Жихад және дұға

шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадрдің «Жихадтын даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер» кітабын жариялауды жалғастырамыз және аяқтаймыз:

Он үшінші тарау: Жихад және дұға

 Осы тарауда назар аудару тиісті болған нәрсе – бұл дұға, өйткені ол – кез келген игіліктің кілті, Құдіретті және Ұлы Аллаһқа жүгінудің ықыласы, Оған тәукел етудің кемелдігі, оған бет бұрудың көркемдігі болып табылады. Ол — мұсылмандарды олардың дұшпандарының жауыздығынан сақтау, олардан қауіпсіздендіру, олардың зұлымдығы мен айлакерлігінен сақтап қалу үшін (қажет және маңызды). Және Құдіретті де, Ұлы Аллаһ Өзіне жүгінген адамды амандықта сақтайды, және Одан пана тілеушіге жетіп асатын (пана) болып табылады, өйткені барлық істер Оның қолында, және Ол Өзінің қолында ұстап тұрмаған бірде-бір тірі жан жоқ.

Қасиетті мәтіндерде бұл тақырыпқа байланысты келтірілген дұғалардың ішінде Абу Дауд, әт-Тирмизи және басқалар Анас ибн Маликтен, Аллаһ оған разы болсын, келтірген дұға бар. Ол былай деді: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа аттаннатын кезінде: «Уа, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің және менің қорғаушымсың. Сенің көмегіңмен мен тырысамын, Сенің көмегіңмен мен шабуылдаймын, Сенің көмегіңмен мен шайқасамын /Аллаһумма, антә ‘адудии уә нәсыри, бикә әхулю, уә бикә әсулю, уә бикә уқатилю/», — дейтін». Абу Дауд № 2632, әт-Тирмизи № 3584.

Оның «Уа, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің» деген сөздері. Яғни Сен — менің көмегімсің, және маған Сенен өзге көмектесуші жоқ, әрі Сенен өзгеде Пана жоқ. Бір Сенен ғана көмек сұраймын және Бір саған ғана пана тілеп жүгінемін.  

Оның «Менің қорғаушымсың» деген сөздері. Яғни Сенен өзге мені қорғаушы жоқ. Ал кім үшін қорғаушы Аллаһ болса, оны жеңу мүмкін емес, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Егер Аллаһ сендерге қолдау жасаса, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал егер Аллаһ сендерді қолдауынан айырса, Одан Өзге сендерге кім жәрдем ете алады? Ендеше мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін» (Али Имран, 160).

Оның «Бикә әхулю» деген, яғни «(Сенің көмегіңмен) мен тырысамын» деген сөзі.  Сондай-ақ: «(Әскери) қулыққа жүгінемін», — деп айтылған болатын. Осыдан  «Лә хаулә уә лә куууәтә иллә билләһ» сөзі туындаған, яғни Қандай да бір жағдайда құдірет Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді) және  қуат Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді). Немесе: зұлымдықты жою үшін қулық Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді), әрі игілікке жету үшін күш Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді).

Оның «Уә бикә әсулю» , яғни «Сенің көмегіңмен мен дұшпанға шабуылдаймын» деген сөздері  «әс-сәулә» сөзінен (туындаған), ал бұл – шабуылдау.

Оның «Уә бикә уқатилю» дегені, яғни «Сенің көмегіңмен мен дұшпаныммен шайқасамын».

Осы тарауда атап өту қажет болған тағы бір дұға Абу Муса әл-Аш’ариден, Аллаһ оған разы болсын, Абу Дауд  жеткізен хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қандай да бір адамдардан қауіптенге: «Уа, Аллаһ, біз Сені оларға қарама- қарсы қоямыз және Сенен олардың жамандығынан қорғау тілейміз /Аллаһуммә, иннә нәж’алюкә фи нухурихим уә нә’узу бикә мин шурурихим/», — деп айтатын дұғасы. Абу Дауд № 1537.

Оның «Аллаһуммә, иннә нәж’алюкә фий нухурихим»  сөздері. Яғни дұшпанның көкірегіне («нәхр») қарама-қарсы Сен біздің Сақтаушымыз, Қорғаушымыз және бізді олардан келетін кез келген  зиянның жолын  Бөгеттеуші болуың үшін (Сені қоямыз) (дегенді білдіреді). Бұл жерде олардың көкірегі («нухур») ерекше аталып тұр, өйткені дұшпан шайқаста көкірегімен екпіндейді. Және, мүмкін, «нәхр» сөзінің аталуында мүміндер Аллаһтың қолдауымен және көмегімен оларды (дұшпанды) өзгелерден кесіп («йәнхарунә») тастайтыны жөніндегі белгі бар шығар. Оның «Және біз олардың жамандығынан Сенен қорғау тілейміз» деген сөзі. Яғни олардың  бізге қатысты болған кез келген жамандығынан (дегенді білдіреді). Және Сен бізге жетіп асатын олардың жамандығын Қайтарушысың және олардың бізге деген жолын Бөгеттеушісің.[1]

Сондай-ақ мұсылманға мұндай жағдайда: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және бұл Қамқоршы және  Сақтаушы нендей жақсы! /Хасбуналлаһу уә ни’мәл-уәкиль/», — деп айту бұйырылған.

Әл-Бухаридің «Сахихында»  ‘Абдуллаһ ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, жеткен хадисте оның былай дегені жеткізіледі: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және Ол — нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы!» Мұны Ибраһим, оған Аллаһтың сәлемі болсын, отқа тасталған кезде айтты және мұны  Мухаммад да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын адамдар оған: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», — дегенде айтты.  «Алайда бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!», — деді» (Али Имран, 173). «Сахих әл-Бухари» № 4563.

«Бізге Аллаһ жетіп асады» деген сөздің мағынасы: Бізге Ол бізді мазаландыратын барлық нәрсе үшін жетіп асады, және сондықтан біз Оған ғана тәуекел етеміз, және Оған ғана сенім артамыз. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай дегендей: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады» (Таләқ, 3).

Ол сондай-ақ былай деді: «Аллаһ Оның құлына жетіп аспай ма?»  (Зүмәр, 36).

Оның «Осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!» деген сөздері. Яғни, игілікке жету және зиян мен бақытсыздықты тойтару үшін оған тәукел ететін Ол нендей жақсы (дегенді білдіреді). Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Ал егер олар жүзін теріс бұрса, онда Аллаһ – сендердің Қамқоршыларың екендігін біліңдер. Осы Қамқоршы нендей жақсы! Осы Көмекші нендей жақсы!» (Әнфәл, 40).

Бұл ұлы сөздер өзіне барлық кемшіліктерден Пәк Аллаһқа деген тәуекелді, Оған сүйенуді, Оған жүгінуді қамтиды. Бұл — адамның қуатқа (ұлылыққа), құтылуға және қауіпсіздікке деген жолы.   Ибн әл-Каййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Аллаһ Оған тәукел еткенге және оған жүгінгенге жетіп асады. Ол қорқышышта болғанға қауіпсіздік сыйлайды және қорғау тілегенге оны береді. Және Ол — нендей жақсы Қамқоршы және нендей жақсы Көмекші! Кім Аллаһтың Қамқорлығында пана іздесе, Оған жүгінсе,  Одан көмек сұраса, Оған тәукел етсе, Оған толығымен ұмтылса, Аллаһ оны басқаруды Өзіне алады, оны қорғап, амандықта сақтап қалады. Кім одан қорықса және қауіптенсе, Ол оған қорыққан және қауіптенген нәрсесінен қауіпсіздік береді, және ол оған мұқтаж болған барлық пайдалы нәрсесін береді. «Кім Аллаһтан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Аллаһ, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады» (Таләқ, 2-3). Сондықтан Оның көмегі, ризығы және тыныштығы кешігіп жатыр деп ойлама, өйткені Аллаһ Өз ісін соңына дейін жеткізеді, әрі Ол әрбір нәрсенің өлшемін бекітіп орнатты, ал ол өз өлшемінен ерте де келмейді, кешікпейді де». Қз.: «Бадаи’ әл-фауаид» 2/237-238.

Бұдан тыс, жоғарыда айтылғанда бұл сөздің маңыздылығына және ол Ибраһим мен Мухаммадтың, ол екеуіне де Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қиындық кезінде айтқан сөздері болып табылатындығына нұсқау бар.

Ибраһим, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дәлелдер арқылы өз тайпасын үнсіз қалуға мәжбүрледі, сенімді дәйектермен және айқын дәлелдермен оларға Аллаһтан өзге құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ екендігін және олар табынып жүрген нәрселер оларға пайда да, зиян да келтіре алмайтын жай пұттар ғана екендігін түсіндірді. «”Онда сендер Аллаһты қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма? Түһ! Сендерге де, Аллаһты қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?» – деді» (Әнбия, 66-67).

Тайпа үнсіз қалуға мәжбүр болған кезде және оларда оған қарсы қояр ешбір дәйек болмаған кезде, олар күш қолдануға көшті. «Олар: «Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ибраһимді өрттеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер», — десті» (Әнбия, 68). Олардың сөздері өздерінің дәйектері мен дәлелдерінде түк дәрменсіз екендігіне және олардың өте нақұрыс және ақылы мүлдем кем екендігіне дәлел болады, өйткені олар өздерінен көмекке мұқтаж екендігін өздері растап берген нәрселерге табынатын еді.

Кейін олар үлкен от жағып, Ибраһим пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ең жиіркенішті тәсілмен өлтіруді қалап, оған тастады.  Және оны, Аллаһтың оған сәлемі болсын, отқа тастағанда, ол былай деді: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы!»  Және Аллаһ өзінің сүйіктісіне көмектесті де, отқа: «Әй, от! Ибраһимге салқын, зиянсыз бол», — деді (Әнбия, 69). Ал ол (от) солай, яғни оған салқындық және құтқару болды, әрі ол одан зиян да, ыңғайсыздық та көрген жоқ.

Ал, Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» (Әли Имран, 173), — дегенде, осы сөзді айтты. Бұл Ухуд уақиғаларынан кейін орын алды. Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабаларына Абу Суфьян және онымен бірге болған көпқұдайшылдар оларға шабуыл жасау үшін бірікті деген хабар жетті. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның бір топ сахабалары жорыққа аттанып, Мәдинадан үш шақырым қашықтықта орналасқан Хамр әл-Асад деген жерге жеткенше тоқтамады. Сонда Абу Суфьянға осы туралы хабар жеткенде, Аллаһ оның жүрегіне үрей салды және ол Меккеге қайта жөнелді. Оның жанынан ‘Абд Қайс тайпасының керуені өтіп бара жатты, ал (Абу Суфьян) олардан: «Қай жаққа бара жатырсыңдар?» — деп сұрады. Олар: «Мәдинаға»,  — деп жауап берді. Ол оларға: «Сендер Мухаммадқа менің жолдауымды жеткізе аласыңдар ма?» — деді. Олар: «Жарайды», — деп жауап берді. Ол: «Сендер оған келген кездеріңде, біз олардың қалғандарын тамырымен жою үшін оған және оның сахабаларына  қарсы әскер жинағанымызды хабарлаңдар», — деп, осы арқылы оларды қорқытып үрейлендіруді қалады. Кейін бұл керуен Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хамра әл-Асадта болған кезінде, оның жанынан өтті, және олар оған Абу Суфьян мен оның серіктері айтқанын жеткізді.  Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және бұл Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы!» (Әли Имран, 173), — деді, әрі олардың Аллаһқа деген иманы мен сенімі ұлғайды. Олар Мәдинаға қайта оралды және оларға жамандық та, ренжу де келген жоқ, ал көпқұдайшылдар жүректері үрей мен қорқынышқа толып оралды.

Аллаһ Тағала: «Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», — деді. Бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!», — деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ — зор кеңшілік Иесі» (Әли Имран, 172-174).

Осыда Аллаһқа деген тәукел бұл дүниеде және Ақыретте игілікке жетіп, жамандықты тойтарудың ең үлкен себептерінің бірі болатынына нұсқау бар. Қз.:  «Тайсир әл-‘Азиз әл-Хамид» 502-505 беттер.

Және бұл осы кітаптың мөрленген мискі болсын.

Мен Аллаһтан Ол мұсылмандардың жағдайын түзетуін, оларды дұшпандардың жамандағынан аман-есен сақтауын, мұсылмандардың қауіпсіздігі мен иманын қорғауын, кәпірлердің қуатын (өсірмей) тоқтатып қоюын тілеймін, өйткені Аллаһ барлығынан да Құдіретті және жазалауда Қатал. Ол Өзінің дінін ұлықтасын және Өзінің Сөзін үстем етсін, және кәпірлерге қарсы бізге көмектессін.

Және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.



[1] Бұл тарауға сондай ақ Абу Са’ид әл-Худри, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген мына хадисті жатқызуға болады. Ол былай деп баяндайды: “Хандак шайқасы күні біз былай дедік: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз айтып жүретін бір нәрсе бар ма? Ақиқатында, біздің жүректеріміз (қорққанымыздан) кеңірдегімізге жетті!» Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі  болсын, былай деді: ”Иә, бар: «Уа, Аллаһ, біздің жалаңаштығымызды (әуретімізді) жап және қорқудан қауіпсіз ет! /Аллаһуммә-стур ‘ауратинә уә әмин рау’атинә/»” Және осыдан кейін Аллаһ біздің дұшпандарымыздың беттеріне желмен соққы берді әрі ол арқылы оларды талқандап тастады!» Ахмад 3/3, әл-Баззар 3119. Сахих хадис. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2018.

You may also like...