«Жихад» терминінің шариғи анықтамасы және жихадтың түрлері мен оның дәрежелері

шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз:

Бірінші тарау:  «Жихад» ұғымының шариғи анықтамасы

«Жихад» терминінің шариғи мағынасы туралы келтірілген сөздердің ең жақсыларына шейхуль-ислам Ибн Таймияның, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері жатады: «Жихад деп Хақ (Аллаһ) сүйетін нәрселерге қол жеткізу үшін және Ол құптамайтын нәрселерге тойтарыс жасау үшін күш-мүмкіндіктерді салуды айтады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/192-193.

Сондай-ақ, оның мына сөздері де: “Өйткені жихадтың мәні иманнан және игі амалдардан болған Аллаһ Тағала жақсы көретін нәрселерге қол жеткізуге ұмтылуға, сондай-ақ күпірліктен, бұзықтықтан және мойынсұнбаушылықтан болған Аллаһ Тағала жек көретін нәрселерді тойтаруға күш-жігер жұмсау болып табылады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/191.

Шейхуль-исламның айтқандарынан жихад шариғат тұрғысынан Аллаһ Тағала сүйетін және құптайтын амалдарды, сөздерді және сенімдерді  іске асырудың, сондай-ақ Пәк Аллаһ сөгетін  және жек көретін амалдарды, сөздерді және сенімдерді тойтарудың жолдары мен тәсілдерінің жалпы түсінігі болып табылатындығы айқын болады.

 Екінші тарау: Жихадтың түрлері  және оның дәрежелері

«Жихад» сөзін абсолюттік мағынада қолдануда көпшілік арасында «Аллаһтың жолындағы жихад – кәпірлерге қарсы соғысу үшін барлық күш-мүмкіндіктерді жұмсау» деген тұрақты пікір қалыптасып қалған, ал шын мәнінде, аталған нәрсе тек жихадтың бір ғана түрі және оның дәрежелерінің бірі ғана болып табылады.  Ал шариғаттағы жихад түсінігі бұдан анағұрлым кең және көлемді. Және ғалымдар пәк шариғат мәтіндерінің негізінде  толық түсіндірген оның өзгешеленетін түрлері мен түрлі дәрежелері бар.

Жихадтың түрлері мен деңгейлерінің мен кездестірген түсіндірмелерінің ішіндегі ең жақсысын атақты ғалым және зерттеуші Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия өзінің «Зад әл-Мә’ад» атты кітабында ұсынады. Онда ол: «Жихад төрт деңгейге бөлінеді: өз-өзіңе қарсы жихад; шайтанға қарсы жихад; кәпірлер мен екіжүзділерге қарсы жихад; жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушыларға қарсы жихад», — дейді.   “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Төмендегілер жихад тақырыбына және оған байланысты нәрселерге қатысты жихадтың түрлерінің түсіндірмесі болып табылады. Әрбір түрдің, өз кезегінде, шейх Ибн әл-Қаййим түсіндіріп өткен дәрежелері бар:

 Өз нәпсіне қарсы жихад («жихад ән-нәфс»)

Жихадтың бұл түріне қатысты Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Өз-өзіңе қарсы жихадтың да төрт деңгейі бар:

Біріншісі оларсыз адам екі дүниеде де не жетістікке, не бақытқа ие бола алмайтын дұрыс жолды және ақиқат дінін біліп-үйрену үшін өз-өзіңмен күресуге тура келгенде (жалқаулықпен, шаршаумен т.б.) орын алады. Адам білімсіз қалғанда екі дүниеде де бақытсыз болады.

Екінші деңгей – алған білімнің негізінде амал ету үшін өзіңмен күресу, өйткені жай білімнің өзі, амалсыз, егер зиянды болмаса да, ең жоқ дегенде пайдасыз болады.

Жихадтың үшінші деңгейі өз алдына дінге шақыруды және оны білмегендерге үйрету ісіндегі күресті қамтиды.  Кері болған жағдайда ол (адам) Аллаһтың түсірген басшылығын және айқын аяттарын жасырушы болып қалады және оның білімі оған көмектеспейді және Аллаһтың жазасынан құтқармайды.

Төртінші деңгей – Аллаһқа шақыру барысында туындайтын ауыртпалықтарға, Аллаһтың жаратқандарынан келіп тиетін ренжітулерге сабырлық таныту мен осының барлығына Аллаһтың разылығы үшін төзуде өз-өзіңмен күресу”. “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіңе қарсы жихадтың Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткендей қысқаша сипаттамасы осындай. Сондықтан мұсылман адам Аллаһ жолындағы жихадты Құдіретті және Ұлы Аллаһқа мойынсұну үшін өз-өзіне қарсы жихадтан былайша бастау керек:

Біріншісі. Білім алуда, Аллаһтың дінін, Аллаһтың Сөзін және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін ізгі салиқалы буын өкілдерінің (саләфтардың), Аллаһ оларды рахым етсін, түсінігіне сәйкес түсінуде еңбек ету.

Екіншісі. Амалдың үстінде білімге сәйкес еңбек ету, өйткені білімнің мақсаты амал болып табылады. Білім өз соңынан амалды шақырады, ал ол оған жауап берсе – игі. Керісінше болған жағдайда ол ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, айтқандай, кетіп қалады. Әл-Хатыб әл-Бағдади “Иктида әл-’ильм әл-’амәл” (40).

Сондықтан білімнің мақсаты әрекет (амал) болып табылады. Ал егер мұсылман білім алу үшін өз-өзімен күрессе, онда ол осы білімдерінің негізінде амал етуде де өзімен еңбек етсін. Кейде мұсылман Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, хадисін естиді, оны (хадистегі) амал таң қалдырады және ол (хадистегі) ғибадатқа таңданады, ал кейін ол сол амалды орындауға ерінеді, әрі мұндай нәрсе жиі болып тұрады. Сондықтан бұл жағдай Ұлы және Пәк Аллаһқа ғибадатты дұрыс орындау үшін нәпсімен күресуді және оны бақылап отыруды талап етеді.

Содан соң, мұсылман білім алу үшін және әрекет жасау үшін өз-өзімен күрескен кезінде, ол өзін Аллаһ Тағала онымен игілендірген осы білімге шақыру үшін еңбек етеді. Және ол өзіне жеткен игілікті өзінің өзге бауырларына жеткізеді, өзіне Аллаһ үйреткен нәрседен оларға да үйретеді және оларға Аллаһтың дінін оқытады. Кейін ол басына түскен сәтсіздіктерге сабыр етеді. Ал білім алудағы сабырлық, амал етудегі сабырлық, дінге шақырудағы сабырлық және өзіне келген  сәтсіздіктерге сабырлық– бұл нәпсімен жихад, әрі осы – Аллаһ жолындағы ең ұлы жихадтардың бірі. Ең дұрысы — бұл оның ішіндегі ең ұлысы және ең негізгісі. Ал жихадтың қалған түрлері оның тармақтары болып табылады. Және құл ең алдымен Аллаһ Тағала үшін әмірлерді орындап, тыйымдарды қалдыру үшін күреспейінше, ол сырттағы өзінің және Аллаһ Тағаланың дұшпандарымен күресе алмайды. Ал өзінің ішкі дұшпаны оны мәжбүрлеп және жеңіп жатса, және ол онымен Аллаһ Тағала үшін күреспесе,  қалайша ол өз дұшпанымен күресе алады және одан әділеттілікті талап ете алады?!  Бәрінен дұрысырағы, ол өзінің нәпсісінің бас көтеруіне қарсы күреспейінше, өзінің дұшпанына қарсы шыға алмайды». “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Сондықтан егер мұсылмандар өз-өздерімен күресуде кемшіліктерге жол беріп жатса, олар өздерінің қарсыластарымен болған жихадта әлсіз бола бастайды, ал нәтижесінде олардың дұшпандары олардың үстінен жеңіске жетеді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: “Кәпірлердің мұсылмандар үстінен басымдығы мұсылмандардың күнәларының салдарынан ғана болды, олар міндетті түрде олардың иманының әлсіреуіне әкеп соқты. Кейін, егер олар тәубеге келсе және де өздерінің имандарын кемел дәрежеге дейін жеткізсе, Аллаһ оларға жәрдем етеді, бұл жөнінде Ол Өзі былай деп айтқанындай: «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» (Әли Имран, 139). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», — дедіңдер. «Ол өз пиғылдарыңнан», — де» (Әли Имран, 165).  “әл-Жәуаб әс-сахих лимән бәддалә дийн әл-масих” 6/450.

Сөйтіп, нәпсіге қарсы жихад Аллаһтың құлы оның күшімен дұрыс жетекшілікке және дұшпандарға қарсы көмекке қол жеткізетін  жихадтың негізгісі болып табылады. Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз» (Анкәбут, 69).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Пәк Аллаһ дұрыс жетекшілікті жихадпен байланыстырды. Және барынша кемел болған басшылық ең көп жихад жасайтын адамдарда. Ал ең міндетті болған жихад — өз-өзіңмен жихад, қалауларыңмен жихад, шайтанмен жихад және бұл дүниемен жихад болып табылады. Және жихадтың осы төрт түрін Аллаһ үшін орындайтын адамды Ол Өзінің разылығына жетелейтін, Оның Жәннатына апаратын жолдармен жүргізеді. Кім бұл жихадты тастаса, ол, жихадтан қаншалықты айырылып қалған болса, соншалықты басшылықтан да айырылып қалады.  Әл-Жунәйд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Бізге тәубесімен келіп, өз қалауларымен күресетіндерді, Біз ихлас жолымен жүргіземіз».  Осы ішкі дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кімге осы (ішкі дұшпандарға қарсы) көмек көрсетілсе, оған оның дұшпанына қарсы көмек көрсетіледі. Ал кімге қарсы (ішкі дұшпандарының пайдасына) көмек көрсетілсе, оған қарсы оның дұшпанына да көмек көрсетіледі». Қз.: “әл-Фауаид” 109.

Өз-өзіне қарсы жихад туралы Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген хадистер келген, әрі олардың барлығы оның маңыздылығын дәлелдейді. Мысалы, Абу Заррдың: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ең жақсы жихад – бұл ер кісінің өз нәпсісімен және көңіл қалауымен жихады!» — деп айтты», — деген хадисі. Ибн ән-Нажар. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1099.

Ибн ‘Амрдан, Аллаһ ол екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ең жақсы жихад Құдіретті және Ұлы Аллаһ үшін өз-өзімен күрескеннің жихады болып табылады». әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-Жәми’» № 1129.

Фадали ибн ‘Убайданың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығы кезінде: «Сендерге мүмін туралы хабар берейін бе? Ол — оған адамдар өздерінің мал-мүліктері мен жанын аманат ететін (адам). Мұсылман – ол адамдарға тілімен де, қолымен де зиян тигізбейтін (адам).  Мужжахид – ол Аллаһқа құлшылық қылу үшін өз нәпсісімен күресетін (адам). Ал мухажир – ол қателіктер мен күнәларды қалдырушы (тастаушы) (адам)», — деді”. Ахмад (6/21), әл-Хаким (1/10-11), Ибн Хиббан (№ 4862). Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 549.

Бұл хадистер өз нәпсіне қарсы жихадтың төтенше маңыздылығына нұсқайды. Сондықтан Аллаһтың құлы өз-өзімен жүргізілетін жихадқа және оның жоғарыда айтылған дәрежелерін жетілдіруге назар бөлуі керек.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Ал егер Аллаһтың құлы осы төрт деңгейді кемелдікке дейін жеткізсе, ол «раббәни» (ғалым және рухани ұстаз) болады. Өйткені бізден алдынғы ізгі буын өкілдері: «Ғалым ақиқатты білмейінше, оған сәйкес амал етпейінше және оны оқытып-үйретпейінше, «раббәни» деп аталуға лайықты болмайды», — дегенге бірауызды келіскен. Және кім біліп, амал етіп және оқытып-үйреткен болса, аспан тұрғындары ол үшін көп дұға ететін болады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіне қарсы жихадта жолдан тайғандарға келер болсақ, олар әртүрлі жолдармен және түрлі топтармен көрініс тапқан.

Олардың арасында, тек теориялық білім үшін өзімен күресетіндер бар, оларды білім қатты ойландырады, алайда олар амал жасауға еш көңіл бөлмейді. Бұл жалған каләмнің (Исламдағы философиялық ағым) жақтаушыларының кейіпі. Олар біліммен, зерттеумен және ой жүгіртумен шұғылдануға көп  уақыт жұмсайды, алайда өздерінің білімдері қамтитын айқын бұзақылыққа көңіл бұрмайды.

Олардың арасында амал-әрекет жасау үшін өз-өзімен күресіп жүргендер бар, алайда олар Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз. Бұл — адамдарда білімге деген қалауды қайтаратын, оларды білім ізденуден алыстататын және одан сақтандыратын сопылардың кейіпі. Мұндай адамдар амалдардағы адасушылыққа жиі түсіп жатады, ал солар (біріншілері) білімдегі адасушылыққа жиі түсіп жатады.

Тағы біреулері шақыруда (дағуатта) Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз өз-өзімен күресіп жүргендер, әрі олардың қолдарынан үмметке көп бұзақылық, жамандық және көптеген бидғаттар таралуда.

Дұрыс жолда және Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ілесуде өз-өзімен күресуге келер болсақ, ол Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткен төрт деңгейдің орындалуымен іске асырылады.

Шайтанмен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай жалғастырады: “Шайтанмен жихадқа келер болсақ, оның екі деңгейі бар:

1. Ол құлды азғыратын дін туралы кесірлі күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін онымен күресі.

2. Ол (Аллаһтың құлын) азғыратын кесірлі қалаулар мен құмарлықтарды тойтару үшін онымен күресу. Сондықтан бірінші жихадтан кейін мығым сенім пайда болады. Ал екінші жихадтан кейін сабыр пайда болады. Екі жихадпен бірге құл Аллаһтың дінінде жетекші және ұстаз болады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік» (Сәждә, 24). Және Пәк Аллаһ діндегі жетекшілікке тек сабырлық пен нық сенім арқылы жетуге болатынын хабарлады. Сабырлық әуесқойлық пен жаман ниеттерді тойтарады, ал нық сенім күмән мен күдіктерді тойтарады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Бұл сөздер осы жағдайды түсіну, түсіндіру және түзету үшін әрбір мұсылманға жеткілікті. Сонымен шайтанға қарсы жихадтың екі деңгейі бар:

—                     Аллаһтың кұлының шайтанмен, ол оны азғыратын кесірлі ниеттер мен тыйым салынған құмарлықтарды тойтару үшін, күресі.

—                     Оның шайтанмен, ол оны азғыратын күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін, күресі.

Білім иелері шайтанның адамға ықпал ететін екі жолы бар дейді. Бірінші жол – ынтықтық, құмарлық, әуесқойлық; екіншісі – күмәндар.

Ол адамға келіп, оның бейімділіктеріне қарайды. Әрі егер ол иманның және мойынсұнудың әлсіздігін, ғибадаттың кемшілігін байқаса, адамды құмарлықтарына және күнәлі амалдарға қарай тартып, оны осы жолға бағыттап жібереді. Егер ол адамды мығым бойсұнуда және нық иманда көрсе, онда ол оған бұл жолмен келмейді. Ол оған күдіктер, күмәндар және жаман ой-жорамалдар жағынан келіп, оны бидғат жаңалықтарға кіргізіп жібереді.

Бұл – шайтанның адамға қарсы екі жолы. Және шайтан оның дұшпаны болып табылады, Аллаһ Тағала бұл жөнінде: «Шәксіз, сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фатыр, 6), — деді.

Сөйтіп, ол — дұшпан, дұрысырағы – тіпті адамның ең үлкен дұшпаны болып табылады. Сондықтан әрбір мұсылман оған дұшпан ретінде қарауға, оған қарсы толық жихад жасауға және Аллаһ Тағаладан оның азғыруына қарсы көмек сұрауға міндетті. Бұл жөнінде Құдіретті және Ұлы Аллаһ: «Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сыйынамын. Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сыйынамын», — де» (Мүмінун, 97-98), — деді.

Және Аллаһтың құлы шайтанның кесірінен, оның көпқұдайшылығынан, оның күмәндарынан, құмарлықтарынан және оның шақыруларынан Аллаһ Тағаладан пана сұрасын және Аса Игі Аллаһ Тағаладан қорғау тілесін.

Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол төрт деңгейге ие: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Анастан жеткен хадисте, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кәпірлермен өздеріңнің мал-мүліктеріңмен, өмірлеріңмен және өздеріңнің тілдеріңмен шайқасыңдар», — деген.  Абу Дауд № 2504.

Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад – бұл оларға деген жек көрушілік және қабылдамау, оларға деген сүйіспеншіліктің болмауы, олардың жеңілістеріне қуану, мұсылмандарға оларға қарсы көмектесуге ұмтылу және Аллаһ Тағаланың Кітабында және Оның Пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде нұсқалған жүрекпен байланысты басқа да нәрселер.

Олармен сөзбен жихад жүргізу – білім иелерінің айырықша құзыры. Ол өзіне дәлелдер мен дәйектердің көмегімен оларға ақиқатты түсіндіруді, олардың адасушылықтары мен өтіріктерін жоққа шығаруды қамтиды. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!» (Фурқан, 52). Яғни олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз. Бұл Құран мен түсіндірмені (Сүннетті) түсінетін білім иелеріне қатысты.

Кәпірлермен және екіжүзділермен тілмен жүргізілетін барша мұсылмандарға қатысты жихадқа сондай-ақ Аллаһ Тағаладан мүміндерге көмек және кәпірлер мен екіжүзділерге жеңіліс тілеп дұға ету де жатады.

Олармен мал-мүлік арқылы жихад мал-мүлкі бар адамға қатысты және ол Аллаһтың жолындағы жихад амалдарына, Аллаһқа шақыруға, өзінің мұсылман бауырларына көмек пен қолдау көрсетуге шығынданумен жүргізіледі.

Олармен жанмен (өмірмен) жихад – бұл олар Исламды қабылдамайынша немесе құламайынша олармен қолмен және қарумен күресу, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқанындай: «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана» (Бақара, 193).

Сондай-ақ Пәк Аллаһ былай деді: «Кітап берілгендерден Аллаһқа да, Ақырет күніне де иман келтірмегендермен, Аллаһтың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп санамайтындармен, хақ дінді (Исламды) ұстанбайтындармен олар сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар»  (Тәубә, 29).

Ал Ибн әл-Каййимнің: “Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады», — деген сөзі – барлығымен де күрес төрт тәсілмен (жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен) жүргізілетінін білдіреді, алайда кәпірлермен жихад көп жағдайда қолмен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы анық.  Ал екіжүзділермен жихад көбіне сөзбен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы – іштей және жасырын, және олар Исламды жақтаушылардың басым күшінің астында болады. Сондықтан олармен күрес дәлелмен және түсіндірумен жүргізіледі: олардың жағдайы әшкереленеді; адамдар мұны білуі үшін, олардан сақтануы үшін, және осыдан болған бір нәрселерге ұрынып қалмауы үшін, олардың сипаттары аталып айтылады. Бұл Аллаһ Тағаланың Кітабының көптеген жерлерінде және Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде толық түсіндірілген.

 Жәбірлеушілікті, бидғаттады және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихад

 Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол үш деңгейге ие. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жихадтың Ибн әл-Қаййим атап өткен бұл деңгейлеріне Абу Са’идтің, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисі нұсқайды. Ол былай деді:  “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі», — деген”. Муслим № 49.

Сондай-ақ, Ибн Мас’удтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде  Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ менен алдын қай пайғамбарды қандай да бір қауымға жіберсе де, онда міндетті түрде өзінің қауымынан болған, оның сүннетіне (жолына) ілескен және оның әмірлерін орындаған хауарилері (апостолдары) мен сахабалары болды. Ал олардың орнына өздері істемейтін нәрсені айтатындар және оларға әмір етілмеген нәрселерді істейтіндер келді. Осындайлармен өз қолымен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз тілімен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз жүрегімен күресушілер де мүмін болып табылады, ал осыдан кейін — қыша бидайындай да иман жоқ!» Муслим № 50.

Сондықтан мұсылманнан жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істер істеушілермен жихадты не қолмен, не тілмен, не болмаса жүрекпен орындау талап етіледі. Және мұның барлығы қабілеттілікке (қудраға) байланысты.

Жүрекпен күресуді әрбір мұсылман орындай алады. Бұл күрес өзіне бидғатты, күнәлі істерді және күнәларды жүрекпен қайтаруды, оларды қабылдамауды және жек көруді, олардың жойылып опат болуын қалауды қамтиды.

Тілмен күресуге келер болсақ, мұны әркім істей алмайды. Мұны өздеріне білім мен түсінік берілгендер ғана, Аллаһтың дінін түсіну немесе өзі тойтарғысы келген нақты мәселені түсіну қабілеті барлар ғана істей алады.

Қолмен күресуге келер болсақ, бұл – кез келген адамға емес, тек күш пен билігі барларға және жауапкершілігі бар адамдарға ғана қатысты. Күнәлі істерді қолымен міне осы адамдар өзгертеді.

Жоғарыда нұсқалғандардан Аллаһтың жолындағы жихадтың түрлері және дәрежелері бар екені және әрбір мұсылман осылардың қандай да бір түрімен немесе қандай да бір дәрежесімен Аллаһтың жолында жихад жасай алатындығы айқын болады. Сондықтан атақты ғалым Ибн әл-Қаййим жихадтың осы түрлері туралы атап өткен соң, былай деді:  «Ал кім қасиетті соғысқа қатыспай, тіпті қатысу туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады». Муслим 1910. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

You may also like...