Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Шейх Әлбанидің, Аллаһ оны рақым етсін, шәкірті — Шейх Мәшһур ибн Хасан Әли Сәлманға сұрақ:
«Құрметті шейх, Аллаһ Сізді игіліктеріне бөлесін, мен сұрақты ретімен қойғым келеді.
Бірінші сұрақ: Шейх, сәлафия дағуатын таратушылардың әрбірі қинауға алынып,түрмеге жабылып, баспанасынан айырылғанын және «уаһаббшылар» деп айыпталып жатқанын ескерген жағдайда, біз бидғат жақтаушыларының алдында өз сенімдерімізді қалайша қорғауымыз керек? Бізде Аллаһ түсірген нәрсеге қайшы үкім шығаратын, кәпір Ресейдің нұсқамасына еретін әмірлердің тираниясына қарсы тұратын материалдық күш те, қол (дене) күші де, мағыналық тұрғыдағы күш те жоқ. Біз осы бақытсыздыққа сабыр етуіміз керек пе, әлде қарсы күрес басым бөлігі мұсылман болған Кавказ халықтарының өздеріне анық зиян және шығын әкеліп жатқандығына қарамастан, оларға қарсы соғыс ашуымыз керек пе?! Осыған қатысты Сіздің насихатыңыз қандай болмақ?»
Шейх Мәшһур:
«Аллаһқа мадақ, Аллаһтың елшісіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Мұндай маңызды мәселелерді тек үлкен ғалымдар қарауы керек! Біз өзінің шәкірттеріне дінді оқып-зерттеуді және оны адамдарға үйретуді өсиет еткен осы заманның шейхы – шейх Ибн УсәйминУсаймин, шейх Ибн БәзБаз, шейх Әлбани сияқты үлкен ғалымдарымыздың көзін көріп үлгердік (Аллаһ оларды рақым етсін). Олар ерекше назарды ақиданы үйретуге басты назар қоятын, әрі әмірлерге қарсы күресуге шақырумен айналыспайтын. Олар күпірлікте айыптау мәселелерінің қауіпті екендігін және бұл мәселе жеткілікті білімге ие болмаған жас студенттер үшін емес екендігін үйрететін. Ал білім талап етушіге міндетті болып табылатыны – өзінің күші жететін нәрселермен айналысу. Бұған Пайғамбарымыздың «Мен сендерге бұйырған нәрселерден күштерің жеткендерін орындаңдар» деген хадисі дәлел болады.
Құран мен Сүннетті осы үмметтің алғашқы буынының түсінуімен оқып-үйрену, кейін оларды адамдарға жеткізу керек.
Мұсылман әмірлеріне қарсы көтерілуге шариғат рұқсат етпейді, тіпті кейбір әмірлер кәпір болса да.
Сендерге қатысты айтар болсақ, діндеріңді оқып-үйренумен айналысыңдар және мүмкіндіктеріңе сәйкес оған адамдарды үйретіңдер, міне осы – сендердің міндеттерің. Қантөгіс мәселелерінен сақ болыңдар! Имам Ахмад: «Ақиқатында, мен қантөгіс мәселелерінен қорқамын!», — дейтін.
Сондай-ақ әл-Бухаридің «Сахих» жинағында Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адам харам етілген қанды төкпейінше өз дінінің кеңістігінде болады», — деген хадис келтіріледі.
Мұндай бүліктерден аулақ болыңдар! Бұл уақыт – бүліктердің уақыты! Біз Құран мен Сүннетті берік ұстауға мұқтажбыз».
Сұрақ қоюшы:
«Рахмет, шейх. Екінші сұрақ: (Кавказдағы) соғыс қазір Кавказ халықтарының арасындағы азаматтық, топтық соғыс сипатында болуда. Олар тауда бір-бірін өлтіріп, өздерін исламилер деп жариялайды. Олар жергілікті билікке қатысты болғандардың барлығын жалпылама түрде, сондай-ақ белгілі тұлғаларды күпірлікте айыптайды.Олар қарапайым құтқарушылар (бұзылғанды жөндейтін қызметкерлер) мен МАИ қызметкерлерін де, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін де өлтіре береді. Сондай-ақ олар діни басқарма тағайындаған кейбір белгілі имамдарды мұсылмандарға қарсы тыңшылықта (шпионажда) айыптап, қаза қылуда. Спирттік ішімдік сатушы кәсіпкерлерден ақшаларын тартып алады, егер дінді уағыздаушылар олардың кесірлі сенімдерін қолдамаса, оларды өлтіретіндігін айтып қорқытады. Муртадттарға қарсы жиһадтың ұранымен өздерін жарып жібереді, бұл ғимараттар мен құрылыстардың жойылуына, бейбіт тұрғындардың қазасына және мұсылмандардың үрейленуіне әкеледі.
Біз адамдардың қолымен енгізілген заңдарға қызмет етушілерді сөгеміз! Алайда қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көпшілігі Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіреді, бес уақыт намазды орындайды, ораза ұстайды, біз олардан: «Сендер Аллаһтан түскенмен үкім ету қажет екендігіне келісесіздер ме?», — деп сұрасақ, олардың көпшілігі бұған оң жауап қайтарады. Бірақ «достық пен махаббат, кәпірлерге көмек көрсетіп, болысу» мәселелерін білмегендіктен, олар осындай қауіпті жағдайға тап болып, ауыр күнә жасап жатыр. Бірақ энтузиазмға салынып кеткен бұл жастардың әрекеттері Аллаһтың жолындағы дұрыс жиһад болып саналады ма? Сіздің оларға деген насихатыңыз қандай болмақ?»
Шейх Мәшһур:
«Менің насихатым мынандай: біз ондай маңызды, күрделі мәселелерді талқылайтын адамдардан емеспіз! «Өз орнын білушіні Аллаһ рақым етсін, бұл —біріншісі.
Екінші: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қоштасу қажылығында былай деп айтқан: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің және сендердің мал-мүліктерің мен ар-намыстарың осы айдағы және осы қаладағы осы күн сияқты (қол сұғуға) харам болып табылады!» Сондықтан мұсылманның қаны – харам, оны төгуге тыйым салынады! Адамдарды күпірлікте айыптау, жарылыстар ұйымдастырып, адамдарды өлтіру, үрей себу – Аллаһ разы болмайтын және жақсы көрмейтін лаңкестік.
Осындай нәрселерді жасап, қан төгіс туралы пәтуа беріп жүрген, энтузиазмға салынған, зердесіз жастарға келер болсақ, олардың мұндай нәрселері қабыл етілмейді. Біздің міндетіміз — адамдарды оқыту, Аллаһтың дінін тарату, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) шақыруының тактикасын, әдіс-тәсілдерін оқып үйрену, оның Пәк Аллаһ Тағалаға шақырудағы ұстанған реттілігін үйрену.
Ал мұсылмандарды жаппай өлтіруге болысу – айыпталатын іс және өтірік сөз. Ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі!»
Аудио таспаны тыңдау:
1-Бөлім: http://www.youtube.com/watch?v=aFC2Sx5H2GY
2-Бөлім: http://www.youtube.com/watch?v=Dtxtk3fGiOc
Дереккөз: www.salaf-forum.ru