Соңғы кезде мұсылмандардың арасында «Тура жолға ілескенге салем» (әс-сәләму ‘алә мәни-т-тәба’әл-һуда) деген сәлемдесу түрі тарала бастады.
Бұл қателік екендігінде және осылай істейтін адам мына үш жағдайдың біреуіне түсетініне ешқандай күмән жоқ:
1. Не ол бұл мәселенің үкімін білмейді;
2. Не ол ақиқатқа тек өзі ілеседі, ал ол осылайша сәлем берген адамдары оған ілеспейді деп ойлайды;
3. Не ол осы сәлемдесу арналған адамдарды кәпір деп есептейді!
Сәлемдесудің бұл түрінің Исламда кәпірлерге қатысты болған жағдайдан басқа ешбір негізі жоқ. Мұндай сөздермен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ираклий, Макаукис сияқты т.б. кәпірлерлермен, оларға жолдау жіберген кездерде сәлемдескен! Және осы себепті имам әл-Бухари өзінің «Сахихындағы» 3/321 осы хадисті келтірген тарауды «Кітап иелеріне не жазу керектігі туралы тарау» деп атаған. Және бұл мәселені сәлафтар да дәл осылай түсінген.
Му’мар Қатаданың былай деп айтқанын баяндаған: «Кітап иелерімен сәлемдесу — бұл «әс-саләму ‘алә мәни-т-табә’аль-һуда!»» Абдур-Раззақ 9841.
Ал мұсылмандарға келер болсақ, оларға қатысты сәлемдесудің мұндай түрі рұқсат етілмеген!
Бұған қоса, Усама ибн Зайд былай деп баяндаған: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасында мұсылмандар мен яхудилер бірге болған адамдардың жанынан өтіп бара жатып оларға сәлем берді!»
Бұл хадисті әл-Бухари және Муслим келтірген, ал имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи бұл хадис келтірілген тарауды «Мұсылмандар да, басқалар да болған жиналысқа Сәлем (беру)» деп атаған. Қз.: «әл-Жәми’ әт-Тирмизи» 3/182.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдеттегі сәлеммен мұсылмандар да, яһудилер де болған мәжіліске сәлем бергеніне назар бұрыңыздыр! Ал тек кәпірлерге ғана жасалатын сәлемдесудің үлгісімен мұсылмандармен сәлемдесетіндер туралы не айтуға болады?!
Бірақ арасында мұсылмандары да, кәпірлері де бар жиналысқа сәлем жолдаған (берген) адам өзінің салемін тек мұсылмандарға ғана жолдауға ниет етуі қажет!
Шейх ‘Абду-с-Сәләм ибн Бәржис салеммен байланысты барлық шариғи үкімдерге арналған өзінің танымал «Ахкаму-с-сәләм» деген кітабының талқыланып жатқан сәлемге арналған тарауында (36-бет) былай деп жазған: “Алайда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына деген сәлемі және олардың оған деген сәлемі тек «әс-Сәләму аләйкум уа рахмату-Ллаһи уә бәракатуһ» болған. Сондықтан мүміндердің өзара сәлемдесуі де осылай болуға тиіс. Ал «әс-Сәләму ‘алә мәни-ттәба’әл-һуда» деген сәлемдесуге келсек, ол тек кәпірлерге жолданған!”
Сондай-ақ сәлемнің бұл түрі шариғат мұсылмандардың арасында заңдастырған түрін ауыстырылуына алып келеді, ал бұл, күмәнсіз, бидғат болады!
Шейх Ибн ‘Усайминге «Мұсылманға «Әс-сәләму ‘алә мәни-ттәба’әл-һуда» деп сәлем берудің үкімі қандай және арасында мұсылмандар да, кәпірлер де болған адамдарға қалайша сәлем беру керек?» деген сұрақ қойылды.
Шейх былай деп жауап берді: “Мұсылман адаммен «Әс-саләму ‘алә мәни-ттәба’әл-һуда» деп сәлемдеспеу керек, өйткені сәлемдесудің бұл түрін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман еместерге жазғанда атап кеткен. Мұсылман бауырмен «Әс-сәләму аләйкум!» деген сөздермен сәлемдесу керек. Ал «әс-саләму ‘алә мәни-ттәба’әл-һуда» деген сөздерге келсек, оның мағынасы «сенің бауырың тура жолмен жүрмеуде» деген болады. Ал егер топтың ішінде мұсылмандар мен христиандар болса, олармен әдеттегі сәлеммен сәлемдесу керек, бірақ «әс-Сәләму аләйкум» дегенде мұсылмандарға деген сәлемдесуді меңзеу керек!” Қз: «Фатауа Ибн Усаймин» № 15230.
Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадқа «Өз мұсылман бауырына хат жазған мұсылман оны «әс-саләму ‘алә мәни-ттәба’әл-һуда» деген сөздермен аяқтауына болады ма?» деген сұрақ қойылды.
Шейх былай деп жауап берді: “Бұл дұрыс емес және мұны істеуге болмайды! Бұл кәпірлерге қатысты сәлемдесу болып табылады! «Әс-Сәләму аләйкум уә рахмәтуЛлаһи уә баракатуһ!” деп айту керек!” Тыңдаңыз: «Шарх Сунан әт-Тирмизи» № 386.
Алынған көзі: www.salaf-forum.ru