ЖиҺадтың үзіліссіз жалғасатындығы туралы хадистерді бұрыс түсіну

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Кейбір мұсылмандар: «Жиһад барлық кезде болуын тоқтатпайды және ешқашан үзілмейді, өйткені хадистерде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жиһад Қиямет Күніне дейін жалғасады!», — деген», — деп мәлімдейді!

Дәлел ретінде олар мына хадисті келтіреді:

Сәлама ибн Нуфайл былай баяндайтын: Бірде мен Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырғанымда, бір ер кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, адамдар өздерінің аттарын босатып жіберді, қаруларын жинап қойды да: «Жиһад жоқ және соғыс бітті», — деп айтты», — деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған бұрылды да: «Олар өтірік айтты! Қазір,  (дәл) қазір жиһадтың (нағыз) уақыты келіп жетті. Әрі менің үмметімнен болған бір топ ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды және Аллаһ кейбір адамдардың жүректерін олардан кері бұрып қояды, және олардың ризықтануы солардың есебінен болады, және Қияметке дейін осылай жалғаса береді. Ал Аллаһ маған мен бұл дүниені таяу арада тастап кетінімді және сендер менің ізімнен бір-бірін желкесінен ұратын топтар болып ілесетіндеріңді білдірді. Ал мұсылмандардың орталығы Шам болады!», — деді”. Ахмад 4/104, ән-Нәсаи 3561, Ибн Хиббан 1617. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 1935.

Және осыған сүйеніп кейбір мұсылмандар «Қазіргі уақыт қарулы жиһадқа тура келмейді», — деп айтатын немесе «Қазір жер бетінде шариғи жиһад жоқ», — деген кез келген ғалымды адасқан деп  және олар осы және осы сияқты хадистерге қайшы келеді деп айтады.

Ал іс жүзінде бұл ғалымдар осы және осы сияқты хадистер туралы жақсы біледі, бірақ бұл жас мұсылмандардан ерекше, олардың мағынасын дұрыс түсінеді!

Бұл адамдардан біз былай деп сұрағымыз келеді: «Сендер айтып тұрғандай «Жиһад үзіліссіз әр жылы, әр айда, әр сағатта, әр минутта  Қияметке дейін жалғаса береді» деп айтқан қандай да бір ғалым бар ма?»

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Менің үмметімнен болған бір топ Қияметке дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» Муслим 1037.

Күмәнсіз, бұл — Қияметке дейінгі уақытты қамтитын жалпылама хадис.

Бірақ біз Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянына (сираға) жүгінетін болсақ, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар үзіліссіз соғыспағандығын және Пайғамбардың өзі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Худайбия бітімі кезінде көпқұдайшылдармен 10 жыл мерзімге бітім жасасқанын көреміз. Ал бұл — Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өліміне таяу уақыт қалған кезде, Бадр, Ухуд, Хандак, Бану Қурайзаға жорық сияқты ең атақты шайқастардан соң  орын алған еді ғой.

Сондай-ақ басқа хадистер де Әһлю-Суннаның сенімдерінің бірі болған «Жиһад Қияметке дейін мәңгі!» деген сөз міндетті түрде үзіліссіз болады дегенді білдірмейтінін түсіндіреді!

Өйткені хадисте Қияметке дейін жалғасатын шайқасу туралы айтылған болса да, басқа хадистерде тіпті Қияметтің қарсаңында да мүлде соғысу болмайтын уақыт болатынтындығы туралы айтылады. Мысалы, Иса Дәжжалді өлтіргеннен соң «Жеті жыл адамдардың арасында қастасу болмайды!», — деген хадис. Муслим 2940.

Демек, шайқасулар бәрібір үзіледі екен ғой! Әлде біреу бидғатшылар сияқты хадистердің арасында қарама-қайшылық жасайды ма?! Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын!

Үзіліссіз соғысу туралы хадистің мағынасы «кәпірлермен жиһад» сияқты үкім Исламда Қиметке дейін болып, ешқашан күші жойылмайтынында. Бұл белгілі «Тәубе қабыл етілгенше хижра үзілмейді, ал тәубенің қабыл етілуі Күн батыстан шықпайынша тоқтамайды!» деген хижра туралы хадистер сияқты. Ахмад, Абу Дауд. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 7469.

Сонда осы хадистен хижра Қияметке дейін тоқтамай күн сайын жалғаса береді деп түсініледі ме? Ал енді кеше, не бүгін қандай да бір мұсылмандар хижра жасауға үлгермеген болса ше?!

Егер біз ғалымдарға жүгінсек, фақиһтардың былай деп айтқанын көреміз: «Шабуыл жиһадын ең аз дегенде жылына бір рет жасау қажет, бұл міндетті болып табылады, ал егер мүмкіндік және қалау болса, онда мұны көбірек жасау – абзал. Бұл мәселеде тіпті ижма` болмауына қарамастан». Олар да жиһадты үзіліссіз, күнде,  ай сайын, т.с.с жүргізу қажет деп айтпаған, ал мұны жылына бір рет жасау қажет, өйткені жизияны жылына бір рет жинау қажет деген.  Қз.: “әл-Инжәд фи әбуабил-жиһад” 2/128.

Сондай-ақ көптеген имамдар да жиһадтың үзілетін уақыты болады деп айтқан.

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби Исламның бес ұстыны туралы хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деген: “Міне, осы бес ұстын — Ислам дінінің іргетасы құралған негіз. Және бізге тек осы бес ұстынның аталуы жетті, және олармен бірге жиһад аталмады, ол дінді үстем етудің және кәпірлерді кемсітудің құралы болуына қарамастан, өйткені бұл бес ұстын қашан да фард болып қала береді, ал жиһад фард кифая болып табылады, ол аз болса, кейбір жағдайларда жиһад үзіледі!” Қз.:  “әл-Муфхим” 1/168.

Әл-Қуртубидің тура осы сөздерін имам Ибн Дақиқ әл-‘Ид те, оған келіскен түрде жеткізеді. Қз.: “Шарху әрба’ина-н-Нәуауи” 48.

Хафиз Ибн Ражаб «Дінде ең бастысы  – бұл Ислам, оның тірегі – намаз, ал шыңы – жиһад» деген хадисті айтып, былай деген: “Алайда жиһад Исламның негізі және ұстыны болып табылмайды және мұның екі себебі бар: Біріншісі – жиһад, ғалымдардың көпшілігінің айтуы бойынша, — бұл,  Исламның ұстындарынан айырықша, фард кифая, бірақ фард ‘айн емес. Басқа себеп – жиһад Қияметке дейін үзіліссіз орындала бермейді. Және Иса (әлейһиссәләм) түскенде, ол кезде Исламнан басқа бірде-бір дін қалмайды және сол кезде соғыс өзінен жүгін тастайды және жиһадқа деген қажеттілік қалмайды. Исламның ұстындарына келер болсақ, олар иман келтіргендердің әрбіріне Аллаһтың әмірі (Қиямет) келгенше міндетті болады”. Қз.: “Жәми’уль-‘улюми уәл-хикам” 82.

Және осының барлығы «Имамдардың арасында ««Менің үмметімнен болған бір топ Қияметке дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» (Муслим 1037) дегендей хадистерде сөз ғалымдар туралы болып тұр», — деп айтатын имамдар да бар еді дегеннің өзінде!

Мысалы, имам әл-Бухари осы хадисті келтіріп: «Олар – білім иелері», — деді. Қз.: “Фатхуль-Бәри” 13/205.

Ал имам Ибн Хиббан бір тарауды: “Хадис білгірлеріне Қиямет  күніне дейін көмек көрсетілетіндігі туралы ескерту» деп атап, мына хадисті келтірген: «Менің үмметімде үнемі жеңіске жететін бір топ болуын тоқтатпайды!» Қз.: “Сахих Ибн Хиббан” 1/153.

Ал тіпті кейбір бауырлар ол арқылы шайқасулардың үзіліссіз болатындығын дәйектейтін хадиске келер болсақ, оның өзінде не туралы сөз болып жатқандығы туралы түсіндірме және олардың түсінуін теріске шығару бар.

Сәлама ибн Нуфайл былай баяндайтын: “Бірде мен Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырғанымда, бір ер кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, адамдар өздерінің аттарын босатып жіберді, қаруларын жинап қойды да: «Жиһад жоқ және соғыс бітті», — деп айтты», — деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған бұрылды да: «Олар өтірік айтты! Қазір, (дәл) қазір жиһадтың (нағыз) уақыты келіп жетті. Және менің үмметімнен болған бір топ ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды, және Аллаһ кейбір адамдардың жүректерін олардан кері бұрып қояды, және олардың ризықтануы солардың есебінен болады, және Аллаһтың уәдесі жеткенінше Қияметке дейін осылай жалғаса береді. Жылқыларда да Қияметке дейін игілік бар. Ал Аллаһ маған мен бұл дүниені таяу арада тастап кетінімді және сендер менің ізімнен бір-бірін желкесінен ұратын топтар болып ілесетіндеріңді білдірді. Ал мұсылмандардың орталығы Шам болады!», — деді”. Ахмад 4/104, ән-Нәсаи 3561, Ибн Хиббан 1617. Хадис сахих. Қараңыз. “әс-Силсилә әс-сахиха” 1935.

Осы хадисте де мұсылмандардың арасындағы фитна және өзара соғысу туралы айтылады ғой.

Хадистің мағынасынан бұл да үзіліссіз орын алатыны түсініледі. Ал бұл жөнінде бұдан да анықтау басқа хадистерде айтылады. Мысалы, Саубанның Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер менің үмметімнің арасына қылыш түссе, ол Қияметке дейін көтерілмейді!», — деп айтқан хадисі. Әт-Тирмизи 2202. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 828.

Имам әс-Синди бұл хадис туралы былай деген: “Яғни мұсылмандардың арасында соғыс басталса, ол Қияметке дейін жалғасады. Усманның өлтірілу сәтінен бастап қылыш көтерілді және біздің күндерімізге дейін осылай болуын тоқтатпады!” Қз.: “Хашия ‘алә Ибн Мәжаһ” 4/329.

Ал бұл және осы сияқты хадистерді біз қалай түсінуіміз қажет? Осы хадисте мұсылмандардың арасында соғысу басталса, ол Қияметке дейін тоқтамайды деп анық айтылмайды ма?! Бірақ осы хадистен мұсылмандар Қияметке дейін бір-бірімен үзіліссіз соғысады деп түсінуге болар ма екен?!

Бұл жерде қалай істеуге болады:

Егер біреу: «Аталған хадистерден  бұл дүниеде жиһад міндетті түрде Қияметке дейін болуы қажет», — деп табанды түрде айтса, ол Қияметке дейін жалғасатын мұсылмандардың үзіліссіз өзара соғысуы туралы хадисті де солай етіп түсінуге міндетті болады!

Бірақ парасатты адам айтылғандарды бойына сіңіріп алып, хадистердің арасында қайшылық жасап, осылай істеуі екіталай болады, мұның үстіне анық мағыналы хадисте жеті жыл бойы мүлде қастық болмайды деп айтылған.

Бірақ егер біреу бәрібір өзінің түсінуінде қасарысып жатса, онда ол бізге мұсылмандар өзара соғысып жатқан жерлерді көрсетуге міндетті болады.

Мысалы, Сауд Арабиясы жайындағыдай? Ол жерде кейде жарылыстар болады, бірақ бірнеше жылға созылған тыныштық та болады, бұған қоса ол жерде жарылыс жасап жатқандар үшін Саудия — ислам жері емес. Әрі қарай, Иракта, бірақ ол жерде мұсылмандардың американдықтарға және шиға-ирактықтарға қарсы соғысы емес пе? Бұл да тура келмейді. Ал Ауғанстанды алсақ, ол жерде Солтүстік Альянс Талибанмен соғысуда, бірақ кейбір адамдар бұл мұсылмандардың бір-бірімен соғысы емес дейді, өйткені, олардың айтуынша, Солтүстік Альянс – мұсылмандар емес және американдықтардың жағында.  Мүмкін Шешенстан мен Дагестан шығар? Бірақ мұны да мұсылмандардың бірі-бірімен соғысуы деп айта алмайсың, өйткені бауырлар муртад-менттермен соғысып жатырмыз деп айтады, сондықтан бұл да келмейді.

Сұрақ: Ал қай жерде қазір хадисте айтылғандай  Усманның өлтірілу сәтінен басталған және Қияметке дейін жалғасатын мұсылмандардың арасындағы  соғыс болуда?!

Қараңдаршы, қандай қауіпті жағдай! Өйткені егер мұсылмандардың бір-бірімен соғысатындығы туралы хадисті үзіліссіз соғысу туралы хадисті алғандай етіп алсақ, онда мына екеуінің біреуі шығады ғой:

1 – не қазір мұсылмандардың өзара соғысуы мүлде жоқ, онда бұл нәрсе келтірілген хадиске қайшы келеді.

2 – не осы кезде орын алып жатқан көптеген соғысулар – бұл мұсылмандардың бір-бірімен соғысулары.

Ал енді хадистердің арасында қайшылық жасамай, Құран мен Сүннеттің мәтіндерін дұрыс түсіну және соған қоса ғалымдарды да ақымақ етіп көрсетпеу қажет шығар?!

Енді өз кезінде біздің уақытымызда шариғи жиһадтың шарттарымен орындалып жатқан жиһадты көріп тұрмағанын әрі қиталды ғана (өлтіруді) көріп тұрғанын айтқан адамның осы мәселені түсіндіруіне назар бұрайық, ал ол – шейх әл-Әлбани.

Оған  «Менің үмметімнен болған бір топ Қияметке дейін ақиқат үшін соғысуын тоқтатпайды!» деген хадис туралы сұрақ қойылды. Ол былай деп жауап берді: «Хадистің мағынасы «таифатул мансура (жеңісті топ) үзіліссіз шайқасу жүргізеді» дегенде емес. Жиһадтың Қияметке дейін жүруі «онда ешбір уақытта ешқандай үзіліс болмайды» дегенді білдірмейді».

Бұл «Егер менің үмметімнің арасына қылыш түссе, ол Қиямет күніне дейін көтерілмейді!» деген хадис сияқты. Алайда «бұл қылыш ешқашан көтерілмейді» дегенді білдірмейді. Мұның мағынасы «мұсылмандардың арасында үнемі фитна және соғысулар болады» дегенді білдіреді, бірақ бұл «фитна мен соғысулар ешқашан тоқтамай үзіліссіз жалғаса береді» дегенді емес.

Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметім жаңбыр сияқты. Оның басы қайырлы болады ма, соңы ма – білмейсің». Сондықтан жауаптың қорытындысы: Хадисте айтылған соғысуды «қарулы соғысу» деп тәпсірлесе, онда ол бір сәтке болса да тоқтамайды дегенді білдірмейді. Ақиқатында, мұның мағынасы «кәпірлермен жүргізілетін жиһад Қиямет күніне дейін жалғасады» дегенде. Егер де хадистегі «соғысу» сөзінің түсіндірмесі «дәйекпен соғысу» дегенді білдірсе, онда Аллаһқа мадақ, бұл қазір де бар және Қияметке дейін үзіліссіз болады да!” Тз.: “әр-Руя фил-мәнам”.

Мына жерде шейх әл-Әлбанидің жауабын толығырақ тыңдап шығуға болады

http://live.islamweb.net/lecturs/malalbane/32/320002.rm

Шейх айтып жатқан нәрсе туралы одан біраз бұрын Нәдждық шейх Абу Батын да айтқан болатын. Ол Қияметке дейін соғысатын  «таифатул мәнсура» туралы хадистер жайлы  былай деген: “Бұл «олар ақиқатты тек қана қылыштың көмегімен нық ұстанады» дегенді білдірмейді. Жоқ, үнемі дәйектің (хужжа) көмегімен және әр кезде қылыштың көмегімен!” Қз.: “әд-Дурару-ссәния” 10/399.

Шейх Салих әл-Фаузанға «Егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын): «Жиһад Қиямет күніне дейін жүре береді», — деген болса, неліктен ғалымдар біз қазір шабуыл жиһадын жүргізе алмаймыз дейді?» деген сұрақ қойылған кезде, ол былай деп жауап берген: “Иә, жиһад үнемі жалғаса береді, егер оны орындауға қажетті шарттар болса! Алайда егер оның шарттары жүзеге аспаса, онда мұсылмандарда күш және дайындық болғанша күту қажет, ал содан соң ғана дұшпандармен соғысу қажет. Мысалы, сенде қылыш, не мылтық бар делік, сен ұшақ және зымырандарға қарсы төтеп бере аласың ба?! Жоқ! Қз.: “әл-Жиһад уә-дауабитуһу шәр’ия” 37.

Сөйтіп, қандай да бір маңызды мәселені дұрыс түсіну үшін, кейде болса да кітаптарға және сайттардағы ақпаратқа емес, өз заманыңның ғалымдарына жүгіну қажет.

Айтылғандардың негізінде шейх доктор ‘Умар Бузмуль өзінің жиһад туралы кітабында: «Бұл үммет Қиямет күніне дейін жиһад жүргізуді тоқтатпайды және күш (қууа) және қабілет (қудра) болған кезде ол қылышпен соғысады, ал әлсіздік және күштің болмаған кезінде тілмен және дәйекпен соғысады», — деп қорытындылаған.  Қз.: “Дауабитуль-жиһад фи Суннати-н-нәбауия” 11.

Дереккөзі: salaf-forum.ru

You may also like...