егер ол (әмір) шариғаттың заң ережелерін білсе, бірақ сонда да осылайша істесе және халық үшін конституция енгізсе, біз оның жауыз екендігіне кәміл сенеміз, бірақ оны кәпір деп айта алмаймыз. Ақиқатында, біз кәпір деп тек қандай да бір заңды адамдар үшін Аллаһтың заңынан жақсы немесе ол Аллаһтың заңы сияқты деп есептеген адамды айта аламыз, өйткені ол сонысымен «Аллаһ – ең жақсы үкім шығарушы», «Кәміл сенген адамдар үшін Аллаһтың шешімінен өзге кімнің шешімі жақсы бола алады?» деп айтқан Аллаһтың сөздерін теріске шығарады». “әт-Тахрир фи мәсалә әт-такфир” аудиотаспасын тыңдаңыз.

Шейх Салих әл-Фаузанға: «Халық үшін қандай да бір заң енгізген және оларды осымен міндеттейтінге қатысты үкім қандай?» — деген сұрақ қойылды. Шейх: «Егер ол осы заңдар Аллаһтың заңдары сияқты, олардан жақсырақ және рұқсат етілген деп сенсе, онда ол діннен шыққан (муртад) болады!», — деп жауап берді. Тз.: “Шарх Науақидуль-исләм” 6-аудиотаспа, А беті.

Сондай-ақ шейх әл-Фаузанға «Сіз кімнің көпқұдайшылығы айқын болса, мысалы Аллаһ үшін емес бауыздайтынның немесе Аллаһтан өзгеге нәзір беретіннің, сол көпқұдайшыл болып табылады деп айтатынсыз. Сұрақ: заңдар бойынша үкім етушіге қатысты қалай? Бұл жағдайда көпқұдайшылық туралы айтылмауы керек пе?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай жауап берді: Жоқ! Оған қатысты, оны бұған не итермелегені туралы айқын болмайынша, мұндай шешім шығарылмайды. Біз ол мұны халал деп санайды ма әлде жоқ па екенін білуіміз керек. Бұл жағдайды түсіндіру қажет. Такфиршілердің және хауариждердің манһажын алмаңдар! Кез келген күпірліктің үкімі (жағдайы) нақтылап анықтауға мұқтаж!”  Тз.: “Шарх Науақидуль-исләм” 6-аудиотаспа, В беті.

Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббадқа “Ислам шариғатын заңдармен ауыстыру өздігінше күпірлік болып табылады ма, әлде адам мұны жүрегімен халал деп есептеуі қажет пе? Және Аллаһтың түсірмегенінің негізінде бір рет үкім шығарған адам мен барша үшін заң жинақтарын енгізген, бірақ мұны халал деп санамаған адамның арасында айырмашылық бар ма?»  деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: “Сөзді үкім бір мәселеде ме, онында ма, жүзінде ме әлде мыңында ма — Аллаһтан түсірілмегеннің негізінде қабылданғанның айырмашылығы жоқ екендігінен бастайық. Егер адам мұның жаман амал екенін білсе және оның тыйым салынғандығын біле тұра өз күнәсын мойындаса, онда бұл күпірліктен кіші күпірлік болады. Алайда егер ол мұны рұқсат етілген және абзал деп санаса, онда ол Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығаруға болады деп есептеп, мұндайды тіпті бір рет жасаса да – кәпір болады!” Тз.: “Шарх Сунан  Аби Дауд”.

Шейх Салих әс-Сухаймиге «Кейбір адамдар Аллаһтың түсірмегенінің негізіндегі үкім етудің (күпірлікте айыптау үшін) шарттары болу керек деп айтады, алайда Аллаһтың шариғатын ауыстырған адам мұны жақсы деп санамаса, мұндайды істемес еді (емес пе)?» деген сұрақ қойылды.

Шейх былай деп жауап берді: «Ол осы әрекеттің себебін түсіндірмей оны күпірлікте айыптай алмаймыз!»

Одан: «Тіпті егер әмір бүкіл шариғатты ауыстырса да ма?!» — деп сұрады.

Ол: “Аллаһпен ант етемін, егер ол шариғат бізідің заманымызға тура келмейді және бұл заңдар шариғат сияқты деп айтпаса, біз оны күпірлікте айыптай алмаймыз!” “Аджуиба ‘алә әсилә мухимма” аудиотаспасын тыңдаңыз.

Шейх Убайд әл-Жәбриге: «Кейбір адамдар шариғатпен емес бір рет үкім  еткенмен Аллаһтың шариғатын ауыстырғанның арасында айырмашылық жасайды. Олар мұны бір рет істеген адам үшін бұл күпіріліктен кіші күпірлік (куфр дунә куфр) деп айтады.  Ал шариғатты ауыстырған адам мұны рұқсат етілген деп істеді, өйткені ауыстыру мұны рұқсат ету дегенге нұсқайды дейді».

Шейх былай жауап берді: “Бұл қайдан алынған?! Бұл – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер де, сендердің әкелерің де естімеген нәрселерді айтатын адамдар пайда болады. Олардан сақтаныңдар!» (Муслим), – деп сақтандырған ерсі нәрселерден. Саләфтар мұндай ережелер бекітіп қоймаған еді. Бізде дәлел Құран, Сүннет және бірауызды келісім (әл-иджмә’) болып табылады және оларға қайшы келетіннің барлығын біз тәрк етеміз!”

Шейх Салих әл-Люхайдан  былай деп айтқан: “Заңдар бойынша шешім шығаруға келер болсақ, бұл, күмәнсіз, күпірлік болып табылады. Алайда егер әмір бұл заңдар шариғаттан жақсы деп есептемесе, онда ол кәпір болды деп айтылмайды!” Тз.: “Шарх ‘Ақида әт-Тахауия” 4-аудиотаспа.

Шейх Абдуль-Азиз әр-Ражжихиге мынандай сұрақ қойылды: «Кейбір мұсылман әмірлері заңдар бойынша үкім етеді, бірақ осыған қоса олар намазды орындайды. Алайда бұл заңдар шынайы үкімді ауыстырады, мысалы зинақорға қатысты (оны таспен ұрмайды). Осы оны кәпір етпейді ме, тіпті егер ол намазды орындаса да?»

Шейх былай деп жауап берді: «Бұл анықтап түсіндіруге мұқтаж. Аллаһтың түсірмегенінің негізінде, осыны рұқсат етілген деп санап, үкім етуші  үлкен күпірлікке түсті. Ал мұны рұқсат етілген деп есептемейтінге келер болсақ, ол, ғалымдардың пікірі бойынша, бұзақы болып табылады. Әмірдің өзі мұндайды рұқсат етілген деп айтпайынша, (оны) күпірлікте айыптау туралы шешім шығаруға асықпау қажет!” Қз.: “Аджуиба муфида ‘ән әсилә”.

Сөйтіп, біз ғалымдардың Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығару мәселесін  осылайша жіктеумен келіспейтінін көріп тұрмыз. Бірақ тіпті егер біреу шейх Мухаммад ибн Ибраһимнің пікіріне ілессе де, ол шариғатпен емес үкім ететін қандай да бір мұсылман әмірінің күпірлігі туралы шешім шығаруға құқықты емес. Бұл мәселеде шариғатты заңдарға ауыстыру үлкен күпірлік болып табылады ма, әлде жоқ па деген келіспеушілік болғанының өзі нақты тұлғаны күпірлікте айыптау үшін кедергі болады!

Келіспеушілік нақты адамды күпірлікте айыптау үшін кедергі болатыны туралы көптеген имамдар айтқан. Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деп айтқан: “Келіспеушілік болмаған нәрседен өзгенің негізінде күпірлікте айыптамау керек”. Қз.: “әт-Тамхид” 17/22.

Мухаммад ибн Абдуль-Уаххабтан намазды орындамайтын адамды күпірлікте айыптау туралы сұрағанда, ол былай деген: «Исламның ұстыны бесеу, олардың біріншісі – екі куәлік (яғни «Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты Құдай жоқ және Мухаммад — Аллаһтың елшісі» деп куәлік беру). Осыдан кейін төрт негізі тұрады. Егер біреу бұлардың міндетті екенін мойындап, осылардың бірін тастаса, біз ол адамды өлім жазасына кессек те, оларды тастағаны үшін оны күпірлікте айыптамаймыз! Ғалымдар намазды жалқаулықпен оқымаған адамдар жайлы көзқарастары бөлінген, ал біз ғалымдар бірауызды келісімде  болған нәрседен өзге нәрседе күпірлікте айыптамаймыз, ал ол – тек екі күәлік қана».  Қз.: “әд-Дурару-ссания” 1/102.

Егер қарапайым мұсылманның өзін ғалымдардың бірауызды келісімі болған нәрседен өзгенің негізінде күпірлікте айыптауға болмайтын болса, онда мұсылмандардың әмірлерін келіспеушіліктер болған нәрсенің негізінде күпірлікте айыптау, мұның салдары өте салмақты болатынын біле тұра, қалайша болмақ?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман әмірінің күпірлігі айқын, түсінікті және түсініксіздіктерге жол бермейтін болуы керек деген шарт қойды.

Убада бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік және өзге нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті  нәрселерден айырған кезде де  (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті.  Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Тек қана (оның) айқын күпірліккке түскенін көрмесеңдер және бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса», деді».   әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Айқын күпірлік (куфр бауах) – бұл бұрыс түсінуге келмейтін және ол туралы ғалымдардың арасында келіспеушіліктер болмаған үлкен күпірлік. Имам ән-Науауи былай деген: «Бауах – бұл бұрыс түсінуге келмейтін, айқын, сырттай көрінетін күпірлік!» Қз.: “Рияду-с-салихин” 134.

Яғни діннен шығу, діннен бір нәрсені қасақана теріске шығару, күнәны саналы түрде рұқсат ету немесе халал нәрсені саналы түрде харам ету, иманның бір негізіне (ұстынына) болса да күпірлік ету және басқалар.

Айқын күпірлік не екендігі туралы Аллаһ Тағала Құранда былай деп айтқан: «Исламды қабылдағаннан кейін кәпір болғандар» (әт-Таубә 9: 74).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтады: «Ақиқатында, иман келтіргеннен кейін кәпір болғандар және өздерінің күпірлігін арттырғандар» (Әли ‘Имран  3: 90).

Міне осы — бұрыс түсінуге келмейтін күпірлік. Қз.: “Фатауа әиммә фи нәуәзиль” 173-186.

Шейх Ибн ‘Усаймин не нәрсе айқын күпірлік болып табылатындығы туралы былай деп айтқан: «Бұл – жарқыраған күн сияқты айқын, күмәні болмаған анық,  мығым білімнің негізінде байқалатын күпірлік». Тз.: “Фатауа-ль-акәбир фи нәзилә әл-Жәзаир”.

Шейх Абдуль-Азиз әр-Ражжихиге «Айқын күпірліктің (куфр бауах) шарттары қандай?» деген сұрақ қойылды. Ол былай деп жауап берді: «Бауах – бұл күмәні және түсініксіздігі болмаған анық және айқын күпірлік. Ал күмәні болған нәрсеге келер болсақ, ол айқын (бауах) деп аталмайды».  Қз.: “Аджуибә муфида ‘ән  асилә”.

Ал мұсылман әмірінің шариғатты заңдармен ауыстыру мәселесіне келер болсақ, онда жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл мәселе түсіндіруге және нақтылауға мұқтаж екендігі және сондықтан да осы себепті белгілі бір әмірді кәпір деп атауға болатын куфрун бауах болып табылмайтындығы айқын болды.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Ақиқатында, күпірлікте айыптау (такфир) түсініксіздігі бар амал үшін шығарылмайды!” Қз.: “әс-Саримуль-мәслюль” 3/963.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтатын: “Біздің кезімізде өздерін дінге телитін және діни қызғанышына сүйенген болып, Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күпірлікте айыптамағандарды күпірлікте айыптайтын көптеген адамдарды кездестіруге болады! Мұның үстіне, өкінішке орай, осы адамдардың кейбіреулері мұсылмандардың әмірлері харам нәрселерді істегендігі себепті олар туралы тартысады. Алайда бұл мәселеде (күпірлік мәселесінде) келіспеушіліктер бар болуы мүмкін және бұл әмірлер надандығы және білімсіздігі себепті ақтауға ие болуы мүмкін. Сондай-ақ әмірлердің қасында жақсы да, жаман да адамдар болады. Мысалы, әмірге жақсы адамдар келіп: «Бұл тыйым салынған, былай істеуге болмайды!», — деп айтуы мүмкін, сондай-ақ жаман адамдар да келіп: «Жоқ, бұл рұқсат етілген, мұны істей бер!», — деп айтуы да мүмкін… Көптеген мұсылман әмірлері шариғат заң ережелері туралы немесе олардың көбі туралы білімге ие емес. Мен мұны осының қауіптілігін және ең алдымен күпірлікте айыптаудың (такфирдің) шарттарын білу қажеттігін түсіндіру үшін   айтып тұрмын». Қз.: “Шарх әл-Қауә‘ид әл-муслә” 77.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб хижра жасамайтындарға такфир жасайды деген өзіне жабылған айыптауларға жауап беріп, былай деп айтқан: «Біз тіпті ‘Абдуль-Қадир Жәйләни, Ахмад Бадауи тағы сол сияқты басқалардың  қабірлеріне құлшылық қылушыларды, мұндайды істеп жатқандардың білімі болмағандығы, сондай-ақ оларға осыны түсіндіретіндердің де болмауы себепті күпірлікте айыптамаймыз.  Ендеше, қалайша біз Аллаһқа ешкімді теңестірмейтіндерді олар біз жаққа қоныс аудармағаны үшін ғана күпірлікте айыптай аламыз?! Уа, Аллаһ, Сен Пәксің! Ақиқатында, бұл – ұлы жала!» “Фатауа уә масаиль шейх Мухаммад ибн Абдуль-Уаххаб” 11.

Ал Аллаһпен бірге қабірлерге құлшылық ету, Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығарудан айырықша, өз негізінде үлкен күпірлік болып табылады ғой!

Уа, мұсылман! Шейхуль Ислам Ибн Таймияның мына сөздеріне ой сал: “Ақиқатында, күпірлікте айыптауға (такфирге), бұзақылықта айыптауға (тафсиққа) және сол сияқты айыптауларға қатысты өзіне қорқытуды қамтыған Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ имамдардың сөздері белгілі шарттарды (дәлелді ұсыну т.с.с.) орындаудан басқа жағдайда бірден нақты адамға қатысты қолданылмайды.  Және бұл діннің негіздеріне қатысты ма, әлде оның тармақтарына ма – оның айырмашылығы жоқ!”  Қз.: “Мәжму‘уль-фатауа” 10/372.

Шейх әл-Әлбани Аллаһтың түсірмегенінің негізінде үкім шығару мәселесін, егер мұсылман адам мұны рұқсат етілген деп санамаса, бұл кіші күпірлік болып табылатындығын түсіндіріп, кейін былай деді: «Мен бұрын да мұны айтқанмын, қазір де мұсылмандардың әмірлерін үнемі күпірлікте айыптайтын адамдарға осыны қайталаймын: Олар шын мәнісінде күпірлікке түсіп кетті және діннен шыққан (муртад) болды делік және олардың үстінен билік жүргізетін жоғарғы әмір бар әрі ол олардың осындай күпірлікке кіріп кеткенін анықтаған жағдайда оларға міндетті түрде шариғат бекіткен жазаны қолдану керек делік. Бірақ тіпті осы әмірлердің барлығы кәпір және діннен шыққан (муртад) болды деп шамаласақ та, сендер іс жүзінде осыдан қандай пайда ала аласыңдар. Сендер не істей аласыңдар?

Егер олар: «Достық және қатыссыздық (әл-уалә уәл-бәра)», — десе, біз: «Достық пен қатыссыздық сүйіспеншілік пен өшпенділік болып екі түрге бөлінеді және  бұл адамның мүмкіндіктеріне сәйкес амалдарда да,  жүректе де көрініс табуы мүмкін. Ал достық пен қатыссыздықтың болуының шарты  ашық түрде күпірлікте айыптау болып табылмайды! Мұның үстіне, достық пен қатыссыздық сондай-ақ бидғатшыға да, мойынсұнбаушыға да, залымға да қатысты болуы тіпті мүмкін ғой», — деп айтамыз.

Кейін мен бұл адамдарға: «Кәпірлер Исламның көптеген жерлерін басып алды және біз, өкінішке орай, яхудилердің Палестинаны оккупациялауымен сыналудамыз. Ал біз бен сіз соларға (сендер күпірлікте айыптайтын әмірлерге) не істей аласыздар?! Сендер кәпір деп есептейтін әмірлерге қарсы жалғыз өздерің не істей аласыңдар?! Ендеше бұған күш сарп етпей басқа нәрселердің барлығына негіз бола алатын нәрсені жасағандарың жақсырақ емес пе? Ал бұл Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүру арқылы іске асады. Бұл жолда ол өзінің сахабаларын тәрбиеледі және (осы жолдың) жүйесі мен негізінде ол оларды өсірді», — деймін.  

Біз мұны бірнеше рет қайталап ескертеміз және сызып айтамыз: кез келген мұсылман тобы үшін тек Исламның жерінде ғана емес, жалпы барлық жерде мұсылмандық басқаруды қайта орнату үшін (осы) шынайы әрекеттен өзге шығу жолы жоқ. Және мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: «Ол сондай Аллаһ, мүшріктер жек көрсе де, дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен және хақ дінмен жіберді» (әс-Саф сүресі, 9-аят).

Ігілікті хабарлайтын кейбір пайғамбарлық  хадистерде бұл таяу уақытта іске асатындығы туралы айтылады, бірақ мұсылмандар Құранда айтылғанның іске асуына болысу үшін, осы(ндай) адамдар оларды кәпір және діннен шыққан (муртад) деп санайтын  әмірлерге қарсы шығуға адамдарды шақыруы қажет пе? Бұдан тыс, мұндай қате болжамдарға негізделіп, олар ешнәрсе істей алмайды. Ал ендеше қандай жолмен жүру керек? Күмән жоқ, бұл — Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үнемі айтып жүретін және әр жұма құтпасында: «…ең жақсы басшылық – Мухаммадтың басшылығы» (Муслим «Сахих», № 867 хадис), — деп, сахабаларының есіне салып қоятын жол.  .

Барлық мұсылмандар, әсіресе олардың ішінен ислам басқаруын қайта қалпына келтіруге ұмтылғандары, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастаған нәрсесінен бастауы керек, ал оны екі-ақ сөзбен айтуға болады: тазарту және тәрбиелеу (тасфия уә тарбия). Себеп әмірлерді күпірлікте айыптауға ғана қабілеті жететін фанатиктер байқамайтын, дұрысырақ айтқанда, байқағысы келмейтін ақиқаттың бізге мәлім екендігінде.  Олар осымен әрі қарай айналыса береді, ал бұл бүліктерге ғана әкеп соғады. Мұны сендерге мәлім болған, соңғы жылдардағы Меккедегі қайғылы уақиғадан (Жухайманның тобы Қағбаны басып алуы) бастап және Ануар әс-Садатты өлтіру сынды, салдарынан көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны төгілген уақиғалар растай алады. Бұған мысал ретінде Мысырда, Сирияда және Алжирда орын алып жатқан, және осылардың орын алуына күнәлі адамдар көп жағдайда Құран мен Сүннеттің нұсқауларына, әсіресе олардың ең маңыздысы болып табылатын Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне қарсы амал жасауынан туындаған басқа да өкінішке лайықты уақиғаларды келтіруге болады: «Расында сендер үшін, Аллаһқа да, Ақырет күніне де үміт еткендер үшін және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят).

Шынымен де, игі мақсаттарды іске асыру үшін біз ең алдымен өзіміздің шамамыз оған жетпейтін әмірлермен соғысудан бастауымыз керек пе? Әлде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастаған нәрсесінен бастауымыз керек пе? Бұл сұраққа жауап, әрине, Аллаһтың мына сөздері болып табылады: «Аллаһтың Елшісі — сендер үшін ең жақсы өнеге (болып табылады)…»

Ал, Аллаһтың Елшісі неден бастады? Ол шақырудан бастағаны және ақиқатты қабылдауға дайын деп санаған адамына шақыруды жолдағаны туралы сендерге мәлім. Содан соң, Пайғамбардың өмірбаянынан белгілі болғандай, адамдардан кейбіреулер оның шақыруына жауап берді, кейін Меккеде мұсылмандарды қудалау кезеңі басталды, содан соң көктен, алғашында бірінші қоныс аудару, кейін  екінші қоныс аудару туралы әмірлер алынды және Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ  Исламды Мәдинада нығайтпағанынша осылайша жалғаса берді.

Демек, біз Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұны қалай істеген болса, (тура) солай етіп адамдарға Исламды үйретуден бастауымыз керек. Алайда қазіргі жағдайда біз тек оқытып-үйретумен ғана шектеле алмаймыз, өйткені бүгінгі күні Исламға оған ешқандай қатысы болмаған нәрселер ғана емес, оның күйреуіне себеп болып жатқан нәрселер де араласып кетті. Міне, сондықтан да Исламға шақырушылар бұл дінді барлық қоспалардан тазартудан бастауы керек. Бұл – бірінші негіз, яғни «тасфия» (тазарту).

Ал екінші негізге келер болсақ, ол – осы тазартумен байланысты мұсылман жастарын таза Исламның ұстанымдарында тәрбиелеу.

Егер барлық сан-алуан түрлі Ислам топтарының соңғы ғасыр барысындағы атқарған әрекеттеріне үңіле қарайтын болсақ, біз бұл топтарға ілескендердің ислам басқаруын қалайтыны туралы үлкен у-шуы мен дабырлы ашық мәлімдемелеріне қарамастан, олардың қол жеткізген бір ғана нәрсесі осы сылтаумен көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны босқа төгілгендігі болғанын көреміз. Алайда біз қазір де олардан Құран мен Сүннетке қайшы келетін сөздерді естудеміз және олардың амалдары Құран және Сүннетпен үйлеспейтінін көрудеміз”. Тз.:  “Сильсиләтуль-худа уә-ннур” № 670.

[56] Аллаһтың түсірмегенімен үкім етуді үлкен күпірлік етіп көрсеткісі келетіндер осы аяттардың Ибн Аббас жасаған тәпсірінің сахих екендігін теріске шығарады. Алайда Әһли-Сунна имамдары Ибн Аббастың осы аятты тәпсірлеп айтқан сөздерін теріске шығармаған еді, ал мұны тек  біздің заманымызда кейбіреулер ғана жасайтын болды. Егер тіпті бұл деректің бір нұсқасы әлсіз болса да, ол Ибн Аббастан жеткен көптеген осындай хабарлармен күшейе түседі. Және бұл деректің сахих болуына Ибн Аббастың осы сөздеріне Әһлю-Сунна имамы Ахмад Ханбәлдың сүйенгені жетіп асады. Одан: «Аятта қандай ниет туралы айтылып тұр?», — деп сұрағанда, ол: «Діннен шығармайтын күпірлік туралы, бұл Ибн Аббастан келгендей», — деп айтқан. Қз.: “Суаләт Ибн Хәни” 2/192, “Масаиль Абу Дауд” 114 және “әс-Салә уә хукму тариқиха” 49.

Сондай-ақ Ибн Аббастың бұл сөздеріне хадистердегі басқа бір ұлы имам – имам әл-Бухари сүйенген, бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтқандай. Қз.: “Мәжму’уль-фатауа” 7/520.

Сондай-ақ Ибн Аббастың осы сөздеріне Абу Убайд өзінің «әл-Иман» 45, Ибн Хайан «Бахруль-мухитте» 3/492, Абу Музаффар әс-Сам’әни өзінің тәпсірінде 2/42, әл-Бағауи «Мә’алиму-ттәнзильде» 3/61, Абу Бакр Ибн әл-Араби «Ахкамуль-Қуръанда» 2/624, әл-Қуртуби өзінің тәпсірінде 6/190, Ибн Касир өзінің тәпсірінде 2/64, Ибн Таймия «Мәжму’уль-фатауада» 7/312, Ибн әл-Қайим «Мадарижжу-ссаликинде» 1/335, Сыддық Хасан  Хан  «Нәйлюль-марамда» 2/472, Мухаммад Әмин әш-Шәнқиты «Адуауль-баян» тәпсірінде 2/101, Абдур-Рахман  әс-Са’ди өзінің тәпсірінде 296 және үмметіміздің көптеген осы сынды ұлы имамдары сүйенген.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтқан: “Күпірлікте айыптауға қақысы болмай күпірлікте айыптайтындар Ибн Аббастың осы хабарына наразы болғанда: «Бұл дерек қабылданбайды және Ибн Аббастан сахих түрде жетпеген», — дейді. Біз олардан: «Егер бұл хабарды хадистерде бізден жоғары, бізден абыройлырақ және бізден білімдірек болғандар  қабылдаған және оған сүйенген болса,  ол қалайша сахих болмайды?! Бізге шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Ибн әл-Қайим және басқалар оған сүйенгені және оны қабылдағаны жетіп асады. Және бұл хабар сахих!” Қз.: “әт-Тахзир мин фитнәти-ттакфир” 68.

Мұның үстіне, бұл аятты осылайша, яғни онда кіші күпірлік туралы айтылып тұр деп тәпсірлеу Ибн Аббастың оқушылары болған Ата, Тауус, Икрима сынды атақты табиғиндерден де жеткен. Қз.: “Та’зыму қадри-ссалә” 2/522, “әл-Иман” 36, “Тафсир әт-Табари” 10/355, “Ахбаруль-қуда” 1/43.

Саләфтардан біреу осы аятқа қатысты Ибн Аббастың тәпсірлеуіне қайшы келгендігі жайында ешқандай дерек жоқ. Сахабалар Құранды өздігінен тәпсірлемеген. Ал егер сахабалардың біреуі дін туралы бір нәрсе айтқан болса және басқа сахабалардан ешкім бұған қарсы келдендігі туралы мәлім болмаса, онда оның айтқаны дәйек болып табылады. Әсіресе, ол үшін Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ, оны дінде тура жолға сал және оны тәпсірлеуге үйрет!», — деп дұға еткен Ибн Аббастың Құранды тәпсірлеуі туралы сөз болғанда. әл-Бухари 3/215.

Ибн Мас’уд былай деп айтатын: «Құранның ең жақсы тәпсірлеушісі – бұл Ибн Аббас!» әт-Табари 1/89. Иснады сахих. Ал бұл Ибн Мас’удтың Ибн Аббастан үлкен болуына және өзі де ұлы ғалым болғанына қарамастан.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: “Кім сахабалар мен табиғундардың мазхабын, сондай-ақ олардың тәпсірін оларға қайшы келетін нәрселерге ауыстырған болса, ол қателеседі, бұдан қалса ол бидғаттардың жақтаушысы болып табылады!” Қз.: «Мәжму’ әл-Фатауа» 13/361.

[57] Біздің кезімізде керісінше, болжамдардың негізінде күпірлікте айыптайды. Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр былай деген: “Келіспеушілік жоқ болған нәрседен өзге нәрсенің негізінде күпірлікте айыптамау керек”. Қз.: “әт-Тамхид” 17/22.

Хафиз Ибн Хажжәр былай деген: “Кімнің Исламы айқын болса, ол одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды”. Қз.: “Фатхуль-Бари” 2/314.

Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: “Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен мүміннің күпірлікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірлікте айыптамаймын”. Қз.: “Фатауа-ссуғра” 4/224.

[58] Саләфтар жиі мұны айтатын. Мухаммад ибн Сирин былай деп айтқан: «Егер саған мұсылман бауырың туралы жаман хабар жетсе, оған ақтау тап. Ал егер оған ақтау таба алмасаң, онда: «Оның ақтауы бар шығар», — де». әл-Байхақи “Шу’абуль-иман ” 6/323.

[59] Көптеген мұсылмандар өздері түсінбей өздерінің жағдайың қиындатады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Уа, адамдар, дұшпанмен кездесуді тілемеңдер және Аллаһтан құтылуды тілеңдер, бірақ егер сендер олармен кездессеңдер, сабырлық танытыңдар!» әл-Бухари 2965, Муслим 1742.

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Мүмін адам өзін қорламауы керек!» Оған «Ал ол қалайша өзін қорлай алады?» деген сұрақ қойылады. Ол: «Өзі көтере алмайтын қиындықтарды өзіне жүктеу арқылы», — деп жауап берді. әт-Тирмизи 2254, Ибн Мажжаһ 4016, Абу әш-Шейх 151. Хадис хасан. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 613.

Бұл үмметтегі Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейін ең жақсы адам болған Абу Бакр (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтатын: «Игілікте болу және осы үшін Аллаһқа шүкір ету мен үшін сынақтарға түсіп сабыр етуден абзалырақ!»  Қз.: “Фатхуль-Бари” 6/179.

Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) науқасынан құстың балапаны сияқты болғанша қиналған бір адамды зиярат етіп келеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сен дұға етпейсің бе, өзіңнің Раббыңнан игілікте болуды сұрамайсың ба?», — деп сұрайды. Ол: ”Мен: «Уа, Раббым, егер Сен маған Ақыретте жаза дайындап қойған болсаң, онда оны бұл дүниеде тездет», — деп айтамын”, — деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Пәк! Ақиқатында сен бұған шыдай алмайсын және төтеп бере алмайсын! Неліктен саған: «Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де игілік бере гөр және Ақыретте де игілік сыйлай гөр және бізді От азабынан сақта!» — деп айтпасқа!», — дейді. әт-Тирмизи 3/128. Имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

[60] Осы сияқты нәрселер тоқсаныншы жылдардың ортасында Алжирда да, сол елдің әмірін кәпір деп жариялап, оған қарсы көтерілгеннен кейін орын алған болатын. Шейх Салих әл-Фаузан  былай деп айтатын: “Қауіпсіздік қажетті екендігіне және адамзат оған тамақ пен сусыннан да көбірек мұқтаж екендігіне күмән жоқ. Сондықтан да Ибраһим пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ғана ризық сұрап, былай деп айтқан еді: «Уа, Раббым! Бұл қаланы қауіпсіз ет және оның Аллаһ пен Ақырет күніне иман келтірген тұрғындарына жемістермен үлес бер» (әл-Бақара 2: 126). Қорқыныш билегенде адамдар ішіп-жеуден қанағат сезе алмайды. Қорқынышпен бірге бір елден екінші елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан да Аллаһ жолдарда қарақшылық және тонаушылық жасауға қатаң жаза тағайындаған. Ислам бес маңызды нәрсені (әд-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақыл-парасатты, ар-намысты және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келген. Осыдан бір нәрсеге қастандық жасаушыға қатысты, бұл қастандық мұсылманға не кәпірге жасалған болсын оның айырмашылы жоқ, қатаң жазалар бар. Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахад) мұсылманға қатысты тыйым салынған нәрселерге тыйым салынған! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін сезбейді!» Ал қауіпсіздікті (аман) бұзатындарға келер болсақ, олар не хауариждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Осы үш топтың барлығына қарсы өте қатаң жаза қолдану қажет”. Қз.: «Фатауа әш-шәр’ия фи кадая әл-‘асрия» 125.

[61]Сондай-ақ, Ибн Таймия Бану Умайя әмірлеріне қарсы шыққан Ибн әл-Аш’ас пен Ибн әл-Мухалләб туралы былай деді: “Олар, өздерімен бірге болғандар сияқты, жеңіліске ұшырады! Олар дінді де орнатпады, дүниеге қатыстыны да түзетпеді. Ал Аллаһ Тағала дінге немесе дүние тіршілігіне пайда келтірмейтін нәрсені істеуді әмір етпейді, тіпті осыны істеуші — Аллаһқа жақын адамдардан, тақуалардан және Жәннат тұрғындарының қатарынан болса да! Олар Алиден, Айшадан, Тәлхадан, әз-Зубайрдан және бүлік кезінде соғысқандығы үшін мақталмағандардың басқаларынан жақсырақ емес еді және олар Аллаһтың алдында ұлы орынға ие  болуына және басқа кез келген біруден жақсырақ ниетте болғанына қарамастан!” Қз.: “Минһажжу-Ссунна” 4/528.

Хасан  әл-Басри былай деп айтатын: “Аллаһпен ант етемін, дін мұсылман әмірілері арқылы болғаннан өзгеше тәртіпке келмейді, тіпті олар бұзақы және залым болса да! Және Аллаһпен ант етемін, Аллаһ олар арқылы олардың жауыздығынан көбірек игілік жасайды! ” Қз.: “Жәмиуль-улюми уәл-хикам” 327.

Имам әл-Алюси «Егер Аллаһ бір адамдарды басқалары арқылы ұстап тұрмағанда, жер бұзылуға келер еді» (әл-Бақара 2:251) деген аяттың тәпсірінде былай деп айтатын: “Бұл аятта билік пен басқарудың артықшылығына нұсқау бар. Сондықтан: «Дін мен билік ажырамас және егер біреуі жойылса, екіншісі де жойылады, өйткені дін – бұл бас, ал билік – бұл күзетші. Ал күзетшісі болмаған нәрсе жоғалатыны белгілі!», — деп айтылған”. Қз.: “Рух әл-мә’әни” 1/174.