Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Әл-Хубар қаласында орын алған жарылысқа байланысты шешімі

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі 13.02.1417 х.ж. (29.06.1996 ж.) сенбі күні әт-Таиф қаласында өткен өзінің төтенше 10-отырысында Шығыс ауданында орналасқан Әл-Хубар қаласында хижра бойынша  09.02.1417 ж. (25.06.1996 ж.) сейсенбіде орын алған және қирауларға, көптеген мұсылмандар мен мұсылман емес адамдардың опат болуына, жарақат алуына және қорқып-үрейленуіне әкеп соқтырған жарылыс туралы мәселені қарады.

Аталған мәселені қарап және зерттеп, Кеңес бірауызды төмендегі шешімді қабылдады:

1. Аталған жарылыс — қылмыстық акция деген пікірге мұсылмандар бірауызды келіседі, бұған төмендегі жағдайдайлар нұсқайды:

а) Аталған жарылыс баршаға аян болуға тиіс болған Ислам тыйымдарын бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттерді жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығына қастандық, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың өміріне қарсы және адамдар оларсыз амалдай алмайтын қоғамдық қызметтерге қарсы жасалған қастандық  болып табылады. Аллаһтың тыйымдарын бұзуға қорықпай бет алған, Оның құлдарына қатысты зұлымдыққа жол берген  және мұсылмандар мен олардың арасында өмір сүретін басқа тұрғындарды қорқытып-үрейлендіруге талпынған кімсенің қылмысы нендей жиіркенішті және ауыр болып табылады! Оған қасірет, тағы да қасірет болсын, өйткені оны Аллаһтың жазасы, кек алуы және Оның лағынеті күтіп тұр, ал біз Аллаһтан қылмыскерді әшкерелеуін және оны қорлауын тілейміз.

б) Шариғатқа сәйкес әрбір мұсылман және де мұсылмандармен бейбіт өмір сүріп жатқандардың барлығы қол сұғылмаушылық құқығына ие; бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деген:  «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және зор қинау әзірлеп қойылған!» (ән-Ниса сүресі, 93-аят).

Мұсылмандардың қорғауындағы адамды[1] білместікпен өлтіру туралы айтар болсақ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер ол (өлтірілген адам) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құлды азат етуі керек» (ән-Ниса сүресі, 92-аят).

Ал егер қорғаныштың астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды қасақана өлтіру туралы не айтуға болады?  Мұндай адамды өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты[2] өлтірген (адам) аңқыған иісі (одан) қырық жылдық жол қашықтықтан сезілетін Жәннаттың иісін де сезбейді» (әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис), — деп айтқаны туралы.

Сонымен, қорғаныштың астындағы адамды өлтіріп, өте ауыр және жиіркенішті қылмыс жасау түгілі оны ренжітуге де болмайды. Муахадты өлтірген адамға өте қорқынышты ескертулер жолданған, өйткені мұндай күнә өте ауыр күнәларға жатады және оны жасаған адамға Жәннатқа кірмейтіндігі туралы қорқытылып айтылады, ал біз Аллаһтан пана іздейміз және Ол бізді қолдаусыз қалдырмауын тілейміз!

в) Мұндай қылмыс Ислам тыйым салған бірқатар амалдардың жасалуымен байланысты. Олардың қатарына қиянат, сатқындық, зұлымдық пен өшпенділіктің көрініс беруі, мұсылмандарды қорқыту т.б. жатады. Бұл амалдардың барлығы Аллаһ, Оның Елшісі және муминдер тәрк ететін және жек көретін,  айыпталатын өте жиіркенішті істер болып табылады.

2. Кеңес мұндай қылмыстық әрекеттер шариғатпен тыйым салынғандығына анық нұсқайды және әлемге төмендегіні жариялайды:

Исламның, сол сияқты Аллаһ пен Қиямет күніне иман келтірген кез келген мұсылманның да мұндай іс-әрекеттермен ортақ еш нәрсесі жоқ.  Мұндай амалдарды тек бұрмаланған көзқарастар мен бұзылған сенімге ие адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды.

Мұндай іс-әрекеттер — нағыз пасықтық пен қылмыс және шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі.  Дәл сол үшін де Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Өйткені Аллаһ Тағала:   «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол — өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», — делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді, (ол) нендей жаман орын» (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар), — деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы — өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл — олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағаладан осындай істермен айналысып жүрген адамдарды шариғат бойынша соттау үшін әшкерелеп, ұстап алуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Сондай-ақ біз Одан бұл елден де, басқа мұсылман елдерінен де қайғы-қасіреттің бетін аулақ етуін, екі Қасиетті мешіттердің қызметшісі болған король  Фахд бин Абд әл-Азизге, оның үкіметіне барлық мұсылман әмірлеріне мемлекеттер мен Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді атқаруға, бұзақылық пен бұзақыларды басып тастауға көмектесуін, осы әмірлер арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың істерін ретке келтіруін тілейміз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[3]



[1] Қорғау астында болғандардың қатарына Кітап иелері, яғни яхуди мен христиандар жатады.

[2] «Муахад» — Исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман территориясында келісім бойынша өмір сүріп, жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

[3] «Әд-Дағуа» журналы, №1548 18.06.1997 ж. (х. 12.02.1418 ж.).

You may also like...