Шейх Мукбил ибн Һадидің Мекке және Мәдинадағы жарылыстардың артында тұрғандар туралы айтқан сөздері

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

”Біз  бүліктің кезінде өмір сүрудеміз, әрі одан бізді Аллаһ Тағаладан өзге ешкім құтқара алмайды. Ал бүліктен құтылу — Құран мен Сүннетке қатаң түрде ілесуде, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктерді көреді, ал сол үшін сендер менің Сүннетімді және тура жолмен жүруші ізгі (салиқалы) халифалардың Сүннетін ұстануларың қажет. Одан азу тістеріңмен ұстаныңдар!» Абу Дауд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәжжаһ 42”.

Менің айтайын дегенім: адамдар ғалымдарға қайта жүгінуді қалдырған кезден бастап қайғы-қасіретке түсті, ал Аллаһ Тағала былай деген: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны Пайғамбарға не өздерінің ықпалдыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді» (ән-Ниса; 83). Ал ықпалдылар  — бұл ғалымдар, әмірлер және парасатқа ие ізгілер.

Мен: «Ақиқатында, біз өмір сүріп жатқан қауымдастық тәрбиеге мұқтаж», —  деймін. Ол қоғамды дұрыс білімнің, бірқұдайшылықтың және Аллаһқа даналықпен және жұмсақтықпен шақырудың негізінде  тәрбиелейтін шейх Ибн Баз сияқты мыңдаған адамдарға және шейх әл-Әлбани сияқты мыңдаған адамдарға мұқтаж! Бұл екі қадірлі адамдарды хизбилер[1] жақсы көрмейді. Маған осы екі кісіні жек көрмейтін бір хизбиді болса да алып келіңдерші!

Біз терактілер жасаушылардан мынаны сұрағымыз келеді: Сендер осы жарылыстардың заңдылығы туралы қандай да бір ғалымнан сұрадыңдар ма?! Әлде мұның барлығы – әл-Мәс’ари деген надан және ақымақтың нұсқаулары ма?! Біз соңғы жарылыс туралы: «Оны пәлен немесе пәлен орындады», — деп айтып тұрған жоқпыз, алайда оны әл-Мәс’аридің жақтаушылары істегендігі және олар – рафиділерден екендігі түсінікті».

Залым Хәжжаж ибн Юсуф Әнасқа, Аллаһ оған разы болсын, жәбір тигізетін, бірақ Әнас былай деп айтатын: «Аллаһпен ант етемін, егер менің туысқандарым болмағанда, мен оған ол мені өлтіріп тастайтын сөздерді айтар едім!» Әнас  өз туысқандары үшін қам жейтін. Ал салдары тұтас халықты  қорқынышқа әкеп соқтыру болып табылатын жиырма американдықты өлтіретіндер туралы не айтуға болады?!»

                     «Мән уәраа әт-тафжир фил-ард әл-Харамайн»

[1] Хизбилер «хизб» (партия) сөзінен шыққан. Сөз қандай да бір қайраткер негізін салған ислам ағымдары немесе ұйымдары туралы болуда. Бұл партиялардағы дінге шақыру және Исламды тарату әдістері Құран мен Сүннеттен емес, олардың негізін қалаушыларының пікірінен туындаған. Ал бұл партиялар аз болмағандықтан, олардың барлығының өзге партиялардан ерекшеленетін өз әдістері бар. Нәтижесінде олар мұсылман үмметіне, олардың құрылуындағы пайдаға қарағанда, көбірек зиян тигізеді.

You may also like...