Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Мен «Муслимун» газетінде жарияланған шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің Аллаһтың түсіргеніне негізделмей үкім ететіндерді дәлелсіз күпірлікте айыптаулар туралы қойылған сұраққа берген пайдалы да, құнды жауабымен танысып шықтым.
Әрбір осындай адамды тек оның амалдарының негізінде ғана күпірлікте айыптау, егер айыптаушыға ол адамның мұны жүрегінде рұқсат етілген деп санағаны айқын болмайынша, ешкімге рұқсат етілмегендігін түсіндіріп, шейх, менің ойымша, дұрыс және мүміндердің көзқарастарына сәйкес келетін жауап берді. Дәйек ретінде ол Ибн Аббастың, Аллаһ оған разы болсын, және басқа да біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің сөздеріне жүгінеді.
Оның жауабында келтірілген Аллаһтың: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят); «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (әл-Мәидә сүресі, 45-аят); «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят), — деген аяттарының тәпсірі, күмән жоқ, дұрыс болып табылады, өйткені ол күпірліктің кіші және үлкен болатынын және зұлымдық пен бұзақылықтың көрініс табуына да мұның тура сол сияқты қатысты екенін түсіндіріп берді.
Егер адам: «Аллаһтың түсіргенге сәйкес келмейтін нәрсемен үкім етуге, зина жасауға, өсімқорлықпен немесе барлық ислам ғалымдарының бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған деп табылатын кез келген басқа іспен айналысуға болады», — десе, ол үлкен күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқаны үлкен бұзақылықтың көріністеріне жатады. Ал кім мұндай амалдарды, олар рұқсат етілген деп санамай жасаса, ол кіші күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқандары кіші бұзақылықтың көріністеріне жатады, бұған Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері нұсқайды: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік». әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.
Кіші бұзақылық пен кіші күпірлікті меңзеген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұндай нақысты сөзді адамдарда осындай қайтарылатын әрекеттерге деген жиіркенішті тудыру үшін қолданды. Бұл — Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Адамдардың (жасайтын) екі (ісі) олардың күпірлігінің (сипаты) болып табылады: (өзгелердің) шыққан тегін балағаттау және өлген адамға дауыстап жоқтау айту» (Муслим «Сахих», № 67 хадис), — деген сөздеріне, сондай-ақ, оның өзге де: «Менен кейін[1] бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар!» (әл-Бухари «Сахих», №121 хадис), — деген сөздеріне де қатысты. Басқа да осындай көптеген хадистер бар екені мәлім.
Әрбір мұсылман, әсіресе ол діндарлардан болса, барлық нәрсеге абайлықпен және даналықпен кірісуі керек. Бұл дегеніміз: ол кез келген істерді Құран мен Сүннеттің аясында қарауы, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің өнегесіне ілесуі керек және (мәселенің) қыр-сырына үңілмей шешім шығаратын көптеген адамдар түскен қауіпті жолдан сақ болуы қажет. Діндарлар Аллаһқа шақырумен міндетті түрде айналысуы керек, бүге-шігесіне дейін көңіл бөліп, адамдарға Исламның мәнін түсіндіруі керек, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын пайдаланып, оларды Исламның қағидаттарын бұлжытпай ұстануға және бір-біріне игі насихаттар беруге талпындыруы және оларда жоғарыда аталған нұсқауларға қарсы келетін кез келген істерден қорқыныш туғызуы қажет. Осының себебімен олар ақиқат жолын түсіндіруге және оған қайшы келетін барлық нәрседен сақтандыруға қатысты болған нәрседе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы шыншыл халифалардың және сахабалардың өнегесіне ілесе алады. Мұның қажеттілігіне Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсұнғандардың бірімін!», — деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Айт: «Бұл – менің жолым. Мен және маған ілескендер Аллаһқа білім негізінде шақырамыз. Аллаһ Пәк және мен көпқұдайшылдардан емеспін» (Юсуф сүресі, 108-аят).
Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[2] пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нахль сүресі , 125-аят), — деді.
Және мұның қажеттілігіне Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері де нұсқап тұр: «Жақсылыққа нұсқағанға жақсылықты істегенге берілетіндей сауап (белгіленген)». Муслим «Сахих», хадис №1893.
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Дұрыс жолға шақырған (адам) өзіне ілескендердің (барлығының) сауабына тең сауап алады, және бұл олардың сауаптарын бір түйірге де азайтпайды, ал (өзгелерді) адасуға шақырған адам өзіне ілескен адамдардың күнәларының (ауыртпалығына тең жүгін) мойнына көтеріп алады, және бұл олардың өздерінің күнәларының ауыртпалығын жеңілдетпейді». Муслим «Сахих», №2674 хадис.
Хайбар[3] үшін болған шайқаста Алиді, Аллаһ оған разы болсын, яхудилерге жіберген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деді: «…оларды Исламға шақыр және Аллаһқа қатысты оларға не міндетті екендігі туралы оларға хабарла. Және, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды (болса да) тура жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерді (иемденуден) жақсы болады[4]!» әл-Бухари «Сахих», №3009 хадис; Муслим «Сахих», №2406 хадис.
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ ол арқылы тура жолға ең алғашқы оның сахабаларын шығармайынша, игі насихаттармен, даналықпен, сабырлықпен және өзге де ең жақсы болған әдістермен адамдарды бірқұдайшылыққа және Исламға шақырып, Меккеде он үш жыл өткізгені мәлім.
Аллаһтан бізге және біздің бауырларымызға олардың өнегесіне шынайы ықыласпен ілесуге көмектесуін, бізге және Исламға шақырумен айналысатын біздің барлық бауырларымызға көрегендік пен қырағылық, Онымен дидарласуға дейін игілік жасауға және сабырлық танытуға деген қабілеттілік беруін сұраймыз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол мұны істей алады. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және Ақырет күніне дейін таза жүрекпен оларға ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын[5].