Аллаһтың үкімін табанды түрде мойындамау (жухд)

• ЕКІНШІ ЖАҒДАЙ

Табанды түрде мойындамау (жоққа шығару)  (жухд)

Бұл – адамның Аллаһтың үкімін табанды түрде мойындамауы (жоққа шығаруы) себепті Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаруы (билік құруы) немесе шешім шығаруы.

Бұл жағдайға қатысты шариғат үкімі: бұл амал адамды кәпір етеді және үлкен күпірлік (куфр акбар) санатына жататынына ғалымдар бірауызды келісімде.

Дәлелдер:

1. Әһлю-Суннаның «Аллаһтың дінінен қандай да бір нәрсені мойындамаған (жоққа шығарған) адам кәпір болып табылады» деген бірауызды пікірі. Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Аллаһ оны міндеттеген нәрселерден қайсысын болса да табанды түрде мойындамайтын (жоққа шығаратын) адамға қатысты Шариғат үкімі осындай…  Мұндай адам кәпір және діннен шыққан (муртад) болып табылады… Ғалымдардың бірауызды пікірі осындай».[1]

2. Аллаһтың түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндетті екендігін мойындамайтын (жоққа шығаратын) адам кәпір болып табыладытындығы туралы Әһлю-Суннаның бірауызды пікірі. Мухаммад ибн Ибраһим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «Бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушілік жоқ… Мұндай адам Исламнан шыққан кәпір болады».[2]

Бұл жағдаймен төрт мәселе байланысты. 

Бірінші мәселе:

Адам Аллаһ түсіргеніне сәйкес басқарудың (билік құрудың) және шешім шығарудың міндеттілігін мойындамаса (жоққа шығарса), кәпір болады, тіпті ол өзі Аллаһтың түсіргеніне сәйкес емес басқаратындардың (билік құратындардың) және шешім шығаратындардың қатарында болмаса да.

Екінші мәселе:

Мойындамау (жоққа шығару) жүректің амалдарына жатады. Мойындамаудың (жоққа шығарудың) мәні – адамның өз жүрегімен мойындаған нәрсесін сырттай мойындамауы (жоққа шығаруы). Аллаһ Тағала былай деген: «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра, зұлымдықпен және менмендікпен қарсы шықты».[3] Бұл аят мойындамаушы адам өзі сырттай мойындамай (жоққа шығарып) тұрған нәрсесін жүрегімен мойындап тұрған болуы мүмкін екендігіне нұсқайды.

Әр-Рағиб әл-Асфахани, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Жухд” — бұл адамның оның жүрегі растайтын нәрсені мойындамауы (жоққа шығаруы), сондай-ақ оның жүрегі мойындамайтын нәрсені растауы»[4].

Әл-Файрузабади, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: «“Жәхада” — (мойындамайтын нәрсе туралы) білімге ие бола тұра, мойындамау (жоққа шығару)».[5]

Мойындамау жүректің амалдарына жатады. Ал жүректің амалдарына жататын нәрселерді тек адамның өзі өзінің ішіндегісін жариялаған кезде ғана білуге болады.[6]

Үшінші мәселе:  

Бақылауларға негізделген деректер харам нәрселерді істеп жатқан адам олардың харам екендігін мойындамайтынына (жоққа шығаратынына) дәлел бола алмайды.[7]

Төртінші мәселе:

Кейде ғалымдар «жухд» сөзін күнәхарлар туралы сөз еткенде де қолданады, алайда онымен жүректің сенімін емес, харам нәрсені істеудегі фактісін ғана меңзейді. Бұл жағдайларда адамның кәпір болып табылатындығы меңзелмейді. Бұл аталған жағдайда «жухд» сөзі сөзбе-сөз мағынада қолданылмайды. Сондықтан оның нақты адамға қатысты қолданғандығы бізге оны кәпір деп есептеу үшін негіз бермейді (бола алмайды).



[1] Абдуль-Азиз ибн Баз, «әл-Фатауа», 7-том, 78-бет.

[2] Мухаммад ибн Ибраһим, «Тахқим әл-қауанин», 14-бет.

[3] «Ән-Намль» сүресі, 14-аят.

[4] Әр-Рағиб әл-Асфахани, «Әл-муфрадат», 95-бет.

[5] Әл-Файрузабади, «Әл-қамус әл-мухит», 1-том, 389-бет.

[6] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

[7] Бірінші жағдайға тиісті түсіндірмені қараңыз.

 

You may also like...