Сайтымыздың оқырмандарының назарына Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабын ұсынамыз. Кітапты араб тілінен орыс тіліне аударған Дамир Хайруддин. Қазақ тіліне орыс тілінен аударған сайтымыздың редакциясы. Кітаптың толық нұсқасын мына сілтемеден жүктей аласыз: http://salafsolih.com/books/kz/14.doc
АЛҒЫ СӨЗ
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ және, ақиқатында, игілік ең соңында тек тақуалар үшін әзірленген.
Мен осы зерттеумен мұқият танысып, онда қамтылатын тақырып толығымен ашып берілген деген қорытындыға келдім. Осы орайда мен Аллаһтан авторды марапаттауды және оның еңбегін мұсылмандар үшін пайдалы етуді тілеймін.
Осы кітап араб тілінде жарияланса — жөн болар еді деп есептеймін. Алайда егер автор өзін-өзі өлтіруге алып келетін «жанкештілік» деп аталатын акцияларды рұқсат ететін пәтуалардың теріс салдарына, олардың мұсылман қоғамдарына тигізетін кесірлі әсеріне, сондай-ақ, осындай жанкештілік актілерді рұқсат ететіндердің арасындағы келіспеушіліктерге толығырақ тоқталса, ол едәуір мазмұндырақ болар еді. Сондай-ақ, осы еңбекте мұндай актілерге тыйым салатын ғалымдардың пәтуалары кең қамтылғанын қалар едік.
Абдуллаһ әс-Сабт
Шәржа, БАӘ
Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
КІРІСПЕ
Жанкештілік акциялары соңғы кездерде кең тараған құбылыстардың қатарына жатады. Оларды осылай деп бұл амалды рұқсат ететіндер атайды. Ал бұл әрекеттерді орынсыз деп есептейтіндер оларды жай «өзін-өзі өлтіру» актілері деп атайды. Бұл іс-әрекеттердің кең таралуы ақыл-есі сау көптеген адамдарды мына сұраққа жауап іздеуге итермелейді: «Шындығында да Ислам осылай істеуге әмір етеді ме?» Осыған қоса Исламды жек көрушілер осы жағдайды өздерінің мүддесіне мұсылмандарға қарсы пайдаланады да, оларға лаңкестер (террористтер) деген ат тағып, Ислам өзінің ұстанушыларына дәл осыны бұйырады деп айтады. Сөйтіп, ақиқат осы екеуінің, яғни Ислам дұшпандарының осы құбылысты өз мүддесіне пайдалануларың және жанкештілік актілерді мақұлдайтын және оларды «сионистердің елу жылдық езгісінің жазасы», «тоқтаусыз жүріп жатқан адам өлтірулер, қуғын-сүргін және ойсырау үшін қасиетті кек алу» деп есептейтін езгідегі мұсылмандардың жалынды шабыттануының ортасында жоғалып қалды.
Бірнеше жылдардан бері бұқаралық ақпарат құралдарында осындай актілердің заңды статусы туралы пікірталастар жалғасуда. Алайда бұл пікірталас қоғамдық пікірді олар заңды күшке ие дегенге қарай одан сайын күштірек құлатты. Бұдан қалса, адамдардың арасында басында доктор әл-Қардауи тұрған кейбір ғалымдардың «Бұл актілер дін үшін жан пида етудің ең жоғары сатысы» деген сөздері өте кең танылды. Бұл көзқарастарға деген жаппай қызығушылық басқа пікір-пайымдарды бөгеп тастады, ал халықтың пікірінің күші олардың орынсыздығы туралы айтып жүрген кейбіреулерді үнсіз қалуға мәжбүр етті. Мәселе діни сипатқа қарағанда, көбірек саяси сипатқа ие болды.
Жанкештілік актілердің рұқсат етілмейтіндігін түсіндіріп беретін кітапты жазуға мені бірнеше себептер итермеледі. Олардың біріншісі — бұл «феноменнің» палестиналық нұсқасы олардың заңдылығына және орындылығына мән бермейтін көптеген жас мұсылмандарды осындай іс-әрекеттерді жасауға шабыттандырғанына деген менің қынжылғаным. Басқа себеп Исламның осы актілерге деген қатынасына қызығушылық танытатын орыс тілді бауырлардан және әпке-қарындастардан маған келіп түскен жүздеген сұрақтар болды. Тағы бір себеп Планетаның түрлі аймақтарында жасалып жатқан және адамдарды Аллаһтың дінінен теріс бұрғызатын факторлардың бірі болған жанкештілік актілер әкеп соқтырған мұсылмандар үшін өте қорқынышты зардаптар болды.
Мұндай операцияларды жүзеге асырушы ұйымдар Шариғаттан өздерінің әрекеттеріне ақтау іздеуге кірісті. Жанкештілік актілерді іске асыруды жақтап олардың тез нәтижесіне есі кеткендер шыға келді. Олардың көбі осы ұйымдардың идеяларына ортақтас еді және олардың қатарында болды. Алайда олар мұндай әрекеттер қандай салдарға әкеп соқтыратынын ойламай ғана қоймай, бұл мәселе бойынша Құранның әмірлеріне де ақыл тоқтатқан жоқ.
Аллаһ Өзінің шексіз және мінсіз даналығымен көпқұдайшылдардың арасында өмір сүріп жатқан және мұсылмандар оларды білмейтін, сондай-ақ зиян және шығын шегуі мүмкін болған мүміндер зардап шекпеуі үшін Мекке алқабында мұсылмандар мен көпқұдайшылдардың арасында шайқастың орын алуына жол бермеді ғой. Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ (Т.) не істегендеріңді толық көруші. Олар сондай кәпірлер – сендерді Мәсжид Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына (қуып) барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді (соғысқа жол қойылар еді). Аллаһ кімді қаласа мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді). Ал олар өзара бөлінгенде, олардан кәпірлерді күйзелтуші азаппен қинар едік» (әл-Фатх, 24-25).
Бұл актілердің мәнін адамдарға түсіндірудің қажеттілігін ұғынып, мен оларға мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін бірнеше рет қайталап жариялаған Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ ибн Баз, Мухаммад ибн Салих әл-Усаймин, Мухаммад Насыр әд-Дин әл-Әлбани, Абд әл-Азиз ибн Абдуллаһ Әл әш-Шейх, Салих ибн Мухаммад әс-Сәдлән сынды т.б. ірі ғалымдардың пәтуаларын ұсынуды жөн санадым.
Сонымен бірге, әділеттіктің және шындықтың хақысын беріп, мен жанкештілік актілерді рұқсат етілген деп есептейтіндердің де дәлелдері мен дәйектерін келтірдім. Әрине, ғалымдардың арасындағы бұл мәселе бойынша келіспеушіліктер — белгілі факт, алайда едәуір маңыздысы – тіпті осындай әрекеттерді рұқсат етілген деп есептеген ғалымдар да тек қана Палестинаны меңзегені.
Мен қолданған әрбір дәйексөз оның авторына деген сілтемесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл еңбекте мен тек қана сахих хадистерге сүйеніп, олар келтірілетін көздерге (дереккөздеріне) міндетті түрде нұсқау жасадым. Сонымен бірге, мен хадистердің келіп шығуына қатысты нәрселерге егжей-тегжейлі кіріспедім де, хадистің әл-Бухари мен Муслимнің жинақтарының біреуінде келтірілуін оны сахих деп тану үшін жеткілікті фактор деп санауға және оны басқа жинақтарда іздемеуге жеткілікті деп есептедім. «Әс-Сунан» жинақтарына жүгінгенде, мен хадистің сахихтығын нақтылауда осы саладағы біздің заманымыздың көрнекті ғалымы шейх әл-Әлбанидің, Аллаһ оны рахым етсін, зерттеулерін басшылыққа алдым. Әдетте, мен «әс-Сунан» жинақтарының негізінде оның құрастырған сахих хадистер жинағына жүгіндім.[1]
Бұдан тыс мен жанкештілік актілерге жол берілмейтіндігі туралы ғалымдардың бірқатар пәтуаларын келтірдім. Алайда, әрине, мен бұл тақырыпқа қатысты барлық пәтуаларды қамти алмадым. Бұл еңбекті әзірлеуде үлкен еңбек мені кейбір маңызды дереккөздермен қамтамасыз еткен ұстазым Абдуллаһ әс-Сабтқа, Аллаһ оған есендік берсін, тиесілі.
[1] «Әс-Сунан» деп аталатын хадис жинақтарының ең танымал төртеуі бар. Олардың құрастырушылары – өз замандарының көрнекті діндар-ғалымдары – Абу-Дауд, әт-Тирмизи, ән-Нәсаи және Ибн Мәжаһ. Осы жинақтардың әрбірі шейх әл-Әлбани тарапынан тексеріліп, екі бөлімге бөлінді: сахих (сенімді) хадистер жинағы және даиф (әлсіз) хадистер жинағы.