Ғалымдардың әл-Каида, Бин Ладен, әз-Заркауи және басқалар туралы айтқан сөздері

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң:

Бин Ладен, әз-Заркауи және солар сияқтылар кімдер? «Әл-Каида» деген қаңдай ұйым және оның әдістері дұрыс па?

Бұл – біздің кезімізде көптеген мұсылмандарды қызықтарын сұрақтар. Біреулер үшін бұл адамдар — діни және ұлттық  қаһармандар, ал «әл-Каида» – Исламның құтқару армиясы. Ал басқалар үшін олар – ислам жихадының атын жамылып, жер бетінде бұзақылық таратушы жай бандиттер ғана.

Бірақ бізді бұл адамдардың және бұл ұйымның іс-әрекеттері мен амалдарын қарапайым адамдардың бағалауы емес, тек аһлю-Сунна ғалымдары және пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылатын ғалымдардың бағалауы қызықтырады. Білмегенімізді солардан сұрауды бізге Аллаһ Тағала бұйырып: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (ән-Нахль 16: 43), — деді.

Шейх Ибн Баздың пәтуасы:

Аллаһтың рұқсатымен осы ғасырдың имамы — шейх ‘Абдуль-‘Азиз Ибн Баздың сөзінен бастаймыз, ол: “Усама бин Ладен – жер бетінде бұзақылық таратушылардан!” – деп айтты. “Жәридатуль-муслимин” № 607. 8/5/1417 х. ж.

Кейбір адамдар шейх ибн Баздың Бин Ладенге қатысты айтқан осы сөздерінің сенімді екендігі туралы күмәндар таратып жүргенін атап кету қажет. Ал бұл әңгімелердің таралуына себеп болған — шейх Ибн Жибриннің пәтуасы. Онда ол «Усама бин Ладен, бұл жөнінде шейх ибн Баз өзінің пәтуаларында айтқанындай, жер бетінде бұзақылық таратушылардан болып табылады ма?» деген сұраққа жауап беріп: «Шейх Ибн Баз мұндай демеген, оған мұны телиді», — деп айтқан.

Ал шындығында шейх Ибн Жибрин қателескен еді және өзінің шейхы осындай сөздерді айтқанын білмеген болуы да мүмкін. Шейх Ибн Баздың бұл сөздерін басқа ғалымдар да растаған. Мысалы, шейх Салих әл-Фаузаннан бұл жөнінде: “Құрметті шейх! Аллаһ сізге игілік берсін! Сұрақ қоюшы адам былай дейді: «Менің сұрағымды тура мен жазғандай етіп оқып беруіңізді қалаймын. Аллаһпен ант етемін, керісінше болған жағдайда мен кешірмеймін және Қиямет күні Аллаһтан өзімнің хақымды талап етемін! әл-Мас’ари, әл-Фақихи және Усама бин Ладен жамаъадан аутқып кеткендер болып табылады ма? Сіз «Шейх Ибн Баз Усама бин Ладен туралы жаман пікірді ұстанбаған, ал оның атынан ол туралы берілген пәтуа — өтірік» дейтін адамдар туралы не айта аласыз, өйткені олар бұл сөздерді дәлел ретінде келтіреді»”, — деген сұрақ қойылды.

Ол былай деп жауап берді: “әл-Фақихиге, әл-Мас’ариге және Бин Ладенге қатысты айтар болсақ, сіздер олар туралы олардың сөздері, істері бойынша үкім етіңдер. Алайда оларға жалғанды телімеңдер, бірақ олар туралы қорытындыны олардың ауытқуларына сәйкес жасаңдар! Ал: «Шейх Ибн Баздың пәтуасы өтірік», — деп айтатынға келер болсақ, оның өзі – өтірікші! Бұл пәтуа ойдан шығарылмаған, біз өзіміз бұл сөздерді шейхтан, Аллаһ оны рақым етсін, естідік, ол оның пәтуаларында жазылған және бұл оған ол әлі тірі кезінде оқып берілген еді. Сондықтан «Бұл пәтуа – өтірік», — дейтіннің өзі – өтірікші!”

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaS … ageID=7071

Алайда шейх әл-Фаузан шейх Ибн Жибринді өтірікші деп айтты деуге мүлдем болмайды, өйткені шейх әл-Фаузан жалпылама айтып тұр, ал шейх Ибн Жибринге келер болсақ, оның қателескенінде ақылға сыймайтын ешнәрсе жоқ, өйткені ол өзінің шейхы Ибн Баздың сөздері туралы білмеген болуы мүмкін ғой!

Сондай-ақ шейх ибн Баздың Бин Ладенге және сол сияқтыларға қатысты айтқан пікіріне қатысты оның өзге бір пәтуасы айқындық енгізеді, онда шейх Ибн Баз былай дейді: “Қазіргі кезде Мухаммад әл-Мас’ари, Са’д әл-Фақихи және сол сияқты жалған шақыруды (дағуатты) таратушылар істеп жүрген нәрселер, күмәнсіз, ұлы жауыздық болып табылады! Олар – ұлы жамандықтың  және үлкен бұзақылықтың насихатшыларылары! Олардың парақшаларынан сақтандыру қажет, оларға сүйенбеу керек және бұзақылыққа, жамандыққа, өтірік пен бүлікке алып келетін нәрселерде көмектеспеу керек. Аллаһ бір-бірімізге ізгі арлылықта және тақуалықта көмектесуді және бір-бірімізге бөлінуге, қауіпсіздіктің бұзылуына тағы да сондай нәрселерге алып келетін жамандық пен бұзақылықта көмектеспеуді бұйырды. әл-Фақихи немесе әл-Мас’ари, немесе солар сияқты өтірік  пен жамандықтың уағыздаушылары таратып жүрген нәрселерге келер болсақ, оларды таратуға болмайды және бұл адамдарға осы жолдарын тастауы туралы насихат айту керек…

 Менің әл-Мас’ариге, әл-Фақихиге, Бин Ладенге және солардың жолын таңдағандардың барлығына айтар насихатым – олар осы кесірлі жолдарын тастасын, Аллаһтан қорықсын және Оның ашу-ызасынан сақтансын, дұрыс басшылыққа қайта оралсын және істегендері үшін тәубе етсін!” “Фатауа Ибн Баз” 9/100.

Шейх Ибн Баздың бұл сөздері оның пәтуалар жинағына да енгізілген және аудиотаспаға да жазылған, оны мына сілтеме бойынша тыңдауға болады:

http://www.fatwa1.com/anti-erhab/Irhabion/Osamah/baz_doatbatel.rm

 

Шейх Салих әл-Фаузанның пәтуасы:

Шейх әл-Фаузанға сондай-ақ мынындай сұрақ қойылды: “Құрметті шейх, Аллаһ сізге есендік берсін. Усама бин Ладен жер бетінде бұзақылық таратып жатқаны және жастарды осыған шақырып жатқаны сізге сыр емес. Менің сұрағым мынандай: біз бұл адамды хауариж деп атай аламыз ба? Өйткені ол біздің елімізде де, басқа елдерде де жарылыстар жасауды қолдайды ғой».

Ол былай деп жауап берді: “Осындай сенімдерді бойында алып жүрген кез келген адам хауариж болып табылады! Сондай-ақ, осындай сенімдерді өз бойында алып жүріп, адамдарды оларға шақырып, үндейтіндер де, олардың тұратын жері және тұлғасы қандай болуына қарамастан хауариждерге жатады! Және бұл – ереже, яғни: кім адамдарды мұсылман әмірлеріне қарсы шығуға, мұсылмандарға такфир жасауға (күпірлікте айыптауға), мұсылмандарды өлтіруге шақырса, сол — хауариж!» “Фатауа әл-Фаузан” № 6587.

http://www.alfawzan.ws/AlFawzan/FatawaSearch/tabid/70/Default.aspx?PageID=6587

 

Шейх Ахмад ән-Нәжмидің пәтуасы:

Шейх Ахмад ән-Нәжмиден: “Кейбір адамдар Бен Ладенді ел күтіп жүрген Махди деп, оны «мүміндердің әмірі» деп те атайды. Сіздің осыған деген түсіндірмеңіз қандай?»

Ол былай деп жауап берді: “Бұл адамдар – шайтандар! Бин Ладен – жексұрын шайтан және хауариж, және оны мақтау ешкімге рұқсат етілмейді! Ал оны мақтаушыларға келер болсақ, бұл – олардың сол сияқты хауариждер екеніне дәлел!»

http://www.youtube.com/watch?v=Kc3_y8q6BSM

 

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың пәтуасы:

Шейх-мухаддис ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа: “Кейбір адамдар біздің кезіміздегі «әл-Каида» ұйымы – хауариждер дейді, ал кейбіреулер оларды мужахидтер деп атайды. Сіздің пікіріңіз қандай?» — деген сұрақ қойылды.

 

Ол қысқа және анық: «Иә, олар – шайтанның жолындағы мужахидтер!» — деп жауап берді.

http://www.youtube.com/watch?v=lakUvtyR7jk

 

Шейх Салих әл-Люхайданның пәтуасы:

Шейх Салих әл-Люхайданға сұрақ: “Мұсылманның Бин Ладен басқаратын «әл-Каида» ұйымына деген қатынасы қандай болуға тиіс?”

Ол былай деп жауап берді: «Бұл ұйымда игілік жоқ! Олар мұсылмандарды қақ жарды, қайғы-қасіреттер мен жауыздықтардың себепкері болды және қан төге бастады!»

http://www.sohari.com/nawader_v/fatawe/ … a3edah.ram

 

Муфти шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейхтың пәтуасы:

Шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейхқа мынандай сұрақ қойылды: «Бин Ладен – адасқан деп айтуға болады ма, және жеткілікті білімі жоқ мұсылмандар оның Интернетте орналастырылған баяндамаларын тыңдауына болады ма?»

Шейх: “Уа, менің бауырларым! Олар – жауыздық пен бұзақылықтың себепкерлері! Олар өз жолдарында адасқандығына күмән жоқ. О бастан және, менің ойымша, қазір де олар  Исламның дұшпандарының туындылары болып табылады! Исламның дұшпандарының өздері оларды өсірді. Олар Исламның дұшпандарының көлеңкесінде өмір сүреді және олар, немен жабылса да, Исламның дұшпандары болып табылады және Исламның басқа да дұшпандарына көмектесуде”.

http://depositfiles.com/files/s3wodp7ad

 

Шейх Муқбиль ибн Хадидің пәтуасы:

Шейх Муқбиль ибн Хади былай дейтін: “Мен Бин Ладенге қатысты болудан Аллаһқа сыйынамын! Ол — үммет үшін бақытсыздық пен дерт, әрі оның амалдары – жауыздық!”

Оған: «Еуропа елдеріндегі мұсылмандарға жердің барлық бұрыштарындағы жарылыстардың себебімен қысым көрсетілуде», — деп айтылды.

Шейх: “Мен бұл жөнінде білемін. Маған Британиядан бауырлар телефон соғып, көрсетіліп жатқан қысымға байланысты арызданды және Усама бин Ладенге қатысты болудан ашық түрде бас тартуға болады ма деп сұрады. Біз оларға өзіміздің одан және оның істерінен баяғыда-ақ бас тартқанымызды айтып жеткіздік!  Қалыптасқан болмыс Еуропа елдеріндегі мұсылмандар «ихуан әл-муфлисин (сәтсіз бауырлар)» ағымының және сол сияқтылардың тарапынан осірілген түрлі партиялардың себебінен қысымға ұшырап жатқанын дәлелдеуде”. “Жәрида әр-раъюль-‘амм” № 11503.

Сондай-ақ, шейх Муқбиль былай дейтін: “Уа, Аллаһ, Усама бин Ладенді, Абу Хамзаны және ислам елдерінде бүлік таратушылардың әрбірін ал! Уа, Аллаһ, олардың омыртқасын сындыр!”

Бұл  және тағы да басқа сөздерді шейх Муқбильдің аудиотаспасын мына сілтемеден көшіріп алып, тыңдауыңызға болады:

http://depositfiles.com/files/5ozr79nly

 

Шейх Салих Әли Шейхтың пәтуасы:

Шейх Салих Әли Шейх былай деп айтты: “Сендер кейбір оқытушылардың Усама бин Ладенді мақтағанын естіген боларсыздар, ал бұл – Исламды түсінудегі қателік!” “Жәрида әр-Рияд” 8/11/2001ж.

 

Шейх Салих әс-Сухаймидің пәтуасы:

Шейх Салих әс-Сухаймиге: “«Біз әз-Заркауиді жақсы көрмейміз, бірақ оны сөкпейміз де, өйткені ол білімге қатысты адамдардың қатарынан», — дейтіндерге деген біздің қарым-қатынасымыз қандай болуға тиіс?”, — деген сұрақ қойылды.

Шейх былай жауап берді: “Атақтары кейбір жерлерге тараған бұл уағыздаушылардың себебімен біреулер адасты, басқаларға сатқындық жасалды, үшіншілер өлтірілді. Қанша мұсылмандар зұлымдықпен және өшпенділікпен өлтірілді, қаны харам етілген мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірлерді айтпағанның өзінде?! Сендерді білімсіздердің бұл сөздері адасушылыққа салмасын!

Мен сендерден мынаны сұрайын: Оның (әз-Заркауидің) ұстаздары кім?! Ол мұсылмандарға, адам өлтірулер мен қиратулардан басқа, не қалдырды?!

Ешнәрсе, ол да, Усама бин Ладен де, олардың қатарынан болған өзге уағыздаушылар да!…

Аллаһпен ант етемін, 11-қырқүектегі оқиға орын алмайынша Ислам таралып келді. Мен осы оқиғадан екі апта бұрын Америкада, Филадельфияда ислам семинарларында (даурада) болдым, адамдар Аллаһтың дініне топ-топ болып кіретін! Америкада, Британияда, Индияда, Қытайда болдым, діни мектептер ашылып жатты…

Мұның барлығы қазір қайда?! Осы оқу орындары қайда?! Олар бар ма?! Жоқ!

Қазір батыс елдерінің мұсылмандары бастарын көтеріп жүргеннен соң, бастарын төмен түсіріп жүр, хижабтар шешілді. Ал кейбір адамдардың осы (11-қыркүйектегі) оқиға адамдардың Исламға қызығуына және оны қабылдауына себеп болды деген сөздері сендерді адасушылыққа салмасын! Аллаһпен ант етемін, бұл – өтірік! Бізде қазір Америкадан 150 дағуатшы бауырларымыз Меккеде шейхтардан екі аптадан бері дәріс алып жүр. Бір апта Меккеде болды, бір апта Мәдинада. Олар Умраға келген. Міне, солардан ол жақта орын алған оқиғалар туралы сұраңдар. Олардың барлығы білім талап етуші студенттер (таләбуль ильм), олардың барлығы қазір Меккеде. Филадельфияда хижаб киген әйелдер толы болатын, ал қазір ол (қала) — хижабтар тасталған және болған (игі) нәрселердің барлығы жойылған жай қала ғана, ал оған себепкер болған – хауариждер!…

Білімді оның иелерінен алу керек! Ал бұл (әз-Заухири және Бин Ладен сияқты) адамдарға  келер болсақ, бізде оларға деген қажеттілік жоқ! Олардың біреуі өмірден өтті, және біз оның Раббысының алдындағы соңғы жағдайы қандай болғанын білмейміз. Алайда мұсылмандардың ешқайсысы одан пайда алмады, керісінше, олар Исламға және мұсылмандарға зиян келтірді, ал олардың зияны әлі де тыйылған жоқ.

Шынайы ғалымдардың ізінен ілесіңдер, оларды зиярат етіп тұрыңдар, өйткені білімге жету оған қол жеткікізуге деген ұмтылыспен іске асады. Ал білім — бұл эмоциялар емес! Білім – бұл нашидтар емес! Білім – бұл театралдық қойылымдар емес! Және білім – бұл дискілерге жазылған жай дауыстар емес! Білім – бұл оны ғалымдардан тікелей алу!

Аллаһ былай деп айтты: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса 4: 83)” Тыңдаңыз: «‘Ан әз-Заркауи уә Бин Ладен».

http://www.alsoheemy.net/play.php?catsmktba=1016

 

Кең таралған күдікке жауап:

 

Көптеген мұсылмандардың қызығушылығын туғызатын көтерілген мәселелерді түсіну үшін осынша ғалымдардың сөздерінің өзі жетіп асатын сияқты. Алайда бүліктің және күмәннің кейбір жақтаушылары пайда болады да, интернет кеңістігінде шейх Ибн ‘Усайминнің Бин Ладенді мақтаған сөздерін таратады.

Бұған жауап өте қарапайым.

Біріншіден, шейх Ибн ‘Усайминннің Бин Ладенге арналған бұл мақтауы бірінші Орыс-Ауған соғысы кезінде болған еді. Алайда ол кезден бері көп уақыт өтті, және Бин Ладен енді басқаша болды (өзгерді)!

Екіншіден, кім шейх Ибн ‘Усайминді қазіргі Бин Ладеннің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келсе, оған өтірікті теліген болады, өйткені осылай болған жағдайда, шейх Ибн ‘Усаймин Бин Ладенмен оның Сауд Арабиясын күпірлікте айыптауында, оның осы елде ұйымдастырған жарылыстарына қатысты келіскен болып тұр ғой?!

Бірақ іс жүзінде шейх Ибн ‘Усайминнің осы нәрселер туралы пікірі өте жақсы мәлім, ал ол мұны мақұлдамады және мұндай әрекеттерді: оларды кім жасап, кім ұйымдастырса да, мейлі ол – Бин Ладен, мейлі басқа болсын — өте қатаң түрде сөкті! Сауд Арабиясында жасалған осындай терактілердің біреуінен кейін шейх Ибн ‘Усаймин былай деп айтты: “Мұндай іске ақыл-парасатқа ие, мұның үстіне иман келтірген адам разы бола алмайтыны — күмәнсіз, өйткені бұл Құран мен Сүннетке қайшы келеді. Осыда Ислам үшін іштен де, сырттан да зиян бар. Бұл – ұлы қылмыс, алайда залымдар жетістікке жетпейді. Таяу арада, инша Аллаһ, олар өзінің жазасын толығымен алады. Білім талап етуші студенттер үшін осы жолдың – кесірілі жол, көпқұдайшылдардың қанын тастап қойып, мұсылмандардың қанын төгуді халал еткен хауариждердің жолы екенін адамдарға түсіндіруі міндетті (уәжіп) болып табылады”. “Фатауа әш-шәр‘ия фи қадая әл-‘асрия” 47.

Осындайды айтқан адам Бин Ладеннің манхажын мақұлдайды деп ойлайсыңдар ма?!

Үшіншіден, бұл мәселедегі нүктені шейх Ибн ‘Усайминнің өзінің шейх Ибн Баздың: “ Менің әл-Мәс’ариге, әл-Фақихиге, Бин Ладенге және солардың жолын таңдағандардың барлығына насихатым – олар осы кесірлі жолдарын тастасын, Аллаһтан қорықсын және Оның ашу-ызасынан сақтансын, дұрыс басшылыққа қайта оралсын және істегендері үшін тәубе етсін!” (“Фатауа Ибн Баз” 9/100), — деген пәтуасын мақұлдаған  сөздері қояды.

 

Шейх Ибн ‘Усаймин әл-Мас’ари, әл-Фақихи т.б. таратып жүрген тура сол парақшаларға қатысты былай деді:  “Соңғы кезде әмірлерді қаралайтын біздің елімізден тыс жерлерден келген парақшалар таралып кетті, бұл парақшалар біздің елімізде жазылған болуы да мүмкін. Оларда әмірлер істеген ешбір игі нәрсе тілге алынбайды, ал бұл, күмәнсіз, ғайбат болып табылады және ғайбат болғандықтан, оларды оқу – харам! Оларды адамдардың арасында таратуға ешкімге рұқсат етілмейді, ал кім оларды көрсе, жыртып тастауы, немесе өрттеуі керек, өйткені осы нәрселер бүлікке, жауыздыққа және анархияға әкеліп соқтырады! Ақиқатында, бұл нәрседен осы елдің муфтиі – біздің шейх ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, сақтандырған еді! Ол осыдан сақтандырып, бұл парақшалар — әмірлер мен халық арасындағы үлкен бүліктің себебі екендігін түсіндірді! Мен де осыдан сақтандырамын және біздің басқа ғалым бауырларымыз да өз қауымдарын осы парақшаларды таратудан сақтандырады!”

Шейх Ибн ‘Усайминнің бұл лекциясын оның сайтынан көшіріп алуға болады:

http://www.binothaimeen.com/sound/snd/a0188/a0188-45.rm

Аталған сөздер лекцияның  11-минуты, 20-секундасынан басталады.

Ал осының барлығынан кейін өзінің құмарлықтарын жақтаушы өтірікшіден өзге кім «шейх Ибн ‘Усаймин Бин Ладенді қолдайды» деп айта алады?! Егер Ибн ‘Усаймин Бин Ладеннің жама’аты таратып жүрген парақшалардан сақтандырған және Ибн Баздың Бин Ладеннің және оның жама’атының жолы – кесірлі жол деп айтқан пәтуасын қолдаған  болса, қалайша ол Бин Ладеннің манхажын қолдай алады?!

Сондай-ақ, Усама бин Ладеннен шейх ‘Абдуль-Малик Рамадани мен шейх Уалид ибн Сайф ән-Наср да сақтандырған. Оларда Бин Ладеннің адасушылықтарына және оның ғалымдарды қаралауына және оларға такфир жасауына арналған  тұтас лекциялары  бар.

Тіпті доктор Сальман әл-‘Ауда Бин Ладеннің әдістерін мақтамаған және оған мына сөздерін жолдап айтқан: “Бауырым Усама, қанша қан төгілді? Қанша жазықсыз адамдар, балалар, қарттар және әйелдер «әл-Каиданың» жалауының астында өлтірілді?!  Сен өзіңнің мойныңа жүз мыңдаған және миллиондаған құрбандардың жүгін артып алып Аллаһты кездестіргеніңнен бақытты боласың ба?”

Жолдауды мына жерде толығымен тыңдап және оқып шығуға болады:

http://www.youtube.com/watch?v=VwfOFZX01_A

Және соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!

 www.Salaf-forum.ru

You may also like...