Жихад Исламның тірегі болып табылады ма?

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдерің Раббысы — Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан кейін:

Көптеген мұсылмандар осы «Жихад Исламның тірегі болып табылады ма?» деген сұрақты жиі қояды.

Бұған себеп жихадты оның артықшылықтары себепті Исламның алтыншы ұстанымы деп атаған кейбір имамдардың пікірі немесе «Жихад – Исламның шыңы» деп жазылудың орнына «Жихад – Исламның тірегі» деп жазылып кеткен белгілі хадистердің қате аудармасы немесе кейбір хадистердің бұрыс түсінігі болып табылады.

Ал шындығында, Исламның шарттары тек бесеу, және жихад олардың қатарына кірмейді! Ибн ‘Умар былай деп баяндайды: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам бес тіректен тұрады: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның елшісі екендігі туралы куәлік беру, намазды орындау, зекетті төлеу, қажылықты орындау және рамазан айында ораза ұстау», — деп айтқанын естідім». әл-Бухари 8, Муслим 16.

Және Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жихадты Ислам тіректеріне қоспағанына қарамастан, осы хадистің жеткізушісі – сахаба Ибн ‘Умар анық әрі айқын түрде жихадтың Исламның тіректерінен емес екендігін айтты!  Бірде бір кісі  Ибн ‘Умарға: “Сонда сен не, әскери жорықтарға шықпайсын ба?”, – деген сұрақ қойды. Ибн ‘Умар оған: “Мен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның тіректері бесеу», — дегенін естідім», — деп, кейін Исламның тіректерін атап шықты. Муслим 1/54.

Сондай-ақ, Ибн ‘Умар Исламның тіректері туралы айтқанда, одан жихад туралы, «Ол – Исламның тірегі болып табылады ма?» — деп сұрайды. Ал ол: «Жихад – ол өте жақсы, бірақ бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осылай деп айтты», — деп жауап берді. Ахмад 2/26. Иснады хасан хадис.

Яғни Ибн ‘Умар  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жихадты Исламның тіректеріне қоспағанын айтты.

Қады ‘Ийяд былай деді: «Ибн ‘Умардың бұл сөздерінде жихадтың фард ‘айн болып табылмайтындығына және оның Исламның тіректерінен емес екендігіне дәлел бар! Ақиқатында жихад – фард кифая!»  Қараңыз: “әл-Икмаль” 1/227.

Имам ән-Науауи: “Ибн ‘Умардың сөздері ғазуа (әскери жорық) — фардуль-‘айн болып табылмайтындығын нұсқайды, өйткені исламның тіректері бесеу, және ғазуа олардың бірі болып табылмайды!” – деп айтты.  Қараңыз “Шарх Сахих Муслим” 1/179.

Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби: “Міне осы бес тірек — Ислам дінінің іргетасы құралған негіз. Және бізге тек осы бес тіректің ғана аталуы жетті, және жихад дінді үстем етудің және кәпірлерді кемсітудің құралы болып табылатынына қарамастан, ол олармен бірге аталмады, өйткені бұл бес тірек мәңгілік фард болып қала береді, ал жихад фард кифая болып табылады, ол аз болса, кейбір жағдайларда жихад үзіледі!”  Қараңыз:  “әл-Муфхим” 1/168.

Әл-Қуртубидің тура осы сөздерін имам Ибн Дақиқ әл-‘Ид те онымен келісе отырып, жеткізеді. Қараңыз “Шарху әрба’инә-н-Науауи” 48.

Хафиз Ибн Ражаб былай деп айтқан: “Және Ибн ‘Умардың хадисінде (Исламның тіректері туралы) жихадтың ең жақсы амалдардан екендігіне қарамастан, ол аталмайды”. Қараңыз “Жәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 81.

Шейх Сафийю-р-Рахман әл-Мубәракфури Ибн ‘Умардың сөздерін атап өткеннен кейін: “Ақиқатында, әрбір адамға Исламның тіректерін орындау міндетті болып табылады, ал олар бесеу!” – деді. Қараңыз  “Миннатуль-мун’им шарх Сахих Муслим” 1/64.

«Дінде ең бастысы – бұл Ислам, оның тірегі – намаз, ал шыңы – жихад» деген хадиске келер болсақ. Ахмад 5/231, әт-Тирмизи 2616, Ибн МажжаҺ 3973. Хадис сахих.

Бұл хадисте жихад — Исламның тірегі деп аталып тұрған жоқ ғой, ал оның шыңы деп аталған!  Хафиз Ибн Ражжаб бұл хадис жөнінде былай деді: Алайда жихад Исламның негізі және тірегі болып табылмайды, және мұның екі себебі бар: Біріншісі – жихад, Исламның тіректерінен айрықша, ғалымдардың көпшілігінің айтуы бойынша, бұл – фард кифая, бірақ фард ‘айн емес. Басқа себеп – жихад Ақыретке дейін үзіліссіз орындала бермейді. Және Иса (алейһиссәләм) түскенде, ол кезде Исламнан басқа бір де бір дін қалмайды, және сол кезде соғыс өзінен жүгін тастайды да, жихадтың қажеттілігі қалмайды. Исламның тіректеріне келер болсақ, Аллаһтың әмірі (Ақырет) келгенше, олар иман келтіргендердің әрбіріне міндетті болады”. Қараңыз “Жами’уль-‘улюми уәл-хикам” 82.

www.Salaf-forum.ru

You may also like...