Қандай ақыл-парасат пен дін терактілерді жихад деп атай алады?! Уа, жастар, естеріңді жиыңдар!

Сайтымыздың оқырмандарына шейх шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббадтың  пайдалы еңбегін ұсынамыз. Кітаптың толық нұсқасын мына сілтемеден жүктей аласыз: http://salafsolih.com/books/kz/20.doc

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббадтың[1] кіріспесі

Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына және Мухаммад – Аллаһтың құлы, әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз. Уа, Аллаһ, оған, оның отбасы мен сахабаларына және Ақырет Күніне дейін оның жолы мен басшылығына ілескендердің барлығына рахымың мен игілігіңді сыйлай гөр!

Ал содан соң:

Ақиқатында, шайтанның мұсылмандарды арбайтын және адастыратын екі жолы бар. Бұл жолдардың біреуіне ол күнәларға бейім, селқостыққа және дінге деген немқұрайлыққа берілетіндерді итермелейді. Мұндай мұсылманға ол күнәларды және нәпсісіне берілуді әдемі етіп көрсетіп, оны Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнудан алыстатады.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жәннат (нәпсі) ұнатпайтын нәрселермен қоршалған, ал Тозақ құмарлармен қоршалған». әл-Бухари 6487, Муслим 2822.

Ал басқа жолға шайтан ғибадатта және Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адам үшін ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, дінді бұзу үшін, оны шектен шығушылыққа итермелейді.[2]  Пәк Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, Кітап Иелері! Діндеріңде нысапсыздық көрсетпеңдер және Аллаһ туралы тек шындықты айтыңдар!» (ән-Ниса 4: 171).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:  «Әй, Кітап иелері! Ақиқатқа қарсы діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар, және бұрынырақ тура жолдан тайып,  адасушылыққа түскен және өзге көпшілікті адастырған адамдардың әуесін құптай бермеңдер!» — де»  (әл-Мәида 5: 77).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Діндегі нысапсыздықтан (артық кетуден) абай болыңдар, өйткені сендерден бұрын өмір сүргендерді діндегі шектен шығушылықтары опат қылды!» — деді. Бұл хадис сахих болып табылады. Оны имам ән-Насаи тағы да басқалар келтіреді. Бұл хадис — Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығы кезінде айтқан хадистерінің бірі. Ол жөнінде толық шейх әл-Әлбанидің «әс-Сильсиля әс-сахиха» еңбегінен қараңыз 1283.

Және шайтанның шектен шығушыларға және нысапсыздық танытушыларға қатысты айлаларының қатарынан – бұл оның оларға өз құмарларына ілесуді және дінді бұрыс түсінуді әдемі етіп көрсетуі. Ғалымдар оларға ақиқатты түсіндіре алмай, тура жолды нұсқай алмаулары үшін және өз адасушылықтарымен алданып қала берулері үшін, шайтан оларды ғалымдарға жүгінуден алыстатады.   Аллаһ Тағала былай деді: «Және әуес-қалауға ерме, әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан тайдырады!» (Сад 38: 26).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Аллаһтың басшылығынсыз өз қалауларына ергеннен кім артығырақ адасушы?» (әл-Қасас 28: 50).

«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны игілік деп санайтын біреу тура жолға ілесушімен тең бе? Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады»(Фатыр 35: 8).

«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?» (Мухаммад 47: 14).

«Ол — Аллаһ, саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар — Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық таратқысы келіп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі».[3] (Әли ‘Имран 3: 7).

Имам әл-Бухаридің (4547) және имам Муслимнің (2665) жинақтарында Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен мына хадис риуаят етіледі. Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда келтірілген аятты оқыды да: «Егер айқын емес нәрселерге ілесушілерді көрсең, біліп қой: міне солар – олар туралы Аллаһ айтқан адамдардың дәл өздері, сондықтан олардан сақ бол!»  — деді.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһ кімге игілікті қаласа, Ол оны дінді жетік түсінуші қылады». әл-Бухари 71, Муслим 1037.

Бұл хадис Аллаһ Өз құлына игілікті қалауының бір белгісі – Ол оны дінді дұрыс түсінушілерден ететініне нұсқайды.  Сондай-ақ осыдан Аллаһ кімге игілікті қаламаса, Ол оны дінді түсінуге алып келмейтіні шығады. Тіпті Ол оны діннің бұрмаланған түсінігімен зақымдайды.

Дінді бұрмаланған күйде түсінудің мысалы – Алиге, Аллаһ оған разы болсын,  қарсы шыққан және кейіннен оны өлтірген  хауаридждердің түсініктері. Ақиқатында, олар шариғаттың мәтіндерін сахабалардың түсінуіне қайшы келетін бұрыс түсінумен түсінді. Міне сондықтан да Ибн Аббас оларға Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіндірген кезде және олардың дұрыс түсінігіне нұсқаған кезде, хауаридждердің бір бөлігі тәубеге келіп, өздерінің бұрынғы көзқарастарынан бас тартты. Бұл уақиға имам әл-Хакимнің «әл-Мустадрак» атты еңбегінде  2/150-152 санымен, имам Муслимнің шарттарына сәйкес келетін сахих иснадпен келтірілген.

Бұл тарихи деректе алты мың хауариждерден құралған топ халифа Али ибн Әбу Талибтен бөлініп шығып, «Харура» деген жерде қоныстанғаны туралы баяндалады. Және адамдар Алиге келіп: «Уа, мүміндердің әмірі, адамдар саған қарсы шықты!» — деп айтуын тоқтатпады. Ол бұған: «Оларды қойыңдар, өйткені өздері бірінші болып бастамайынша, мен олармен соғыспаймын, және олар жуық арада осыны істейді деп ойлаймын», — деп жауап беретін. Және барлығы осы қалыпында тұрған кезде, Ибн Аббас бесін (зухр) намазынан кейін Алиге келіп: «Уа, муминдердің әмірі, маған рұқсат ет: мен ол адамдарға барып, сөйлесейін», -деді. Али оған: “Олар саған жауыздық жасайды деп қорқамын”, — деп айтты.[4] Сонда Ибн Аббас: “Мен жұмсақтық танытамын және олардың ешқайсысын қорлап сөйлемеймін!” – деді. Содан соң Али оған рұқсат берді және: “Олармен Құран арқылы айтыспа, Сүннет арқылы айтыс”, — деп айтты.  Ибн Аббас: “Мен Аллаһтың Кітабын олардан жақсы білемін!” – деп жауап берді.  Сонда Али оған: “Дұрыс, алайда Құранды әртүрлі тәпсірлеуге болады”, — деді.[5]

Ол хауариждерге түстен кейін келді де, оларды түскі тамақтың үстінде кездестіріп үлгерді. Ибн Аббас былай деп баяндаған: “Оларға келіп, ғибадатта олардан артық ынталы жандарды мен ешқашан көрмеген адамдарды көрдім.[6] Мені көріп, олар былай деді: “Қош келдің, уа, Ибн Аббас. Сені бізге не алып келді?” Ол: “Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухаджирлер мен ансарлардан, және оның көкесінің баласынан келдім. Құран оларға түсірілген болатын, олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ! ” – деді.

Олардың кейбіреулері: «Онымен сөйлеспеңдер!» — деп айқайлай бастады. Сонда сол кездері хауаридж болып жүрген Ибн әл-Қауа орнынан тұрып, адамдарға қарап, оларды Ибн Аббастан сақтандырып: “Ей, Құранға ілесушілер! Егер бұл Ибн Аббасты біреулер білмесе де, мен оны білемін, бұл оның халқы туралы Аллаһ былай айтқан болатын: «Олар – керісуші адамдар болып табылады» (әз-Зухруф 43: 58). Оны қожайынына (Алиге) қайтарыңдар және Аллаһтың Кітабынан қайтпаңдар!” – деді.[7]

Ал басқалары: “Айта бер, біз сені тыңдаймыз”, — деді. Және сонда Ибн Аббас оларға Алидің келесі шарттарын жеткізді: “Сендер харам етілген қанды төкпейсіңдер, жолдарда қарақшылық жасамайсыңдар және зиммийлерді[8] жәбірлемейсіңдер. Егер де осылардың бірін істесеңдер, біз сендерге қарсы соғыспен шығамыз!”[9]

Сондай-ақ Ибн Аббас оларға былай деді: “Маған сендер Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйеуі болып табылатын немере інісін бір нәрселерде күнәлап жатыр деген хабар жеткізілді. Ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы иман келтірген адам еді, ал сендер оған наразысыңдар ма?! Шынымен де солай ма?!”

Олар: “Біз оған үш нәрсеге бола өте наразымыз“, — деді.

“Қандай?” – деп сұрады Ибн Аббас.

Олар: “Біріншіден, ол адамдарды Аллаһтың дініне төреші етіп тағайындады, ал Аллаһ: «Үкім тек Аллаһқа тән»[10], — дейді. (әл-Ан’ам 6: 57).

Екіншіден, ол Муғауия және Айшамен соғысқан кезде, олжа мен тұтқын алмады. Егер олар кәпір болған болса, онда бұл рұқсат етілген еді, ал егер олар мүмін болған болса, онда тұтқын алуға да, олармен соғысуға да рұқсат етілмеген еді!

Үшіншіден, мұсылмандар оған ант беріп, оны өздерінің әмірі етіп тағайындаса да, ол өзінен «мүміндердің әмірі (амируль муъминин)» деген атақты алып тастады,  ал егер ол мүміндердің әмірі болмаса, онда ол кәпірлердің әмірі болып табылады! ” — деді.  

Абдуллаһ: “Тағы қандай да сұрақтарың бар ма?” – деп сұрады. Олар: «Жоқ, осы жеткілікті!» — деді.

Ибн Аббас: “Егер мен сендердің көзқарастарыңды Аллаһтың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)[11]  жоққа шығарсам, сендер өз пікірлеріңнен бас тартасыңдар ма?!” – дегенде, олар: “Иә”, – деп жауап берді.

Абдуллаһ сонда былай деді: “Оның адамдарды Аллаһтың дініне төреші етіп тағайындауына байланысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала: «Әй мүміндер! Сендер ихрамда аң өлтірмеңдер. Сендерден біреу оны қасақана өлтірсе, оның жазасы — өлтіргеніндей бір мал, оны сендерден екі әділ кісі Кағбаға баратын бір құрбанды үкім етеді» (әл-Маида 5: 95), — деп айтады ғой..

Аллаһ Тағала сондай-ақ ері мен әйелінің арасындағы келіспеушіліктер туралы былай деді:  «Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Аллаһ та екеуінің арасын үйлестіреді» (ән-Ниса 4: 35).

Аллаһпен сендерге жалбарынамын! Айтыңдаршы, ал адамдардың қанына, өміріне және оларды табыстыруға қатысты  адамдар төрелігі маңыздырақ емес пе?!

Олар: “Әрине, маңыздырақ“, — деді.

Ибн Аббас: “Қалай, енді бірінші іс бітті ме?” – деп сұрағанда, олар: “Иә, Аллаһпен ант етеміз”, — деп жауап берді.

Абдуллаһ былай жалғастырды: “Сендер Али соғысқанын, бірақ ол Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегендей тұтқын да, олжа да алмағанын айттыңдар. Сонда сендер күң ретінде сендердің аналарың Айшаны алып, оған күңге істейтіндеріңді істейін деп пе едіңдер?! Егер сендер: «Иә», — десеңдер, онда күпірлікке түсесіңдер, ал егер сендер Айша — аналарың емес деп айтсаңдар да, күпірлікке түсесіңдер, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Пайғамбар мүміндерге олардың өздерінен жақын, ал оның жұбайлары – олардың аналары» (әл-Ахзаб 33: 6).

Кейін Абдуллаһ былай деді: “Қалай, енді мұнымен де іс бітті ме?”

“Иә, Аллаһпен ант етеміз , – деп жауап берді олар.

Абдуллаһ  өз сөзін жалғастырды: «Сендер сонымен қатар Али өзінің «мүміндердің әмірі» деген атағынан бас тартты дедіңдер. Худайбия бітімі жасалған күні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен жасасқан келісім-шартта «Мухаммад – Аллаһтың елшісі» деп жазғысы келгенде, мушриктер наразы болып: «Егер біз сенің Аллаһтың Елшісі екендігіңе сенгенде, сені қуып жібермейтін едік және сенімен соғыспайтын да едік. «Мухаммад ибн Абдуллаһ» — деп жаз», — деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың талаптарына көніп: «Уа, Али, мұны өшір де, «Абдуллаһтың ұлы Мухаммад» деп жаз, ал Аллаһ менің Аллаһтың елшісі екенімді біледі!» — деді».

Осыдан кейін Ибн Аббас: “Қалай, мұнымен де біттік пе?” – деп сұрағанда, олар: “Аллаһпен ант етеміз, иә”, — деді.

Ибн Аббас былай деді: “Олардан (хауаридждерден)  екі мың адам қайтты және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”.

Бұл тарихи деректе Ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, оларға айқын және бұлтартпайтын дәлел ұсынғаннан кейін, екі мың хауаридж өз адасушылықтарынан бас тартты деп жеткізілген.

Бұл деректе сонымен қатар ғалымдарға жүгіну — жауыздықтан және бүліктерден құтылу екендігіне нұсқау бар. Ал Аллаһ Тағала былай деді: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нахль 16: 43).

Сондай-ақ ғалымдарға жүгіну мұсылмандар үшін олардың дінінде де, дүние істерінде де игілік болып табылатынына имам Муслим өзінің хадистер жинағында (191) Язид әл-Фақирден жеткен мына хадис те дәлел  ретінде қызмет атқарады:  “Бірде маған хауариждердің бір пайымдаулары ұнап қалған еді.  Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап,  көп санды топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Жабир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джаханнәмийюн[12]  туралы да айтты . Мен оған былай дедім: «Уа, Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол сондай-ақ былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!»  Ол: «Сен Құранды оқисың ба — деп сұрады.  Мен: «Иә», — дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» — деп сұрады. Мен: «Иә», — дедім. Сонда ол: «Бірақ  бұл — сол Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Мақтаулы Орыны» ғой (Мақамун Махмуд), Аллаһ ол арқылы Өзі Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» — деді.[13]

Ал содан кейін ол Сырат көпірі қалайша құрылытыны және адамдар  одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін менен гөрі жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда ол кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығатынын айтты. Ол дегеніміз, олар күнжіттің сабақтары пайда болатыны сияқты шығады және Жәннаттің өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады да, одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.  

Біз қайттық та, былай дедік: «Сендерге қайғы түссін! Сонда сендер осы қария (Жабир) Аллаһтың Елшісі туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалған сөйлеп тұр деп ойлайсыңдар ма?!»  Және қайтып келген соң, бір-ақ адамнан басқа, біздің ешқайсысымыз ашық түрде (хауариждердің жағына) шыққан жоқпыз ”.

Бұл хабарда хауаридждердің үлкен күнәлар істейтін мұсылмандарды күпірлікке айыптауларына және мұндайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарына аталған топтың қалайша әуестеніп кеткені көрсетіледі. Алайда олар Жабирді, оған Аллаһ разы болсын, кездестіргенде және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол көрсеткен ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар жоспарлағандарындай қажылықтан кейін мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын зор пайда болып табылады.

Діндегі артық кетудің және ақиқат пен ахлю-Сунна уәл жама‘аның жолынан ауытқудың қауіптілігін Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хузайфа жеткізген мына хадисі де көрсетіп тұр.  Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысына айналатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфа: “Уа, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ”  — деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», — деді. әл-Бухари “әт-Тарих” 297, Ибн Хиббан 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Касир және шейх әл-Әлбани растаған. “әс-Сильсиля әс-сахиха” 3201.

Сондай-ақ  дінді бұрыс түсінудің себебіне жастық шақ та жатады. Бұған дәлел -имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн әз-Зубайрдан келтіретін мына хадис. Ол былай деп баяндаған: “Бірде мен – сол кезде мен жас едім – Айшадан мына аят жөнінде сұрадым: «Ақиқатында, Сафа мен Маруа – Аллаһтың рәсімдік белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса,  олардың арасын айналып өтсе, күнәхар болмайды». (әл-Бақара 2: 158). “Сен бұл жөнінде не айтасың? Мен бұл екі төбенің арасын (әс-Саффа мен Маруа) айналып өтуді жасамауда қиындық көріп тұрған жоқпын”. Ол былай деп жауап берді: “Жоқ! Егер бұл осылай болғанда, онда: «Оларды айналып өтпеген – күнә жасамайды», — деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейін қажылығын Манат деген пұттың айналасынан бастайтын ансарлар жөнінде түскен, ал Ислам келгеннен кейін олар Сафа мен Маруаның арасын айналып өтуден қауіптенетін. Олар не істейтіндерін білмеді де, Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жөнінде сұрады және Аллаһ осы аятты түсірді .

‘Уруа ибн әз-Зубайр ең жақсы табиғиндердің және Мәдинаның ең атақты жеті фақиһтарының бірі болып саналатын. Алайда Айшаға өз сұрағын қойған кезінде, ол әлі жас еді. Және мұнда жастың кіші болуы да дінді дұрыс түсінбеудің себебі екендігіне[14], сондай-ақ ғалымдарға жүгіну игілік және құтқарылу болып табылатындығына анық нұсқау бар!

 Қандай ақыл-парасат пен дін терроризмді джихад деп атай алады?!

 Осы кіріспеден және шайтанның ғибадатта ыждағаттылық танытушылардың дінін бұзу үшін, оларға діндегі шектен шығушылық пен нысапсыздық жағынан жақындайтынына нұсқағаннан соң, бұл хауаридждерден және олардың идеяларын жұқтырып алғандардан байқалатындай, бүліктерден құтылудың жолы – ғалымдарға жүгіну болып табылатыны келіп шығады.   Бұған мысал – Ибн Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайта оралған екі мың хауаридждер және сонымен қатар Жабирді кездестірген топтың көзқарастарының түзелуі.

Сонымен міне, осы кіріспеден соң мен мынаны айтқым келеді: «Ақиқатында, Әр-Рияд қаласындағы терактілердің және Мекке мен Мединада осы жылдың (х.1424 ж.) басында болған жайттардың  себебінен болған нәрсе де осы – шайтанның айдап салуының нәтижесі және бұған түсіп қалған адамдарға деген оның шектен шығушылық пен артық кету әшекейі. Болған нәрсе қылмыстардың ішіндегі ең жек көрінішті амал және жер бетіндегі бұзақылық болып табылады[15]. Бірақ бұдан да жек көрініштісі – шайтанның мұны істеген адамдарды осы – джихад деп ойлауға мәжбүрлеуі!  Ал қандай ақыл-парасат және дін мұсылмандар мен муахадтарды (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлерді) өлтіруді, адамдарға үрей салуды, жесірлер мен жетімдерді қалдыруды, сондай-ақ ғимараттарды ішіндегі адамдарымен қоса қиратуды жихад деп айта алады?![16]

Мен бізден алдыңғы шариғаттарда адам өлтіру күнәсінің үлкендігі және оның қауіптілігі жөнінде айтылғандарға қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін келтірдім. Сондай-ақ мен қасақана немесе қателікпен жасалған өзін-өзі өлтіруге,  мұсылмандарды және олармен келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндерін де келтірдім. Және мен оларды, «кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса да ашық дәлел бойынша тірі қалсын!» (әл-Әнфәл 8: 42)  деген мақсатта дәлел келтіру үшін келтірдім.

Және мен Аллаһтан тура жолдан тайғандарды тура жолға салуын, және оларды қараңғылықтардан жарыққа шығаруын, және мұсылмандарды жауыздық жасаушылардан сақтауын тілеймін, ақиқатында, Ол – Естуші және дұғаларға Жауап Беруші!

 Бізден алдынғы қауымдардың шариғатында адам өлтіру күнәсінің ауырлығын және қауіптілігін дәлелдейтін Құран мен Сүннеттің мәтіндері.

 Пәк Аллаһ Тағала Адамның ұлдарының бірі туралы былай деді: «Сонда оның нәпсісі өз туысын өлтіруге итермеледі де, ол оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды» (әл-Мәида 5: 30).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Соның себебінен[17] Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген,  немесе жер жүзінде бұзақылық таратпаған[18] біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргендей болады,  және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) — барлық адамды тірілткендей!» — деп жаздық»[19] (әл-Мәида 5: 32).

Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Әрбір хақысыз адам өлтірілген кезде, қантөгіс үшін күнә Адамның ұлына да жүктеледі, өйткені адам өлтіруді сол бастады!» әл-Бухари 3335, Муслим 1677.

Аллаһ Тағала  Өзінің Муса пайғамбары туралы, Хидр баланы өлтірген кезде, ол оған былай деп айтқанын баяндайды: “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің!” — деді»»[20] (әл-Кахф 18: 74).

Аллаһ, сондай-ақ, Муса пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы хикаясында оның өз руласына болысуы кезінде мысырлықты өлтіргенін баяндайды. Аллаһ Тағала былай деді: : «Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрғанда, оған қаза жетті. (Муса): «Бұл — шайтан ісі. Өйткені, ол — ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» — деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол — тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді»[21] (әл-Қасас 28: 15-16).

Имам Муслимнің сахих хадистер жинағында Салим ибн Абдуллаһ ибн ‘Умардың, былай дегені келтірілген: «Әй, Ирактың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умардың былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», — деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтіргенде Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік» (Та ха, 40)»». Муслим № 2905.

Салим ибн Абдуллаһтың жеткізген: «Сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді!» — деген сөздері оның әкесі — Ибн ‘Умардың әл-Бухариде  (5994) келтірілген сөздеріне ұқсайды. Ол Ирактық біреудің масаның қаны туралы қойған сұрағына былай деп жауап берген еді: “Сендер мынаған қараңдаршы, ол менен масаның қаны туралы сұрап тұр, алайда олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немересін өлтірді, ал мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатынын естігенмін: «Олар мен үшін бұл дүниенің екі гүлі сияқты». әл-Хасан мен әл-Хусейн туралы, Аллаһ оларға разы болсын, айтылуда.

Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай деді: «Сендерден өздеріңнің қандарыңды төкпеулерің және бір-біріңді  жұрттарыңнан қуып шығармауларың жөнінде уәде алған едік. Кейін сендер осыны мақұлдап, осыған куә болған едіңдер» (әл-Бақара 2: 84).

Ол, сондай-ақ, былай деді: «Оларға Тәуратта: жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жараларға – құн төлеу (қысас) жаздық»[22] (әл-Мәидә 5: 45).

 Қасақана және қателікпен өзін-өзі өлтіргендерге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

 Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу — басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында, Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандығы және зұлымдығымен істесе, оны жақын арада отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай(ән-Ниса 4: 29-30).

Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандай да бір нәрсемен өзін өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсемен азапталады». әл-Бухари 6047, Муслим 176.

Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім әдейі  таудан құлап, өзін опат етсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім әдейі у ішіп өзін опат етсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол уды қолында ұстап, үздіксіз ішумен болады; кім өзін темірмен өлтірсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірмен өзінің қарнын үздіксіз өз қолымен  ұра береді», — деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.

Сондай-ақ, Әбу Хурайрадан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.

Жундабадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді, және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннатты харам еттім». әл-Бухари 1364.

Жабир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенгенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады”,[23] – деп жеткізіледі.  Шейх әл-Әлбани бұл хадистің сахихтығын растаған. “Сахих ат-тарғиб” 2457.

Қателікпен өзін-өзі өлтіргенге қатысты айтар болсақ, ол Аллаһтың мына сөздеріне сәйкес осы үшін жазаланбайды: «Егер сендер қателік жасасаңдар — күнә көтермейсіңдер, тек егер осыны істеуді жүректеріңде ниет етпеген болсаңдар» (әл-Ахзаб 33: 5).

Және, сондай-ақ, мына аятқа сәйкес: «Рабымыз! Біз ұмытсақ немесе қателескен болсақ, бізді жазалама» (әл-Бақара, 2: 286), және бұл жалбарынуға Аллаһ Тағала былай деп жауап берді: «Мен мұны істеп қойдым», — бұл жөнінде Муслимде келтірген 126-хадисте айтылатындай.

 Мұсылман адамды қасақана немесе қателікпен қақысыз өлтіруге қатысты Құран мен Сүннеттің мәтіндері

Мұсылманды өлтіру қақылы да, қақысыз да орын алуы мүмкін. Қақылы өлтіру – бұл қақысыз адам өлтіру үшін тең мөлшерде есе қайтару (қасас) және белгілі қылмыстар үшін өлім жазасымен жазалау.[24]

Мұсылманның заңсыз өлтірілуі қасақана да, кездейсоқ та болуы мүмкін. Аллаһ Тағала қасақана өлтіру туралы: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы  — ішінде мүлде[25] қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ Аллаһ оған ызаланады, лағынеттейді және зор қинау әзірлеп қояды» (ән-Ниса 4: 93), — деді.

«Олар Аллаһпен бірге басқа құдайларға жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні, оған құқы болмаса, өлтірмейді және зина жасамайды. Кімде-кім осыларды істесе, күнәға жолығады. Ал кім осылай істесе, жазасын алады. Оған Қиямет күні, еселенген азап болады. Ол онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ бұл тәубе қылғандарға, иман келтіргендерге және ізгілік жасағандарға қатысты емес. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Өйткені Аллаһ өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді». (әл-Фурқан 25: 68-70).

«Және де заңды болғаннан өзге Аллаһ харам еткен жанды өлтірмеңдер». (әл-Әнғам, 6: 151).

«Кедейшіліктен қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да, сендерді де ризықтандырамыз. Расында, оларды өлтіру — зор күнә». (әл-Исра 17: 31).

«Сондай ақымақтықпен, еш білімсіз балаларын өлтіргендер және Аллаһ туралы өтірік сөйлеп Аллаһтың өздеріне берген несібесін харам еткендер зиянға ұшырады. Олар адасушылыққа түсті және тура жолға ілеспеді». (әл-Әнғам 6: 140).

Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты айтар болсақ, ол былай деді: «Ақырет Күні адамдар арасындағы қаралатын істердің алғашқысы  – бұл қантөгіс!»[26] әл-Бухари 6864, Муслим 1678.

Ал өзінің қоштасу қажылығының барысында адамдарға құтпа айтып, онда тағы бір рет мұсылмандардың қанының, мал-мүлкінің және ар-намысының ұлықтығына нұсқап, оларды  (сол) орын мен уақыттың ұлықтығымен салыстырды. Әбу Бакр, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Құрбан Айт күні  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтты да, соңынан: «Ал сендер бүгін қандай күн екенін білесіңдер ме?» — деп сұрады. Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», — деп жауап бердік, ал ол үнсіз тұрып қалды, және біз оны өзгеше атайды ма деп ойлап қалдық. Бірақ ол: «Бұл — Құрбан Айт күні емес пе?» — деді. Біз: “Иә”, — деп жауап бердік. Кейін ол: «Ал бұл  қандай ай?» — деп сұрады.  Біз: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі», — дедік. Ал ол үнсіз тұрып қалды және біз оны басқаша атайды ма деп ойлап қалдық, бірақ ол:  «Бұл — зуль-Хижжа емес пе?» — деді.  Біз: “Иә”, — деп жауап бердік. Сонда ол былай деді: «Ақиқатында, сендердің араларыңдағы қарым-қатынастарың — сендер үшін осы қалаларыңдағы, осы айларыңдағы осы күндерің қандай қасиетті болып табылса – қандарың да, мал-мүліктерің де және ар-намыстарың да сондай қасиетті болатындай болуы керек! Осындағылар мұны осында жоқтарға хабарласын. Өйткені, ақиқатында, осындағы  адам бұл жөнінде осыны өзінен жақсы түсінетін адамға жеткізуі мүмкін».”. әл-Бухари 1741, Муслим 1679.

Әбу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Опат етуші жеті күнәдан аулақ болыңдар!» — дегені жеткізіледі. Адамдар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, ол қандай күнәлар?” – деп сұрады. Ол: «Аллаһпен бірге кімге болсын құлшылық қылу; сиқыршылық; заңды болғаннан өзге жағдайда Аллаһ өлтіруге тыйым салған адамды өлтіру; өсімқорлық; жетімнің хақысын жеу; шайқас кезінде соғыс майданынан қашу және зина жасау тіпті ойына кіріп те шықпайтын арлы, иман келтірген әйелдерді зинақорлықта айыптау», — деді. әл-Бухари 2766, Муслим 1/189.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Мүмін тыйым салынған қанды төкпейінше, өз дініндегі кеңшілікті сезінуін тоқтатпайды». әл-Бухари 6862.

Ал Ибн Умардың өзі былай деп айтатын: “Егер біреудің басына шығар жолы жоқ (қиын) жағдай түссе, демек, ол тыйым салынған қанды төккен![27] әл-Бухари 6863.

Убада ибн әс-Самит, Аллаһ оған разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісінің айналасына сахабалардың бір тобы жиналғанда, оның былай деп айтқанын жеткізген:  «Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық қылмайтындарың, ұрлық, зинақорлық  жасамайтындарың, балаларыңды өлтірмейтіндерің, жүректеріңмен тоқылған өтірікті таратпайтындарың,  сендерге шариғат мақұлдаған нәрсе бұйырылғанда мойынсұнудан бас тартпайтындарың туралы маған ант беріңдер. Сендерден кім осы антына берік болса, Аллаһ оны марапаттайды. Ал кім осы аталған күнәлардың біреуін істесе, ал Аллаһ оның күнәсын жасырса, онда Аллаһтың өзі шешеді және егер қаласа – оны кешіреді, ал қаласа – жазалайды». әл-Бухари 18, Муслим 1709.

Абдуллаһ ибн Умардың, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, сөздерінен жеткен хадисте  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бізге қару көтерген – бізден емес[28]». әл-Бухари 6874, Муслим 161.

Абдуллаһ ибн Мас‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Сондай-ақ, Ибн Маc‘удтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік!»  әл-Бухари 48, Муслим 116.

Ибн Аббастан, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Аллаһқа ең жек көрінішті адамдар мына үшеуі:  Қорықты орында[29] бола тұра ақиқаттан ауытқыған;   надандық (джахилия) дәуірінің салттарын Исламда сақтағысы келген адам және қақысыз біреудің қанын төккісі келген».  әл-Бухари 6882.

Пәк және Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа — азат, құлға — құл, әйелге  — әйел. Дегенмен, өлтіруші өзінің бауыры тарапынан кешірілсе, онда әділдік жасап, оған дұрыс құн төлеп беруі қажет. Міне осы — Раббыларың жағынан жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек сақтаса), ол үшін Ақыретте күйзелтуші азап бар. Әй, ақыл иелері! Қысас (кісі өлтіргенді өлтіру) сендердің өмірлеріңді сақтайды. Мүмкін сендер тақуалық танытарсыңдар» (әл-Бақара, 2: 178-179).

Ибн ‘Умар, Аллаһ оған разы болсын, мынаны баяндаған: “Бірде бір жас жігіт өлтірілгенде, Умар былай деді: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысса еді, мен міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім»”[30]. әл-Бухари 6896.

Әл-Бухаридің сахих жинағында (7152) Жундубтың, Аллаһ оған разы болсын, былай деген сөздері келтірілген: “Ақиқатында, адам бойындағы ең бірінші шіри бастайтыны – оның қарны, ендеше кім игі нәрседен өзге ешнәрсе жемей жүре алса, осылай істесін, және кім өзін Жәннаттан ол төккен бір уыс қан болса да алыстата алмайтындығына қол жеткізе алса, оны төкпесін”.

Хафиз ибн Хаджар былай деді: “Тіпті бұл хадис мауқуф түрінде (сахабадан) жеткізілген болса да,  оның жағдайы марфуъ (пайғамбардан жеткен) хадиске жатады, өйткені сахабалар мұндай нәрселер туралы өзінен айтпайтын. Бұл хадисте мұсылманды заңсыз өлтірген адамға өте үрейлі қорқыту бар”. “Фатхуль-Бари” 13/130.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Кім менің үмметіме соғыспен қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерді ескермей, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

әл-Мунзиридің ”әт-Тарғиб уәт-тархиб” кітабындағы мына төменде келтірілген хадистер әл-Бухари мен Муслимның жинақтарында кездеспесе де, алайда олардың сахихтығын шейх әл-Әлбани “Сахих әт-тарғиб” еңбегінде (1/629-634) растаған:

әл-Бардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниенің түгелімен опат болуы мүміннің заңсыз өлтірілуінен Аллаһ үшін маңыздырақ емес!»[31]

Әбу Са‘идтен және Әбу Хурайрадан, оларға Аллаһ разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көктер мен жердің бүкіл тұрғындары бір мүмінді бірлесіп өлтіруге айыпты болған болса еді, Аллаһ міндетті түрде олардың барлығын Отқа тастар еді», — деп айтқан.

Әбу Бакрдан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткен: «Егер көктер мен жердің тұрғындары бірігіп, мұсылманды өлтірген болса еді, Аллаһ оларды міндетті түрде жүздерімен Отқа тастар еді».

Муғауиядан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін хадисте, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ кез келгенге оның күнәсын кешіре алады, күпірлікте өлгеннен және мүмінді қасақана өлтіргеннен басқа».

Абу Мусадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ібліс өзінің әскерін жинаған кезде, оларға: «Кім бүгін мұсылманды жеңсе, оған мен тәж кігіземін», — деп айтады. Және оған шайтанның біреуі келіп: «Ол өз әйелімен ажыраспайынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Бірақ Ібіліс: «Ол оған қайта үйлене алады», — деп айтады. Сонда басқасы келіп: «Ол ата-анасына мойынсұнбаушылық танытқанынша мен оны азғыруымды тоқтатпадым», — дейді. Ал Ібіліс: «Бірақ ол оларға игі пиғыл көрсетуді қайтадан бастай алады», — дейді. Сонда үшіншісі келіп, былай дейді: «Ол көпқұдайшылыққа түспейінше мен оны азғыруымды тоқтатпадым!» Ібіліс: «Сен! Сен!» — деп жауап береді. Сонда Төртіншісі келіп: «Ол адам өлтірмейінше мен оны азғыруымды  тоқтатпадым», — дейді. Оған ол: «Сен! Сен!» — деді және оған тәж кигізді».

Ибад ибн Саммиттен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім мүмінді өлтіріп, сонысына қуанған болса, Аллаһ одан ерікті амалдарын да, парыз амалдарын да қабыл етпейді!» Бұл хадисті Әбу Дауд келтіреді, және ол кейін Халид ибн Дахқанның былай дегенін жеткізеді: “Мен Яхья ибн Яхьдан «сонысына қуанған болса» деген сөздер туралы сұрадым, және ол: “Бүлік кезінде соғысатындар туралы сөз болып тұр. Біреу екіншісін өлтіріп, өзін тура жолда деп есептейді және жасаған қылмысы үшін тәубе етпейді”.[32]

Әбу Са‘ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілген хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні Оттан мойын шығып: «Ақиқатында, маған (мына) үшеуді азаптау бұйырылған: әрбір тәкаппар жәбірлеушәні; Аллаһқа серік қосқанды және қақысыз адам өлтіргенді», — деп айтады. Және олардың үстінен Тозақ жабылады да, олар түпсіз тұңғиыққа тасталады». “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2699.

Ал мұсылманды қасақана емес өлтіру туралы айтар болсақ, Аллаһ мұндайды істеп қойған адамды құн төлеумен (дия) және өтеумен (кәффара) міндеттеді, бұл жөнінде  Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қателікпен болса басқа. Мүмінді қателікпен кім өлтірсе де, ол бір мүмін құл азат етіп, әрі өлгеннің отбасына құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе, ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі біреу болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ — Білуші, Дана»  (ән-Ниса 4: 92).

Мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді қасақана және кездейсоқ өлтіруге қатысты  Құран мен Сүннеттің мәтіндері

 Мұсылмандардың жерінде өмір сүріп, жизия төлеуші кәпірді (зиммий) және мұсылмандардың әмірімен келісім-шарт жасасқан кәпірді (муахад), сондай-ақ мұсылмандардың бірі қауіпсіздік кепілдігін берген кәпірді (мустамин) өлтіру – харам (тыйым салынған)![33] Және мұны жасаған үшін қатаң жаза әзірленген.  Абдуллаһ ибн Амрдың сөздерінен, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Кім муахадты өлтірсе, Жәннаттың иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннаттың иісі қырық жылдық жол алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.

Бұл хадисті имам әл-Бухари өзінің жинағындағы «Муахадты заңсыз өлтіргеннің күнәсы туралы» деп атаған тарауында келтірген. Сондай-ақ ол тура осы хадисті «Өтеулер» деген кітабында келтіріп, тарауды «Зиммийді заңсыз өлтіргеннің күнәсі» деп атаған.

Хафиз Ибн Хажжар “Фатхуль-Бари” (12/259) кітабында былай деп жазған: “Ол (әл-Бухари) бұл хадисті, онда муахад аталса да, зиммийге қатысты қолданған. Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты болған кәпір туралы сөз болуда:, мейлі ол жизия төлеу, әмірмен бітім немесе мұсылманның берген қауіпсіздік кепілдігі (аман) болсын.

Тура осы хадисті имам ән-Насаи де (4749), бірақ енді оның басқа риуаятын келтірген: «Кім зиммийді өлтірсе, жетпіс жылдық жол алшақтықтан сезілетін Жәннаттың иісін сезбейді».[34]

Сондай-ақ Әбу Бакрадан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Рұқсат етілмеген уақытта муахадты өлтіргенге Аллаһ Жәннатты харам етеді».[35] Әбу Дауд 2760, ән-Насаи 4747. Хадистің иснады сахих.

Ал мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтіру туралы айтар болсақ, мұны жасағанды Аллаһ құн (дия) төлеумен және күнәны өтеумен (кәффара) міндеттеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер өлтірілген сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі Аллаһқа тәубе ету ретінде тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Аллаһ — Білуші, Дана»  (ән-Ниса 4: 92).

Және соңында мен мыналарды айтқым келеді:

Уа, жастар! Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниеде бақытсыздыққа, ал Ақыретте азапқа итермелейтін шайтанның олжасы болмаңдар!

Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың қарттарын, ересектерін және балаларын өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар және мұсылмандардың аналарын, қыздарын және апа-қарындастарын өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар және Аллаһқа құлшылық қылатын қарттарды және емізулі сәбилерді өлтірмеңдер!

Аллаһтан қорқыңдар, тыйым салынған қанды төкпеңдер және біреудің мал-мүлкін иемденбеңдер!

«Ендеше, отыны адамдар мен тастар болатын Оттан қорқындар» (әл-Бақара 2: 24).

«Сендер Аллаһқа қайтарылатын күннен қорқыңдар. Сол кезде әрбір адам өзі жеткен нәрсесін толығымен алады және оларға зұлымдық жасалмайды». (әл-Бақара 2: 281).

«Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды» (Әли ‘Имран 3: 30).

«Сол күні, кісі туысынан қашады: шешесінен, әкесінен, әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі — ауыр (әркім өз халымен әлек)» (Абаса 80: 34-37).

Ұйқыларыңнан ояныңдар, ұқыпсыздықтарыңнан арылыңдар және жер бетінде бұзақылық таратуда шайтанның қаруы болмаңдар!

Және мен Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды дінді дұрыс түсінуге жеткізуін және оларды айқын да, жасырын да адасушылықтар мен бүліктерден сақтауын тілеймін.

Және Аллаһтың сәлемі мен игілігі Оның құлы және пайғамбары Мухаммадқа, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне және сахабаларына болсын!


[1] Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад – Мәдина қаласының атақты мухаддис ғалымы, Аллаһ оған есендік берсін.

Хижра бойынша 1353 жылы рамазан айында Зәлфа қаласында туылды. Қазіргі таңда 75 жаста. Ол ерте жасынан бастап атақты ғалымдардан білім алды. Шейх әл-Аббад оқыған ғалымдардың арасында шейх Мухаммад ибн Ибрахим Әли Шейх, шейх Ибн Баз, Мухаммад Амин әш-Шанқити, Абдуллаһ әл-Мани’, Абдуллаһ әл-Ғайс т.б. бар. Ол — ахлю-Сунна уәл жама’аның манхажы мен ақидасына арналған көптеген атақты еңбектердің авторы. Оның шәкірттерінің арасында шейх Уасыю-Ллаһ Аббас, шейх Салих әс-Сухайми, шейх Ибрахим Рухайли, өзінің баласы шейх Абдур-Раззақ әл-Бадр сынды т.б атақты ғалымдар бар. Шейх Абдуль-Мухсин әл-Аббад қазіргі заман ахлю-Сунна ғалымдарының арасында өзінің білімділігімен танымал. Оны шейх Ибн Баз жиі мақтайтын. Әл-Аббадтың өзі де одан білім мен жастары бойынша озған ғалымдарға деген ілтипатымен танылған, және ол  шейх Хамад әл-Ансаримен және шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанимен жылы қарым-қатынаста болған.

[2] Шейх айтып жатқан нәрсеге біз күнде куә болудамыз. Мұсылмандардың арасында шариғаттың қандай да бір бұйрықтарын елемейтіндер немесе оларға немқұрайлы қарайтындар қаншама?! Олардың арасында, мысалы: «Сақал қоюдың еш қажеті жоқ, ең бастысы адам өз жүрегінде салиқалы болса болды», — деп айтатындарды кездестіруге болады. Басқалары доктор Қардауи сияқты, Исламдағы достық пен қатысы жоқтық (әл-уәлә уәл-бара) ұстанымын және шабуыл жихадын жоққа шығарады. Үшіншілері дүние пайдасы мен жұмсақ орындары үшін әмірлерге жағымпазданып, Исламның ұстанымдарын бұрмалайды. Сондай-ақ бір-біріне бөтен болған мұсылман ерлер мен әйелдер, тыйымдарға қарамастан, бірігіп кештер мен дастархандар ұйымдастырып, тіпті өзара қол алысып жүргендерін немесе мұндай қылықта ешбір айып көрместен, мұсылман әйелдің махрамсыз басқа елге сапарға аттанып жүргенін көрудеміз. Және осындай мысалдар өте көп.

Ал басқа жағынан біз осыған қарама-қайшы болған басқаша шектен шығуды көре аламыз. Мысалы, мұсылмандардың  өздерінің дінге деген қызғаныш сезімдерін сылтаулатып, адамдардың барлығын қатарынан күпірлікте айыптап жүргендерін көруге болады.    Бұл жөнінде шейх Ибн ‘Усаймин: “Біздің кезімізде өздерін діннің қатарына жатқызып, діни қызғанышсымаққа негізделіп, Аллаһ пен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күпірлікте айыптамаған адамдарды күпірлікте айыптап жүргендерді кездестіруге болады!”. Қз.: “Шарх әл-Қауа‘ид әл-мусля” 77.

Міне осы ұстаныммен олар ислам елдерінің әмірлерін күпірлікте айыптап, ал сол елдердің өздерін кәпірлердің жерлері деп үкім шығаруға асығады. Шейх Салих әл-Фаузан былай дейтін: “Кім мұсылмандардың барлық әмірлерін күпірлікте айыптаса және оларға қарсы шығуға шақырса, сол – хауариж!” Тыңдаңыз: “Шарх Науақидуль-Ислям”.

Жас мұсылман жігіттер мен мұсылман қыз-келіншектердің өз ата-аналарын күпірлікте айыптап жатқандарын да көруге болады, ал егер ата-аналары шариғат бойынша шынымен сондай болса да, қалайша олар ата-анасына қатысты дұшпандық көрсетіп, артық кететеді екен?! Өйткені тіпті кәпір ата-аналар туралы Аллаһ Тағала: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның — Мен жақ. Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, оларға бағынба! Олармен дүниеде жақсылықпен жолдас бол!» (Луқман 31: 15), — деп бұйырады.

Тіпті ата-аналар баласына ширк жасатуға талпыныс танытса да, Аллаһ оларға мұндай ұлы күнә жасау мәселесінде бағынбауды бұйырады, бірақ бәрібір оларға ізгі қарым-қатынас жасауды әмір етеді! Ал өз балаларын ширк жасауға мәжбүрлемейтін ата-аналар туралы не айтуға болады, алайда балалары олармен туысқандық қатынасты үзіп, тіпті оларды асырауды міндетті емес деп есептейді?! Имам әл-Хаттаби былай дейтін: “Мұсылман ұл бала өз ата-анасын, тіпті олар кәпір болса да, асырауға міндетті”. Қз.: “Фатхуль-Бари” 5/234.

Шейх Ибн әл-Қайим: «Туысқандық байланысты үзуші Жәннатқа кірмейді», – деген хадисті келтіріп: “Туысқандық байланысты ұстап тұру міндетті болып табылады, тіпті кәпірлермен де”, — деген. Қз.: “Ахкаму аһли-ззимма” 2/317.

Сондай-ақ ғалымдарды, олардың айтқандары өздерінің қалауларына сәйкес келмейтіндіктен, екіжүзділікке айыптап жатқандарды көруге болады. Өз негізінде халал болған нәрселердің көбін харам етіп жүргендерді де, сондай-ақ білімдері жеткіліксіз және құзырсыз адамдардың Ислам үмметінің көкейтесті мәселелерін талқылап, шешуге кірісіп жүргендерін де көре аламыз. Бір әйелдердің басқа әйелдерді әкелерінен де, күйеулерінен де сұрамай жихадқа шығуға шақырып жүргендерін де көрудеміз.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ақиқатты айтты: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір, өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайықты адамдар жайлы «опасыз ба» деп күдіктенетін; және сөз рууайбидаларға берілетін замандар келеді». Одан: “Рууайбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!» — деді. Ахмад 2/291, Ибн Мажжаһ 4036. Хафиз Ибн Хажжар, хафиз Ибн Касир, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.

Өзгенің мал-мүлкінің қалайша опасыздықпен тартып алынып жатқанын, ал онымен қоса тыйым салынған қанның төгілуіне жол беріліп жатқанын да көруге болады. Абу Қатада Филистыни сияқты біреудің адам өлтіруді, оның ішінде әйелдер мен балаларды өлтіруді рұқсат етіп жатқанын көрудеміз. Алайда мұндай нәрсе ақиқаттан алыс, Аллаһтың да, Аллаһтың Елшісінің де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл шектен шығушылыққа салынған адамдардың оларға қыстырып қойған нәрселеріне еш қатысы жоқ. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар, бірақ  рұқсат етілгеннің шегінен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (әл-Бақара 2: 190).

Ибн Аббас Аллаһ Тағаланың осы сөздеріне түсіндірме беріп, былай деді: “Әйелдерді, балаларды, қарттарды және сендерге бейбітшілікпен бет бұрып, өздеріңмен соғыспайтындарды өлтірмеңдер! Ал егер осыны істесеңдер, онда сендер – шектен шығушыларсыңдар!” “Тафсир әт-Табари” 2546.

Имам ән-Науауи былай деді: “Кәпірлердің әйелдері мен балаларын, егер олар шайқасуға қатыспайтын болса, өлтіруге тыйым салынғандығы туралы ғалымдар бірауызды келісімде!” “Шарх Сахих Муслим” 11/292.

Имам Ибн Рушд: “Әйелдер мен балаларды, егер олар соғыспайтын болса, өлтіруге болмайтындығы жөнінде мұсылмандардың ішінде келіспеушіліктер жоқ ”, — деді.  “Бидаятуль-мужтахид” 1/386.

Өкінішке орай, біздің кезіміздегі көптеген мұсылман түсіп жатқан шектен шығушылықтардың мысалдары өте көп.

Шейх Ибн әл-Қайим шайтанның айлаларының түрлерін атап өтіп, былай деп жазған: “Кейбір ізгі саләфтар былай дейтін: «Аллаһтан қандай бұйрық келмесін, міндетті түрде шайтан осыған ықпал етудің екі тетігіне ие болады: не босаңсу мен немқұрайлылық, не шектен шығушылық пен нысапсыздық. Және ол осы екі жағдайдың біреуімен үстем болуын тоқтатпайды». Адамдардың көпшілігі, санаулысынан басқа, бұл екі халдың бірінде: не немқұрайлылықта, не артық кетуде болады. Және кейбіреулері ғана Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары жүрген тура жолда бекем тұрады!” Қз.: “Иғасату-лляхфан” 1/116.

Біз Аллаһ Тағаладан бізді шектен шығушылықтардан сақтап, тура жолда нық тұрушылардан етсін деп тілейміз!

Сондай-ақ Ибн әл-Қайим былай деп жазған: “Адамдамдардың көпшілігі Аллаһқа Ол тыйым салған нәрселері арқылы ғибадат етіп, мұнысы мойынсұну және жақындау екендігіне нық сенеді. Және мұндай адамның жағдайы, өзінің істеп жатқаны күнә екендігін түсінетін адамның жағдайынан жаман!” Қз.: “Иғасату-лляхфан” 2/181.

[3] Әбу Ғалиб (адамдар) Абу Умамадан: “Бұл аятта аталғандар кімдер?”, – деп сұрағанда, ол: «Олар – хауариждер!» — деп жауап бергенін баяндаған. Ибн Наср «әс-Сунна» 55. Иснады хасан.

[4] Хауариждердің сипаттарының бірі қиянятшылдық еді және әлі де солай. Олар мұсылмандарды өлтіруде еш қиындық көрмейді және осы себептен Али Ибн Аббас үшін қорықты. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Хауариждер мұсылмандар үшін яхудилер мен христиандардан да жаман. Олар өздерімен келіспейтін мұсылмандарды өлтіруде күш-жігерлерін танытады. Олар мұсылмандардың қанын төгуді, олардың мал-мүлкін тартып алуды, олардың балаларын өлтіруді және оларды күпірлікте айыптауды рұқсат етеді!” Қз.: “Минхажу-Ссунна” 5/248.

[5] Сүннетке жүгінбей Құранды толық түсіну мүмкін емес, өйткені егер Құранның өзі ғана жеткілікті болатын болса, Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны (Құранды) түсіндіруді бұйырып, балай деп айтпас еді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді түсіндірерсің деп, Құранды түсірдік». (ән-Нахль 16: 44). Құранды түсінудегі Сүннетті елемеудің дәл өзі көптеген секталардың адасуларына себепші болды. Әбу Надра, олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айтып жатқан сахаба — Имран ибн Хусайнмен бірге болғанда, бір адам өзінің наразылығын білдіріп: «Одан да бізге Аллаһтың Кітабы туралы айтқаның жақсы болар еді», — деп айтқанын баяндайды. Сонда Имран ашуланды да: «Ақиқатында, сен – ақымақсың! Аллаһ Құранда зекетті атап өтті, ал онда екі жүз дирхамнан бес дирхам төлеу керек егендігі қайда көрсетілген?! Намазды атап өтті, ал бесін намазы төрт ракағаттан тұрады деген нұсқау қайда?! Қағбаны айналуды (тауафты) атап өтті, ал айналу саны –  жетеу деген нұсқау қайда?! Ақиқатында, мұның барлығын Сүннет тәпсірлеп түсіндіреді!» — деді. әл-Ажжурри “әш-Шари’а” 104. Иснады  сахих.

[6] Адамдарды бірінші кезекте олардың сенімдері бойынша бағалау керек, ал қалған құндылықтар кейіннен. Егер де адамдарды олардың беріліп салынған құлшылықтарына қарай бағалау керек болғанда, онда хауариждердің дәрежесін сахабалардың дәрежесінен де жоғары қоюға тура келер еді, өйткені Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендердің намаздарың, олардың намаздарымен салыстырғанда, және сендердің оразаларың, олардың оразаларымен салыстырғанда, өздеріңе түкке тұрғысыз болып көрінетін болады». Муслим 1064. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша. Өйткені хауариждер алғашқы бүліктің және мұсылмандардың бөлінуінің себепшісі болды. Ақиқатында, дұрыс сенімнің ізінен ізгі амалдар жалғасады. Және дәл осы сипат ахлю-Суннаның шынайы мұсылмандарын әртүрлі ағымдар мен жамағаттардан ерекшелейді.

[7] Бұл – хауариждердің сипаттарының бірі – өздерін ғалымдарға мұқтаж емес деп есептеу және олардың маңызын кеміту.

[8] Зиммий – мұсылман жерлерінде өмір сүретін және жизия (салық) төлейтін кәпір. Жизия балалардан, әйелдерден, қарттардан, еш нәрсесі жоқ кедейлерден, ақыл-есінен айырылғандардан және ауру адамдардан алынбайды. Қз.: “Ахкаму аһли-зимма” 1/43-51, Ибн әл-Қайим.

[9] Хауариждер оларды бұзатын жағдайда, Али ибн Абу Талиб олармен соғысатындығын білдірген шарттарға  назар аударыңыздар! Ал біздің уақытымызда көптеген мұсылмандар жердің түкпір-түкпірлерінде жихадтың атымен дәл осыларды істеп жүр емес пе?! Мұсылмандар мұсылмандардың өздерін, әйелдерді, балаларды және қауіпсіздік кепілдігін алып, мұсылмандардың жеріне кірген кәпірлерді өлтіріп жүр емес пе; немесе бұл рұқсат етілген деп, кәпірлердің мал-мүлкін тартып алып жүр емес пе?! Мұның барлығының жихадқа еш қатысы жоқ, ал Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай бұзақылықтан алшақ.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) өлтірсе, Жәннаттың хош иісін де сезбейді, ал оның аңқыған иісі қырық жылдық жол қашықтықтан сезіледі». әл-Бухари 2995.

Ибн Хажжар былай деп жазған: «Хадисте мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпір туралы сөз болуда, мейлі ол – жизия төлеу, әмірмен бітім, немесе мұсылман адам тарапынан берілген қауіпсіздік кепілдігі (аман) болсын». Қз.: “Фатхуль-Бари” 12/259.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сондай-ақ былай деді: «Ақиқатында, адамға қауіпсіздік кепілдігін беріп, кейін оны өлтіргенге, тіпті өлтірілген – кәпір болса да, менің қатысым болмайды!» Ахмад 5/223. Ибн Мажжаһ 2/896. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Бусайри және шейх әл-Әлбани растаған.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Қауіпсіздік кепілдігін кез келген кәпірге беруге болады және мұны кез келген мұсылман істей алады!” Қз.: “Саримуль-мәслюль” 95. Сондай-ақ мұсылман әйел де  қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Мұсылмандар Меккені алғаннан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның тұрғындарын өлтіруге және олардан өш алуға тыйым салды, мұсылмандарға қатысты өздерінің оңбағандылығымен және қиянатшылдығымен ерекше танылған бесеуінен басқа. Ал ол бесеуін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруді бұйырды, олар тіпті Қағбаның көлеңкесінде кездессе де. Міне,  Ибн Хубайр осы бесеудің бірі еді. Ал Умм Ханидің бауыры Али оны көріп қалып, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығын орындау үшін соңына түскен кезде, Ибн Хубайр Умм Ханидің үйіне кіріп кетіп, одан пана сұрады, ал ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірі туралы білмей, оған оны берді.  Кейін ол өзі Аллаһтың елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөйлеспейінше, оған тиісуге тыйым салды. Имам әл-Бухариден келген хадисте Умм Хани Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кіріп: «Уа, Аллаһтың елшісі, менің бауырым (Али) мен өзімнің қорғауыма алған Хубайрдың ұлын өлтіремін деп жатыр!» — дегенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Уа, Умм Хани, сен өзіңнің қорғаныңа алғанды біз өзіміздің қорғанымызға аламыз», — деді. әл-Бухари 357.

Егер тіпті әйелдің берген қауіпсіздік кепілдігі есепке алынатын болса және осы кәпірдің қаны мен мал-мүлкі басқаларға харам етілген болса, онда өздерінің еліне кірерде мемлекет беретін қауіпсіздікті сақтау жөнінде не айтуға болады?!

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Барлық мұсылмандардың қаны тең дәрежеде құнды, ал олардың ең ықпалсызының берген қауіпсіздік кепілдігі өзгелердің барлығы тарапынан орындалуға тиісті». Әбу Дауд 2751, Ибн Мажжаһ 2685, Ибн әл-Мунзир 11/151. Хадис сахих, бұл жөнінде шейх әл-Әлбани айтқан.

Умар ибн әл-Хаттаб былай деді: “Егер мұсылман оған: «Маттарс», — десе, ол оған қауіпсіздік кепілдігін берген болады. Және егер ол оған: «Лә тадхәл», — десе де, ол оған қауіпсіздк кепілдігін берген болады. Ақиқатында, Аллаһ барлық тілдерді біледі!” Абдур-Раззақ 5/219, Са’ид ибн Мансур 2599.

«Маттарс» және «Ля тадхәл» — парсылар мен эфиоптардың тілдерінде  «қорықпа» дегенді білдіреді.

Имам Ахмад және Ибн Таймия былай деген: “Кәпір өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі деп түсінген кез келген нәрсе оған қауіпсіздік кепілдігін беретіні Сүннетте келген!” Қз.: “әл-Инсаф” 10/348, “Баяну-ддалиль” 64.

Имам Ибн Мунасыф былай деді: “Дұшпан өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігі (аман) деп түсінген кез келген тілдегі кез келген нәрсе:  мейлі ол сөз болсын, мейлі – жазу, немесе ым болсын – оған бұл кепілдікті береді, тіпті мұсылман мұны (кепілдік беруді) меңземеген болса да!” Қз.: “әл-Инжад” 2/45.

Жоғарыда келтірілгендердің негізінде мына нәрсе айқын болады: мұсылмандардың еліне кіріп жатқан кәпірдің төлқұжатына қойылатын виза оған қауіпсіздік кепілдігін береді. Және бұған еш күмән жоқ.

Дәл осындай жағдай кәпірлердің елінде өмір сүріп жатқан немесе виза яки кіруге рұқсат алып, сол жерге келген мұсылмандарға да қатысты болады. Оларға бұл кәпірлерді өлтіруге, олардың мал-мүлкін тонауға тыйым салынады, өйткені мұның барлығы – қиянатшылдық және қауіпсіздік кепілдігін (аманды) бұзу болып табылады. Кейбіреулер «Ақиқатында, соғыс – алдау» деген хадисті дәлел ретінде пайдаланып жүрген қулыққа мұның еш қатысы жоқ. Егер кәпірлер мұсылмандарды өздерінің еліне кіргізген болса, онда осының өзі-ақ оның олармен келісім-шартқа отырғанын білдіреді, тіпті бұл талқыланбаған болса да.

Имам Ибн Жазий “әл-Қауанинуль-фиқхия” еңбегінде былай дейді: “Қауіпсіздік кепілдігін бұзу мен әскери қулықтың арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік кепілдігі дұшпандарға бас амандықтарына сенімділік береді. Әскери қулық болса әскери құпияларды жасырып қалуды қамтиды. Бұл шаралар дұшпанды жаңылыстырып, оны қарсыласы шегініп жатыр немесе соғысқысы келмейді деген қате ойға соқтырады.  Бұл дұшпанды алқымынан ұстау үшін жасалады. Әскери қулықтың түрлеріне негізгі мақсаттан қарсыластың назарын басқа жаққа аудару мақсатымен (әлдебір істі) сылтаурату, дұшпанның қатарының жікке бөлінуіне алып келу, торуылдар ұйымдастыру, ұрыс барысындағы тактикалық шегіну т.б. жатады. Оған (әскери қулыққа) — өзіңді солардың бірі деп көрсету, дұшпанның дінін өтіріктен ұстану, дұшпан алдында адал кеңесші рөлін ойнап, сол арқылы дұшпанның сенімін пайдаланып, опасыздықпен есептесу жатпайды. Бұл тәсілдерді қолдануға болмайды және олар сатқындық болып табылады”.

Имам әл-Марғинани “әл-Хидая” кітабында былай деді: “Егер мұсылман адам дұшпандардың еліне саудагер ретінде кіріп барса, ол сол елде қауіпсіздік кепілдігін алған мұсылман сияқты болады. Оған олардың мал-мүлкіне және өміріне қол сұғуға болмайды, өйткені ол өзіне берілген қауіпсіздік кепілдігінің есесіне оларға қарсы ешнәрсе істемейтініне кепілдік берді. Осыдан кейін олардың мал-мүлкі мен өміріне қол сұғу қиянат болып табылады, ал қиянатқа тыйым салынған”.

Имам әш-Шафи’и “әл-Умм” кітабында былай деді: “Егер дұшпандар мұсылмандардан біреуді тұтқынға алып, кейін оны босатып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен болса, онда олардың берген қауіпсіздік кепілдігі олардың өздеріне берілген қауіпсіздік кепілдігі де болып табылады, және де оның оларды қиянатшылдықпен өлтіруіне және оларға сатқындық жасауына хақысы жоқ”.

Имам Ибн Қудама былай деді: “Кім дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігін алып кірген болса, олардың мал-мүлкіне қиянатшылдықпен қол сұғуына немесе олармен өсімқорлықпен айналысуына  құқығы болмайды. Олардың өздеріне қатысты қиянат туралы айтар болсақ, оған тыйым салынған, өйткені олардың берген қауіпсіздік кепілдігі оларға қатысты сатқындық жасалмайтынын білдіреді.  Тіпті бұл шарттар ауызша түрде келісілмеген болса да, мұның мәні әрекеттің өзінен айқын болып тұр”.  “әл-Муғни” 13/152.

Ал кәпірлердің  мал-мүлкіне келер болсақ, бұл жөнінде  хафиз Ибн Хажжар “Фатхуль-Бари”- де 341  және Шамсуль-Хакқ ‘Азым Абади «‘Аунуль-Ма’буд»-та 7/318 айтып өткендеріндей, ол жихад кезі мен кәпірлердің  елі бағындырылғаннан кейінгі кезден басқа уақытта рұқсат етілмеген.

Имам ән-Науауи имам әр-Рафи’идің мына сөздерін жеткізген: “Егер адам дұшпан жеріне қауіпсіздік кепілдігімен кіріп барса, онда оған ол жерден қойма алуға рұқсат етілмейді, ол оны күштеп тартып алса да, жай тауып алса да. Сондай-ақ ол оларға тиісті болған нәрселерге қатысты қиянат жасай алмайды, ақиқатында, ол оларға тиістіні өздеріне қайтаруға міндетті!” «әл-Мажжму’» 6/51.

Шейх Ибн Баз басқаратын Тұрақты Комитеттің  (әл-Ляжнату-ддаима) ғалымдарына: «Кәпірлердің елінде өмір сүріп, осы елге зиян тигізу үшін мемлекеттен электр қуатын және суды ұрлауға болады ма?» — деп сұрақ қойылды. Сондай-ақ оларға: «Электр қуатына, газға, телефонға т.б. төлемақы төлеуден бас тартуға болады ма?!» — деген сұрақ қойылғанда, олар: “Бұған рұқсат етілмейді, өйткені бұл – адамдардың мал-мүлкін қақысыз жеу және сенімді бұзу”, — деп жауап берді. «Фатауа әл-Ляжжна» 23/441.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді) жәбірлесе, немесе оның құқықтарын шектесе, немесе оған оның шамасынан тыс нәрселерді жүктесе, немесе одан оның қалауынсыз бір нәрсесін алса, ақиқатында, мен Ақырет Күні оған қарсы куәлік етемін».  Әбу Дауд 3/437, әл-Байхақи 9/205. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған. Бұл мәселеде барлық имамдар бірауызды келісімде болған, және хауариждерден өзге ешкім келісім-шартта болған кәпірдің қаны мен мал-мүлкін халал демеген. Имам әш-Шахристани былай деді: “Хауариждер келісім-шартта болған немесе жизия төлеген кәпірлердің қанын және мал-мүлкін рұқсат етілген деп есептеген. Және осыны істемейтіндерден бас тарту  міндетті деп есептеген!” “әл-Милялю уә-ннихаль” 1/118.

Егер шариғаттың үкімі кәпірлерге қатысты осындай болатын болса, онда олар (хауариждер) қаны мен мал-мүлкін халал еткен мұсылмандар туралы не айтуға болады! Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда  Аллаһтың қорғауында бола тұра таң аттырып, кеш батыратын мүмін туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өліміне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкар” 14/84.

[10] Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауариждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән! Үкім Аллаһқа ғана тән!»  — деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» — деді». Муслим 1774.

Біздің кезімізде де хауариждердің соңынан ілескен адамдар сол аяттарды келтіріп, оларды басшылыққа алып, көптеген рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жүр. Осының өзі хауариждердің Құранның аяттарын және хадистерді дұрыс түсінбейтініне нұсқайды, бұл жөнінде бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждер туралы: «Олар Құранды ол олардың жағында болады деп оқиды, ал ол оларға қарсы болады!» — деп айтты. Муслим 1066.

[11] Міне — Исламда не дәлел болып табылады – Аллаһтың Кітабы және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті!

[12] Осылай деп күнәлары үшін Тозаққа түсіп, кейін жазаланып болған соң Жәннатқа кіретін мұсылмандар аталады.

[13] Тек ол үшін жаратылған бұл кұрметті орында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметінің мұсылмандары үшін шапағат етеді және олардың арасында ауыр күнәлар жасағандар, бірақ бірқұдайшыл болып өлгендер де болады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Менің шапағатымды ауыр күнәлар жасаған менің үмметімнің мүшелері де алады. Ахмад 3/213, Әбу Дауд 3/123, Ибн Мажжаһ 4310. Бұл хадистің сахихтығын Әбу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузаймә, Ибн Хиббан, әл-Хаким, әл-Байхақи, әл-Бусайри және әл-Әлбани сынды имамдар растаған.

[14] Жастың кішілігі – хауариждердің сипаттарының бірі.  Али ибн Әбу Талиб былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенмін: «Соңғы замандарда жастары кіші және ақылдары келте адамдар пайда болады»”. әл-Бухари 3611, Муслим 1066.

Имам ан-Науауи былай деді: “Бұл хадистен білімнің тұрақтылығы мен күші жастың егделігімен келетінін білеміз”. “Фатхуль-Бари” 12/300.

Уа (Я/Ей), мұсылмандар! Біздің кезімізде ислам үмметінің аса маңызды мәселелерін шешуге кірісіп жүргеніндердің негізін араларында олардың көзқарастарын ұстанатын ең болмағанда он шақты егде тартқан адамдардың табылуы қиын  жастар құрайтынына назар аударыңдар!

[15] Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар», — деп бұйырды. (әл-Ағраф сүресі, 56-аят).

Әл-Қуртуби: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, тәртіп орнатылғаннан кейін қандай да болмасын, кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды және бұл (үкім) барлық адамдарға қатысты», — деді. “Тафсир әл-Қуртуби” 6/145.

[16] Шейх Ибн ‘Усаймин Аллаһ Тағаланың: «Маған осы Құран, ол арқылы сендерді, сондай-ақ кімге ол жетсе, соларды қорқытуым үшін уахи етілді» (Әнғам 6: 19), — аятына берген өзінің түсіндірмесінде былай деп айтады: «Аллаһ Тағаланың: «ол арқылы сендерді… қорқытуым үшін», — деген сөздері  — “Мен сендерді оған қайшы келуден қорқыттым”, дегенді білдіреді. «Кімге ол жетсе», — деген сөздер «кімге Кұран жетпеген болса, соған дәлел жетпеді» дегенге нұсқайды, тура сол сияқты, дәлел бұрмаланған түрде жеткізілген кісіге де дәлел жетпеген болып есептеледі. Алайда Ислам бұрмаланған күйде болса да жеткен кісі Исламнан мүлде хабары жоқ адам сияқты ақталу құқығына ие бола алмайды, және ол адам ақиқатты іздеуге міндетті.

Бүгінде Ислам діні кәпірлердің көпшілігіне өзінің тап-таза бұрмаланбаған күйінде жеткізілді ме?! Әрине, жоқ! Кейбір бауырларымыз өздерінің қалауларымен, ешбір даналықсыз амалдар істеп жатқандарында, еуропалықтарға да және басқаларға да Ислам туралы бұрмаланған түсінікті тек ұлғайтуда. Мен адамдар шоғырланған орында жарылыстар ұйымдастырып, оны — Аллаһтың жолындағы жихад дейтіндер туралы айтудамын. Шындығында, олар Исламға және мұсылмандарға, пайдаға қарағанда, көбірек зиян алып келуде. Олардың (қол жеткізген) нәтижелері қандай, сіздерге сұрақ: кәпірлер Исламға жақындай түсті ме, әлде одан сайын Исламнан алшақтады ма? Адамның, оны өзгелер осы қарбаластық туғызатын үрейлі топқа жатқызбауы үшін, өзінің бетін бүркеп алуға дейін жетуі – Исламнан деп ойлайсыңдар ма? Ислам мұндайдан алыс, Ислам мұның барлығынан да алыс! Тіпті жихад парыз болғаннан кейін де сахабалар, жихадты жүргізе алатын әмірдің туының астындағы жихад болмаса, басқа жағдайда кәпірлердің қауымына оларды өлтіру үшін аттанған емес. Ал мына террор туралы айтар болсақ, онда Аллаһпен ант етемін, бұл – мұсылмандар үшін тежелу ғана. Біз (мұның) нәтижесі мен пайдасын көріп тұрған жоқпыз, керісінше, мұнда Ислам туралы түсініктің тек бұрмалануы мен бұрысталуы ғана тұр.

Егер біз хикмет жолын таңдап, (шын) жүрегімізбен Аллаһтан қорқып, ең алдымен өзімізді, содан кейін айналамыздағыларды  түзесек еді, және шариғат жолымен жүрсек еді, сонда нәтиже міндетті түрде игі болар еді!»  (“Шарх усуль әт-тафсир” 1 кассета, «А» — бетін тыңдаңыз. )

Шейх Салих әл-Фаузаннан: «Мұсылман емес мемлекеттерде (жасалып жатқан) адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, және осыны жихад деп атауға болады ма?» — деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді:  «Адам өлтіру мен жарылыстар тыйым салынған (харам) болып табылады, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет әкеледі және олардың өлтірілулеріне, сондай-ақ қудалануларына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс.  Бұл істе Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшуге дейін Меккеде, кәпірлердің арасында жүрген кезде мына аяттар түсті:

 «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйыңдар, намазды орындап, зекет беріңдер!» — делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса сүресі, 77-аят)

Сөйтіп, оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреуі өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына ешбір қатысы жоқ, және де ол — Аллаһ жолындағы жихад емес. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады». “Фатауа әл-аимма фи ән-нәуазиль әл-мудәлхима” 41.

Шейх әл-Аббад атап өткен, Әр-Риядта 11/6/1424 х. ж. (2003 ж.) орын алған терактіден кейін, құрамында  шейх Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Люхайдан, шейх Абдуллаһ ибн Сулейман әл-Мани’, шейх Абдуллаһ әл-Ғадаян, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Хасан әл-‘Атми, шейх Мухаммад ибн Абдуллаһ әс-Сабиль, шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Ибраһим Әли Шейх, шейх Мухаммад ибн Сулейман әл-Бадр, шейх Абдуллаһ әт-Турки, шейх Мухаммад ибн Зайд Әли Сулейман, шейх Бакр Әбу Зайд, шейх Абдуль-Уаххаб ибн Ибраһим, шейх Салих ибн Абдуллаһ ибн Хумайд, шейх Ахмад ибн ‘Али әл-Мубараки, шейх Абдуллаһ ибн ‘Али әр-Ракабан және шейх Абдуллаһ ибн Мухаммад әл-Мутлақ болған Ірі Ғалымдардың Комитеті өзінің мәлімдемесінде, бір сөздерінде былай деді: “Кім түрлі терактілер және жазықсыз адамдарды өлтіру – бұл жихад деп айтса, сол надан (жәхиль) және адасушы болып табылады, өйткені мұның барлығының Аллаһтың жолындағы жихадқа түйірдей қатысы жоқ!”

Шейх ‘Абдур-Рахман әл-Баррак былай дейтін:

«Кәпірлерге қатысты олардың елдерінде өмір сүріп жүрген кейбір надан мұсылмандардың жасап жүрген: ұрлық, олардың құқықтарын бұзу, хақысыз оларды ұрып-соғу және балағаттау сияқты қылмыстары — Ислам шариғатында тыйым салынған (харам) болып табылады! Мұндай адамдардың істеп жүргендерінің Исламға ешқандай қатысы жоқ! Бұдан да сорақысы – бұл түрлі мекемелерді жарып жүрген кейбір адасқандардың жасап жүрген терактілері. Ақиқатында, мұның Аллаһ Тағала жер бетінде әділеттілікті тарату және Өзінің Сөзін ұлықтау үшін өзінің құлдарының арасында заңдастырған  жихадқа еш қатысы жоқ! Тіпті,  бұл тыйым салынған бұзақылық болып табылады!» “И’тида ‘алә ғайриль-муслимин” 3.

Егер бұл ғалымдардың барлығы адасып жүрген болса, онда кім ақиқатты ұстануда?!

Ахлю-Суннаның мойындалған ғалымдарының сөздеріне сүйеніп, біз мұсылмандар жасап жатқан әскери қимылдардың барлығы Аллаһтың жолындағы жихад болып табыла бермейтінін көре аламыз. Және тек ықыласты ниеттің болуы ғана жеткіліксіз, өйткені ықыласты ниет кесірлі (бұзық) амалды дұрыс қылмайды! Ұлы Аллаһ Тағала былай деді: «“Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшырайтындар туралы хабар берейін бе?”, — де. Олар — дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, — деп ойлайды», — деді. (әл-Кахф, 18: 103-104)

Хафиз Ибн Касир: “Бұл аят жинақтаушы болып табылады және Аллаһқа бекітілмеген тәсілдермен құлшылық етіп, өзінің сол істерін дұрыс деп санап, және де өзінің амалдары қабыл болады деп есептеп, бірақ, іс жүзінде, қателесіп жүрген және амалдары кері қайтарылатындарға қатысты!» — деген.  “Тафсир Ибн Касир” 3/174.

[17] Имам ад-Дахак былай деді: “Яғни Адамның ұлы өз бауырын зұлымдықпен өлтіргені себепті”. “Задуль-масир” 2/339.

[18] «Жер бетінде бұзақылық тарату» деген сөздер оны жасағандығы себепті адамның өмірі халал болып кететін қылмысты білдіреді. “Тафсир Ибн әл-Жжаузи” 2/341, “Тафсир Ибн Касир” 2/46.

[19] Бұл аятқа Усман ибн Аффан үйі қоршауға алынған кезде сүйенді. Қанның төгілгенін қаламай ол барлығына таралуды бұйырды, содан кейін қаскүнемдер оның үйіне кіріп, оны (Аллаһ оған разы болсын) өлтірді. Әбу Хурайра былай деп баяндайтын: «Мен Усманның үйі қоршауға алынған кезде оған келіп: ”Уа, мүміндердің әмірі, мен сенімен бірге соғысу үшін келдім!” — дедім. Ол маған: ”Уа, Әбу Хурайра, сенің осы адамдардың барлығын, соның ішінде мені де өлтіруің сені қуантады ма?! — деп жауап берді. Мен: ”Жоқ!” — дедім. Сонда ол былай деді: ”Аллаһпен ант етемін, егер сен бір адамды өлтірсең, барлық адамдарды өлтіргендей боласың!”». Әбу Хурайра былай деді: “Содан кейін мен қайтып кеттім және шайқаспадым”. Са‘ид ибн Мансур 2937, Ибн Са‘д 3/70. Иснады  сахих.

Ибн Аббас былай дейтін: “Кім Аллаһ өлтіруге тыйым салған бір тірі жанды өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтірген сияқты болады!” “Тафсир Ибн Касир” 2/165.

Тыйым салынған қанды төкпей өлген адамның артықшылығы туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім Аллаһты Оған ешкімді серік қоспаған және харам етілген қанды төкпеген күйімен кездестірсе – Жәннатқа кіреді!» Ахмад 4/152, Ибн Мажжаһ 2618. Хадис сахих. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2923.

Ал мұсылманға Жәннат емей, не керек?!

[20] Кейіннен Хидр пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) бұл баланы өлтіруінің себебін ашып, былай деді: «Балаға қатысты айтар болсақ, оның ата-анасы – иман келтіргендер, және ол өзінің залымдығының және күпірлігінің себебінен оларды жәбірлейді деп корықтық» (әл-Кахф 18: 80).

[21] Уа, мұсылмандар! Мына аятқа назар аударыңыздар! Өйткені, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) әлгі мысырлықты өзінің пайғамбарлық миссиясы басталғанға дейін өлтірді ғой, және, бір жағынан, оны қасақана да істемеді. Алайда бұл ол үшін күнә болды және ол осы үшін Аллаһтан кешірім сұрады! Шапағат туралы ең таралған хадисте адамдар Қиямет Күні өздері үшін Аллаһтан шапағат тілесін деген өтінішпен Муса пайғамбарға  келгенде, Муса: «Ақиқатында, менің Раббым маған бұрын ешқашан ызаланбағандай және болашақта ешқашан бүйтіп ызаланбайтындай ызаланды, өйткені мен маған өлтіру бұйырылмаған жанды өлтірдім!» — дейді. әл-Бухари 4712.

Осыда құқықсыз адам өлтіру күнәсінің үлкендігіне нұсқау бар! Көптеген имамдар адам өлтірудің күнәсі шарап ішуден, зина жасаудан және өсім жеуден едәуір жаман деп есептеген. Ал имам ән-Науауи былай деп айтқан: «Біздің жақтастарымыз: «Көпқұдайшылықтан кейін ең үлкен күнә — адам өлтіру!» — деген». “Шарх Сахих Муслим” 2/262.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Өзінің негізінде Адам баласының қаны, қақылы болған жағдайдан басқа, тыйым салынған (харам) және рұқсат етілмеген болып табылады. Және кәпірлердің қаны да, өз негізінде солай болғанындай, Исламның бастапқы кезеңінде тыйым салынған (харам) еді, Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өлтірген мысырлықтың қаны сияқты, біздің кезімізде Ислам шақыруы жетпеген кәпірлердің қаны да. Және Мусаға оның адам өлтіруі бұл дүниеде де, Ақыретте де күнә болды, ол бұл адамды қасақана өлтірмегендігіне қарамастан!» “әс-Саримуль-маслюль” 2/210.

Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Қанды сақтау /төкпеу/ керек және, шариғат оны рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ол  өз негізінде қол сұғылмауға тиісті!” “әл-Муфхим” 5/27.

[22] Ғалымдардың арасында бұл аятқа сүйену керектігінде, және ол тек Таурат иелеріне қатысты емес екендігі жөнінде келіспеушіліктер жоқ.  Сондай-ақ, осы аятқа негізделіп ғалымдар әйелді өлтірген еркекті өлім жазасымен жазалау қажет дейді.  “Тафсир Ибн Касир” 2/32, “Тафсир әш-Шәукани” 2/46.

[23] Құранның бұл айқын мәтіндері кез келген себеппен өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Мұнда бүгінгі күні өзін-өзі жаруды «жан пида ету» (‘амалия истишхадия)  деп рұқсат етушілердің пікірін жоққа шығару бар. Және Аллаһтан қорқушы мұсылман осындай қорқынышты мәтіндерден кейін қалайша кәпірлердің ортасында өзін-өзі жарып жіберіп өлтіруге батылы жетеді екен, тіпті осы амалдың рұқсат етілгендігіне жүз адам пәтуа берген болса да?!

Өзін-өзі жарып тастаудың заңдылығын ақтау үшін бұл пікірдің жақтаушылары кейбір хадистерді дәйек ретінде пайдаланады, мысалы, патшаға өзін қалайша өлтіруге болатынын мәлімдеген жасөспірімнің оқиғасы баяндалған хадис. Сондай-ақ дәлел ретінде олар тура сол оқиғадан, патша оларды тек Аллаһқа иман келтіргендері үшін өлтіруді бұйырғанда, жалынды орға өзі секірген әйелді де мысалға келтіреді. Тіпті мұндай нәрсе бұрынғы қауымдардың  шариғатында рұқсат етілген болса да, Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғаты кез келген жағдайда да өзін-өзі өлтіруге тыйым салды!

Оның үстіне, «Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін алдыңғы пайғамбарлардың шариғаттарындағы тыйым немесе бұйрық дәлел болып табылады ма?» деген мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар. «Бұрынғы шариғаттардың барлығының күші Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен  жойылды» — дейтіндер Аллаһ Тағаланың мына аяттарына сүйенді: «Сендердің (пайғамбарлардың) әрқайсысыңа Біз өзінше шариғат мен манһаж орнаттық» (әл-Мәида 5: 48).

Ал басқалары бұрынғы пайғамбарлардың шариғаттары күшке ие деп есептейтін, және дәлел ретінде олар Аллаһ Тағала он сегіз пайғамбарды атап өтіп, Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – Аллаһ өздерін тура жолмен жүргізгендер. Сен де олардың тура жолына ілес» (әл-Әнғам 6: 90), — деп бұйырған аятқа сүйенді.

Алайда бұл екі пікірді де біріктіруге болады. Ғалымдар: «Құран мен Сүннетте аталған  өткен пайғамбарлардың шариғаты, белгілі бір мәселе бойынша Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында нұсқау болмаған жағдайда, дәлел бола алады», — деген. Немесе алдыңғы пайғамбарлардың шариғаты біздің пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатымен расталса және оған қайшы келмесе.

Имам әш-Шәукани жоғарыда келтірілген аятқа жасаған шархында былай дейтін: “Онда Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қатысты жоққа шығаратын мәтіндер болмаған нәрселерде өзінен бұрын өткен пайғамбарларға ілесу бұйырылғандығына нұсқау бар”. “Фатхуль-Қадир” 2/107. Ол сондай-ақ былай деді: “Ғалымдардың көпшілігі бұрынғы пайғамбарлардың шариғаты бізге де шариғат болып табылады, егер белгілі үкімнің күші жойылмаса деп есептейді, және бұл — ақиқат!” “Фатхуль-Қадир” 2/46.

Имам әш-Шәукани айтып жатқан нәрсеге Юсуф пайғамбармен (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ата-анасы кездескен кезде оған сәлемдесу ретінде сәжде жасағандары айтылатын мына аят мысал бола алады: «Ол (Юсуф) өзінің ата-анасын таққа көтерді, және олар оның алдында сәждеге жығылды» (Юсуф 12: 100).

Сөйтіп, бұрынғы пайғамбарлардың шариғатында сәлемдесу адамның алдында иілу түрінде көрініс таба алатын, және бұл амалға тыйым салынбаған еді. Алайда Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатында мұндай әрекетке тыйым салынды, ол рәсімдік ғибадатқа жатады, әрі  Аллаһтан басқа кімге болса да немесе неге болса да жасалса, күпірлік болады. Имам әл-Қуртуби былай дейтін: “Аллаһ біздің шариғатымызда мұның күшін жойды!” “Тафсир әл-Қуртуби” 3/345.

Және осындай мысалдар көпшілік.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мына нәрселер айқын болады: бұрынғы өткен пайғамбарлардың шариғаттары біздің үмметіміз үшін дәлел болатынын тіпті назарға алғанның өзінде де, олардың ішінен тек Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғатына қайшы келмейтін хабарларды ғана дәйек етуге болады. Өйткені өзін-өзі өлтіруге қандай да бір ерекшелеу жасалмайтын қатаң тыйым бар. Бірақ бұл жөнінде хадисте баяндалғандай, өзін қалай өлтіруге болатындығын патшаға айтып берген жасөспірімнің іс-әрекетін тіпті назарға алар болсақ та, бұл іс-әрекетте, өзін-өзі жарып жіберудің зардаптарынан айырықша, адамдардың Исламға кіруімен көрініс тапқан ұлы пайда бар еді, және бұл жөнінде сол жасөспірім тек Аллаһтан келген уәхидің негізінде білуі мүмкін еді.  Шейх Ибн ‘Усаймин былай дейтін: “Дәлел ретінде жасөспірім туралы хадисті қолдануға қатысты айтар болсақ, онда дұшпанға зиян тигізу емес, адамдардың дінге кіруі орын алды”. “Бабуль-мафтух” 20.

Тура сол сияқты жағдай Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көптеген сахабалары дұшпанның қалың қолының ортасына, ол жақтан аман шықпайтынын біле тұра, кіріп кететіндігі және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл әрекетті айыптамағандығы туралы дәлелге де қатысты. Ал шындығында, дұшпанның қалың қолының ортасына кіріп кеткен сахабалардың ешқайсысы, олардың қатарынан аман шықпайтынын ұйғарса да,  өз қолымен өзін-өзі қасақана өлтірмеген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соғысу кезінде мұсылманға өз өмірін қауіпке салуға рұқсат ететін, егер осыда Исламға деген пайда болса, және осыған көптеген хадистер нұсқайды. Алайда ол тіпті шайқасу кезінде де өзін-өзі өлтіруге тыйым салатын. Және өзінің өмірін қауіпке салуды рұқсат ету өзін-өзі қасақана өлтіруге болады дегенге нұсқамайды!

Тағы бір едәуір маңызды жағдай – бұл сахабалардың өздерін өлім қауіп-қатеріне шайқас үстінде жауға тап беру арқылы салғандары, бірақ қарттардың, әйелдердің және балалардың қалың тобының арасына бұзып-жарып кіргендері емес.

Біздің кезіміздің ахлю-Сунна ғалымдары, олардың арасында шейх әл-Әлбани, Ибн Баз, Ибн ‘Усаймин, Салих әл-Фаузан және басқа да көпшілік, жан пида ету деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге (‘амалия истишхадия) тыйым салған.  Шейх Ибн ‘Усаймин кәпірлер арасында өзін-өзі жарып жіберген адам туралы былай дейтін: “Ақиқатында, менің пікірім – ол өзін-өзі өлтіруші деп саналады және бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, өзін-өзі өлтірген адам өзі онда мәңгі қалатын Отпен жазаланады», — деп айтқандай, Тозақта жазаланады. әл-Бухари 5778, Муслим 1109.

Алайда адам бейхабар болып, оның осы әрекеті игі және Аллаһқа ұнамды  болды деп ойлаған болса, біз оны осы дұрыс емес ижтихатқа негізделіп жасаған амалы үшін Аллаһ кешіретініне үміт етеміз. Бірақ солай бола тұра, мен біздің кезімізде оған ешқандай ақталу таппаймын, өйткені өзін-өзі өлтірудің бұл түрі адамдар арасында кең танылған және таралып кеткен. Сондықтан, адам, өзіне тура жол адасушылықтан ажыратылуы үшін, бұл жөнінде ғалымдардан сұрауы міндетті еді. Және Аллаһ Тағала: «…өз-өздеріңді өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Ниса сүресі, 29-аят), — деп, осыған тыйым салғандығына қарамастан, бұл адамдардың өз-өздерін өлтіретіндіктері таң қалдырады. Және олардың көпшілігі дұшпаннан кез келген жолмен: ол тыйым салынғанына, не рұқсат етілгеніне қарамастан — кек алудан басқа ешнәрсені қаламайды. Сондықтан олар тек өздерінің кек алуға деген қалауын ғана қанағаттандырғысы келеді”. “Кәйфә ну’алижжу уақи’аналь-алим” 119.

            [24] Аллаһ Тағала былай деді: «Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді: азатқа — азат, құлға — құл, әйелге — әйел» (әл-Бақара 2: 178).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде, өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып, үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Хафиз Ибн Касир: “Егер қандай да бір адам хадисте айтылғандардан бір нәрсе жасаса, оны өлтіруге әмір мен оның орынбасарынан өзге ешкімнің құқығы жоқ!”  — деді. “Тафсир Ибн Касир” 2/373.

Хафиз Ибн Ражжаб былай деп жазған: “Ислам осы үш жағдайда «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мухаммад – Аллаһтың елшісі!» — деп куәлік беретін мұсылманның өмірін халал ететінінде мұсылмандар арасында келіспеушіліктер жоқ”. “Жами‘уль-‘улюми уәл-хикам” 197.

Ғалымдар мұсылмандардың қанын (төгуге) рұқсат ететін басқа әрекеттерге қатысты бірауызды келісімде болмағанына қарамастан, бәрібір, мұсылманның өмірін (алуды) рұқсат ететін басқа амалдарға да нұсқайтын сахих хадистер бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Лут қауымының күнәсін жасап жатқандарды көрсеңдер, жасап жатқанын да, жасатып жатқанын да өлтіріңдер!» Әбу Дауд 4462, әт-Тирмизи 1/275. Хадис сахих. “Ируа әл-ғалиль” 2350.

Бұл жағдайда мұндай жиіркенішті күнәні жасаушының үйленген-үйленбегеніне қаралмайды. Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Жануармен жыныстық қатынас жасағанды өлтіріңдер, сондай-ақ, жануардың өзін де өлтіріңдер!» Ахмад 1/269, Әбу Дауд 4464, әд-Дарақутни 1/341. Хадис сахих. “Ируа әл-ғалиль” 2348.

Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер адам шарап ішсе, оны сабаңдар. Егер ол тағы да ішсе, оны тағы да жазалаңдар. Егер тағы да ішсе, тағы да жазаға тартыңдар. Бірақ егер ол төртінші рет ішсе, онда оның басын шауып тастаңдар!!» Әбу Дауд 2/473, Ибн Мажжаһ, Ибн Хиббан 1519. Хадис сахих. “әс-Сильсиля әс-сахиха” 1360.

Шарап ішкені үшін сабау жазасы мұны жария істейтін және ислам мемлекетінде мас күйінде ұсталған адамға қатысты қолданылады.

Ғалымдардың көпшілігі төртінші рет мас күйінде ұсталған адамды өлтіру керек деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Алайда бұл хадистің күшінің жойылғандығына ғалымдардың сөздерінен басқа  ешқандай дәлел жоқ. Ал Өзінің дінін Өзі сақтауға міндеттеген Аллаһ күші жойылған мәтіннің бізге жетіп, күшін жоюшы мәтіннің жетпей қалатынындай істеуі мүмкін бе?! Шейх әл-Әлбани былай деді: “Бұл хадистің күші жойылған деп айтылған, алайда бұған дәлел жоқ, және бұл әмір өз күшіне ие, бұл жөнінде шейх Ахмад Шакир имам Ахмадтың «әл-Муснадына» (9/49) жасаған шархында түсіндіргеніндей. Алайда біз мұны ғибратқа қатысты дейміз. Яғни егер әмір төртінші рет шарап ішкен адамды өлім жазасымен жазалау керек деп шешсе, ол өлтіріледі, ал солай деп шешпесе, онда – жоқ. Бірақ бұл сабауға қатысты емес, өйткені әрбір шарап ішкені үшін сабау қажет! Және бұл пікірді шейх Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рақым етсін, таңдаған”. “әс-Сильсиля әс-сахиха” 3/348.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сендер екі халифаға ант берсеңдер, олардың біреуін өлтіріңдер!» — деді. Муслим 1853.

Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Егер сендер бір әмірдің қол астында біртұтас болсаңдар және сендердің біртұтастықтарыңды бөліп тастағысы келген біреу келсе, ол кім болса да, оны өлтіріңдер!» Муслим 1853.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хауариждерге қатысты былай деген: «Сендер оларды қай жерде кездестірсеңдер де — өлтіріңдер, оларды өлтірген Ақырет күнінде сый алады». әл-Бухари 3611, Муслим 1066.

Хауариждерді өлтіру туралы бұйрық келген хадистерге сүйеніп, ғалымдар бүлікшілермен және қарақшылармен соғысуға рұқсат берген. Бұған сондай-ақ Құранның мына аяты да растау болады: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасауға ұмтылып жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не аяқ-қолдарын керіп шегеленулері, яқи қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар» (әл-Мәида 5: 33).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлтіруге бұйырған, бірақ Али оны таба алмаған адам туралы  хадис те. Онда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Егер ол бүгін өлтірілгенде еді, менің үмметімнен тіпті екі адам ешқашан келіспеушілікте болмас еді!» Әбу Я’лә 6/340, әд-Дарақутни 2/54, Ибн Әбу ‘Асым 938. Хафиз әл-‘Ирақи және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.

Осы хадиске сүйеніп, имам Малик және басқа да ғалымдар өзінің бидғаттарына шақыратын бидғаттың жақтаушыларын, мұсылмандарды олардың бүлігінен құтқару үшін, өлтіруге рұқсат етілген деп санайтын еді. Бидғаттың жақтаушысына дәлел ұсынылғаннан соң, егер ол өзінің бидғатшыл көзқарастарынан бас тартпаса, мұсылмандардың әмірі оны өлім жазасына кесуіне болады. Бұл пікірді алғашқы дін өкілдерінің көптеген имамдары ұстанған. Мысалы,  Халид ибн Абдуллаһ әл-Қасри деген әмір Құрбан айт күні жахмилердің басшысы әл-Жа‘д ибн Дирхамды өлім жазасымен жазалап, мұсылмандардың алдына шығып былай деді: «Уа, мұсылмандар! Өздеріңнің құрбандарыңды шала беріңдер, ал мен өзімдікін шалдым, өйткені мен «Аллаһ Ибраһимді өзінің сүйіктісі етпеді, және Аллаһ Мусамен сөйлеспеді!» — деп айтатын Жа‘д ибн Дирхамды бауыздадым!” әл-Бухари “Халқуль-аф‘әл” 29, әз-Захаби “әс-Сияр” 5/432.

Сондай-ақ хадисте: «Сиқыршы қылыштың соққысымен жазаланады», — деп келген. Алайда ғалымдар бұл хадистің әлсіз (да‘иф) екендігіне бірауызды келіскен.  “Тухфатуль-мухтаж” 2/447, “Фатхуль-Бари” 10/236.

Имам әт-Тирмизи және имам әз-Захаби былай деген: “Бұл сөздер пайғамбарға емес (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Жундуб деген сахабаға тиісті екендігі сахих түрде мәлім”. «әл-Жжами‘» 2/132, «әл-Кәбаир» 78.

Бажжаля ибн Абада былай деп баяндайтын: “Умар ибн әл-Хаттаб әрбір сиқыршы әйел мен еркекті өлтіру туралы жарлық шығарды, және біз олардың үшеуін өлім жазасына тарттық”. Ахмад 1/190, Әбу ‘Убайд 1/35. Иснады  сахих.

Сондай-ақ Хафсадан ол өзін сиқырлаған күңін өлім жазасына тартылуын бұйырғаны және оның өлтірілгені жеткізіледі. Абдуллаһ ибн Ахмад “әл-Масаиль” 1543. Иснады  сахих.

Сиқыршылықпен айналысқаны сенімді түрде анық болған сиқыршыны ислам мемлекетінде өлім жазасына тарту керек деген пікір күшті болып табылады. Умардың сиқыршыларды өлтіру туралы бұйрық шығарғаны және сахабалар оған наразылық танытпағаны олардың мұны құптағандықтарын көрсетеді.

Малики мазхабының кейбір ғалымдары және ханбали мазхабының имамы Ибн ‘Ақиль мұсылмандардың құпияларын кәпірлерге жеткізетін тыңшы-мұсылманды өлім жазасына кесуге болады деп есептеген. Дәлел ретінде олар мұсылмандар Меккені бағындырудан алдын қурайыштарға хат жазып, хатында оларды пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоспарлары туралы хабардар еткен Хатыб ибн Әбу Бальта‘а туралы хадисті келтіреді. Және Умар: «Уа, Аллаһтың Елшісі, оның басын шауып тастауыма рұқсат бер!» — деп сұрағанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл сөздеріне наразылығын білдірмеді, алайда: «Ақиқатында, ол – Бадр шайқасының қатысушысы», — деп ескертіп айтты. әл-Бухари 4890, Муслим 2494.

Хафиз Ибн Ражжаб былай деп жазған: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Хатыб оның өмірін рұқсат ететін нәрсе жасамады», — деп айтқан жоқ, алайда ол оны өлтіруге тосқауыл болатын себепке нұсқады, ал бұл оның Бадр шайқасына қатысқандығы еді. Ал Аллаһ Тағала Бадр шайқасына қатысқандардың күнәларын кешіріп қойды. Бірақ бұл себеп олардан кейін ешкімге қатысты жүрмейді”. “Жами‘уль-‘улюми уәл-хикам” 201.

Алайда осы жерде ескертіп кету қажет болған бір жағдай бар: бұл — егер кәпірлерге көмектескен мұсылман осындай әрекеті үшін өлім жазасына тартылса, ол оның кәпір болатындығына нұсқау болмайтындығы. Ақиқаттың жеңілуін қалап және күпірлікті құптап, мұсылмандарға қарсы кәпірлерге көмектескен (адам) ғана кәпір болады. Бірақ мұндай нәрсе дүние пайдасы үшін істелген болса, ол – күпірлік болмайды, бірақ үлкен күнә болып табылады!

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Мұсылмандардың құпияларын олардың дұшпандарына дүние пайдасы үшін хабарлайтын адам, егер оның ақидасы дұрыс болып қала берсе, кәпір болмайды. Діннен шығуды қаламаған Хатыбтың әрекеті дәл солай болды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 12/52.

Хафиз Ибн Касир сондай-ақ былай деді: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хатыб мұны құрайыштықтарда болған өзінің мал-мүлкі мен балалары себепті істегенін білгенде, оның ақталуын қабыл етті”. “Тафсир Ибн Касир” 4/410.

Сондай-ақ төрт имамның барлығы дүние мақсатын көздеп, мұсылмандарың құпияларын айтып беретін тыңшы, осынысы үшін кәпір болмайтынына бірауызды келіскен және олардың осы пікірімен  шейхуль-Ислам Ибн Таймия және оның шәкірті Ибн әл-Қайим де толық келіскен. “әс-Сарим әл-маслюль” 2/372, “Задуль-ма’ад” 3/432.

Сондай-ақ ғалымдар Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе пайғамбарлардың қайсыбірін болса да  әдейі және саналы түрде балағаттаған (адам) да өлім жазасына лайықты деп бірауыздан келіскен.  Ибн Умар былай деп баяндайтын: “Бірде Умар Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балағаттаған адам туралы естігенде, оған келіп оны өлтірді де, кейін: «Аллаһтың Елшісін немесе пайғамбарлардың қайсыбірін балағаттайтындарды өлтіріңдер!» — деді”. әл-Асбахани “Амәл”, Иснады  сахих.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Пайғамбарлардың қайсыбірін болса да балағаттайтын (адам), мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша (ижмәъ), өлім жазасына лайықты!” “әл-Жауабу-ссахих” 2/371.

Міне осылар – мұсылманның қанын (төгуге) рұқсат ететін іс-әрекеттерге нұсқайтын Құран мен Сүннеттің мәтіндері, сондай-ақ сахабалардан жеткен деректер (асарлар). Бірақ әрбір жеке жағдай мұқият қаралу кажет.  Хафиз Ибн Ражжаб айтқандай, бұл жағдайлардың барлығы жоғарыда атап өтілген хадистің құрамына кіреді: «Үш жағдайдан басқа кезде мұсылманның қанын төгуге рұқсат етілмейді: зинақорлық жасаған үйленген адамды өлім жазасымен жазалау кезінде; өмір үшін өмірді алған кезде; және біреу діннен шығып үмметті тастап шыққан кезде». әл-Бухари 6878, Муслим 1676.

Сондай-ақ бұл тақырыпқа қатысты бірнеше хадистер кездеседі: «Өз әкесін ұрғанды өлтіріңдер», сондай-ақ: «Бесінші рет ұрлық жасаған ұрыны өліммен жазалау керек».

Алайда бұл хадистер сенімді емес және дәлел ретінде қабылданбайды.

Жазаны іске асыруға кез келген адамның құқығы жоқ және бұған тек ислам еліндегі мұсылмандардың әмірі ғана құқықты екендігін және ол (жазалау) тек оның рұқсатымен ғана орындалатынын ерекше атап өту қажет. Және жазалауды (хадд) тек мұсылмандардың әмірі ғана қолдана алатындығы жөнінде ғалымдар арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ.

Имам ән-Науауи былай деді: “Ғалымдар: «Қылмыстар үшін жазалауды мұсылмандардың әмірінен басқа ешкім атқармайды», — деген”. “Шарх сахих Муслим” 3/438.

Имам Ибн Муфлих былай деді: “Жазаны (хадд) тағайындауға әмірден (имамнан) немесе оның орынбасарынан (наибынан) өзге кез келгенге тыйым салынады”. «әл-Фуру’» 6/53.

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Жасалған қылмысқа тең мөлшердегі есені (қысас) және жазаны тағайындауды тек әмір орындайтынына келіспеушілік жоқ ”. «Тафсир әл-Қуртуби» 2/245-246.

Оның үстіне, шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Мұсылмандардың әмірі белгілі бір жерді басқаруға қойған адам (мухтасиб) өздігінше өлім жазасын немесе қол шабу жазасын қолдана алмайды ”.  “Мажму’уль-фатауа” 28/109.

Тіпті мұсылмандардың әмірі құзыретті етіп тағайындаған адамның өзі жазалау туралы үкім шығару құқығына ие болмаса, онда қарапайым адамдардың өлім жазасын шығаруы туралы не атуға болады?!

[25] Бұл аят мұсылманды өлтіруге қатысты түсірілген ең қорқытушы аят болып табылады. Ғалымдардың «…оның жазасы — ішінде мүлде қалатын Тозақ болады» — деген аятты түсінудегі пікірлері әртүрлі болды. Егер мұсылманды өлтіру – көпқұдайшылық болып табылмаса, онда қалайша адам Тозақта мәңгі жанады?! Біреулері: бұл аятта сөз қорқыту туралы болып тұр, яғни мұндай адам Тозақта ұзақ уақыт болады дейді. Басқалары: бұл аятта сөз мұсылманды өлтіру – рұқсат етілген деп, осыны істейтін адам туралы болып тұр дейді, өйткені мұндай жағдайда ол харамды халал еткені үшін кәпір болады деп есептейді. Ал үшіншілері: «Мұсылманды өлтіру әрекетінің өзі – адамды Тозақта мәңгі қалуға лайықты етеді, алайда мұны істеген адам мұсылман болған болса, онда бірқұдайшылдығы оның Тозақта мәңгі қалуына кедергі болатын себеп болады, өйткені бірде бір бірқұдайшыл күнәхар Тозақта мәңгі қалмайды!» — дейді. “Фатхуль-Бари” 12/196, “Тафсир Ибн КасирКасир” 2/374-375, “Тафсир әл-Бәхруль-мухит” 3/483.

Бұл пікірлердің барлығы әхлю-Суннаның сенімдеріне қайшы келмейді және дұрыс болып табылады.

[26] Имам әл-Мунауи былай деді: “Құлдар арасындағы алғашқы есеп айырысу адам өлтірулерден басталады, себебі ол – көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә және есеп айырысудың осыдан басталуының өзі бұл күнәнің үлкендігіне /ауырлығына/ нұсқайды!” “Файдуль-Қадир” 3/347.

[27] Ибн Умарға Аллаһ разы болсын. Ақиқатында, бұл адам іс жүзінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әмірлеріне ілесетін. Бірде Маруан ибн әл-Хакам Ибн Умарға кіріп: “Кел, мен саған ант берейін, өйткені, сен – арабтардың мырзасысың және арабтардың мырзасының баласысын ғой!” – деді. Ибн Умар оған: “Ал мен Ирак тұрғындарымен не істемекпін? Аллаһпен ант етемін, егер менің себебімнен тіпті бір адам өлтірілсе, мен тіпті жетпіс жыл бойы әмірлік еткім келмейді!” Ибн Са‘д “әт-Табақат” 4/169, Ибн Әбу әд-Дунья “әл-Ишраф” 7. Иснады хасан.

Көптеген тура жолға түскен адам тыйым салынған қанды төккендігі себебінен ғана адасушылыққа түсіп кетті. Және бұған мысал ретінде хауариждерді келтіруге болады. Адам өлтіру — олардың әдеттегі ісі еді және қазір де солай. Өйткені, заңсыз адам өлтіру — үлкен күнә болып табылады, және бұл жөнінде ешқандай келіспеушіліктер де болмаған.  Ал үлкен күнә иманды әлсіретеді. Мұның үстіне, хадистерде осы іс — адасушылыққа апаратын және Аллаһтың көмегінсіз қалдыратын себеп болып табылатындығына нұсқалған! Ал Аллаһ адамды тура жолға салмаса, ол қалайша тура жолға ілеспек?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді ол тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды!» Әбу Дауд 1/331, әт-Тирмизи 2/178, ән-Нәсаи 1/208, әт-Таялиси 338. Хадистің сахихтығын Әбу Иса әт-Тирмизи, имам ән-Науауи, шейхуль-Ислам Ибн Таймия және шейх әл-Әлбани растаған.

[28] «Бізден емес» деген сөздер «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілеспейді» дегенді білдіреді. Ғалымдар хадистерде жиі кездесетін «бізден емес» деген сөздер «мұндай әрекетті істеген адам кәпір болады және мұсылмандардың үмметінен шығады» дегенді білдірмейді дегенге бір ауызды келіскен. Бұл сөздер өзіне қорқытуды қамтыған және оны істеген адам «бізден емес» деп айтылған күнәның дәрежесінің ауырлығына нұсқайды.  “Фатхуль-Бари” 3/158, “Фәйдуль-Қадир” 2/431.

[29] Сөз Меккедегі Қорықты (Харам) Мешітінің территориясында күнә жасау туралы болып тұр.  Хафиз Ибн Хажжар былай дейтін: “Бұл хадис Қорықты территорияда кіші күнә жасау  басқа жерде үлкен күнә жасаудан жаман екендігіне сырттай нұсқап тұр”. “Фатхуль-Бари” 12/219.

[30] Өлтірілген бір адам үшін оны өлтіруге қатысқан барлық адам өлтірілетіндігі туралы сахабалар арасында бірауызды келісім (әл-ижмаъ) болған. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: “Са‘ид ибн әл-Мусайиб, Санадан жеті адам бір жас жігітті өлтіргенде, Умардың: «Егер оны өлтіруге тіпті бүкіл Сана (Йемен) тұрғындары қатысса еді, міндетті түрде олардың барлығын өліммен жазалар едім» — деп айтқанын баяндайтын.” Сондай-ақ Алиден, ол бір адамды өлтірген үш адамды өліммен жазалағаны жеткізіледі.  Сондай-ақ Ибн Аббас та бір адамды өлтірген бір топ адамдарға қатысты осылай үкім шығарған. Және бұл жөнінде  олардың заманында келіспеушілік болғаны белгісіз, ал бұл олардың осы мәселедегі бірауызды пікіріне нұсқайды”. “әл-Муғни” 11/491.

[31] Тек игіліктен мақұрым қалған пасық қана мұндай сөздерге назар аудармай, ойланбауы мүмкін!

[32] Мұсылманды өлтіру түгілі, тіпті ол туралы жаман ойлаудың өзіне тыйым салынған! Ибн Умар, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап жасап жүріп: «Сен қандай әдемісің және сенің жұпар иісің қандай әдемі! О, сен қандай айбындысың және сенің қасиеттілігің қандай айбынды! Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, мүміннің қасиеттілігі Аллаһтың Алдында сенің қасиеттілігіңнен ұлы! Оның мал-мүлкі мен қаны — қол сұғылмайтын (нәрсе) және қасиетті, және біз ол туралы тек жақсы ойлауымыз керек». Ибн Мажжаһ 2619. Хадистің сахихтығын әл-Бусайри, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған. “әс-Сильсиля әс-сахиха” 3420.

Осының барлығы мұсылманның Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқайды.

Алайда көпшілік «олар жеке пайымдарымен (қалауларымен) емес, біреудің бұйрығы бойынша адам өлтірсе, онда барлық жауапкершілік атқарушыға емес, тек бұйырушыға түседі» деп ойлайды. Бұл олай емес және мұндай түсінікті Әбу әд-Дарда жеткізген мына хадис жоққа шығарады:   Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Уа, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», — деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?» — деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», — дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Әбу Шайба 5/434, әт-Табарани 10407. Хадис хасан. “Мажма’у-ззауаид” 7/300.

Сондай-ақ адам тіпті жануарды қақысыз өлтіргені үшін де сұралатынын атап өту қажет!  Ибн Умардан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер адамдардан кімде-кім тіпті торғайды, немесе одан биіктеу болған  біреуді қақысыз өлтірсе, ол Қиямет Күні міндетті түрде ол үшін Аллаһ тарапынан сұралады». Оған: “Уа, Аллаһтың елшісі, оның қақысы неде?” – деген сұрақ қойылды, және ол оған: «Оны бауыздап жеу, ал басын жұлып алып, тастау емес!» — деп жауап берді. ән-Насаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сахихтығын имам ән-Насаи, Ибн Хиббан, әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, Ибн Касир и шейх әл-Әлбани растаған. Сондай-ақ “Сахих ат-тарғибті” 1/631 қараңыз.

Имам Әбу Бакр Ибн әл-‘Араби былай дейтін: “Жануарды қақысыз өлтіруге тыйым туралы сахих түрде мәлім және мұны жасағанға қатысты қорқытулар да бар. Ал, ендеше, Адамның ұлын (адамды) немесе мұсылманды немесе Аллаһтан қорқатын және ізгі мұсылманды өлтіру туралы не айтуға болады?!” “Фатхуль-Бари” 12/196.

[33] Мұсылмандардың арасында: ”«Жауласушы кәпір» және «бейбіт кәпір» деген ұғымдар жоқ!” — деп айтатындар бар және осының себебімен олар кез келген кәпірді өлтіруді және оның мал-мүлкін иемденуді рұқсат етілген деп санайды.

Ал іс жүзінде мұндай пікір – адасушылық, өйткені Аллаһ Тағаланың өзі оларды осындай етіп бөліп қойды.

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді! Шын мәнінде, Аллаһ мұны тек сендермен дін турасында соғысқандарға, жұрттарыңнан қуып шығарғандарға және сендерді қууға болысқандарға қатысты тыйым салады. Ал кім оларды өздеріне дос және көмекші етіп алса,  солар – залымдар» (әл-Мумтахана 60: 8-9).

Бұл аяттың күші, кейбір имамдардың айтатынындай, соғысуды әмір ететін аяттармен  жойылмаған. Өйткені бұл аят «дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға» анық ерекшелік жасады дейді.  Сондықтан Құранның тәпсіршілерінің имамы болып саналатын Ибн Жарир әт-Табари барлық жақтың дәлелдерін қорытындылай келе: «Мұсылмандармен дінге байланысты соғыспағандардың санатына жататын әрбір адамға жақсылық істеуге болады», — деген.  “Тафсир әт-Табари” 10/261.

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Көпқұдайшылдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендерге қатысты екі санатқа бөлінетін: олармен өздері соғысатын және оларға (мұсылмандарға) қарсы соғысатын кәпірлер (аһлюль-харб); олармен өздері де соғыспайтын және оларға (мұсылмандарға) да қарсы соғыспайтын кәпірлер (аһлюль-ахд)». әл-Бухари 3/145. Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: “Кәпір не мұсылмандарға қарсы соғысушылардың қатарынан болады (харбий), не олармен келісім-шарт жасалғандардан болады (муахад). Келісім-шарт жасалған кәпірлер үш санатқа жіктеледі: мұсылман жерінде өмір сүріп, жизия төлейтін (кәпір, яғни зиммий); бейбіт келісім-шарт түзілген (кәпір, яғни муахад); және мұсылмандардың жеріне кіру үшін мұсылмандар қауіпсіздік кепілдемесін берген (кәпір, яғни мустамин)”. Қз.: “Ахкаму аһли-зимма” 2/178.

Қиянат пен зұлымдыққа келер болсақ, олар мұсылмандарға қатысты да, кәпірлерге қатысты да тыйым салынған! Аллаһ былай деді: «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын»  (әл-Мәида 5: 8).

Имам әл-Қуртуби былай деді: “Бұл аят кәпірдің күпірлігі оған қатысты әділдік танытуға кедергі болмайтынына нұсқайды”. Ол сондай-ақ былай деп айтты: “Кәпірлердің мәйіттерін қорлауға тыйым салынады, тіпті олар біздің әйелдеріміз бен балаларымызды өлтірсе де. Және біз олармен де осылай істеуімізге болмайды”. “Тафсир әл-Қуртуби” 5/85.

Тура соны Аллаһтың Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтып бұйырды: «Әрі саған қатысты қиянат жасағанға қиянат жасама». әт-Тирмизи 1264, Әбу Дауд 3534. Хадистің сахихтығын имам әт-Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн әс-Сакан және әл-Әлбани растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 423.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия “Мажму’уль-фатауа” жинағында былай дейтін: “Барлық нәрсеге қатысты және әркімге әділдік таныту әрбір адам үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ әрбір адам үшін әділетсіздік, оның барлық түрлерінде және әркімге қатысты: ол мұсылман, кәпір, жәбірлеуші болсын–болмасын — харам болып табылады. Аллаһ Тағала былай дейді:  «Әй мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде бекем тұрыңдар. Және адамдарға деген өшпенділік сендерді әділетсіздікке тартпасын»  (әл-Мәида 5: 8), және адамдарға деген өшпенділік дегенде кәпірлерге деген өшпенділік аталып тұр”.

Ол сондай-ақ былай деген: “Әділдік – бұл Кітаптармен және пайғамбарлармен жіберілген нәрсе. Оның қарама-қайшысы – зұлымдық. Ал оған тыйым салынған, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің Раббысынан жеткізген хадисте: «Ей, Менің құлдарым! Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және сендердің араларыңда да оны харам еттім!» — деп айтылғандай”. Муслим 2577.

Сондай-ақ  Ибн Таймия былай дейтін: “ «Ақиқатында, Аллаһ әділетті мемлекетке көмек көрсетеді, тіпті ол кәпір болса да және әділетсіз мемлекетті көмексіз қалдырады, тіпті ол иман келтірген болса да», — деп айтылған”. “Мажму’уль-фатауа” 28/63.

[34] Уа, мусылмандар! Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде  кәпірді өлтіргенге Тозақты уәде етікендігі, ал өзгесінде хауариждерді өлтіруді бұйырып, олар мұсылман екендеріне қарамастан, осы үшін Жәннатты уәде ететіні таң қаларлық емес пе?! Ал енді осы нәрсе кейбіреулерде түсінбеушілік туғызса, бұл олардың надандығын және пайым шығаруда шариғатқа емес, өздерінің сезімдеріне сүйенетіндігін артық дәлелдейді.

[35] Хафиз Ибн Абдуль-Барр былай дейтін: “Егер тіпті қауіпсіздік кепілдігі берілген жауласушы кәпірдің қаны харам болса, онда  Аллаһтың қорғауында таңды аттыратын және күнді батыратын мүмін туралы сен не ойлайсың?! Оған қатысты қиянатқа немесе оның өлтірілуіне сен қалай қарайсың?!” “әл-Истизкар” 14/84.

You may also like...