Шейх әл-Люхайданның пәтуасының жалғасы

Aса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

«…Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдіретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдығы буынның жолын ұстану, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу маңыздырақ болады!

Егер, мысалы, Сомалиге қарасақ, көтерілістер себебінен ол жердегі биліктің құлауынан кейін бөлінушілікті және күн сайын адам өлтіру болып жатқанын көреміз. Сол сияқты Ауғанстан да, ол жерге өзін-өзі жарумен және адам өлтірумен айналысатын экстремистік топтар кіріп барған соң, олар (ауғандықтар) өз баспаналарынан айырылды, үрейге түсті, таулар мен шөлдерде өмір сүретін болды және есірткінің таралуы басталды!

Аллаһтың жолындағы жиһадқа байланысты менде насихаттарым бар:

Біріншісі: Шариғи ой-сананың көмегімен біздің кезімізде жиһадтың – болуы мүмкін емес екендігін, өйткені мұсылмандар қазір әлсіздікте, және олар қандай да бір нәрсені түзете де, өзгерте де алмайтығын ойланып-түсіну керек!

Екіншісі: Бүлік ұйқыда жатады және Аллаһ оны оятқанды лағынеттейді, бұл жөнінде сахих түрде жеткізілгендей. Бүлік ұйқыда жатады, және ол, мысалы, жиһадқа шақыру сияқты, әл келмейтін нәрсеге шақыру кезінде оянады.

Үшіншісі: Мен дін уағыздаушыларынан, ғалымдардан, өзін-өзі жарумен айналысатын жамағаттардан болған және ызаланған барлық мұсылмандарды, сондай-ақ діни мәжілістерді, комитеттерді және университеттердің ректорларын «әл-Бәраа» («әт-Тәуба» – ауд.) және «әл-Әнфал» сүрелерін түсінуге, олар туралы ойлануға шақырамын; білімнің, болмыстың және ақылдың негізінде ойлануға. Сондай-ақ мен барлық мұсылмандарды мұсылмандардың әмірлері үшін тура жол тілеп дұға етуге шақырамын.

Төртіншісі: Мен барлық мұсылмандарға, әсіресе, осы ислами жамағаттарға: өз араларындағы қарым-қатынасты ретке келтіруді және бірігуді және біріккен жағдайда да жиһад жасамауды, ал шақырумен (дағуатпен) айналысуды айтамын. Әмірлерді құпия түрде, хаттар, кездесулер арқылы насихатауды, оңаша қалып насихаттауды. Мен өзімнің Халиж елдерінде ғылыми кеңесші болған кезімдегі ғылыми тәжірибемнен білетінім – әмірлер оларға насихат бергісі келгендерге есігін ашатындығы. Ал көпшілік алдындағы насихаттауға, әмірлерді қаралап, оларға зиян тигізу үшін телеарналарды  пайдалануға т.б. келер болсақ, бұлар тек зұлымдық, жәбірлеушілік, өшпенділік және бөлінушілік әкеледі.

Мен барлық мұсылмандарды, барлық ғалымдарды, барлық дағуатшыларды Ұлы Аллаһ Тағаладан қорқуға шақырамын. Және Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын».

Сұрақ қоюшы: «Уа, шейх, ал енді соңғы сұрақ: күштің болуы біздің жерлерімізді басып алғанына бірнеше ғасыр болған Ресейге қарсы соғысудағы қорғаныс жиһады үшін шарт болып табылады ма?»

Шейх әл-Люхайдан:

«Біріншіден, Ресей… тіпті Шешенстандағы және барлық Ресейдегі, оның шығысы мен батысын және оңтүстігін санағанда, мұсылмандардың барлық күш-қуатын, тіпті ислам жамағаттарының күштілігін және олардың жетекшілерін, құпия және жария ұйымдардың болуын алғанда да, мен мұны жиһад деп есептемеймін! Ақиқатында, мен әмірлерді насихаттау керек деп, Ресейдегі әмірлермен пікір алмасулар жүргізу керек деп есептеймін, тіпті олар ақиқаттан ауытқыған болса да, тіпті олар құдайсыз болса да. Алдымен насихаттау, шақыру, түсіндіру, нұсқау қажет… Ал, бірден жиһадтан бастау, тіпті ол жерде белгілі күш болса да, ақиқатында, бұл осыдан соң жамандық алып келеді!»

Аудионы тыңдау:

1-бөлім:

2-бөлім:

You may also like...