Ешқандай шарттары болмайтын жихадтың атымен анархияға және бетімен кетушілікке шақыратын адамдар жиі жағдайда тіпті жалған хадистерді де дәйек ретінде келтіреді, олардың арасында өте кең таралған, бірақ ешқандай негізі жоқ және шариғаттың көптеген қағидаларына қайшы келіп, ешқандай шарттары жоқ жихад жасауға шақыратын мына хадис те бар:
«Аспаннан жаңбыр тамшылап тұрғанша жихад тәтті және жасыл болып қала беруін тоқтатпайды. Алайда адамдар үшін сондай уақыттар келіп жетеді: сол кезде олардың арасындағы ғалымдар: «Бұл — жихадтың уақыты емес», — деп айтады. Ендеше кімде-кім сондай уақытты көріп үлгерсе, ол — жихад жүргізу үшін ең жақсы уақыт екенін білсін». Сахабалар: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Шынымен де, осыны біреулер айтады ма?» — деп сұрады. Ол: «Иә, мұны Аллаһтың, Оның періштелерінің және барша адамдардың лағынеті болған адам айтады», — деді.
Бұл хадис өтірік болып табылады, оның Ибн ән-Нухас “Мәшәри’уль-әшуақта ” келтірген нұсқасының сахих та, әлсіз де, тіпті өтірік те, яғни ешқандай иснады (жеткізушілерінің тізбегі) жоқ. Ибн ‘Асакир “Тариху-дДимашқта ” 43/347 және әд-Дәни “әс-Сунәнуль-уәридә филь-фитанда ” 3/751 келтірген нұсқаларының иснадтары бар, бірақ олар сенімді емес. Олардың иснадтарында хафиз Ибн Хажжәр әлсіз деп атаған Язид әз-Зурқаши және имам Ахмад ол туралы: «Өтірік хадистерді жеткізуші», — деп атаған Убад ибн Касир, сондай-ақ Ибн ‘Асакир онда әлсіздік бар деп айтқан ‘Амар ибн Насыр бар. Бұл – хадис туралы ілім жағынан.
Мұның үстіне, бұл хадис шариғаттың басқа сенімді мәтіндеріне және сау қисынға қайшы келеді. Умар соғысуды ұсынуына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылдармен Худайбия бітімін жасасты. Алайда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол уақыт соғысу үшін тура келмейді деп санады. Ендеше, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне кейін қайшы келетін сөздерді айтты ма сонда?! Осы өтірік хадистен Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың, періштелердің және барша адамдардың лағынетіне түскендердің қатарына түскені келіп шығып тұр ғой! Аллаһ бізді Оған және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік жапсырудан сақтасын!
Сондай-ақ, егер Аллаһ Тағала Құранда соғысуды бізге жек көрінішті деп айтса, қалайша жихад тәтті және жасыл болуы мүмкін?! Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерге соғысу әмір етілді, сендерге бұл жек көрінішті болса да!» (әл-Бәқара 2: 216). Және біреудің: «Бұл — жихадтың уақыты емес», — деп айтуынан қалайша уақыт өз шарттары бар жихад жүргізу үшін ең қолайлы бола қалады?!
Олар сондай-ақ ешқандай иснады жоқ тағы бір хадисті дәйек ретінде келтіреді, ол да «Мәшари’уль-әшуәқта» келтірілген:
Анас ибн Маликтен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кімде-кім Аллаһтың жолындағы жалғыз шайқасқа қатысқан болса, Аллаһқа мойынсұнудың барлық әрекеттерін жолдады». Сахабалар: «Біз сенен естіген нәрселерден кейін, кім жихадты қалдырып, артта отырып қала бермек?» — деп сұрады. Ол: «Оларды Аллаһ лағынеттегендер, оларда Оның қахары болғандар және оларға Ол жазасын әзірлегендер. Ақыр заманда пайда болатын және жихадты жоққа шығаратын адамдар. Менің Құдайым Өзінің қандай да бір құлын осындай жағдайда қарсы алса, міндетті түрде оны бұл әлемдерден ешкімді жазаламағандай етіп жазалайтындығы туралы Өзінен ант алды және Ол оны бұзбайды!» — деді». (Ибн Асакир жеткізген, «Машари-уль-Ашуақ», Жихадтан бас тартудың ауырлығы туралы тарау. Ибн Нухас, 1-басылым, 107-бет).